98
UZBEKISTAN |
www.caajsr.uz
Арқаның қызыл изені,
Басы күрдек, түбі арал.
Қыдырып шалар аруана
Ақсақалы елдің болмаса,
Жастарың болар диуана.
Бір сынаған жаманды,
Екінші қайтып сынама.
Тіріде сыйласпаған ағайын,
Құм құйылсын көзіңе,
Өлгенде маған жылама..
Ол өзінің өнерінің айтқыштығы, сұрырып салмалылығы, тапқырлығымен
ерлікті, адамгершілікті, биік парасатты, адалдықты жырлады. Ол екіге жарылу,
күн үшін көлгірсу дегенді білмеген, іші-сырты тұп-тұтас қалпы туыла салынған
сирек дарын иесі еді. Теңеулері мен тізбектеу тәспесі де сондай ерекше еді.
Қоғалы көлдер, құм, сулар
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал
Кімдерге сайғақ болмаған?
Басына жібек байлаған
Арулар кімнен қалмаған?
Жырларының жалынды әрі ызғарлы болып шығуының басты қатарында
Жәңгір хан орналасқан еді. Оның пасық әрекеттері мен арам пиғылдары ішіндегі
алай-дүлей болып дабыл қағуы өлеңдерінде көрініп-ақ тұратын еді. Ханнан
тайсалмай, бар шындықты аяусыз бетіне басатын еді. Оның осындай батылдығын
көріп, естіген жұртшылық рухани азық пен күш алатын еді.
Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың.
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
Хан емессің аянсың,
Айып құйрық шаянсың!- деп ішіндегі бар ызасын ащы сөздері арқылы , елім,
халқым дейтін екі жүзді ханның бет-бейнесін бүкіл халық алдында жасқанбай
нағыз келбетін жайып салады. Орақ ауызды, өткір тілді, шыншыл жүректі
Махамбет қаншама қиын-қыстау күндерді басынан өткеріп жүрсе де әділдік
жолынан кері шегінген сәті болмапты. Дәл осындай тұста бірте- бірте сағы сынып
CENTRAL ASIAN ACADEMIC JOURNAL
OF SCIENTIFIC RESEARCH
ISSN: 2181-2489
VOLUME 2 ǀ ISSUE 2 ǀ 2022
Достарыңызбен бөлісу: |