Физика-математика факультеті 5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже


Исагулиев К. Macromedia Flash 5. Отладка, публикация и экспорт фильмов. Слои и обьекты. Редактирование, компиляция в формат .CHM, Горчаков Д.А



бет6/47
Дата25.04.2016
өлшемі4.58 Mb.
#89636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Исагулиев К. Macromedia Flash 5. Отладка, публикация и экспорт фильмов. Слои и обьекты. Редактирование, компиляция в формат .CHM, Горчаков Д.А.


  • Web-сайт своими руками - И. Шапошников .: БХВ – Санкт-Петербург, 2000.

  • Flash Анимация в Интернете – Дерек Франклин, Брукс Паттон.: СПБ: Символ Плюс – Санкт- Петербург, 2000.

    Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

    Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

    Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

    Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

    Курстың/пәннің/юниттің атауы: Имитациялық модельдеу

    Пәннің коды: IM 3303

    Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер циклы, таңдау компоненті

    Оқу жылы: 3-ші оқу жылы

    Оқу семестрі: 6

    Кредит саны: 3

    Дәріс беруші: Айтимов М.Ж. -аға оқытушы

    Курстың мақсаты: Модельдеу әдiстерiнiң негiзiнде үлкен жүйелердi жасау әдiстерiн студенттерге үйрету, модельдеушi алгоритмдi қазiргi программалау тiлдерi арқылы ЭЕМ-де программаларды жүзеге асыру, нақты жүйенi модельдеу әдiсi мен формализация және алгоритмизация әдістерiн үйрету, студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту.

    Деректемелері/Пререквизиттері: Бұл пәнді жетік білу үшін жүйелердi модельдеудiң математикалық схемаларын, жүйе моделiн құру принциптерiн, тиiмдi басқару есептерiн шешудiң математикалық әдiстерiн, эксперименттерді жобалау әдiстерiн, эксперименттердi жобалау, псевдокездейсоқ сандардың машиналық жүзеге асырылу процедурасын, типтiк динамикалық құрылымдарды модельдеу, тиiмдi басқару есептерiн шеше білуі қажет.

    Курстың/пәннің мазмұны: Кiрiспе. Модельдеу - тану әдiсi ретiнде. Жүйенi модельдеудегi негiзгi түсiнiктер. ААЖ-ны (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) зерттеуде және жобалауда модельдеудi пайдалану. Жүйелердi модельдеу түрлерiнiң классификациясы. ЕТ көмегiмен жүйелердi модельдеудiң тиiмдiлiгi мен мүмкiндiктерi. Модельдеудегi жүйелiк әдiс. БАЖ (басқарудың автоматтандырылған жүйелерi)-нiң жүйелiк анализi. Тұтастылық принципi және оның салдарлары. БАЖ-нiң сыртқы бөлiгi және ортасы. БАЖ-нiң құрылымдық-функционалдық ерекшелiктерi. Жүйенi талдау әдiстерi. Псевдокездейсоқ сандар және олардың машиналық жүзеге асырылу процедурасы. Аппараттық әдiс. Кестелiк әдiс. Алгоритмдiк әдiс. Орта квадраттар әдiсi. Псевдокездейсоқ тiзбектердi генерациялаудың конгруэнттi процедурасы. мультипликативтi әдiс. Аралас әдiс. Жүйе модельдерiнiң негiзiнде машиналық эксперименттi жобалау. Машиналық эксперименттердi тактикалық жобалау. Эксперименттi жобалау әдiстерi. Стратегиялық жобалау. Функционалдық модель. Флуктуациалау мәселелерi. Бастапқы шарт және тепе-теңдiк. Автотоқтату ережелерiн қолдану. Жүйелердi модельдеудiң программалық және техникалық құралдары. Кездейсоқ процесстердi жүзеге асыруды қалыптастыру операторлары. Модельдiң логикалық схемасын тұрғызу. Имитациялық модельдеу тiлдерiнiң салыстырмалы анализi. Жүйенi модельдеудiң қолданбалы программалар пакетi. Жүйелердi модельдеудiң математикалық схемалары. Математикалық модельдi құрудың негiзгi әдiстерi. Үздiксiз-детерминацияланған модель (Д-схемалар). Аналогты модельдер. Типтiк динамикалық құрылымдар. Сызықты дифференциалдық теңдеудi шешудiң операторлық әдiсi. Тиiмдi басқару есептерiн шешудiң математикалық әдiстерi. Шектеу жоқ кездейсоқ экстремалды есептердi шешу әдiстерi. Вариациялық есептеу элементтерi.

    Ұсынылатын әдебиет:

    1. Электронный учебник для дистанционного образования. 5 курс, 10 семестр. “Моделирование систем“, КарГТУ, кафедра АИС, 1,71 Мб

    2. Под редакцией С.В.Симоновича. “Информатика. Базовый курс“. –Санк-Петербург, 2002 г.

    3. Павлова Н.Т. Компьютерный курс лекций. Астана, 2001.

    4. Беркінбаев К.Н., Ажиханов Н.Т., Нурулаев А.Н.,Ниязова Б.Ж.. Компьютерлік модельдеу негіздері. Оқу - әдістемелік құрал. Алматы-2007.

    5. Петров В. Н. “Информационные системы“.СПБ.: Питер, 2002

    Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

    Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

    Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

    Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интернет-ресурстар, электронды оқулықтар, материалдық база, кітапхана қоры

    Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

    Курстың/пәннің/юниттің атауы: Есептеу жүйелері, желілер және телекоммуникациялар

    Пәннің коды: EZhZhT 3304

    Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер циклы, таңдау компоненті

    Оқу жылы: 3-ші оқу жылы

    Оқу семестрі: 6

    Кредит саны: 3

    Дәріс беруші: Альменаева Р.О -аға оқытушы

    Курстың мақсаты: Студенттерді компьютерлік желілер негіздерін үйретіп, жергілікті желілер технологияларын және оларды қолдану түрлерін меңгертуге басты назар аударылады. Студенттерге желілер архитектурасы және желі қызметтері жөнінде түсінік бере отырып, есептеуіш желілер концепцияларын құрастыруды, желілерді құрастыруды, физикалық ортада деректерді өткізуде білімдерін қалыптастыру үшін өте қажет. Пәнді оқып үйренуде студенттер мынадай дағдылар қалыптасуы керек: есептеуіш желілер туралы түсінік болуы, негізгі желі компоненттерін және желі қызметтерін білуі қажет, желіні құрастыруды және желі мәселелерін шеше білуі тиіс, желіні қолдануда практикалық дағдылануы тиіс.

    Деректемелері/Пререквизиттері: Бұл пәнді жетік түрде оқып үйрену үшін мектеп информатикасының базалық ұғымдарын, дискреттік математика, ЭЕМ және программалау, тілдер теориясы мен ЭЕМ архитектурасын, программалау тілдерін жақсы білу керек.

    Курстың/пәннің мазмұны: Компьютерлік желілер түрлері, компьютерлік желінің сипаттамасы, серверлік және бір рангілі желілер, артықшылықтары мен кемшіліктері, мәлімет жіберу ортасы, аналогты канал, сандық канал, кабельдік канал; компьютерлік желілердің топологиясы (шина, жұлдызша, сақина), модем технологиясы, коммутациялау әдістері, желілік техникалық құралдар, OSI көпдеңгейлік жүйесі, OSI моделі деңгейлерінің өзара әсерлесуі, OSI деңгейлері, жүйелік технологиялар, желілік операциялық жүйелер, Unix операциялық жүйесі, ауқымды есептеу желілерінің функциялары және түрлері, Internet желісі, хаттамалар (ARP, RARP, TCP, UDP), желіні қорғау әдістері, DNS қызметі, сымсыз технологиялар (WI-FI, Bluetooth, GSM), бағыттауыштар, бағыттауыш алгоритмдері.

    Ұсынылатын әдебиет:

    1. Виснадул Б.Д., Лупин С.А. Основы компьютерных сетей. Учебное пособие. –М.:Форум,2007. – 271 с.

    2. Шарапова М.М. Курс лекций по дисциплине «Компьютерные сети». Учебное пособие. –Усть-Каменагорск, 2007. – 184 с.

    3. Олифер В.Г., Олифер Н.А.Компьютерные сети: принципы, технологии, протоколы/–СПБ: Издательство «Питер», 2006. – 960с.

    4. Дроздова Е.Н. Компьютерные сети: технологии, протоколы, компоненты. Учебное пособие. – С.-Пб.: Петербургский институт печати, 2006. – 159с.

    5. Палмер М., Синклер Р.Б. Проектирование и внедрение компьютерных сетей. Учебный курс (2-е изд). – СПб.:БХВ – Санкт-Петербург, 2003. –240с.



    Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

    Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

    Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

    Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интернет-ресурстар, электронды оқулықтар, материалдық база, кітапханақоры

    Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

    Курстың/пәннің/юниттің атауы: Графтар теориясы

    Пәннің коды: GT3304

    Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер циклы, таңдау компоненті

    Оқу жылы: 3-ші оқу жылы

    Оқу семестрі: 6

    Кредит саны: 3

    Дәріс беруші: Жарменова Б.К. -аға оқытушы

    Курстың мақсаты: Студенттердің графтар теориясының негізгі ұғымдарын меңгеріп, комбинаторика есептерін шешу мен граф құрудың әдістерін үйренуге басты назар аударылады. Сонымен қатар студенттердің ақыл-ойын өзінің қазіргі ақпарат мүмкіншіліктерін, қабілеттерін нығайтуға және кездейсоқ заңдылықтарын танып-білуге бағытталған. «Графтар теориясы» курсы студенттердің абстрактілі, алгоритмдік ойлау мәдениетін қалыптастыру үшін өте қажет.

    Деректемелері/Пререквизиттері:

    Математикалық талдау;

    Дискреттік математика;

    Математикалық логика;

    Информатика.

    Курстың/пәннің мазмұны: Қарапайым ұғымдар (түсініктер) мен анықтамалар. Көбейту мен қосу қағидасы ( принципі). Орын ауыстыру, орналастыру мен үйлестіру. Графтар дәрежесінің қасиеттері. Эйлер теориясы Бағытталған графтар. Графтардын ең қарапайым қасиеттері. Ашық (дерево) және тұйық (цикл) графтар ұғымы. Жазық графтар қасиеттері. Ашық графтар қасиеттері. Эйлер графтарымен қолды үзбей сызу есептері. Ілулі граф. Ілулі графтағы қысқа жолдар және қысқа маршруттарды құрудың Форда алгоритмі. Графта қысқа жол іздеу. Графтағы ара-қашықтықтардың сипаттамалары. Графты орап өту. Графтарды бояу және Зыков алгоритмі. Бағытталған графтар және Форд-Фалкерсон алгоритмі.

    Ұсынылатын әдебиет:


    1. Ф.А.Новиков, Дискретная математика для программистов,М.,2001

    2. Иванов Б.Н. Дискретная математика для программистов. Учебник СПБ. Ланв. 2002.

    3. Белов Теория Графов, Москва, «Наука»,1968.

    4. Жетпісов Қ., Математикалық логика және дискретті математика, Қарағанды, 2008

    5. Оре О. Теория графов. – М.: Наука, 1980.

    6. Исмагилов Р.С., Калинкин А.В. Матеpиалы к пpактическим занятиям по куpсу: Дискpетная математика по теме: Алгоpитмы на гpафах. - М.: МГТУ, 1995

    7. Яблонский С. В. Введение в дискретную математику. – М.: Высшая школа, 2002. – 384 с.

    8. В. В.Куликов, Дискретная математика (учебное пособие). М., РИОР, 2007. 174 с.

    Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс; интерактивті тақтаны пайдалану.

    Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

    Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

    Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
    Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

    Курстың/пәннің/юниттің атауы: Деректер қоры және ақпаратық жүйелер

    Пәннің коды: DKAZh 4305

    Пәннің типі: Кәсіптендіру, міндетті пән

    Оқу жылы: 3-ші оқу жылы

    Оқу семестрі: 7

    Кредит саны: 2

    Дәріс беруші: Жүсіпбек Б.К. - информатика магистрі, аға оқытушы

    Курстың мақсаты:.

    Казіргі заманғы мәліметтер қорының теориялық негіздерін, мәліметтер қорын жасау және олармен жұмыс істеу принциптерін үйрену, студенттерді әртүрлі информациялық жүйелерде мәліметтер қорымен жұмыс істеуге қажетті біліммен қаруландырып, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.



    Деректемелері/Пререквизиттері: Информатика, Программалау

    Курстың/пәннің мазмұны:

    Мәліметтер қорының пайда болу және даму тарихы. Ақпараттық жүйелердің архитехтурасы. Ақпараттық жүйелердің классификациясы. Жергілікті ақпараттық жүйелер және компьютерлік желілердегі ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйедегі мәліметтер қоры. САSE - технология. Мәліметтер қорының модельдері: иерархиялық, желілік, постреляциялық, көпөлшемді. Мәліметтер қорын берудің деңгейлері: қолданушылық, концептуалдық және физикалық. Мәліметтер қорының физикалық және логикалық тәуелсіздігі. Мәліметтер қорын жобалау. Реляциялық модель. Атрибут (өріс, бағана). Кортеж (жазба, жол). Қатынас (кесте). Нормаль формалар. Алғашқы және сыртқы кілттер. Реляциялық алгебраның амалдары. Мәліметтер қорында ақпараттарды қорғау. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). SQL тілі. Жоғары деңгейдегі программалау тілдерін пайдаланып мәліметтер қорын программалау.



    Ұсынылатын әдебиет:

    1. Золотова С.И. Практикум по Access. Финансы и статисктика, Мосвква, 2000.

    2. Джулия Келли, Самоучитель Access 97. Питер. Санкт – Петербург, 2000.

    3. Робинсон С. Access 2000. Учебный курс.

    4. Глушаков С.В.,Ломотько Д.В. Базы данных. – Харковь: Фолио; М.:ООО «Издательство АСТ», 2002.

    5. Хомоненко А.Д., Цыганков В. М., Мальцев М.Г. Базы данных. Учебник для высших учебных заведений/ Под ред.проф. А.Д. Хомоненко. – Санкт –Претербург: «КОРОНА принт», 2000.

    6. Глушаков С.В., Ломотько Д.В. Базы данных.–Харков:Фолио; М.:ООО«Издательство АСТ», 2002.

    7. Джеймс Р. Грофф, Пол Н. Вайнберг SQL – полное руководство, 2000.

    8. Архангельский А.Я., «Язык SQL в Delphi5». – Москва, Издательсьво «Бином», 2000.

    Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс; интерактивті тақтаны пайдалану.

    Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

    Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

    Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


    Курстың/пәннің/юниттің атауы: Сандық технологиялар

    Пәннің коды: ST 4305

    Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер циклы, таңдау компоненті

    Оқу жылы: 4-ші оқу жылы

    Оқу семестрі: 7

    Кредит саны: 3

    Дәріс беруші : Айтимов М.Ж -аға оқытушы

    Курстың мақсаты: Қазiргi заманғы сандық ақпараттық технологиялардың мүмкiндiктерiн ашып көрсету және олардың даму перспективасын түсiндiру. Тұрмысқа арналған цифрлық құрылғылар. Сандық технологиялардың көмегімен видеофильм түсіру этаптары жасау әдiстерiн студенттерге үйрету. Видеоэффектлерді практикада қолдану. Бейнемен жұмыс істейтін қолданбалы программа түрлерімен таныстыру.

    Деректемелері/Пререквизиттері: Информатика, Ақпараттық технологиялар, Қолданбалы программалық қамтамасыз ету, Компьютерлік графика.

    Курстың/пәннің мазмұны: Сандық технологиялар. Олардың пайда болу тарихы. Компьютерде сандық ақпараттың берілуі. Сандық технологиялар түрлері. Сандық технологиялардың архитектуралық айырмашылықтары. Сканерлер. Сканерлермен жұмыс істейтін программалар. Видеокамера түрлері. Видеокамералардың техникалық сипаттамалары. Дербес компьютердің бейнежүйесі. Компьютерді видеостудия ретінде қолдану. Өзге цифрлық құрылғыларды қолдану ерекшеліктері. Тұрмысқа арналған цифрлық құрылғылар.



    Ұсынылатын әдебиет:

    1. Кирьянов Д., Кирьянова Е. Adobe Premiere Pro CS3 Санкт-Петербург 2008 г.

    2. Столяров А.М., Столярова Е.С. Pinnacle Studio/Studio Plus v. 10.5 М. 2001 г.

    3. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере под.редакцией И.В. Макаровой.-2-е издание. –М.:“Финансы ис статистика“, 1998 г.

    4. Левин А. Самоучитель Компьютерной графики и звука. –СПб.:Питер-2003 г.

    5. http://www.intuit.ru

    6. Шафрин Ю. А . “ Основы компьютерной технологии“.-М., АБФ, 2004.

    7. Петров В. Н. “Информационные системы“.СПБ.: Питер, 2002

    Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

    Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

    Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

    Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

    Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

    Курстың/пәннің/юниттің атауы: Пареллель есептеулер

    Пәннің коды: РЕ 4306

    Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер циклы, таңдау компоненті

    Оқу жылы: 4-ші оқу жылы

    Оқу семестрі: 7

    Кредит саны: 3

    Дәріс беруші: Айтимов М.Ж. -аға оқытушы

    Курстың мақсаты: Параллель есептеулер негізін оқып білу; Деректер параллелизмі және алгоритмдік параллелизмді түсіндіру; Әр түрлі типтегі параллель компьютерлерге қысқаша шолу беру; Параллель программалаудың әр түрін қарастыру; Кейбір негізгі параллель алгоритмдерді беру: сұрыптау; кескінді өңдеу және тағы басқалар.

    Деректемелері/Пререквизиттері: Бұл пәнді жетік түрде оқып үйрену үшін жеке компьютерлердің архитектурасын, компьютерлік желілер, есептеу әдістерін білу керек. Сонымен қатар мына мәселелерге назар аударылады: Мәліметтерді өңдеу негіздерін білуге; Компьютер архитектурасын жетік білуге; Бейнені параллель өңдеудің негізгі типтерін білуге;

    Курстың/пәннің мазмұны: Параллелизм. Программалаудың параллельдік модельдері. Параллельдік компьютерлер: параллельдік компьютерлердің типтері. Флинн таксономиясы, жаңа таксономия құрудың әдістері. Параллельдік программалаудың тиімділігін бағалау. Процесстер және синхронизация: аппараттық деңгейдегі синхронизация, программалау тілі деңгейдегі синхронизация. Хабар тасымалдау синхронизациясы және күту механизмі. Параллелдік алгоритмдер: салыстыру және алмастыру, бөлшектеу әдісі, матрицалық есептеулер, сандық әдістерді параллельдеу алгоритмдері.

    Параллельдік программалау: PVM, BSP, MPI, LINDA, OPENMP, С++ қолданып бөлінген берілгендермен жұмыс. Параллельдік программалау тілдері: Оccam және HPF. Параллельдік алгоритмдерді әртүрлі есептерді шешуге қолдану. Мультипроцессорлық есептеу жүйесін құру әдістері. Параллельдік есептеу жүйесінің түрлері. «Операнд-операция» түріндегі граф алгоритм моделі. Параллель алгоритмдер және программаларды өңдеу принциптері. Параллель программалаудың өңдеу жүйесі.



    Ұсынылатын әдебиет:

    1. Гергель В.П. Теория и практика параллельных вычислений БИНОМ. Лаборатория знаний, Интернет-университет информационных технологий - ИНТУИТ.ру, 2007

    2. Левин М.П. Параллельное программирование с использованием OpenMP

    БИНОМ. Лаборатория знаний, Интернет-университет информационных технологий – WWW.INTUIT.RU, 2008

    3. Антонов А.С. "Параллельное программирование с использованием технологии OpenMP: Учебное пособие".- М.: Изд-во МГУ, 2009

    4. Ә.Ж.Ақжалова Параллельдік есептеу. Алматы 2004



    Сабақ беру әдістері: баяндау, сөздік әдісі, тренинг

    Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

    Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

    Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

    Курстың/пәннің/юниттің атауы: Оптимизациялық әдістер және операцияларды зерттеу

    Пәннің коды: OАОZ 4306

    Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер циклы, міндетті компонент

    Оқу жылы: 3-ші оқу жылы

    Оқу семестрі: 6

    Кредит саны: 3

    Дәріс беруші: Альменаева Р.Ө.- аға оқытушы

    Курстың мақсаты: математикалық моделдеу әдістерін, қате көздерін, алынған нәтижелерді талдай алуды жүйелі түрде қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар студенттерді әртүрлі пәндік салалардағы нақты құбылыстарды математикалық моделдеу үрдісінде туындайтын есептерді ЭЕМ көмегімен шығарудың есептеу алгоритмдерін жасау мен қолдануға дайындау.

    Деректемелері/Пререквизиттері:. аналитикалық геометрия, математикалық талдау, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық моделдеу, программалау

    Курстың/пәннің мазмұны:

    Сызықтық бағдарлама: Сызықтық бағдарлама есебінің қойылу, оның геометриялық және экономикалық интерпретациясы, екі жасты принципі, тиімділік шарттары, транспорттық тапсырмасы, симплекс әдіс, Дербес анализінің элементтері. Математикалық бағдаламаның екі жақтылығы. Сызықсыз бағдарлама: есебінің қойылуы, экономикалық интерпретация, екі жақтылық, Кун-Таккердің теоремасы, тиімділік шарттары, айып функция әдістері, мүмкіндік бағыттары, сызықтық кесінділер, тегіс емес оптимизация. Оптимизация, шартсыз және шартты оптимизацияның сандық әдістері. Эйлер теңдеуі. Беллманның динамикалық программалау әдісі.

    Операцияны зерттеу. Операцияларды зерттеу пәнінің дамуы және тарихы. Шешім қабылдау және ойындар теориясының элементтері. Сызықтық және сызықтық емс моделдер. Сызықтық прорграммалаудың есептері. Транспорттық есептер және оны жетілдіру. Желілік моделдер. Ықтимал моделдер. Имитациялық моделдеу. Жүйелік анализ.

    Ұсынылатын әдебиет:


    1. Бахвалов Н.С., Лапин А.В., Чижонков Е.В. Численные методы в задачах и упражнениях. М.: Высшая школа, 2000.

    2. Плисс А.И., Сливина Н.А. MathCad 2000. Математический практикум. М.: Финансы и статистика, 2000.–655с.

    3. Плисс А.И., Сливина «Н.А.Лабораторный практикум по вычислительной математике», М.,1994

    4. Крылов В.И., Бобков В.В., Монастырный В.И. «Вычислительные методы», М. Наука,1976, т.1; М., Наука, 1977, т.2

    Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

    Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

    Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

    Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

    Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

    Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шағын комплектілі мектептерде информатиканы оқыту ерекшеліктері

    Пәннің коды: Shkmioe4307

    Пәннің типі: Кәсіптендіру, міндетті пән

    Оқу жылы: 4-ші оқу жылы

    Оқу семестрі: 7

    Кредит саны: 3

    Дәріс беруші: Сейсеке Ж.Б. -оқытушы

    Курстың мақсаты:

    «Шағын комплектілі мектептерде информатиканы оқыту ерекшеліктері» курсының қазiргi оқу жоспарындағы орнын анықтау. «Шағын комплектілі мектептерде информатиканы оқыту ерекшеліктері» курсын оқи отырып:



    • болашақ маман “Информатика“ пәнiнiң жастарға жалпы бiлiм берудегi маңызын;

    • бірнеше топпен жұмыс жасау әдістеріне машықтануды;

    • оның болашақ кәсiби түрде дайындаудағы орнын терең түсiнуiн;

    • мектеп информатика курсының мазмұнын iрiктеу принциптерiн түсiндiре алуын;

    • бұл пәннiң бiлiм берудi компьютерлендiрудiң жалпы проблемаларын шешудегi алатын орнын ұғынуы қажет.

    • дербес оқу ЭЕМ-дерiнiң жергiлiктi желiсiмен жабдықталған информатика кабинетiн пайдалану мақсаты мен оны ұйымдастыру принциптерiн бiлуi;

    • информатиканы оқыту проблемаларын шешуге шығармашылық тұрғыдан қарауға баулиды.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет