34. Теократиялық монархия: Ватикан, Сауд Арабиясы, Бруней 35. Конституциялық монархияда: заң шығару билігі – тек парламенттің қолында, ал атқарушы билікті тек өкімет жүргізеді. Монарх мемлекет символы ретінде патшалық етеді, бірақ басқармайды 36. Конституциялы монархиялы елдер: Ұлыбритания, Нидерланды, Бельгия, Дания, Норвегия, Швеция, Испания, Жапония, т.б. 37. Дүние жүзіндегі ең көне конституциялы монархиялы ел: Ұлыбритания 38. Абсолюттік монархияда: монархтың билігіне мүлде шек қойылмайды. Монарх заң шығарушы және атқарушы өкімет билігін өзі жүргізеді, ол қорғаныс министрі, жоғарғы сот және діни басшысы болып келеді 39. Абсолютті монархиялы елдер: Бахрейн, Катар, Кувейт, Оман, БАӘ 40. Дүние жүзі елдері әкімшілік-аумақтық құрылысына қарай 2-ге бөлінеді: унитарлы, федерациялы 41. Парламенттің шығарған заңы бүкіл аумаққа бірдей таралып, әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар) тікелей үкіметке бағынып, ортақ
заң жүзеге асырылады: унитарлы мемлекетте 42. Дүние жүзі елдерінің көпшілігі: унитарлы мемлекет 43. Унитарлы мемлекеттер: Қазақстан, Франция, Қытай, Туркия, Египет, Колумбия, Украина, Венгрия, Италия 44. Бірыңғай (федералдық) заңдарымен және өкімет органдарымен қатар, өздерінің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары болатын
жекелеген аумақтық құрылымдары (республикалар, провинциялар, автономиялар, штаттар, т.с.с) бар әкімшілік-аумақтық құрылыс:
Федерациялы мемлекет 45. Дүние жүзінде әкімшілік-аумақтық құрылыс федерация болып табылатын неше мемлекет бар: 20-дан астам 46. Федерациялы мемлекеттер: Ресей, АҚШ, Малайзия, Үндістан, Нигерия, Эфиопия, ОАР, Аустралия, Канада және т.б. 47. АҚШ тұрады: 50 штат пен Колумбия федералды округінен 48. Ресей Федерациясы тұрады: 21 республика, 49 облыс, 6 өлке, 10 автономиялық округ,11 автономиляқ облыс, 2 федералды