Форма 12 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті



бет4/11
Дата01.07.2016
өлшемі1.1 Mb.
#171246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)


  1. У әріпінің емлесі қандай дыбыстардың таңбасы ретінде қолданылады.

  2. Ы,І әріптерінің емлесі қандай буындарға түседі.

  3. И әріпінің емлесі қандай дыбыстардың таңбасы ретінде қолданады.

  4. Я,Ю әріптерінің емлесі қандай дыбыстардың таңбасы ретінде қолданады.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Қос дауыссыз дыбыстардың қолданылуы

Қосарлы сс, лл, тт, мм дыбыстарына біткен сөздер түбір қалпында өзгеріссіз жазылады. Мысалы: прогресс, металл, киловатт, грамм. Орыс тілінен енген бұл сөздерге қосымша жалғанғанда, қос дауыссыздың соңғы сыңары түсіп қалады. Мысалы: металл- металдың, металға, металдан, металы; киловат, киловаттың, киловатқа, киловаты, грамм – грамның, грамға, грамнан, грамы.


1. нд, мп, кт, нг, мб, ск, фт дыбыстарының тізбегіне біткен сөздер түбір күйінде өзгеріссіз жазылады. Оларға дауыссыз дыбыстан басталған қосымшалары ы немесе і дәнекері арқалы жалғанады. Мысалы: фонд-фондыға, фондыны; штамп-штамбылау, штампыны, факт-фактіде, фактіден, фактіге; митинг-митінгіге, митингіде; ромб-ромбыға, ромбымен, ромбыда; шрифт-шрифтіден, шрифтіден, шрифтімен.

2. ст, сть, зд дыбыстарының тізбегіне біткен термин сөздер түбір күйінде сол қалпында жазылады. Мысалы: трест, ведомось, съезд. Бұл сөздерге қосымшалар жалғанғанда, соңғы т, ть, д әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: треске, ведомосқа, ведомоста, ведомосы, съезі.

3. Соңғы дыбыстары ог, уг болып келген сөздерге және рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, нкт, кль, брь, бль, сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымшалар әрдайым жіңішке түрде жалғанады. Мысалы; округтік, округке, округтік, округке; фактіге, фактісі, факті.

Туған жер
Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың ен байлықтардың қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, адам бойында үш қабілет ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой-парасаты. Осындай көзқарастың қалыптасу мен даму тарихына көз жүгіртсек, оның адам баласының табиғатты танып-білуімен тікелей байланыстылығын аңғарамыз. Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғышарттар болып саналады. «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештеме болуға мүмкін емес», - деген екен оқу-тәрбие мәселесіне көңіл бөлген философ, психолог-ғалым Ж.Аймауытов. Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын да мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады.

Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,

Ренжітсең, күрсініп, жылап та алар.

Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат болар.

(Мәрзия Аяғанова)

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
«Қазақ тілі сабағында» тақырыбында шағын ғана әңгіме құраңыз.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
9-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, жаттығуды көшіріңдер. Емлесі қиындық келтіретін сөздерді орфографиялық сөздіктен қараңдар.

1. м-мм: гра...атикалық талдау, мақтау гра...отасы, радио хабарларының програ...асы, екі килогра... қант, төрт килогра...ды бөлу, жолдасынан телегра...а алу.

2. л – лл бағалы мета..., мета...ды, көптеп өндіру, ауыр арти...ерия, сурет га...ереясы, криста...дай таза.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмыстарын орындау


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Қос дауыссыз дыбыстардың қолданылуы туралы оқып келу.

11-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Тіл құдіреті. Сөздік туралы. Кірме сөздер, көнерген сөздер (архаизмдер).
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Кірме сөздер, көнерген сөздер (архаизмдер) туралы біімдерін жетілдіру

  • тәрбиелік: Ептілікке, тез ойлауға, әділдікке инабаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқуға еңбекке белсенділігін арттыру.

  • дамыту: Кірме сөздер, көнерген сөздер, жаңа сөздер, тақырыбы бойынша білімдерін кеңейтіп, тіл байлықтарын дамыту.


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша (қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Буынның неше түрі бар?

2. Қандай сөздер тасмалданбайды.

3. М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жатқа айту.

4. М. Мақатаевтың «Қазақ жері» өлеңін мәнерлеп оқу.



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Медицина және тіл мәдениеті

(Тіл құдіреті)

Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады. Адам мәдениетінің алғы арты – дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген - түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп с үріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуратады, келтірем деп кетіреді, емірентем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады. Біздің қазақ «Аталы сөз - баталы сөз» дегенде, осы дұрыс сөйлей білуді айтқан.

Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше тіл проблемасы - халықтық проблема. Біздің қазақ тілі өсу үстіндегі, адам баласының кез келген қиын да күрделі ойын бейнелеуіндегі мүмкіндігі зор, аса бай тіл.

Данышпан халқымыз тілді қару ретінде жұмсап, тауып сөйлер шешендігімен кейде өлім қаупінен де құтылып отырған. «Жылы, жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» деп, жағымды әсерлі сөздер тауып айтуға шақырады. Әсіресе, медицина саласында жүрген мамандарға сөйлеу мәдениеті мен тіл байлық ауадай кажет, себебі, көп жағдайда адам өмірі мен тағдыры сөз болады. Оны байыпты етіп жеткізу кез-келген дәрігердің қолынан міндетті түрде келуі тиіс. Сол сияқты дәрігер рецепт жазғанда сауаттылық пен ұқыптылықты, грамматикалық білгірлікті қажет етеді. Қателесу - өмірге қауіп төндіруге дейін алып барады. Біле журіңіз!


Сөздік түрлері

Тіл-тілде сөздіктердің түрлері көп. Сөздіктердің әрқайсысы әр түрлі қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Осыған орай, әрбір сөздіктің алдында белгілі бір мақсат қойылып, міндет жүктеледі. Мысалы, орфографиялық сөздік емлені таныту, сөздердің дұрыс жазылуын білдіру мақсатымен жасалса, түсіндірме сөздік әдеби тілдің сөз байлығымен таныстыру мақсатын көздейді. Ал екі тілді аударма сөздік басқа бір тілді үйретіп, ондағы сөздерді білдіруді мақсат етеді. Сөздік түрлері: 1. Аударма сөдіктер. 2. Синонимдік. 3.Терминологиялық. 4. Абай тілінің. 5. Орфографиялық. 6. Этимологиялық. 7. Түсіндірме. 8. Фразеологиялық. 9. Диалектикалық. 10. Орфоэпикалық сөздіктер.


Кірме сөздер

Қазақ тіліндегі сөздер қолданылу, тілдегі жұмсалу орны жағынан әр түрге бөлінетінін білдік. Сонымен бірге тілдегі сөздер шығу тегі, түбі тұрғысынан да әр түрлі. Қазақ тілі лексиканың сөздер, негізінен.

1) тілдің байырғы төл сөздерінен (бас, қол, аяқ, аға, көз т.б.);

2) араб-парсы тілдерінен (мектеп, қалам, қайрат, сезім, дәптер, заман, ғылым, әдебиет)

3) монғол тілінен (нөкер, аймақ, темір, жорға т.б.);

4) орыс және Еуропа тілдерінен кірген сөздерден тұрады.

Тілдегі алуан халық сөздерінің болуы ел, жер тарихымен байланысты. Қазақ жұртының араб-парсы, монғол, орыс Еуропа елдерімен рухани, сауда, мәдени, шаруашылық қарым-қатынаста болғандығын дәлелдейді. Басқа тілден енген кейбір сөздер өз қалпын өзгертсе (мөр, дәрігер, күмән, жәшік, бөтелке, сіріңке, керует т.б.) енді бір топтары өзгеріске ұшырамаған (бұлбұл, хат, ұстаз, ниет, базар, нан, дана, гармон, мультфильм т.б.).

Көнерген сөздер

Халықтың әлеументтік тұрмыс – тіршілігінің сипатының дамуына, өзгеруіне байланысты қоғамдық өмірге қажетсіз болып қалған кейбір сөздер ескіріп, қолданудан шығып қалады. Мысалы: қаламсап, сәукеле, найзағай т.б.

Сөйтіп тілде қабаттасу – үнемі болып тұратын, тілдің даму заңдалығынан туатын құбылыс. Тілдің лексикасы негізінен ілгері дамығанда, оның ісінен керексіз болып, мүлде шығып қалғандары болумен бірге, кейбіреуі ілініп – салынып, сирек қолданылатын ескерген сөзге айналса, кейбір сөздер қоғамның өзгеруіне, қоғамдағы адамдардың өндірісінің өзгеруіне байланысты тек қана белгілі дәуірдің мінездемесі ретінде тарихи сөздер (историзм) болып қана сақталады.

Сондықтан архаизм мен историзм деген терминдер бір емес. Бұл екеуінің арасында төмендегідей айырмашылықтар бар:

Архаизм негізінде қарапайым сөздер болады және ол сөздер ескіріп, бара-бара мүлдем ұмытылып кетеді. Ол сөздер әдеби тілде ауыспалы мағынада қолданылымаса, тура бұрынғы мағынасында қолдануға жарамайды. Сонымен бірге бұл сөздердің көпшілігі-ақ өз дәуірінің өзінде де өмірге аса маңызды болғандықтан сөздік құрамнан тез шығып, тез ұмыт болады. Мысалы: ұшқыш кілем, жалмауыз кемпір, дәу т.б.

Историзмге келсек, ол замандар өтсе де, тілдің сөздігінің белгілі бір тобында көнерген күйінде-ақ, шығарманың тарихи ерекшеліктерін айқындау үшін қолдануға маңызы бар сөздер болады және олар тарихи бір дәуірдің ерекшелігіне, оның дәуір туғызған, дәуір сыртқа тепкен ұғымдар екендігіне көрсеткіш болады. Мысалы: сауыт, найза, дулыға т.б.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1-тапсырма. Көнерген сөздер тауып жазыңыздар.

Мысалы: мата түрлері

Торқа – ең қымбат жібек мата
Батсайы – қалың жібек кездеме
Дүрия – жылтырауық тығыз жібек мата

2)Үй жиһаздары түсінік беру


Әбдіре, алаша, кебеже, текемет, түскиіз, ағаш төсек, сәукеле, күбі, қорамсақ.

3-тапсырма.Түртіп алу стратегиясы” бойынша мен оқушыларға мәтін оқып тұрамын, ал оқушылар сол мәтіннің ішінен көнерген сөздерді тез- тез жазып алып, үш сөйлем ойлап жазады.
Екі шонжар бұл жолы ханның айтқанына қарсы болып жатады. Хан нөкерін ертіп, сейілге шықты. Жандарал келді, жандарал келді,- деген хабар жұртты дүрліктірді. Хан бұйыраған соң, амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Үстеріндегі зере сахыттары, бастарындағы дулыға жағылары, белдеріндегі кіселері, асынған бес қарулары түгелінен бір миясардың қолынан шыққандай.

ТАПСЫРМА №4

Кестені толтыр



Сөздер

Мағынасы

Мысалдар

Сәске








Бесін








Ала көлеңке









Көз байлаған









Ел орынға отырған









Түн жарым









Таң сәріде











2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер:


  1. Көнерген сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

  2. Архаизм деген не? Мысал келтір.

  3. Көнерген сөздер нешеге бөлінеді? Олар қалай аталады?

  4. Тарихи сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.

  5. Берілген сөйлемнен көнерген сөзді тап.

Хан нөкерін ертіп, серуенге шықты.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Тіл құдіреті дегеніміз не?

2. Кірме сөз дегеніміз не?

3. Сөзтіктің түрлерін ата.



13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмыстары
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Сөздік туралы. Кірме сөздер, көнерген сөздер (архаизмдер) туралы оқып келу.



Тапсырма: Көркем әдебиеттерден көнерген сөздерді теріп жазып, оларды архаизмдер мен историзмдерді ажыратыңыз.


12-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш. Мақал – сөздің мәйегі.

2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Жұмбақ шешіп, жаңылтпаш айтқызып, ертегі тыңдату арқылы ой - өрістерін жетілдіру.

  • тәрбиелік: Ептілікке, тез ойлауға, әділдікке инабаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқуға еңбекке белсенділігін арттыру.

  • дамыту: Кірме сөздер, көнерген сөздер, жаңа сөздер, тақырыбы бойынша білімдерін кеңейтіп, тіл байлықтарын дамыту.


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша (қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 31 мин (35 %)
1. Буынның неше түрі бар?

2. Қандай сөздер тасмалданбайды.

3. М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жатқа айту.

4. М. Мақатаевтың «Қазақ жері» өлеңін мәнерлеп оқу.



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Мақал-мәтелдер
Қазақ тілінің байлығын, көркемдігін ашып көрсететін тілдегі сөздер тобының бірі – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдер бірнеше ғасырлар бойында жасалған, құрамындағы сөздердің орны әбден қалыптасып, тұрақтанған.

Мысалы: 1. Ана баулыған бала епті, әке баулыған бала есті.



2. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады.
Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері

  1. Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады.

  2. Белгілі бір тұжырым, түйінді береді.

  3. Өсиет, ақыл мақсатында айтылып, жақсылыққа, еңбекке, ерлікке, адамгершілікке үндейді.


Мақал-мәтелдердің негізгі білгілері

  1. Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады.

  2. Белгілі бір тұжырым, түйінді береді.

  3. Өсиет, ақыл мақсатында айтылып, жақсылыққа, еңбекке, ерлікке, адамгершілікке үндейді.

Мақал мен мәтелдің ерекшеліктері






Мақал

Мәтел

1.

Құрылысы жағынан екі, үш

бөлімді болады. Мысалы: Әке - асқар тау,шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ



Көбіне бір бөлімді болып келеді.

Мысалы: Суға кеткен тал қармайды





2.

Ой неғұрлым ашық айтылады. Мысалы: Батыр туса-ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.


Ой, мағына ишара, тұспал түрінде беріледі. Мысалы: Көп түкірсе – көл

3.

Ақыл, өсиет түрінде келеді.

Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.



Көбіне эмоциялық реңк басым болады. Мысалы:

Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда





1-тапсырма. Жаңылтпашты жаттау.

1. Үйде неше шал отыр?

Көсе шал отыр.

Тақиясы шошайып

Шоқша сақалды шақша бас шал отыр.

* *


2. Ізшілер іздесті,

Түз кезді, із кесті.

* * *

3. Ошақта от жоқ,



Шоқ тап, от жақ.

* * *
4. Дөң жатыр,

Дөнде тон-тоң көн, жатыр
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

2. Жаңылтпаш құрастыру.

3. Үлестірме қағаздар.


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Тіл құдіреті дегеніміз не?

2. Кірме сөз дегеніміз не?

3. Сөзтіктің түрлерін ата.



13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмыстары
14. Үйге тапсырма беру: 5 мин (3%)

Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш. Мақал – сөздің мәйегі туралы оқып келу.




13-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Халық тарихынан. Алтын адам. Арнаулы сөздер (терминдер).
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Халық тарихынан, Алтын адамды оқыта отырып, арнаулы сөздер (терминдер), диалект сөздерді байланыстра отырып түсіндіру.

  • тәрбиелік: Оқытушылардың туған жерге сүйіспеншілігін оятып, сыпайылыққа тәрбиелеу және сөйлеу әдебін меңгертіп, талғамы жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

  • дамыту: Қабылдауы мен ойлау қабілеттерін зерттей отырып, ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, ой-өрісі мен дүниетанымын дамыту, өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша (қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет