Қондырғының сипаттамасы және есептеу формуласын алу
Құрал болып саналатын ФПМ-06 Обекбек маятнигі қатты дененің айналмалы қозғалысының барлық заңдарын экспериментті түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Құралдағы қолданылатын маятник 2.4-суретте крестовина түріндегі инерциалды дөңгелек ретінде көрсетілген. Өзара перпендикуляр төрт өзекте жүктер бекітілген. Крестовинаның горизонталь өсіне радиустары кіші r және үлкен R екі сатылы шкив кигізілген. Шкив сатыларының біреуіне жіптің бір ұшын бекітіп, оны шкивке айналдыра орайды. Жіптің екінші бос ұшына жүгін іледі. жүгінің төмен түсүі әсерінен бұрыштық жылдамдығы барған сайын артып отыратын крестовина айнала бастайды, сонымен қатар бұл айналыс бірқалыпты үдемелі айналыс болады.
Егер жүк үдеумен төмен түсетін болса, онда маятник бұрыштық үдеумен айналысқа түседі. жүктің тыныштық күйінен түсу қашықтығын және оған кеткен уақытты өлшей отырып, жүктің үдеуін табуға болады:
(2.15)
Ал үдеудің бүрыштық үдеумен байланысы:
бұдан
(2.16)
мұндағы - шкив радиусы. Егер жіптің керілу күшін -мен белгілесек, онда бұл жұмыста айналмалы күш моменті мына өрнекпен анықталады:
(2.17)
күшін жүктің қозғалыс теңдеуінен табуға болады:
(2.18)
бұдан
(2.19)
(2.19)-ды (2.17)-ге қойсақ, күш моменті үшін өрнек аламыз:
(2.20)
Барлық жүйенің - өзектердегі жүктері бар маятниктің инерция моментін төмендегі өрнекпен есептеуге болады:
(2.21)
мұндағы: - өстің, крестовина төлкесінің және екі сатылы шкивтің қосынды инерция моменті (мұның мәні құралда көрсетілген). -крестовинаның қозғалмалы жүктерінің инерция моменті, R-айналыс өсінен жүктің инерция центріне дейінгі қашықтық, m1-қозғалмалы жүктің массасы (m1=199г), -жүксіз крестовинаның инерция моменті, l-крестовина өзегінің ұзындығы, m2-жүксіз өзектің массасы (m2=265г).
Достарыңызбен бөлісу: |