1. Афференттiк немесе сезiмтал. Ол биполярлы жасушалар, олар арқылы ОЖЖ сыртқы және iшкi орта ақпараттарын қабылдайды.
2. Ендiрме немесе аралық. олардың негiзгi функциясы-афференттi және эфференттi талшықтар арасында байланыс орнату. олар арқылы қозу төмен және жоғары жылжиды. 15 миллиард нейронның 10 миллиарды осы топқа жатады.
3. Эфференттiк немесе қозғалтқыш нейрондар. олардың қызметi қозуды ОЖЖ жұмыс мүшесiне жеткiзу.
Қабылдайтын ақпаратының орналасу ретіне қарай барлық рецепторлар бөлінеді:
Экстероцепторлар;
Интероцепторлар
1. проприоцепторлар
2. ангиорецепторлар
3. ұлпалық рецепторлар.
Рецепторлар, әдетте, дара орналаспайды, әр түрлі тығыздықты жиынтықтар құрайды. Мұндай рецепторлар жиынтықтарын рефлекстердің рецептивті алаңдары немесе рефлексогенді аймақтар деп атайды