Форт-шевченко қаласы әкімінің 2014 жылға жасаған жұмыстары бойынша есебі қала әкімі аппараты 2014 жылғы жұмысын Елбасының «Қазақстан-2050»



Дата22.02.2016
өлшемі112.44 Kb.
#1296
ФОРТ-ШЕВЧЕНКО ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ 2014 ЖЫЛҒА ЖАСАҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ
Қала әкімі аппараты 2014 жылғы жұмысын Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы, мемлекеттік бағдарламар, облыстық және аудандық әкімдіктердің іс-қимыл жоспарын және тапсырмаларын басшылыққа ала отырып атқарды.

Әкімшілікте штат бойынша 11 қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде 6 мемлекеттік қызметкер және 5 нұсқаушы жұмыс жасайды.



Әлеуметтік құрылым. Форт – Шевченко қаласы бойынша әлеуметтік нысандар саны – 10.

Қазіргі уақытта қала тұрғындарының саны – 6298 адам, үй саны – 1100. 2014 жылы некеге тұрғандар саны – 44 адам. Қаламызда 270 – ардагер, 65 - «Алтын» алқа иегері, 55 - «Күміс» алқа иегері бар.

Әкімнің жеке қабылдауынан – 10 өтініш түсіп, барлығы толықтай қанағаттандырылды.

Білім беру саласы.

1.Материалдық-техникалық база

Қала басындағы Есбол Өмірбаев атындағы орта мектептің 2014 жылға материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 10013,0 мың теңге қаражат бөлініп, 12/1 компьютер сыныбы , 2 комплект- бойлер пеші, ноутбуктер, проектор, өзін-өзі тану кабинеті, музыкалық аппаратуралар, асхана құрал-жабдықтары алынды.

2015 жылға материалдық-техникалық қамтылуға -11327,0 мың теңге қаралды..

2.Мамандармен қамтылуы

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінде  қазіргі таңда 52 мұғалім қызмет етеді. Оның 9-ы жоғары,16-сы  І санатты,5 -еуі  ІІ санатты мұғалімдер.

Мектепте химия, математика, орыс тілі, дене шынықтыру пәндерінің  мұғалімдері жетіспейді.


  1. Білім саласы бойынша «Қамқорлық» акциясы аясында «АсылНұр» ЖШС  директоры және жеке кәсіпкер Қарғабаев Теңел бір-бір балаға 10 мың теңгеден ақшалай көмек көрсетсе, «Біз мектепке барамыз» республикалық акциясы аясында мектеп ұжымы 27 даярлық сыныбының аз қамтылған отбасы балаларына көмектер көрсетті.

Жыл сайын «Мектепке жол»  акциясы өз деңгейінде ұйымдастырылып  келеді. «Мектепке жол»  акциясы аясында қаламыздың жеке кәсіпкерлері 11 аз қамтылған отбасы балаларына және демеушілік мекемелер есебінен 51 көп балалы отбасы балаларына мектеп құралдарымен, киім кешекпен көмектер көрсетілсе, бюджет қаражатынан аз қамтылған 109 оқушыға, мектеп  құрал-жабдықтары және киім-кешек алынып берілді.

2014 жылы 6070,1 мың теңгеге 1-ші сыныптың 120 оқушысы, ал 7134,0 мың теңгеге 150 аз қамтылған отбасы балалары ыстық  тамақпен қамтылды.



  1. ҰБТ бойынша

2013-2014 оқу жылында 26 түлек бітіріп,оның 21-і ҰБТ-ге қатысып,

мектептің орта ұпайы  - 77,8 болып, аудан мектептері бойынша ІІІ орынды иеленді. 2012-2013 оқу жылында ҰБТ орта ұпайымыз 75,8 болса, биылғы жылы 2 ұпайға жоғары көрсеткішке көтерілді, бұл мектеп басшысының және мұғалімдердің тынымсыз еңбегінің арқасы деп есептеймін.

      5.Жазғы демалысты ұйымдастыру көрсеткіштері

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында жергілікті бюджеттен мектеп жанындағы лагерьді ұйымдастыру үшін 520,0 мың қаражат бөлінсе, облыс, республика көмеміндегі лагерлерге демалту үшін 870,0 мың теңге қаражат бөлінді. Мектеп жанынан ұйымдастырылған лагерьлерге негізінен аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары және дарынды оқушылар тартылды. Мектеп жанындағы лагерь екі кезеңмен ұйымдастырылып, 180 оқушы демалды. 30 оқушы Шымкент қаласындағы «Машат-Ерке» лагерінде демалып қайтты. Сондай-ақ, демеуші  мекемелер көмегімен 25 оқушы және ата-аналар көмегіменде 55 оқушымыз демалды. Жазғы демалыс кезінде мектеп бойынша 2013 жылы 288 бала қамтылса, 2014 жылы барлығы 290 бала лагерьмен қамтылды.



Мектепке дейінгі білім беру.

  Форт-Шевченко қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 432 бала тәрбиеленуде, оның ішінде 3 пен 6 жас аралығында- 312.  Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі оқу және тәрбиелеумен  қамту пайызы 67 %. Бүгінгі күні балабақша кезегінде 527 бала, оның ішінде 3-6 жас аралығында- 136 бала тұр.

  «Құлыншақ», «Айгөлек», «Балбөбек» балабақшаларында барлығы 77 педагог жұмыс жасайды. Жоғары білімді педагогтар саны – 32.   

Денсаулық саласы.

Форт-Шевченко  қаласы басында орталық емхана, аудандық аурухана, балалар ауруханасы, жұқпалы аурулар ауруханалары жұмыс жасайды.

Материалдық- техникалық  базасы қалыптасқан. Тек соңғы жылдардың өзінде қатаң ауруларды жасанды демалдыру және ота кезінде демалдыру үшін ИВЛ аппараты, ішек –қарын ауруларын ерте анықтау үшін ФГДЭС аппараты, УЗИ, КТГ- кардиотонография  алынды. 

Аудан бойынша 14 дәрігер, 25 орта буын қызметкерлері бар. 

2014 жылы 10 дәрігер даярлау курстардан өтті. Сондай-ақ акушер-гинеколог, эндоскопист дәрігерлері жетіспейді.

Туу көрсеткіші 2013 жылы  – 107 нәресте, 2014 жылы -127 нәресте дүниеге келген,  1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші -14,1.

Орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасты құрап отыр.

Жалпы өлім 2013 жылға қарағанда 2014 жылы- 9 адамға азайды, көрсеткіші 0,32 % (промиль). Жүрек- қан тамырлары ауруларын алдын ала анықтау бағытында 2014 жылы 720 адам тексеріліп,  анықталған 500 науқас диспансерлік есепке алынды. Өкпе ауруының тіркелуінің жылдан жылға төмендеуі байқалады: 2013 жылы -16, 2014 жылы -14 адам.



Әлеуметтік сала.

Жұмыспен қамту бағдарламасы: Форт-Шевченко қаласы бойынша жұмысқа орналасу мәселесімен өтініш білдіргендер - 496 адам, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғандар-85 адам болды.

Әлеуметтік жұмыс орындарында - 9 адам, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойына»- 89 адам,6-айлық ақылы қоғамдық жұмыста – 32 адам, әр түрлі жұмыстарда – 85 адам.52 адамды алдағы уақытта жұмысқа орналастыру мақсатында ұсыныстар берілді.

Мүгедектер саны- 165, оның ішінде:I топта – 9 адам, II топта -78 адам, III топта - 19 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны -28, бала жастан мүгедек – 34.

2014жылы 10 отбасыға (60 адам) 883,5 мың теңгеге көлемінде атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалса, 24 отбасыға (86 бала) 687,6 мың теңге көлемінде балар жәрдемақысы төленді.

Форт –Шевченко қаласы бойынша қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына 16 адам жолданып, оқуларын аяқтады. Қазіргі таңда жұмысқа орналастыру жұмыстары карастырылуда.

Жер қатынастары.

2014 жылы жеке және заңды тұлғалардан әр түрлі мәселелер бойынша барлығы 343 өтініш түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан 316 арыз қабылданып, оның 55 қанағаттандырылса, 148-і тиісті бөлімдерге жолданып, тиісті мекемелер арқылы шешілсе, 113 өтініш иесіне түсіндіріліп жауап берілді. Заңды тұлғалардан түскен 27 өтініштің 5-і қанағаттандырылды. Форт-Шевченко каласы әкімімен 92 шешім қабылданды.

Қаланың бас жоспары 2013 жылы ақпан айында бекітіліп, инфрақұрылымды дамыту бағытында қаланың оңтүстік аймағында 420 учаскені электр желісімен және 280 учаскедегі үйлерді газ желісімен жабдықтау жұмыстары жасалуда.

Сонымен қатар, Жаңа Кетік шағын ауданында 900 жер телімінің газбен қамту құрылысының ЖСҚ-сы жасақталуда.



Кәсіпкерлік саласы.

Қаламыз бойынша: тіркелген жеке кәсіпкерлердің саны 63 болса, оның 8 қызмет көрсету салоны, 2 мейрамхана, 7 кафе, 36 азық-түлік дүкендері, 7 киім дүкендері, 3 автокөлік жуу орталығы бар. Олар қала бойынша 189 азаматты жұмыспен қамтып отыр.

Индустриалдық аймаққа 30 га жер телімі бөлініп, эскиздік жобасы, сыртқы және ішкі инженерлік желілерінің құрылыстарына ЖСҚ жасақталуда. Индустриалдық аймақтан жер телімін алуға 8 азаматтан өтініш түсті. Оның ішінде аталған жер телімі ішінен 0,5 га жер телімі құс ферма қожалығын жүргізу үшін рәсімделді. Ал қалған 7 арыз аудандық жер бөлу комиссиясында қарауға жолданды.

Негізі азық-түлікке және жанар жағар май бекеттеріндегі бензин, газ бағаларына моноторингі тұрақты жүргізіліп келеді.

Көктем-жаз айларында аптаның сенбі және мереке күндері барлығы 9 рет арзандатылған көкеністермен халыққа қажетті азық – түлік жәрмеңкесі өткізілді.

«Маңғыстау облысының үздік кәсіпкерлері» облыстық конкурсында «Үздік жас кәсіпкер» номинациясы бойынша Абдрахманов Фархат жеңімпаз атанды.

«Бизнестің жол картасы 2020», «Даму кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары бойынша «Түпқараған аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдау шараларын түсіндіру және семинар-кеңес жұмыстары жүргізіліп тұрды.

Мәдениет саласы, ішкі саясат жұмыстары.

Қаламызда бірден бір мәдени ошағымыз «Мәдениет үйі», Мәдениет үйінде 22 қызметкер жұмыс жасайды. 2014 жылы мәдениет үйіне 11 709,6 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Мекеменің  материалдық – техникалық  базасын  нығайту  бағытында «НКОК»компаниясының демеушілігімен «Қызғалдақтар» Үлгілі  би ұжымына – 28 костюм, оркестр  ұжымына және жеке әншілерге арналған 51 адамына костюм комплект костюм тіктіріліп алып берілді. Сонымен  бірге демеушілік арқылы 7 718 200  теңгеге музыкалық  аппаратура және 7 784 000 теңгеге ЛЭД – экран алынып берілсе, жергілікті  бюджеттен  бөлінген  5 260 мың теңгеге  мекемеге қажетті құрал жабдықтар  алынып  материалдық  техникалық  база  толықтырылды. 

Өткізілген мәденишаралар саны  - 65 , қатысқан көрермен   саны – 48823. Жоспарланған  шара -37 болса , жоспардан тыс – 28 шара өткізілді.

Кітапханада қызметкерлер саны – 17. 101822 дәне кітап қоры бар. 2014 жылға материалдық- техникалық базасына – 357, 6 мың теңге бөлінді. Өткізілеген шаралары:


  • Мұрын Сеңгірбекұлының  155 жылдығына арналған  «Қазақ эпосының жыр алыбы» атты дөңгелек үстел;

  • 14 қараша күні Т. Г. Шевченконың 200 жылдығына «Тарас жүрген жолменен» атты мұражайға саяхат;

  • 16 қантар күні Мұрын Жырау Сеңгірбекұлына 155 жыл толуына орай, «Даланың ұлы жыршысы» атты тақырыптық кеш;              

  • 8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле» атты пікіралысу кеші және т.с.с. шаралар.

Мұражай.

Қала басында этнографиялық мұражайы, Т.Шевченкның мұражайы, Мұрын Жұрау мұражайлары бар. Т.Шевченконың туылғанына 200 жыл толуына орай дәстүрлі «Жарасқан достық, ыстық ықылас» атты мәдени-көпшілік  шара,  «Өмірі жалғасады жырларымен» атты дәстүрлі  шевченколық оқулар, «История моей жизни составляет часть истории моей жизни»  атты  лекция және Т.Шевченконың туылғанына 200 жыл толуына орай  ұйымдастырылған  «Азаттық идеясының Кобзарі» атты халықаралық конференция аясында «Путь и шествие Мангистау» атты түбек суретшілерінің туындыларынан кескіндеме көрмесі ұйымдастырылды. Және осы мереке қарсаңында «Кобзарь тағдырындағы Маңғыстау» атты басылымнан буклет шығарды. Наурыз мерекесі қарсаңында жоспарлы «Қош келдің, Наурыз» атты ертеңгілік,  «Амал келді ырысымен» атты этнографиялық шара, «Елі сүйген, елін сүйген  Тарас ақын» мәдеби-музыкалық кеш өткізілді. Жыл бойы мұражайларды 4048 адам   тамашалады.

Ұлы отан соғысындағы 120-ға жуық тыл ардагерлерінің әлеуметтік карталары толтырылды.

Пошта саласы бойынша газет журналдар зейнетақылар, төлемдер мезгілінде таратылады. Барлық төлем түрлерін төлеу Казпочта арқылы жүзеге асырылып келеді. 199 – ардагерлер және алтын, күміс алқа иелері демеушілік арқылы газет – журналға тегін жаздырылды.

Байланыс жүйесі бойынша Қала байланысы цифрлі эфирлік байланысқа көшірілді. «Қазақтелеком» мекемесі арқылы интернетке қосылу мәселесі шешілген. Қазіргі таңда 553 тұрғын үйге интернет қосылған болса, 258 үйге сымсыз желі арқылы телефон байланыстары орнатылды. АИДИ ТВ -51үй, 4G- ге 65 үй қосылған. Жеке үйлер, бюджеттік мекемелер, кәсіпкерлер интернетпен толық жұмыс жасауға толық мүмкіндік алды. Қалада ұялы байланыс үздіксіз жұмыс жасауда.

Форт–Шевченко қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен


  • «Отау TV» сандық эфирлік телеарнасына қала бойынша 1026 отбасы қосылса, 11 отбасына тегін қосылып берілді.

Сондай-ақ, қала күніне орай, Ұлы Отан соғысы ардагері, қаладағы ең жасы үлкен қарт, жағдайсыз 15 отбасыға сыйлықтар таратылса, Жаңа жыл мерекесіне орай

40 отбасыға жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.



Спорт саласы. Спорт мектебінде 16 жаттықтырушы қызмет етеді және 9 секция жұмыс жасайды. Олар: футбол, баскетбол, бокс, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, таэквондо, кикбоксинг, дзюдо. Жалпы спорттың әр саласымен айналысатын спортшылар саны 362.

Ашық алаңдар саны – 7.



Коммуналдық сала.

Электр жүйесі бойынша МРЭК мекемесімен 781 тұрғын үй, 143 заңды тұлға электр жүйесімен қамтамасыз етілсе, «Түпқараған электр жүйесі» МКК қаламыздағы 832 жеке тұрғын үйлерді, 79 заңды тұлғаны электр желісімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, «Түпқараған электр жүйесі» МКК Форт – Шевченко қаласы аумағында 13 км жоғарғы желідегі, 42 км төменгі кернеудегі әуе желісін, 15,5 км кабелді электр желісін, 31бірлік трансформаторды күтіп ұстайды. 

2014 жылы Ақтау – Форт – Шевченко автожолы бойынша, 101 дәне жаңа жарықтандыру бағанасы орнатылып, Жаңа Кетік шағынының жеке көшелеріне, Е.Өмірбаев көшесіне 18 дәне жарықтандыру шамдары орнатылып, жаңадан 2 дәне трансформатор орнатылды. Форт – Шевченко қаласы орталық көшелер толығымен түрлі – түсті жарықтармен безендірілді. 

 Алдағы уақытта Оңғалбай көшесіне әуе электр желісін жаңадан тартып, Сыдықов көшесін жарықтандыру жоспарлануда.

Су жүйесі. Кетік  су кен  орны  1966- жылы  пайдалануға  беріліп, күні бүгінге дейін үздіксіз жұмыс жасап тұр. Кәсіпорын есебіндегі су желілерінің жалпы ұзындығы 16,5 км. 1976 жылы іске қосылған, 2014 жылдың маусым айынан бастап жылдың аяғына дейін ауыз суды субсидиялау арқылы  

Форт-Шевченко қаласы тұрғындары мен өндірістік мекемелерді сумен қамтамасыз  етіп отырған су көзі - «Кетік» су орнының жер асты сулары. Сонымен қатар күнделікті  800 м3 тұщы су өндіретін су тұщыту қондырғысы жұмыс жасайды. Екі  қабатты тұрғын -үйлерге ауыз су жер асты құбырлары арқылы жіберіледі. Жер үйлер тұрғындары мен мекемелерге ауыз су автокөліктермен тасымалданып беріледі.

 Қаланың әлеуметтік көркею іс-шараларына  кәсіпорын өз үлестерін үнемі қосып отырады.

 Қала ішіндегі газдың ГРП – лары жөнделіп, үнемі бақылауда.



Көгалдандыру және абаттандыру. 2014 жылы қаланы көгалдандыру және абаттандыруға 18 млн 880 мың теңге бөлініп, конкурс қорытындысымен мердігер «Қос-Қар құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алды. Қаламызды көгалдандыруды оңтайландыру мақсатында жасыл желектерді құбыр арқылы суару үшін құбырлар мен насостар орнатылды.

Жарық беру бағаналарын гирляндылармен безендіруге 4 млн теңге бөлініп, жұмыс толықтай аяқталды.

Қала орталығындағы Рәміздер тақтасына құны 600 мың теңге жүгіртпе жол электронды тақтасы және «НКОК» компаниясының демеушілігімен Форт-Шевченко қаласына кіре берісіне электронды жүгіртпе жол тақтасы орнатылды.

Қаланың орталық көшелеріне жаңа үлгідегі құны 5 590 мың теңге тұратын үнемдегіш бағдаршамдар орнатылды. Бағдаршамды күтіп ұстау жұмыстары жалғаса береді.

Форт-Шевченко қаласының тазалығын қамтамасыз етуге 31 639 мың теңге бөлініп, «Аташ Кетік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалды. Жұмыстар жыл бойына жасалынып келеді.

Сондай-ақ, қала тазалығын қамтамасыз ету мақсатында орталық көшелерге жалпы құны 973 мың теңге 65 кішкентай қоқыс жәшіктері орнатылды.

Қаланы абаттандыру және санитариялық тазарту бойынша көктемде екі ай бойы сенбілік жұмыстары жасалды.

Ауыл шаруашылығы саласы.

2015 жылдың 1 қаңтарына Форт-Шевченко қаласының үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарында  жүргізілген  мал  санағы бойынша  421 басмүйізді ірі қара мал, 5785 бас қой, 850 бас  ешкі, 279 бас түйе, 987 бас  жылқы, барлығы – 8322 бас  мал  есепке алынды.     

2015 жылдың 1 қаңтар жағдайындағы мал  санымен салыстырғанда мүйізді ірі   қара  мал – 39,9 , қой мен  ешкі – 23,7 , жылқы – 35,9 пайызға  азайып,  түйе саны-  39,5 пайызға  өскен. (2014 жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара мал – 700 бас, қой мен ешкі – 9810, жылқы – 1540, түйе – 200 бас болды)

Мал басының азаюы-өткен жылдың  ауа  райының қуаңшылығынан  болды. Мал басын аман  сақтап,  мал шығынын азайту мақсатында, «Каспий «ӘКК»ҰҚ АҚ арқылы 2014 жылдың  тамыз – желтоқсан  айларында  36,6 тонна  кебек алдырылып, 1460 қап кебек 231 қала тұрғындарына таратылды.

Жеке  кәсіпкерлер  мен  «Ақтаукоопсауда» - ның   қаладағы 2  дүкені арқылы жыл бойы  кебек  пен  шөп   сатылды.Оның ішінде «Ақтаукоопсауда» дүкені арқылы - 91 тонна кебек, «Елжас» дүкені арқылы- 10 тонна арпа, жеке кәсіпкерлер арқылы – 55 тонна кебек, 255 тонна шөп сатылды.

Форт – Шевченко қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер, «Әсем –Алмас» шаруа қожалығының басшысы Ұ.Естурлиев 15 түйенің етін «Каспий «ӘКК»ҰҚ АҚ арқылы өткізіп, мұнай мекемелеріне өткізді.

Форт-Шевченко қаласындағы жеке  кәсіпкер Б.Чалактың жаңа технологиялық  құрал – жабдықтармен жабдықталған,  тамшылата  суару  жүйесі бар   жылыжай кешенінде  2014 жылы  0,8 гектар  жерге  қияр  егіліп, 56 тонна, 0,5 га ашық топыраққа  қызанақ дақылы егіліп, 6 тонна  өнім алынды . Қазақстан Үкіметінің  арнайы қаулысы негізінде жылыжайда өсірілген көкөністің  екі дақылайналымы үшін  7 млн 175 мың теңге, ашық топырақта тамшылата суару әдісімен егілген көкөніс үшін – 36 мың теңге  субсидия  төленді. Форт –Шевченко қаласы бойынша 2014 бірдейлендіру жоспарымен 1573 бас қой, ешкі, 313 бас түйе, 8 жылқы, 249 бас ірі қара бірдейлендіріп, веб-портал дерекқорына енгізіліп, 570 бас малға ветеринариялық паспорт берілді.

Форт – Шевченко қаласы бойынша 528 бас қаңғыбас иттер ауланып, жойылды.



Қоғамдық тәртіп.

Форт-Шевченко қаласы бойынша 2 учаскелік инспектор және 1 учаскелік инспекторының көмекшісі жұмыс атқарады. Техникалық құралдармен және автокөлікпен толық жабдықталған. Мамандар жеткілікті.

2014 жыл басынан Форт-Шевченко қаласы бо йынша 29 қылмыс орын алған. ІІБ қызметкерлерінің көмегімен ізін суытпай 15 қылмыс ашылған. Ашылмаған қылмыстардың саны – 14.

ІІБ қызметкерлерімен анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтың саны – 96, оларға салған айыппұлдың саны - 664,254 мың теңге.



- «Түңгі қалада балалар», «Жас өспірім» атты алдын – алу профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Қыркүйек айында «Жас өспірімдерге жол жүру ережесі» атты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Жалпы қалада жағдай тұрақты.


Форт-Шевченко қаласының әкімі А.НҰРДӘУЛЕТОВ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет