«Физика»пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудыңспецификациясы 9


-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы



бет4/10
Дата29.12.2023
өлшемі2.17 Mb.
#488293
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Физика»п нінен то санды жиынты ба алауды спецификациясы 9-сын

1 -тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы


1 - тоқсанның жиынтық бағалауына шолу


Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30 балл


Тапсырма түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ–қысқажауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толықжауапты қажет ететін тапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 11 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім алушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

тапсырма*

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*

Балл*

Бөлім бойынша балл

Кинематика негіздері

9.2.1.4 - уақыттан тәуелділік графиктерінен орын ауыстыруды, жылдамдықты, үдеуді анықтау

Қолдану

8

5(a)

5(b)


ҚЖ

ҚЖ


1
5

2

4


25

9.2.1.6 - түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану

Қолдану

6

ҚЖ

4

4

9.2.1.7 - теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін эксперименттік жолмен анықтау

Жоғарғы деңгей дағдылары

1

11


КТБ

ТЖ


2

8


1

4


9.2.1.14 - сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану

Қолдану

2

7


КТБ

ҚЖ


1

5


1

4


9.2.1.15 - центрге тартқыш үдеу формуласын есептер шығаруда қолдану

Қолдану

8
10

ҚЖ
ТЖ

4
3

3
2

Астрономия негіздері

9.7.2.4 - жұлдызды аспанның жылжымалы картасынан жұлдыздардың аспан координатасын анықтау

Қолдану

3

4

КТБ

1

1

5

9.7.2.7 - кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру

Білу және түсіну

3

КТБ

1

1

9.7.2.8 - күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру

Қолдану

9

ҚЖ

5

3

Барлығы:













40

30

30

Ескерту:* - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудыңтапсырмалары



  1. Үдеудің теңдеуін анықтаңыз.

A)
B)
C)
D)
[1]



  1. Бұрыштық жылдамдық пен сызықтық жылдамдық арасындағы байланыс теңдеуін анықтаңыз.

A)
B)
C)
D)
[1]



  1. Планетаның радиус векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады, бұл Кеплердің нешінші заңы екенін анықтаңыз.

A) 1-інші
В) 2-інші
С) 3-інші
D) 4-інші
[1]



  1. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасының жиегінде күнтізбелік айлар және күндер көрсетілген. Олар Күннің ... орынын анықтайды.

A) экватордағы
B) эклиптикадағы
C) көкжиектегі
D) полюстегі
[1]



  1. Төменде жылдамдықтың уақытқа және жүрілген жолдың уақытқа қатысты тәуелділік графигі бейнеленген.


(а) Жоғарыда көрсетілген графиктің қозғалыс түрін ажыратыңыз.


[2]
(b) (і) және (іі) график теңдеулерін жазыңыз.
[4]

  1. Дененің қозғалыс теңдеуі берілген: (м)

(а) бастапқы координатаны анықтаңыз.
[1]
(b) қатысты теңдеуін жазыңыз.
[1]
(с) дененің қозғалыс үдеуін анықтаңыз.
[1]
(d) 2 секунд өткеннен кейінгі орын ауыстыруды анықтаңыз.
[1]



  1. Вертикаль оске қатысты горизонталь бағытында айналатын тегістеу дөңгелегінің диаметрі 0,12 м. Дөңгелектің шет жағында Р нүктесі бекітілген.


(а) Дөңгелек минутына 1200 айналым жасайды. Анықтаңыз:


(і) бұрыштық жылдамдықты;
[2]
(іі) Р нүктесінің үдеуін.
[2]

  1. Суретте велосипедші қозғалысты А нүктесінен бастайды және АВСDEB траекториясы бойынша қозғалады.


Радиусы 4 м айналманы велосипедші 6 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады.
(а) D нүктесіндегі жылдамдық пен центрге тартқыш үдеудің бағытын суретке салып көрсетіңіз.
[1]
(b) Велосипедшінің үдеуін анықтаңыз.
[1]
(с) Егер жылдамдығын 2 есе кемітсе, ал айналма радиусы өзгермесе, онда центрге тартқыш үдеу қалай өзгереді?
[1]


  1. Веганың жылдық параллаксы 0,12”-ге тең.

(і) Вега жұлдызына дейінгі қашықтықты парсекпен анықтаңыз.
[2]
(іі) Вега жұлдызына дейінгі қашықтықты жарық жылымен анықтаңыз.
[1]



  1. Модулі бойынша тұрақты жылдамдықпен қозғалып бара жатқан мотоциклшінің қозғалыс торакториясында көрсетілген нүктелердің қайсысында центрге тартқыш үдеуі максимал мәнге ие? Жауабыңызды түсіндіріңіз.


[2]



  1. Зертханалық жұмыс жасау барысында білім алушы көлбеу жазықтық арқылы қозғалған арбашаны бақылап, оның жүрген жолын және қозғалыс уақытын кестеге жазды.




t / с

0

0,50

1,00

1,50

2,00

2,50

S/см

0

3

14

27

49

79

Жүрген жолдыңS (у-осіне) уақыттың квадратынаt2 (х-осіне) тәуелділік графигін салыңыз.





[3]

Графикті пайдалана отырып, градиентті және оның өлшем бірлігін анықтаңыз.


[1]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет