Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», №2(29), 2011 г.
18
ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға кӛңіл бӛлу, туыстық, отбасылық
(әлеуметтік) қатынастарды бала кезінен қалыптастыру.
Адам қоғамнан тыс ӛмір сүре алмайды. Ӛйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым
– қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Кез – келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен
қарым – қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін
қанағаттандырмау – біртіндеп оның қатаң сезімді, мейірімсіз болып ӛсуіне, кішкентайынан айналасына
деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сӛйтіп, басқалармен қарым–қатынасқа түсу –
қай жастағыларға болмасын, оған киім кешек, баспана қалай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып,
дұрыс қарым–қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап,
басқалармен араластырмай
ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Ӛзгелермен қарым–қатынас жасау –
бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сӛз.
Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс
дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым–
қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шебері аса кең, кӛп қырлы. Спектакль кӛрсек те, лекция
тыңдасақ та, дос – жандармен сӛйлесек те, осының бәрі – қарым–қатынастың сан алуан қырлары.
Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты.
Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады.
-ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің ӛзара қарым-қатынасы түсіністік пен
кӛмекке
бағытталған;
-ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас;
- ӛзара жетістікке жетуді кӛздеген қарым-қатынас;
-бәсекелестік, яғни барлық жағдайда ӛзінің бәсекеде ұтуын кӛздеген қарым-қатынас;
-түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.
Әр отбасында жоғарыдағыдай түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық
қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары кӛрініс береді. Кейбір отбасында
отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал
кейбір
отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның ӛзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің
басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді.
Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни
әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды кӛздейді.
Тәрбиелеу үрдісінің әсерлілігі негізінен қарым-қатынас сипатына тәуелді болады. Қарым-қатынас
бірлескен ұжымдық әрекеттің негізі болып қана қоймай адам тұлғасын қалыптастырудың негізгі факторы
және тәрбие тәсілі болып табылады. Адамды тәрбиелеу – бұл оның кӛзқарасы мен түсініктеріне әсер ету,
оны сендіру және оның басқа адамдармен қарым-қатынасы барысындағы мінез-құлқын реттеуді жүзеге
асыру.
«Ата-ана – бала» жұбындағы кез келген қарым-қатынас түрінің тәрбиелік маңызы бар. Тұлғаны
қалыптастырудың маңызды факторы бола отырып, қарым-қатынас үлкен педагогикалық мүмкіндіктерге
ие.
Қарым-қатынастың гуманизмге негізделген формалары мен тәсілдері
келесідей сапаларды
қалыптастырудың тәсілі бола алады. Олар: басқа адамдарға деген сыйласымды қатынас, үлкенді сыйлау.
Алайда, қарым-қатынас арқылы жағымды сапаларды тәрбиелеу үшін арнайы білімдер қажет. Тәрбиенің
тиімділігі ата-ананың баламен құрған қарым-қатынасына тәуелді болады. Тәрбие барысындағы қарым-
қатынас – бұл әрекеттестіктің бір түрі. Ол сәтті жүзеге асуы үшін оқу мотивтерін, мектепке деген
жағымды
қатынасты, дұрыс ӛзіндік бағалауды, оқу тапсырмаларын дұрыс орындауға деген ұмтылысты
және т.б. қалыптастыру қажет.
Қарым-қатынас қиыншылықтары классификациясы мен олардың себептерінің түрлері де сан
қилы. Психологиялық әдебиеттерде қарым-қатынас қиыншылықтары келесідей болады: серіктестер
арасындағы
әрекеттестік барысының бұзылуы, қатынас дамуы барысында туындайтын әр түрлі
қиындықтар, қарым-қатынас барысындағы қысым.
Қарым-қатынас барысындағы қиыншылықтарды субъект субъективті және объективті түрде
бағалайды. Қарым-қатынастың мазмұнды қыры объективті критерий, ал эмоционалды қыры, қатынас
қажеттілігінің қанағаттандырылуы субъективті критерий ретінде қарастырылады.
Кӛптеген ғалымдар (Я.Л.Коломинский, Е.Е.Кравцова, В.Б. Кан-калик, М.И.Лисина, Е.О.Смирнова