«Физика» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып



бет11/14
Дата09.04.2024
өлшемі0.51 Mb.
#498121
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
9 сынып БЖБ БАРЛЫҚ ТОҚСАН

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Дене импульсі мен

1

дене импульсін сипаттайды;

1

күш импульсін ажыратады




жеңіл автокөлік анықтайды;

импульсінің




өзгерісін

1

Импульстің
заңын

сақталу
есептер

2

шар мен кегелдің арасындағы арақашықтықты анықтайды;

1

дене импульсінің теңдеуін жазады;

1

шығаруда қолданады




боулинг шарының кегелге соғылғанға дейінгі импульсін анықтайды;

1







боулинг шарының кегелге жылдамдығын анықтайды;

тигеннен

кейінгі

1







кегельдің массасын анықтайды;

1

Механикалық

3

суретті пайдалана отырып, графикті сызады;

1

жұмысты




білеушенің атқарған жұмысын анықтайды;

1

графиктік




С нүктесіндегі дененің кинетикалық энергиясын

1

тәсілдермен




анықтайды;




анықтайды

4

мылтық ұңғысынан шыққан кездегі оқтың атқарған жұмысын анықтайды;

1







оқтың көтерілу биіктігін анықтайды;

1




5

ауырлық күшінің
анықтайды.

атқаратын

жұмысын

1

Жалпы балл

13

«Сақталу заңдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні





Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Дене импульсі мен күш импульсін ажыратады

Дене импульсі мен күш импульсін ажырату қиындық тудырады.

Дене импульсін сипаттауда/ импульс өзгерісін анықтауда қате жібереді.

Дене импульсі мен күш импульсін дұрыс ажыратады.

Импульстің сақталу заңын есептер шығаруда қолданады

Импульстің сақталу заңын есептер шығаруда қолдану қиындық тудырады.

Дене импульсінің теңдеуін қолдануда/ соғылғанға дейінгі импульсті/ соқтығысудан кейінгі жылдамдыкты/ дененің массасын анықтауда қате жібереді.

Импульстің сақталу заңын есептер шығаруда дұрыс қолданады.

Механикалық жұмысты графиктік тәсілдермен анықтайды

Механикалық жұмысты графиктік тәсілдермен анықтау қиындық тудырады.

График сызуда/ білеушенің атқарған жұмысын/ дененің кинетикалық энергиясын/
мылтық ұңғысынан шыққан кездегі оқтың атқарған жұмысын/
оқтың көтерілу биіктігін/ ауырлық күшінің атқаратын жұмысын анықтауда қате жібереді.

Механикалық жұмысты графиктік тәсілдермен дұрыс анықтайды.

«Тербелістер және толқындар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары

        1. - еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру

        2. - эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау

9.2.5.11 - резонанс құбылысын сипаттау
9.2.5.16 - дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру
9.4.4.4 - шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама беру

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіреді

  • График бойынша амплитуда, период, жиілікті анықтайды

  • Резонанс құбылысын сипаттайды

  • Дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіреді

  • Шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясын сапалы сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырмалар
1. (а) Еркін тербеліске мысал келтіріңіз. Еріксіз тербеліске мысал келтіріңіз.
(b) Берілген суреттер ішінен еріксіз тербеліске жататын мысалды анықтаңыз.






  1. Суретте тербелмелі дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелді графигі көрсетілген.

(а) Берілген графиктен анықтаңыз: (і) Тербеліс амплитудасын (іі) Тербеліс периодын


(ііі) Тербеліс жиілігін



  1. (а) Резонанстың бір пайдасы мен бір зиянына мысал келтіріп жазыңыз. Зияны:

Пайдалы жағы:
(b) Музыкалық аспаптарда резонанс құбылысы не үшін қолданылады? Жауабыңызды түсіндіріп жазыңыз.



  1. (а) Дыбыс қаттылығы қандай физикалық шамаға тәуелді болады?

(b) Тон биіктігі қандай физикалық шамаға тәуелді болады?



  1. Ақ жарық жеті түске жіктеледі.

(а) Төменде көрсетілген түстерді спектрдегі ретімен жазып шығыңыз.
қызыл, жасыл, көк, күлгін, сары, көгілдір, тоқ сары.

(b) Ақ жарықтан жеті түс қалай алуға болады?





  1. (а) Призмаға алдымен көк жарық, содан кейін қызыл жарық түсірген.

(і) Призма арқылы өткеннен кейінгі қызыл және көк сәулелердің жүру жолын салыңыз.

(іі) Неліктен бұлай салғаныңызды түсіндіріңіз.



Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіреді

1

еркін тербеліске мысал келтіреді;

1

еріксіз тербеліске мысал келтіреді;

1

берілген суреттен еркін және еріксіз тербелістерді
ажыратады;

1

График бойынша амплитуда, период, жиілікті анықтайды

2

графикті пайдалана отырып амплитуданы
анықтайды;

1


графикті пайдалана отырып периодты анықтайды;

1

графикті пайдалана отырып жиілікті анықтайды;

1

Резонанс құбылысын сипаттайды

3

резонанстың пайдасына мысал келтіреді;

1

резонанстың зиянына мысал келтіреді;

1

музыкалық аспаптарға неліктен резонанс құбылысы қажетті екендігін сипаттайды;

1

Дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен
сәйкестендіреді

4

дыбыс қаттылығы қандай физикалық шамаға
тәуелді болатындығын анықтайды;

1

тон биіктігі қандай физикалық шамаға тәуелді болатынын анықтайды;

1

Шыны призма
арқылы өткен жарықтың дисперсиясын сапалы сипаттайды

5

түстерді ретімен жазып шығады;

1

ақ жарықтан жеті түс қалай алуға болатынын
жазады;

1

6

призма арқылы өткен сәулелердің жолдарын сызады;

1

сызған сәулелердің жолдарын түсіндіреді.

1

Жалпы балл

15

«Тербелістер және толқындар» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні





Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіреді

Еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру қиындық тудырады.

Еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіруде қателіктер жібереді.

Еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіреді.

График бойынша
амплитуда, период, жиілікті анықтайды

График бойынша амплитуда, период, жиілікті анықтау қиындық тудырады.

График бойынша амплитуданы/ периодты/ жиілікті анықтауда қате жібереді.

График бойынша амплитуда, период, жиілікті дұрыс анықтайды.

Резонанс құбылысын сипаттайды

Резонанс құбылысын сипаттау қиындық тудырады.

Резонанстың пайдасына/ зиянына мысал келтіруде/ музыкалық аспаптарға неліктен резонанс құбылысы қажетті екендігін сипаттауда қате жібереді.

Резонанс құбылысын дұрыс сипаттайды.

Дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және
амплитудасымен сәйкестендіреді

Дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестігін анықтау қиындық тудырады.

Дыбыс қаттылығы қандай физикалық шамаға тәуелді болатындығын анықтауда/ тон биіктігі қандай физикалық шамаға тәуелді болатынын анықтауда қате жібереді.

Дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестігін біледі.

Шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясын сапалы сипаттайды

Шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама беруде қиналады.

Шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясын сипаттауда: түстерді ретімен жазуда/ ақ жарықтан жеті түс қалай алынатынын жазуда/ призма арқылы өткен сәулелердің жолдарын сызуда/ сызған сәулелердің жолдарын түсіндіруде қателіктер жібереді.

Шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама береді.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет