Ғұмыры мен жаныңа жігер берерлік шығармашылық өнерін халқына арнады



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата19.04.2023
өлшемі0.51 Mb.
#472393
1   2   3   4   5
mahambet-temis-ly-le-derini-k-rkemdik-erekshelikteri (1)

99 
UZBEKISTAN |
www.caajsr.uz
 
 
бара жатқан жолдастарын қашанда жігерлендіріп отыратын Махамбеттің мына 
өлеңі тағы бір дәлел: 
Ханның ісі қатайды, 
Азамат ерден бақ тайды. 
Қанды көбе киініп, 
Бір Аллаға сиынып. 
Ұрандап жауға тигенде, 
Кім жеңері талайды 
Жолдастарым мұңайма! – деп жырлаған жалынды күрескер жыршымыз 
қанды түйіткілді түндерде де, қара бұлт қаптаған күндерде де барын салып әділдік 
жолында, теңдік арнасын тоғыстыру мақсатында аянбай күресті. 
Барынша қайсар, өжет мінезді ақын қуғынға да, сүргінге де, азапты сәттерге 
да тап болды. Алайда, өлмей жатып беріскісі келмеген Махамбет ащы тілі мен 
шындықты шырылдап, абақтыда да өзінің жырларын, іштегі алай-дүлей болып 
жатқан еліне, туған туыстарына болған сағыныш азабы жолында әбден қиналады.
Кеше біз зынданда жатып құбылдық? 
Қамалаған көп дұшпанға қор болдық. 
Терезеден телміріп, 
Ағайын мен туғанды 
Бір көруге зар болдық,- деп ақын жан сырын өлең арқылы сипаттайды. Қарап 
отырсақ көтеріліс жыршысы тек қана жорық жырларын ғана жазып қоймай
адамилыққа тән болған қасиеттер жайлы қалам тебіреткенін көреміз.
Махамбет Өтемісұлының шығармашылығында ерекше ескере кетерлік 
жайттың бірі ол өз өоеңдерінде асқан шеберлік пен шешендік өнері кеңінен 
көрініс табумен қатар, нақыл сөздер, термелік сипат байқалатын толғау 
сарындары да көптеп кезесетінін аңғарамыз.
Қыран құстың баласы, 
Ұшса келмес ұяға. 
Асыл ердің баласы 
Жауды көрсе шыдамай, 
Көзін салар қияға. 
Аз сөйлер де көп тыңдар 
Хас асылдың баласы... 
Жаманнан туған жақсы бар 
Атасын айтса нанғысыз. 
 
 


CENTRAL ASIAN ACADEMIC JOURNAL 
OF SCIENTIFIC RESEARCH 
ISSN: 2181-2489 
VOLUME 2 ǀ ISSUE 2 ǀ 2022


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет