275. АҚШ-та елді-мекеннің қала атану үшін халық саны:
2,5 мыңнан асу керек
276. Кенттену (урбандалу) дегеніміз:
қалалардың саны мен қала халқының санының өсуін айтады
277. Субурбандалу (рербандалу) дегеніміз:
қала халқының әр түрлі себептерге байланысты қала маңындағы елді-мекендерге қоныс
аударуы
278. Урбандалудың дүние жүзі елдеріне тәне 3 белгісі бар:
1. Қала халқы санының жылдам өсуі, 2. Өндіріс орындарының көпшілігінің
қалаларда шоғырлануы, 3. Қала маңындағы елді мекендердің қосылуынан қалалық агломерациялардың түзілуі
279. Агломерация дегеніміз:
ірі қалалар маңына орта және ұсақ елді мекендердің шоғырлануы
280. Дүние жүзіндегі ірі қалалық агломерация:
Токио (27,9 млн адам), Мехико (18,1 млн адам), Бомбей (18 млн адам ), Сан-Паулу (17,7
млн адам ), Нью-Йорк ( 16,6 млн адам)
281. Қазақстандағы ең ірі агломерация болып саналады:
Қарағанды-Теміртау агломерациясы
282. Көршілес агломерациялардың
бір-бірімен бірігіп, қосылуынан қалалардың орасан шоғыры қалыптасады:
мегаполистер
283. Урбандалу құбылысының ең жоғарғы сатысы:
мегаполистер
284. Әлемдегі ірі мегаполистер:
Үлкен Мехико, АҚШ-тың «Босваш» (Бостон қаласынан Вашингтонға дейін) 40 млн адамды
қамтиды, Жапон мегаполисін (Токайдо) 60 млн адамды қамтиды
285. Жер шары халқының қала тұратыны:
49%
286. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы урбандалу деңгейі:
56%
287. 2005 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы урбандалу деңгейі:
57%
288. Ауылдардың 90%-дан астамы:
дамушы елдерде
Достарыңызбен бөлісу: