«Физика озаты» атты интелектуалды сайыс Мақсаты



Дата08.07.2016
өлшемі61.83 Kb.
#184366
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шағын жинақталған Тасбастау негізгі орта мектебі физика пәнінің мұғалімі Дутбаева Динара Ермекқызы

Тақырыбы: «Физика озаты» атты интелектуалды сайыс

Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,алған білімдерін терңдетіп,іздене білуге үйрету.Ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту,ұқыптылыққа,ұжымдық еңбекке баулу.

Өту түрі: топтық сайыс

Көрнекілігі: қанатты сөздер, үлестірме қағаздар.

Мінекей залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қостайық,

Кешіккендерді тоспайық

Ғылымдардың ғылымы,

Физикамыз жайында

Кешімізді бастайық.

Қайырлы күн,құрметті ұстаздар, оқушылар,қадірлі көрермендер!

Баршаңыз да : «Физика озаты» атты интелектуалды сайысқа қош келдіңіздер! Бүгінгі кешімізді 7-8сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық.Ендеше орта ойыншыларымызды шақырамыз.Ойыншыларымызға қол соғып,қошемет көрсетіп қояйық.

Ал, қазір ойын шартымен таныстырып өтейін.Жалпы ойынымыз 7 турдан тұрады.

1.Сәлемдесу

2.Жорға

3. «Тапқыр болсаң тауып көр» үй тапсырмасы



4.Бәйге

5.Кім жылдам?

6.Жұмбақтар әлемінде

7.Капитандар сайысы

Армысыздар,қымбатты төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер де әділ баға берерсіздер-дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазы алқасымен таныстыра кетейін.

Кезек келіп,өжеттеніп,сөз аппын,

Танысайық ғажап ойын,ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та,байда емес,

Емеспіз бе азаматы қазақтың!-демекші



1-тур Командалардың сәлемдесуі (топтың аты,ұраны,эмблеммасы)

Ең жоғарғы ұпай-5

Міне,біз ойыншыларымызбен таныстық.Ендігі кезекті екінші турымызға берейік.

2 –тур «Жорға»

Әр командаға сұрақтар оқылады,әрбір дұрыс жауап үшін бір ұпайдан беріледі.

Сонымен команда капитандары шығып сұрақтарды таңдап алсын.

1-сұрақтар тобы

1.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы ?- жылу мөлшері

2.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы?- қатаю,кристалдану.

3.Тұтас алғанда бүкіл атом заряды?- бейтарап

4.Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал?- Амперметр

5.Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама?- кернеу

6.Күш бірлігі ?– Ньютон

7.Бойымен жарық таралатын сызық?- сәуле

8.Сандық мәнімен,бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды?-векторлық шамалар

9.Материяның ажырамас бөлігі ?- қозғалыс

10.ХБЖ жылдамдық бірлігі?- м/с

11.Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама?- үдеу

12.Еркін түсу үдеуі неге тең? - 9,8 м/

13. Заряд қандай әріппен белгіленеді? - q

14. у= a функциясының графигі? - парабола

15.Ауырлық күшінің формуласы? - F=mg



2-сұрақтар тобы

1.Жұмыс істемей-ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі? – жылу берілу

2.Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы? – Балқу

3.Дененің электрленгенін анықтауға арналған құрал? Электроскоп

4.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек? – электрон

5.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы?-Электр тогы

6.Кернеу бірлігі - Вольт

7.Қарастырылып отырған жағдайда өлшемі мен пішімін ескермеуге болатын дене? -материалық нүкте

8.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді? – спидометр

9.ХБЖ да үдеудің бірлігі? - м/

10.Еркін түсу үдеуі қандай әріппен белгіленеді? – g

11.Орын ауыстыру қандай шама ? –Векторлық

12.Уақыт қандай әріппен белгіленеді? - t

13.Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық векторлық шама?- жылдамдық

14. y=  функциясының графигі? Гипербола

15. Тығыздықтың формуласы? - 

3-тур «Тапқыр болсаң тауып көр» үй тапсырмасы

Бұл турда әр команда дайындап келген көріністерін көрсетеді.Екінші топ осы көрініс арқылы көрсетілген физикалық заңдарды,құбылыстарды атаулары керек.Егер шешімін тапса екі командаға да 5 ұпайдан,таба алмаса 10 ұпай көрініс көрсеткен командаға беріледі.



4-тур «Бәйге»

Әр команда берілген қағазға 1 минут ішінде білетін барлық физикалық шамаларды жазады.Жауаптары әділ қазыларға беріледі,әрбір физикалық шама үшін бір ұпайдан беріледі.

Ендігі кезекті тобының музыкалық номеріне берейік.

5-тур Кім жылдам?

Бұл турда екі командаға бірдей физикалық термин беріледі.Сол терминдегі әріптерді пайдаланып,командалар физика мен математикаға байланысты сөздер құрастыру керек.

ТЕРМОДИНАМИКА

6-тур «Жұмбақтар әлемінде»

Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді.Бір жұмбаққа бір ұпайдан беріледі.

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)

6- жұмбақ.

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек. (Тығыздық)

7- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Аудан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады. (Қысым)

8- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (Масса)

9-жұмбақ.

Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті. (Күннің күркіреуі)

10-жұмбақ.

Көзге ілінбейді,


Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

11-жұмбақ.
Шым - шытыр,
Шидай қотыр.  (Жұлдыздар)

12-жұмбақ.

Аяқсыз жетіп барады,


Қолсыз есік қағады. (Жел)

13-жұмбақ

Арыстан арқырады,


Орман жарқырады. (Найзағай)

7-тур «Капитандар сайысы».

Әр команданың капитандары берілген есепті шығарулары керек.

Команда капитандары есептерді шығарып болғанша,кезекті екінші топтың музыкалық номеріне берейік.

1-есеп.

Массасы 50 кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық жерде бірқалыпты қозғалып келеді.Үйкеліс коэффиценті неге тең?



Бер: ХБЖ Шешуі:

m = 50 кг F=

F = 200H N=mg

g = 10 м/ F=mg Жауабы: 0,4

т/к . -?

2-есеп.

78 H күштің әрекетінен спортшы шаңғыда тұр.Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м ені 8 см.Спортшы қарға қандай қысым түсіреді?

Бер: ХБЖ Шешуі:

F = 78H S=ab S= 1,95*8= 15,6

а = 1,95 м P= 780

в =8 м

т/к P-?


Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз.Ойынымыздың жалпы қорытындысын әділ қазылар есептегенше кезекті әнге береміз. » әнін қабыл алыңыздар.

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.



Сонымен бүгінгі 7-8 сыныптар арасында өткен интеллектуалды сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет