Физикалық шаманың өлшемі, Қр ст 1-2000 деп берілген мөлшердегі


Өлшеуіш қондыргылар мен жүйелер



бет3/7
Дата13.04.2024
өлшемі38.02 Kb.
#498574
1   2   3   4   5   6   7
Өлшеу құралдары 2

Өлшеуіш қондыргылар мен жүйелер
Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер - өлшем объектісінің бір немесе бірнеше физикалық шамасын өлшеу үшін, қосалқы қондырғылармен функционалдық белгісі бойынша біріктірілген өлшем құралдарының жиынтығы. Әдетте, мұндай жүйелер автоматтандырылған және ақпараттық жүйеге енуін, өлшеу процесінің автоматтандырылуын, пайдаланушы қабылдау үшін өлшеу нәтижелерінің өңделу мен сипатталуын қамтамасыз етеді. Мұндай қондырғылар (жүйелер) бақылау үшін де пайдаланылады (мысалы, өндірістік үдерістерді), ол әсіресе статистикалық баңылау әдісі үшін, сондай-ақ сапаны басқаруда пайдаланылады.
Өлшеуіш жабдықтар
Өлшеуіш жабдықтар - шаманы өлшеудің қосалқы құралдары. Олар дәлдіктің жоғарғы деңгейі қажет болғанда өлшеу нәтижелеріне түзетулерді есептеу үшін қажет. Мысалы, егер аспаптың көрсетулері қатаң шектелген (құжатта көрсетілген) температура кезінде дәл болса, термометр қосалқы құрал бола алады. Өлшеуіш жабдықтар қосалңы құралдың өзінің қателіктерімен байланысты өлшеулер нәтижелеріне белгілі бір қателіктерді енгізетінін ескерген жөн. Метрологиялық ережелер бойынша өлшем құралдары екі түрге бөлінеді: жұмысшы өлшем құралдары және эталондар. Жұмысшы өлшем құралдары техникалық құрылғылардың, технологиялық үдерістердің, сыртқы ортаның параметрлерін анықтау үшін қолданылады. Жұмысшы құралдар лабораториялық (ғылыми-зерттеулер үшін), өндірістік (технологиялық үдерістердің сипаттамаларын қамтамасыз ету және бақылау үшін), алаңдық (ұшақтаравтомобильдер, кемелер үшін) болуы мүмкін. Жұмысшы құралдарының әрбір түрі айрықша көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Осылайша, өлшемнің лабораториялық құралдары - ең дәл және сезгіш, ал олардың нәтижелері жоғары тұрақтылықпен сипатталады. Өндірістік құралдар өндірістік процестің түрлі факторлары: температураылғалдылық, т.б. сияқты факторлардың әсеріне қарсы тұру қасиетіне ие. Алаңдық құралдар сыртқы әсер етулердің кең шектерінде үнемі өзгеріп отыратын жағдайларда жұмыс істейді.[1]
Тағы қараныз

  • Ацетометр

  • Динамометр

  • Барометр

  • Амперметр

  • Омметр

  • Дозиметр

  • Термометр

  • Физикалық шамалар өлшемдер объектісі ретінде

  • Эталондар дамуының болашағы

  • Эталондар, олардың классификациясы

Қателіктері нормаланатын және физикалық шама бірлігін сақтай немесе ұдайы қайталай алатын техникалық құралды өлшеу құралы деп айтады.
Өлшеу құралы, біріншіден, нормаланған метрологиялық сипаттамаларға ие болу керек. Нормаланған метрологиялық сипаттамалар - өлшеу құралының осы түрінің, өлшеу құралының нормативтік құжатында тағайындалған метрологиялық сипаттамаларының жиынтығы б.т.
Екіншіден, анықтамаға сәйкес, өлшеу құралы шама бірлігін сақтай немесе ұдайы қайталай алады (қайталауды «біледі»).
Үшіншіден, сақталатын бірлік өз мөлшерін өзгертпейді.
Аталған факторлар өлшеу жүргізуді орындауға мүмкіндік береді, яғни техникалық құралды өлшеу құралы қылады.
Өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы - өлшеу құралының қасиеттерінің біреуінің сипаттамасы, өлшеу нәтижесіне және оның қателігіне әсерін тигізеді.
Өлшеу құралының нормаланатын метрологиялық сипаттамасы – нормативтік құжаттарда тағайындалған метрологиялық сипаттамалар.
ГОСТ 8.009 стандартына сәйкес өлшеу құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары болып мыналар табылады: шкаланың ұзындығы; шкала бөлігінің бағасы; өлшеу құралының корсетуінің вариациясы; өлшеу диапазоны; өлшемнің номинал мәні; өлшеу құралының сезгіштігі (сезімталдығы); өлшеу құралының сезгіштік табалдырығы; өлшеу құралының дәлдігі; өлшеу құралының тұрақтылығы.
Өлшеу құралы неғұрлым жоғары дәлдікпен өлшейтін болса, ол үшін соғұрлым көп метрологиялық сипаттамалар нормаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет