Физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтаудың принциптері



бет1/2
Дата05.06.2022
өлшемі142.78 Kb.
#458972
  1   2
3-дәріс-Байтурсын


Физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтаудың принциптері
Оқу пәні мазмұнының проблемасы әлі күнге дейін пікір- таласты болып отыр. Осыған қарамастан, дидактикада физика пәнінің мазмұнды және процессуальды блоктардан тұрады:



Процессуалды блок

Мазмұнды блок

«Физика» оқу пәні
Сұлба 5.









Пән бойынша негізгі ғылыми білім

Қосалқы білімдер: логикалық, методологиялық, философиялық, тарихи мәліметтер, пәнаралық, бағалаулық

Іс-әрекет түрлері: теориялық және практикалық қызмет тәсілдері

Білім мен іскерлік қалыптастыру ұйымдастыру формалары

Мазмұнды блокқа негізгі пәндік білімдер, яғни фактілер, ұғымдар, заңдар, теориялар, әлемнің физикалық бейнесі және қосымша білімдер енеді. Процессуалды блокқа теориялық және практикалық қызмет тәсілдері енеді, яғни әртүрлі міндеттерді шешуге білімдерді қолдануды білу. Осы блокқа оқушыларда білімдердің және іскерлікті қалыптастыруды ұйымдастыру формалары да кіреді.


Ғылым мен оқу пәнінің арасындағы өзара байланысты бейнелейтін ұстанымдарды Зорина тұжырымдаған. Физикаға қолданылатыны бұл:

  • білім жүйесі ретіндегі физика ғылымы оқу пәні физиканың барлық элементтерінде бейнеленеді;

  • физика ғылымының барлық элементтері физика курсының мазмұнына енеді (ғылыми фактілер, ұғымдар, заңдар, физика теориялары және әлемнің физикалық бейнесі);

  • физика ғылымының негізгі құрылымдық элементтері (ғылыми фактілер, ұғымдар, заңдар, физика теориялары және әлемнің физикалық бейнесі), осы ұғымдардың барлығы физикалық білімнің мазмұнының дидактикалық бірліктері болып табылады;

  • дидактикалық бірліктер оқу процесін анықтайды (формалар, әдістер және құралдар), пәндік және пәнішілік мазмұндар, мате- риалды ұйымдастыру тәсілдері және оны ұсынудың логикасы;

  • физика ғылымы жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.

Осылайша, физика – физика оқу пәнінің мазмұнының көзі болып табылатын ғылым. Басқа көзі - бұл оқу процесі жөнінде білімдер (әдістер, формалар және құралдар), игеру процесінің заңдылықтары туралы білімдер.
Мазмұнды іріктеуде нақты бір факторлар да ескеріледі. Негізгі факторы – бұл оқыту мақсаттары. Мазмұнды іріктеудегі мақсаттарға жету үшін нақты бір ұстанымдар мен критерийлер басшылыққа алынады. Ортақ ұстанымдар-бұл жалпы орта білімнің барлық деңгейдегі барлық элементтерінің сәйкестілігі. Оқытудың процессуальды жағы мазмұнының бірлігін есепке алу, мазмұнды білімнің қатаң бірлігі.
Дидактикалық ұстанымдар:

  • білімнің, тәрбиенің және дамудың міндеттерін кешенді шешуге оқытудың бағытталуы;

  • ғылымилығы;(мектеп физика курсы мазмұнының физика ғылымының даму деңгейіне сәйкес келуі)

  • жүйелілігі мен дәйектілігі; (мектеп физика курсының мазмұны, жеке тақырыпта, әр тарауда, кез-келген сыныпта үнемі оңайдан бірте-бірте қиынға ауысып отыруы)

  • пәнаралық байланысы;

  • теорияның практикамен байланысы;

  • политехникалық және кәсіби бағыттылығы;

  • көрнекілігі;

  • түсінікті болуы;

  • жекелеу мен саралау;

-физиологиялық-психологиялық ұстанымы (физика курсы- ның мазмұны әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі)

  • сабаққа деген оң қарым-қатынасты қалыптастыру.

Негізгі мектептегі физика курсы физикалық білім берудің әртүрлі жүйелеріне сәйкес біздің республикада екі немесе үш жыл бойы оқытылуда. Негізгі мектеп курсында механикалық, жылулық, электр, жарық құбылыстары мен физикалық заңдар оқытылады. Оқу материалы материя қозғалысының күрделенуі тәртібіне орай орналасып, физикалық құбылыстар маңайына топтастырылады. Физикалық теориялар да негізгі мектептің физика курсында өз орнын алады, бірақ олар құбылыстар мен заңдарды түсіндіру бағытында пайдаланылады. Негізгі мектептің физика курсы құрылатын кейбір ұстанымдары «Физика және астрономия» курсы бағдарламасында тұжырымдалған. Соларға сәйкес:

  • негізгі мектеп курсы мүмкіндігі бойынша аяқталған болуы керек және физика курсының барлық тарауларының негізгі материалын қамтуы қажет;

  • физика курсына астрономияның шектелген элементтері енуі қажет, ол оқытылатын жерде болып жатқан құбылыстар аясына космостағы болып жатқан құбылыстарды енгізуге мүмкіндік береді;

  • физика курсының алдында оқытылатын жаратылыстанудың пропедевтикалық курсымен сабақтастығы қамтамасыз етілуі қажет;

  • курсқа экология проблемасы, адамның табиғатпен және техникамен қарым-қатынасы енуі керек;

  • курста деңгейлік жіктеуді жүзеге асырған пайдалы, яғни бағдарлама мен оқулыққа міндетті түрдегі минимуммен бірге физикаға қызығатын және оны жоғары деңгейде оқығысы келген оқушыларға арналған мәліметтер енуі тиіс.

Бірінші сатының міндеттері болып жүйелі білімдердің нақты бір тобын игеру, дұрыс дүниетанымға дағдылану, физикалық құбылыстар арасындағы құбылыстарды ұғыну, білімдерді қолдана білу, физикалық ойлау дағдыларын игеру, физикаға қызығушылықты дамыту.
Физика курсының материалдарының берілуінің үш түрлі жүйесі болады: сызықтық, концентрлік, сатылық.
Сызықтық жүйе бойынша әр тақырып не тарау курста бір рет қана оқылады. Курс механикадан басталып, Кванттық физикамен аяқталады. Негізгі мектеп оқушыларына курсты талапқа сай меңгерту үшін қажетті математикалық аппарат жеткіліксіз. Сондықтан мектеп үшін физиканың сызықтық жүйедегі курсы тиімді емес. Концентрлі жүйе бойынша физика курсының тақырыптары мен тараулары әр түрлі деңгейде екі рет қарастырылады. Бұндай жағдайда физиканы оқытуға берілген уақыт жеткіліксіз болады.
Оқу материалының сатылық жүйеде беруде кейбір материалдар негізгі мектепте не жоғары сыныптарда бір рет қана оқылады. Мысалы, гидро және аэростатика тек негізгі мектептің физика курсында ғана, ал молекулалық физика мен термо- динамика тұрақты ток заңдары т.б. негізгі мектепте де, бағдарлы мектепте де қарастырылады. Бұл жүйе оқушылардың жас ерекшеліктерін, танымдылық қабілеттерін ескереді.
Оны «Молекулалық физика мен термодинамика» тарауынан көреміз. 7-8 сыныптарда заттың құрылысы, молекулалардың қозғалысы, олардың жылдамдығының температураға тәуелділігі, заттың ішкі энеригясы оның өзгерісі туралы білім сапалық тұрғыдан берілсе, 10-сыныпта сандық тұрғыдан берілген.
Негізгі мектептің 7-сыныбының физика курсының құрылымы (авторлары Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова):

8- сыныптың физика курсының құрылымы (авторлары Ғ.З.Байжасарова, Б.М.Дүйсембаев, А.А.Медетбекова):



  1. сыныптың физика курсының құрылымы (авторлары Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова):



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет