1. Компьютерлік моделдерді қолданып өтілетін сабақтардың түрлері
Компьютерлік моделдермен жұмыс жасауды оқушылар аса қызығушылықпен атқарады. Компьютерлі класта сабақ қызықты болумен қатар оның оқыту пәрмені максимал болуы үшін не қажет? Ол үшін оқытушы келесілерді:
Моделмен жұмыс жасауда оқушыларға нақты міндет қою керек. Мұндай болмаса оқушылар экранда өтіп жатқан процестің физикалық мағынасына көңіл бөлмей тек ойнап отырады. Тәжірибе көрсеткендей кәдімгі оқушыға нақты моделге немесе виртуал лабораторияға қызығушылығы 3-5 минуттан артпайды, одан кейін «Әрі қарай не істеймін?» деген сұрақ туады. Тәжірибе көрсеткендей мұндай сабақтың нәтижесі мардымсыз болады.
Компьютерлік кластағы сабақ нәтижелі болуы үшін сабақ формасы қызығушылықпен өтумен қатар нетижесі де жоғары болуы керек.
Таңдап алған компьютерлік модел немесе лабораторияға арналған сұрақтар мен есептер таңдалған моделдердің функционалды мүмкіншілігіне қарай алдын ала құрастырылып берілуі керек.
Сабақ соңында оқушыларға қойылған сұрақтарға жауап беріп атқарған жұмыстарының есебін жасауды ұсыну керек.
Оқушыларға алдын ала жеке тапсырмаларды беру керек, егер оларды компьютерде жазылып принтерден шығарып берсе тіптен жақсы.
Сұрақтарға жауап беріп немесе есептерді шығарғаннан кейін оқушылар керекті компьютерлік тәжірибелерін қоюларына болады.
Есептерді алдымен қағазға дәстүрлі тәсілмен шығарғаннан кейін барып нәтижелерін тексеру үшін оқушыларға тәжірибе қоюды ұсыну керек.
Компьютерлік моделдерді демонстрациялық вариантта жаңа материалды түсіндіру үшін немесе есептер шығаруда қолдану үшін, мысалы: магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысын тақта мен борды пайдаланып түсіндіргеннен «Открытая физика» курсындағы «Зарядтардың магнит өрісінде қозғалысы», «Масс-спектрометр» моделі арқылы түсіндіруге мүмкіншілік бар. Демонстрация кезінде моделдердің терезесінде зарядтардың мөлшерін, магнит өрісінің индукциясы өзгерген жағдайда зарядтардың траекториясы динамикалық режимде салынады, ал «Масс-спектрометр» моделінің терезесінде осы құбылысты қолданып изотоптардың қалайша сарапталатыны көрсетіледі.
Мұндай демонстрацияларды қандай құралдар арқылы іске асыруға болады? Әрине, егер оқытушы оқушылардың кіші-гірім тобымен жұмыс жасап, оларды монитор жанында орнастырса немесе кабинетте проекциялық техника болса ғана компьютерлік демонстрация нәтижелі болады. Мұндай жағдай мүмкіншілігі болмаса, онда компьютерлік класта оқушыларға моделдермен жеке жұмыс жасауды немесе үйлерінде атқаруын ұсыну керек. Оқушылардың ұсынылған моделдермен дара жасауы аса қызығушылықпен өтеді, үйткені олар приборларды жөнге салып байқап тәжірибе жүргізеді.
Мектеп физика курсындағы компьютерлік моделдердің көпшілік бөлігі «ФИЗИКОН» [3] компаниясының мультимедиа курстарында қамтылғаны белгілі. Көрсетілген курстардағы компьютерлік моделдер физикалық тәжірибелердің алғашқы шарттарын өзгерту арқылы оқушылардың көптеген виртуалдық тәжірибелер жүргізе алатын мүмкіншіліктері барын біз бұрын жазғанбыз [4-11]. Бұл курстардағы кейбір моделдерде тәжірибе өту барысын бақылаумен қатар сәйкес графикалық тәуелділіктерді сызып көрсете алады. Мұндай моделдер аса бағалы, үйткені оқушылар графиктерді оқу мен оларды сызуда әжептәуір қиындыққа ұшырайды. Компьютерлік моделдерді дәстүрлі сабаққа да оңай ендіруге және оларды қолданып оқытудың жаңа түрлерін ұйымдастыруға да болады. Мысал ретінде осы ресурстарды пайдаланып өтуге болатын сабақтардың үш түрін қарастырайық:
Достарыңызбен бөлісу: |