Аттиланың өлімінен кейін Ғұн державасы ыдырап, бірнеше тайпалық бөлікке бөлініп кетті. Ғұндардың өздері жергілікті халықтың арасына сіңіп кетті.
Батыс Рим империясының орнына пайда болған варварлық мемле-кеттік құрылымдар өз беттерінше сыртқы саясат жүргізе бастады. Олардың бірқатары империяға қарасты иеліктерді өздеріне қосып алды. Батыс Рим империясының үкіметі Италия мен Испанияның шағын ғана бөлігіне ғана бақылау жүргізді. Біраз уақыт өткен соң бұл жерлердің өзі де герман тайпаларының иеліктеріне өтті.
476 жылы римдік әскери қолбасшы германдық шағын ғана скир тайпасының көсемі Одоакр римнің соңғы императоры 15 жасар Ромул Августулға бағынудан бас тартып, императордың қасиетті белгісін Константинопольге шығыс императорына жібереді. Одоакр Рим императорының титулын қабылдаудан бас тартып, варварлық мемлекеттердегі секілді өзін конунг-король деп жариялайды. Батыс Рим империясы өмір сүруін тоқтатады. Әлемдік тарихта жаңа даму кезең – орта ғасырлар дәуірі басталады.
«Халықтардың Ұлы қоныс аударуының» қорытындысы.Ғұндардың жаулаушы жорықтарының әсерінен этникалық варварлар тайпалары-ның аса ауқымды қозғалысы басталып, б.з. V–VI ғасырлар кезеңінде Батыс Еуропа картасында үлкен бетбұрыс өзгерістер орын алды. Батыс Рим империясы құлады. Шығыс Рим империясы Византияға айна-лып, өзге бағытта жаңа байланыстармен басқаша дамып, славяндар мен шығыстық азиаттардың басын біріктірді. Еуропада ондаған ұсақ варварлық корольдықтар пайда болды. Мұндай өзгерістер тек саяси тұрғыда ғана орын алған жоқ, барлық саланы қамтыды.
Ғұндардың жаулап алу жорығы себеп болған халықтардың Ұлы қоныс аударуының тарихи маңызы оның әлеуметтік нәтижелеріненкөрініс береді. Варварлар Батыс Рим империясын жаулап алу кезінде ірі жер иелену шаруашылықтарын қиратты: бұрынғы құлиеленуші алпауыттардың жерлері, жаңадан пайда болған жер иеленушілердің иелігіне өтті. Сөйтіп, ортағасырлық феодализмнің негізін салушы – жаңа варварлық ақсүйектік топ үстемдік құрды. Жер біртіндеп әлі де жекебас еркіндігі сақталған варвар-шаруалардың иелігіне өте бастады, олар жаңа жерге өзінің қауымдық тәртібін әкеліп орнатты. Варвар ақсүйектерінің арасынан шыққан жер иеленушілер еді, олар жермен қоса құлдарға да иелік етті. Осы сәтте олар жер иеленуші – терімшілерге, ал құлдар шаруаларға айналып, құлдық жойылды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ғұндардың батысқа жасаған жорықтарының себебін атаңдар.
2. Ғұндардың жаулап алу жорықтарының барысын сипаттаңдар.
3. «Халықтардың Ұлы қоныс аударуының» қорытындысын айтыңдар.
Тапсырма
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, ғұндардың тұрмыс-тіршілігі туралы эссе жазыңдар
https://youtu.be/EyWDWm-AT9I
Достарыңызбен бөлісу: |