Өлшеу нәтижелерін өңдеу
Қарсы жүктің әртүрлі жағдайы үшін прецессияның бұрыштық жылдамдығы төменгі формула бойынша есептелсін
(3.13) қатынастың дұрыстығы тексерілсін, қозғалтқыш тұрақты жұмыс істеп тұрса , ол өлшеу қателігі шегінде орындалуы керек.
Прецессияның бұрыштық жылдамдығын өлшеудің салыстырмалы және абсолют қателіктерін мына төменгі формула бойынша есептелсін
4. Өлшеудің нәтижесі мына түрде жазылсын.
Есепті безендіру тәртібі және оны қорғау:
Есеп келесі тәртіпте безендіріледі:
1. Экспериментті орындау
2. Есептеу нәтижелерін кестеге енгізу.
3. Орындалған жұмыс туралы қорытынды
4. Жұмысты безендіріп А4 форматында өткізу қажет.
5. Есепке мыналар кіреді:
– орындаушының аты-жөні, жұмыстың орындалған мерзімі; жұмыстың аты және мақсаты;
– техникалық құрылғылар мен жабдықтар;
– жұмыстың орындалу реті, формулалар; суреттер; есептеулер; толтырылған кестелер;
– жұмыс туралы қорытынды; бақылау сұрақтарына қысқаша жауап.
Бақылау сұрақтары
Гироскоп дегеніміз не? Гироскоптың қандай қозғалысы прецессия деп аталады?
Өске салыстырғанда күш моменті дегеніміз не? Күш моментінің бағытын қалай анықтауға болады?
Айналмалы қозғалысты түсіндіру үшін қандай кинематикалық сипаттамалар пайдаланылады? Олардың анықтамалары қандай?
Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі қандай? Осы теңдеуге кіретін шамалардың анықтамалары қалай айтылады?
Егер ауырлық центрі тіреу нүктесінің сол жағында болса (3.2-сурет) гироскоп прецессиясының бағыты өзгере ме?
Импульс моментінің сақталу заңының тұжырымы қандай?
Айналудың бұрыштық жылдамдығының өзгеруіне байланысты прецессияның жылдамдығы қалай өзгереді?
Гироскоп прецессиясының бұрыштық жылдамдығының формуласының қорытылуы қандай?
Материалдық нүктенің айналу өсіне салыстырғандағы импульс моментінің анықтамасы қандай? Импульс моментінің бағытын қалай табуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |