Фосфор және оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар



бет1/3
Дата27.06.2016
өлшемі265 Kb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2007 жылғы «19» қыркүйектегі

№ 141 бұйрығымен

бекітілген

Фосфор және оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1. Жалпы талаптар
1. Осы Талап бейорганикалық қосындыларды өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын анықтайтын техникалық нормаларды қарастырады:

1) сары фосфор;

2) бескүкіртті фосфор;

3) мырыш фосфиді;

4) күйдірілген фосфор қышқылы;

5) құрамына шикізаттардың бірі ретінде қарапайым фосфор енетін, фосфордың басқа да қосындылары өндірістерін пайдаланатын ұйымдарда қолданылады.

2. Осы Талапқа сай фосфор және оның қосындыларының өндірісін пайдаланатын ұйымдарда:

1) қауіпті өндірістік нысандарда құрылыс жүргізу, өндірісті кеңейту, қайта құру, техникалық қайта жабдықтау, уақытша сақтап қою және жою жобалық құжаттары;

2) резервуарлардың, технологиялық жабдықтардың, құбыр жолдарының, құбыр тетіктерінің, сақтандырғыш құрылғылардың, бақылау және басқару жүйелерінің аспаптарының, ғимараттар мен имараттардың төл құжаттары болады.

3. Технологиялық сызбаға, аппаратуралық рәсімдеуге, байланыстың, жарықтандыру мен апатқа қарсы автоматикалық қорғаныстың, бақылау және басқару жүйелеріне өзгерістер енгізу өндірістің жобасын жасаушылармен немесе осыған ұқсас нысандардың жобасын жасайтын арнайы ұйымдармен келісіліп, орнатылған тәртіп бойынша бекітілген, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.

4. Жаңа өндірісті жобалаған кезде немесе жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта құрған кезде:

1) технологиялық бөліктердің жарылыс қауіптілігін бағалау;

2) ғимараттардың мүмкін болатын қирауынан туатын қауіптің деңгейіне қарай олардың тарау аумағының шеңберін және қызметкерлердің жарақат алуын анықтау;

3) қорғаныс құралдары мен шараларының сенімділігі мен тиімділігін, олардың белгілі бір нақты бөліктің және бүкіл технологиялық процестің белгілі нормалар мен техникалық құжаттарға сай жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіншілігін дәлелдеу;

4) бөлмелердің, ғимараттардың және сыртқы имараттардың жарылыс және өрт қауіптілігі дәрежесін анықтау;

5) өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес өртті анықтау мен оны өшірудің автоматты құралдары бар қорғаныс жүйесінің түрі мен оның қажеттілігі анықталады;

6) электр қауіпсіздігі талаптары анықталып, өндірісте айналымға түсетін заттардың дәрежелері мен топтарына сәйкес келетін жарылыс қауіпсіздігінің деңгейі мен түріне қарап, электрлі техникалық құрылғылары мен электр жабдықтары таңдалады;

5. Фосфор және оның бейорганикалық қосындылары өндірісінің қауіпті өндірістік нысандарын пайдаланатын әрбір ұйым мынадай құжаттар дайындайды:

1) өндірістік бақылау туралы қағида;

2) аварияларды жою жоспары (әрі қарай-АЖЖ);

3) технологиялық регламент.

6. Өндірістік бөлмелердегі операторлардың жұмыс орындарында, құбыр жолдары, бөліктер аралық және бөліктер іші-саймандары белгіленген және бақылау-өлшеу және автоматика аспаптарының (бұдан әрі-БӨАжА) функционалдық сызбасы көрсетілген өндірістің технологиялық сұлбасының сызбасы ілініп тұруы керек. Құрал-жабдықтардың, цехтағы технологиялық сызбадағы, жобадағы және регламенттегі сандық белгілері бір тектес болады және әрбір құрал-жабдықта сол сандық белгі жазылады.



1-тарау. Өнеркәсіп аумағы
7. Өндіріс аумағын жоспарлау және оған нысандарды орналастыру, құрылыс нормалары мен талаптары және жарылыс-өрт қауіпті өндірістердегі қауіпсіздік талаптарына сай қабылданады.

8. Өнеркәсіптік алаңның аумағы жобаға сәйкес қоршалады.

9. Ұйымның аумағы тазалықта ұсталынады. Өтетін жолдар мен жаяу жолдар қатты қабатпен жабылуы және өтуге бос болады. Жолдар, өтетін жолдар және жаяу жүргінші жолдар дер кезінде жөнделіп тұрады. Жаз айларында су сеуіп, қыс кезінде қардан тазалап отырады, көк тайғақ болған кезде құм себіледі. Түн мезгілінде жолдар мен жүргінші жолдар жарықтандырылады.

Уақытша ашылған люктер, құдықтар, орлар қоршалады, ал түн мезгілінде жарықтандырылады.

10. Ұйым аумағының сыртына орналасқан, үйінділер мен пайдаланылмайтын қалдықтарға арналған орындар қоршалып қорғауға алынады.

11. Қалдық үйінділер тасталатын орынды игеру жобада және техникалық құжатта көрсетіледі.

12. Жолдар, өткелдер және ғимараттар мен имараттар арасындағы алаңдар, бұйымдар мен материалдар жинауға пайдаланылмайды, сонымен қатар шикізаттармен, құрал-жабдықтармен және құрылыс материалдарымен толтырып бекітілмейді. Шикізаттар, материалдар, бұйымдар мен жабдықтар арнайы мақсатқа арналған қойманың ғимараттары мен алаңдарда сақталынады.

2-тарау. Ғимараттар мен құрылыстар
13. Ашық құрылғыларда жұмыс немесе жылытылмайтын өндірістік және қойма бөлмелерінде қызметкерлердің жылынатын бөлмесі мен санбөліктер қарастырылады. Қызметкерлердің жылынатын бөлмесін сары фосфор қоймасының бөлмесінен отқа жанбайтын қабырға қабаттар арқылы бөлінеді. Оның сыртқа шығатын шығысы болады.

Бұл бөлмелердің қабырғасына терезе ойықтарын қалдырылмайды.

14. Жабу плиталарындағы ашық құрау ойықтары мен бірінші қабаттардағы құрал-жабдықтарға арналған құдықшалар, құрылыс нормалары мен талаптарына сай металл құрылғыларымен қоршалады.

15. Пеш бөлімшесінің сорғылар және аккумуляторлар бекеті (бұдан әрі-САБ) сыртқы қабырғаға тақалған бөлек бөлмеде орналастырылып, цехтың негізгі бөлмесінен қабырғамен және жанбайтын немесе отқа төзімділік шегі 1 (бір) сағат болатын, жай жанатын қабатпен қапталады.

САБ үстіңгі жағында тек қана жұмыс орны жоқ, көмекші-өндірістік бөлмелер (вентиляциялық камералар, қоймалар және тағы басқалар) немесе бос алаңқайлар қалдырады.

16. Сары фосфордың ашық қоймалары бөлінбей орналаса беруіне болады, ал жабық қоймалары су сорғысының, жылу жүйелерінің, қатпайтын ерітінді дайындайтын құрылғының және көмекші қызмет бөлмелерімен (вентиляциялық камералар, электрмен қамтамасыз ету бөлмелері және тағы басқалар) бөлінеді. Фосфорды құятын және фосфор қоймасының бөлмелерінің араларын өртке қарсы қалқанмен бөлінуі, сонымен қатар, сары фосфор қоймасының қосалқы бөлмелерінен тамбур немесе дәліз арқылы сыртқа шығатын есік және екінші қосалқы есік орнатылады.

17. Бескүкіртті фосфор және мырыш фосфиді бөлімшелерінде жертөлелер, көмілмеген транщеялар, ұяшықтар мен еден асты каналдар орналастыруға болмайды.

Ашық құдықшалар тек қана фосфоры бар ыдыстар үшін және лас ағын суларды жинайтын ыдыстар үшін қолданылады. Бұл жағдайда ашық құдықшалар үстіңгі жағынан, үздіксіз жұмыс істеп тұратын, ауаны ішке айдайтын немесе ішке де, сыртқа да ауа айдайтын желдеткіштермен қамтамасыз етіледі.

Ашық құдықшалардан шығатын баспалдақтардың саны, олардың ауданы 50 м2 артық немесе ұзындығы 30 метрден артық болған кезде, (екіден) кем болмайды. Ашық құдықшалардан бөлмеге шығатын есіктерді қарсы беттерден орнатады.

18. Пеш бөлігінің ғимараты және бес күкіртті фосфордың цехтары сыртқа шығатын авариялық балкондары және олардан түсетін өрттік сатылары мен өрттік алаңдары болады.

19. Өндірістің пеш бөлігінде, шлактың және феррофосфордың төгіледі деген жерлеріндегі металл құрылғылары отқа төзімді қабатпен қапталады.

20. Фосфор, фосфор қышқылы және қышқыл сулар төгілуі мүмкін пеш бөлігінің бөлмелеріндегі, сары фосфор қоймасындағы, фосфор тұндырғыштары бөлмелеріндегі, ағын суларды залалсыздандыру және цистерналарды тазалау бекетінің, фосфор қышқылы цехының, бескүкіртті фосфор және мырыш фосфидінің цехтарындағы едендері өртенбейтін және қышқылға төзімді, осы аталған химиялық заттардың әсеріне төтеп беретін материалдардан жасалады.

Ылғалды бөлімдердің жуылатын едендері трапқа немесе зумпфқа қарай еңкіш және коррозияға қарсы қорғалып және берік гидробөлектеумен жасалады.

21. Теміржол цистерналарын құюға немесе төгуге қоятын теміржол бөліктерінде, төгілген фосфор мен қышқыл суларды қабылдайтын, күшейтілген гидробөлектеуі бар темірбетоннан поддон ыдыстар жасалады. Поддон ыдыс екі цистернаны қабылдауға есептелген, бөлек-бөлек бөліктерге бөлінген, әр бөліктің өзінің арықшасы бар және поддон ыдыстың түбі сол арықшаға қарай еңкіш болып құйылады. Төгілген фосфор қысымды құбырлар арқылы залалсыздандыруға жіберіледі.

22. Төгу құю құрылғылы эстакаданың бүйірінде, сонымен қатар аралықтары бір-бірінен 100 м қашықтықта темір сатылар орналастырылады.

23. Қоймадағы резервуарларға қызмет көрсететін темір алаңдар кесе көлдеңен бүйірлерінен арақашықтықтары бір-бірінен 50 м болатындай етіп темір сатылар орнатылады.

Резервуарлардың түптері мен іргетастарын қарап және оларды жөндеу үшін, қойманың түпыдысының әрбір бөлігінде темір сатылар қарастырылған.

24. Фосфор және құрамында фосфор бар сулар аққан жерлерді ылғалмен (су ағынымен) тазалайды.

Өндірістің ылғалды, суды тазалау жұмыстары жүретін бөлімдерінде ғимараттың құрылыстық құрылымдары мына талаптарға сай орындалады:

1) едендер су өткізбейтін сенімді гидробөлектеумен болады. Едендердің қабырғамен қосылатын тұстары биіктігі 300 мм кем болмайтын плинтустармен қапталады;

2) темірбетонды құрылғылардың қосылатын жерлері, сонымен қатар құрылыстық қоршаулардың тігістері ылғал түсуден сенімді қорғалып және металдардың коррозиясын болдырмаудың сенімді шаралары жүргізіледі;

3) металл құрылғылардың, жабдықтардың, ауа беру қондырғысының жабуларының сыртқы беттері коррозияға қарсы тұратындай етіп жасалады;

4) едендердегі ағын суларды бөлек ағызып және оны жинау үшін цех ішінде қабылдағыштар (зумпфтар) қарастырылып, оларда жиналған ағын сулар залалсыздандыру бекетіне жіберіледі;

5) есіктерге арналған ойықтардың төменгі жағы еден деңгейінен жоғары жасалып, олар өзі жабылатын есіктермен қамтамасыз етіледі, едендердегі ойықтардың шеттері, еденнің деңгейінен ең кемі 100 мм көтеріңкі жасалады.



3-тарау. Технологиялық бөлім

1-параграф. Жалпы талаптар
25. Өндірістік бөлмелердегі жарылыс қауіпті және улы газдардың, булардың және шаңдардың мөлшері бақылау периоды жобалық құжаттарда белгіленеді.

26. Жұмыс орындарын көтеріп-жүргізу құрылғыларымен тасылатын жүктердің жүретін сызығынан басқа жерлерге орналастырылады.

27. Ілініп тұрған конвейерлер мен транспортерлардың астынан адам өтетін және көлік жүретін орындардың жоғарғы жағында кемі 2,2 м биіктікте қоршау қарастырылады.

28. Цехаралық және цехішілік төгілетін және шаңданатын материалдарды таситын транспортерлардың шикізатты салатын және түсіретін жерлерінде шаңдарды соратын құрылғы қарастырылады.

29. Фосфор өндіретін цехтардан дайын фосфорды қоймаға немесе қоймадан сол аумақта орналасқан фосфорды пайдаланатын цехтарға фосфорды жеткізу, жылытылатын құбыр тасымалмен немесе жылытылатын монжустар жеткізіледі.

30. Агрегаттардың (ұсатқыштар, елегіш агрегаттар, қапқа-ыдысқа салатын және тасымал құрылғылар және тағы басқалар) жұмыс кезінде шаң бөлінетін бөлімдері барынша ауа шықпайтындай болады, егер толық герметизация жасау мүмкін болмаса шаңдар атмосфераға шықпауы үшін тез алынып-салынатын сорғыш құрылғылармен жабдықталады.

31. Ғимараттардың ішінде орналасқан және температурасы 45ºС немесе одан жоғары болатын аппараттардың бет жақтары отқа жанбайтын материалмен жылу өтпейтіндей етіп оралады. Егер технологиялық режим бойынша жабдықты орау мүмкін болмаса, онда ыстық беттерді қоршау қарастырылады.

Бет жақтары қызып тұратын жабдықтар, жұмыскерлер жанап кетпейтін жерлерге орналастырылған болса, онда оларды қоршаудың қажеті жоқ.

32. Өнеркәсіптік жабдықтар жұмыс істеп тұрған кезде нормадан артық шуыл шығатын болса, онда жабдық шуылға қарсы құрылғылармен жабдықталады, осы жабдықтарға қызмет көрсететін жұмыскерлерді шуылдан қорғау шаралары ұйымдастырылады.

33. Қышқылдар мен қышқыл сулар ортадан тепкіш сорғылардың нығыздауыштары арқылы аққан жағдайда, сорғылардың астына даттануға қарсылығы бар материалдардан жасалған түпыдыс немесе бұрма жолы бар арықша қарастырылады. Мұндағы ағын сулар жинағыш ыдыстарға (зумпф) құйылып жиналады.

34. Аппараттардағы фосфор немесе фосфор шайындысы әрдайым, су қабатының биіктігі кемі 300 мм болатын су астында ұсталады.

35. Сақтау немесе айдау кезінде фосфор немесе фосфор шайындысының температурасының кем дегенде 80ºС болады. Фосфорды ерітіп және оны балқыған күйінде ұстап тұру үшін бу жіберетін бу құбырды, будың қысымын қадағалап тұратын аспаптармен, сонымен қатар бу құбырында ауасыз кеңістік (вакуум) пайда болып-фосфордың бу құбырына енуіне жол бермейтін құрылғылармен («ауа шығарғыш») қамтамасыз етіледі.

36. Ішінде фосфоры бар ыдыстар күшейтілген гидробөлектегіші бар түпыдыстарда орнатылады. Түпыдыстың бүйір қабырғалары, төгілген фосфордың гидростатикалық қысымына есептеледі. Түпыдыстың сыйымдылығы фосфор сақталатын ыдыстағы фосфордың және оның бетіндегі су қабаты ең кемі 200 мм болатын су көлемін қабылдай алатын болады.

Түпыдысты төгілген фосфор мен суды жинайтын құдықшаға қарай еңкіш етіп құрайды.

Қажет болған жағдайда фосфор ыдыстарын өндірістік ғимараттың жоғарғы деңгейлеріне орналастыруға болады. Бұл жағдайларда, фосфор төгіліп, төменгі қабаттарға өтіп кетпес үшін, берік қорғаныс шаралары қолданылады (төменгі ыдыстарға асып төгілу, асып төгілетін келте құбыры бар түпыдыстарды пайдалану және тағы басқалар).

37. Фосфоры бар барлық ыдыстар инертті газ келетін құбырмен қамтамасыз етіледі.

38. Пеш газдарын пайдалану (одан фосфорды бөліп алған соң) ұйымның техникалық басшысы бекіткен нұсқауына сәйкес пайдаланылады.
2-параграф. Сары фосфор өндіру
39. Вагон аударатын ғимараттың вагон келетін, сонымен қатар вагон кететін жақтарының рельстерінің жанында белгі беретін бағдаршамдар орнатылады.

40. Вагон аударғыштарды пайдалану, оны жасаған ұйымның вагон аударғышты пайдалану құжаттарына және өнеркәсіпте пайдаланылатын нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.

41. Шикізат материалдарына арналған қабылдағыш ұралардың беттерін аралары 200 х 200 мм болатын тормен жабылады.

42. Аралық ұраларды, егер олар лақтыратын арбашалар көмегімен толмайтын болса, жабық ұсталады. Шикізатты лақтырғыш арбашаларды пайдаланған кезде беттері, аралары 200 х 200 мм болатын тормен жабылған салу тесіктері қарастырылады.

43. Қабылдау ұраларын босатқан кезде ондағы шикізат материалдарының қалған бөлігін 0,7 м қалыңдықта ұсталынады. Бұл шаң-тозаң араласқан ауаның өндірістік ғимаратқа енуіне жол бермейді.

44. Жағу-жану құрылғыларында жағу үшін мазутты, осы мазуттың таңбасына сәйкес, белгілі бір температураға дейін қыздырып алады. Мазут жандырғышты тұтандырғыш бүріккі және тұтандырғыш түтікше арқылы тұтандырады да, мазуттың жанған құрамын жандырғыштан тікелей алып шығады.

45. Авария кезінде мазутты құйып алу үшін, жүйедегі бар мазут сыятын авариялық бөшке-ыдыс қойылады. Авариялық бөшке-ыдыс ғимараттың сыртқы жағына бүтін қабырғадан 1 м, ойықтары бар қабырғадан кемі 5 м қашықтыққа жер астына көміліп қойылады.

46. Кептіргіш барабандарды газ соратын және шаң ұстайтын қондырғы жүйесімен қамтамасыз етіледі. Газ және шаңдардың өндірістік ғимараттарға шығуын болдырмас үшін кептіргіш барабандар ішкі қысымның сиретілуімен жұмыс істейді.

47. Кептіргіш және шикізатты күйдіру бөлімшелерінде табиғи газдар пайдаланылатын болса, онда газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік актілеріне сәйкес, қауіпсіздік автоматикасы қарастырылады

48. Атмосфераға, қоршаған ортаға зиянды заттар тарамауы үшін түйіршіктеуіш тарелкелер сорғылармен қамтамасыз етіледі.

49. Еріп-қатып қалған шикізаттарды және пештің электродты массасын арту-түсіру жұмыстары механизацияланады. Қол жұмыстары тек қана ерекше жағдайларда және міндетті түрде қосалқы құралдарды (арба, қол арба, зембіл және басқа да) пайдалану арқылы жүргізіледі.

50. Еріп қатып қалған шикізаттарды және пештің электродты массасын арнайы қоймада немесе шикізаттар мен материалдар жалпы қоймасында бөлек бөлімдерде сақтайды.

51. Еріп қатып қалған шикізаттарды ұсақтайтын және пештің электродты массасын дайындап қыздыратын бөлімше басқа өндірістік орындардан бөлектеніледі.

52. Пештің электродты массасын дайындап және қыздыратын бөлімшенің құрал-жабдықтары ауа кірмейтіндей және сенімді жабық болады сорғы құралдарымен жабдықталады.

53. Өндірістің пеш бөлімшесінде, феррофосфорды құю машинасы, сонымен қатар фосфорды қабылдағыш ыдыстар мен фосфорды тұндырғыштар, жеке орындарда орналастырылады.

54. Құрамына электр пеші, электр сүзгі, конденсаторлар, газ айдағыштар кіретін фосфорды электрлі қыздырудың бүкіл жүйесі, әрдайым 29,4 Па жоғарғы қысымда болады. Электрлі пештің ең жоғарғы қысымы 490,3 Па аспайды. Пештің қақпағын жөндеу, фурмасын, конусын ауыстыру және шлак пен феррофосфор ағатын арықшаларды жөндеу, электродтарды бекіткіштерді ауыстыру кезінде электрлі сүзгі мен конденсаторлар жүйесіндегі қысым 29,4 Па кем болмаса пештегі қысымды ноль шамасында ұстауға болады.

55. Пеш газдары жүретін газ жүйелерінде, жүйедегі қысымның берілген шамадан асып кетпеуін қадағалайтын, алдын ала қорғаныс құрылғылары қарастырылады. Пеш газдарының артық қысымы ауа шығатын түтікшеге жіберіледі. Алдын ала қорғаныс құрылғылары ұйымның техникалық басшысы бекіткен нұсқаулық талаптарына сай тексеріледі.

56. Электрлі пештің сумен салқындату жүйесінде судың пешке кетіп қалмауы қадағаланады. Арықшаларды (дюза мен фурма) сумен салқындату жүйесінде сумен салқындатылатын элементтердің ауа өтпейтіндей бүтіндігін автоматты белгі беру құрылғыларымен әрдайым қадағаланады, бүтіндігіне сызат түскен кезде пеш пен арықшаларды сумен салқындату жүйесін өшіріп болғанша судың пешке кетіп қалмауы қамтамасыз етіледі.

57. Құбырдағы газды бөлу құрылғысының алдына пешті тұтандыру және ұзақ уақытқа тоқтату кезінде ауа, газ шығатын түтікше қойылады.

58. Электрлі пештердің, конденсаторлардың, электрлі сүзгілердің және пеш газдарының басқа да жабдықтарының конструкциялары олардың ауа өткізбес бүтіндігін қамтамасыз етеді. Жүйенің ауа өтпестей толық бүтіндігін қамтамасыз ету мүмкін емес жерлерде инертті газ қысымы қарастырылады.

59. Фосфор пештерінің арықшалары мен пеш бункерлері газ шығып кетпеуі үшін ең төменгі дейгейіне дейін шихтамен толтырылады. Арту бункерлерінің ойықтары мен жабындары әрдайым жабық тұрады. Әр бөлік ұңғыларына ұйымның технологиялық регламенті белгілеген шамада инертті газ беріледі.

60. Пеш бункерлерінің жабуларының астыңғы жағындағы жөндеу жұмыстары газ қауіпті орындарда қауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарын сақтай отырып, тек қана пеш өшіріліп тұрған кезде ғана жүргізіледі.

61. Пеш алдындағы алаңда «Пеш қосулы!», «Пеш өшірулі!» деген жарық белгілері ілініп тұрады.

Пештің қақпағы, пеш жұмыс істеп тұрғанда, қақпаққа жұмыскерлердің шықпауы үшін қоршаумен қамтамасыз етіледі. Қоршауға «Тоқта! Жоғарғы кернеу!», «Қауіпті» және басқа да сол сияқты белгілер ілініп қойылады.

62. Электродтарды қондыру және оларды электродтық ортамен толтыру жұмыстары жүргізілетін пеш алдындағы алаңқай электр тоғын өткізбейтін материалдан жасалуы және өн бойынан өтіп, жерге жалғанған металл құрылғылармен жалғанатын металл болмауы керек. Алаңның аумағында су ағатын және басқа да құбырлар орнатылмайды, олардың істен шығуы сұйықтың алаңға төгіліп, оның бейэлектрлік беріктілігіне нұқсан келтіріледі.

Қызметкерлер бір мезгілде екі электродты ұстап қалмас үшін, электродтар бір-бірінен жұқа қабырғамен бөлініп қойылады.

Электродтарды қайта құрау кезінде, жаңа сұлбалар көтергіш крандардың ілгішіне арнайы электр изоляциялық саптама арқылы ілінеді.

Электродтарды қайта құрау алаңын әрдайым таза ұстап, оның бейэлектрлік қасиетін сақтау үшін, әлсін-әлсін жинап немесе сығымдалған ауамен үрлеп отыру керек.

63. Пештің электродтық құрылғыларын тасу, сақтау және қайта құрау жұмыстары ұйымның техникалық басшысы бекіткен арнайы нұсқаулық бойынша жүргізіледі. Электродтық құрылғылардың қаңқасын тасу және сақтау арнайы бандажсыз жүргізілмейді.

Электродтардың сыртқы қабатына шаң-тозаң түспеуі үшін оны арнайы қалпақпен жабады.

64. Феррофосфор арықшаларының астына, феррофосфорды әр төгуінің аралықтарындағы үзілістерде, ожау қойылып немесе феррофосфорды авариялық ыдысқа құйып алу үшін, авариялық темір арықша қарастырылады.

65. Феррофосфорды құйып алып және оны суыту белгілі-бір тәртіп бойынша құю машиналарында жүргізіледі. Авариялық жағдайларда феррофосфорды авариялық құдықшаларға немесе авариялық ыдыстарға құйып алып, 6 сағат өткен соң, ұйымның техникалық басшысы бекіткен нұсқаулыққа сәйкес су құйып салқындатады.

Құдықшадағы феррофосфорды жиып алу кезінде, сонымен қатар, оны судың көмегімен салқындату кезінде, құдықшаға пештен феррофосфор құйылуына жол берілмейді. Феррофосфорды құдықшалардан жиып алған соң, ондағы ылғалдың толығымен алынуы қамтамасыз етіледі.

66. Шлак ағатын арықшалардың астында, шлакты дүркін-дүркін шлактасу құрылғысына төгу аралықтарындағы үзіліс кезінде, әрдайым қосалқы шлактасушы құрылғы болады.

67. Пеш және оның қаңқасын сумен салқындату, феррофосфор мен шлактың құйылатын жерлеріне су кіріп кетпейтіндей етіліп жүргізіледі.

68. Пештің оттөзім қыш қалауы (сонымен қатар, температурасы) және шлак пен феррофосфор арықшаларының жанындағы оттөзім қыш қалаулары үнемі қадағаланып отырылады.

69. Пешті күрделі жөндеу жұмыстарына дайындау және оны күрделі жөндеу жұмыстарынан кейен іске қосу ұйымның техникалық нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

70. Пештің автоматты түрде өшірілуімен қатар, қолмен өшірілуін де қарастыру керек. Апатты жағдайларда пештің өшірілу тәртібін технологиялық регламентке сәйкес жүргізеді.

71. Электрлі сүзгі пеш газдары мен басқа да коммуникациялар кіретін және шығатын жақтарынан берік бекітіліп қойылады.

Электрлі сүзгінің ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет болса, оның ішін инертті газбен үрлеп, оның ішінен улы газдар толығымен шығып болғанша желдетіледі де, ішінің тазалығы зертханалық тексеру нәтижесімен расталады.

Электрлі сүзгі жұмыс істеп тұрған кезде, оның жоғарғы қақпағында қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамы болмауы керек. Электрлі сүзгінің қақпағын қоршауымен бірге орналастырады. Есіктері ашылған кезде электрлі сүзгінің агрегат-құрылғылары өшетіндей етіп бекітеді.

72. Пешті жөндеу жұмыстарынан кейін, сонымен қатар, «электрлі сүзгі-конденсатор» жүйесі ашылғаннан кейін, барлық аппараттар мен газ жүретін құбырлар, оттегінің қалған құрамы 2 %-дан аспайтын мөлшерге жеткенше инертті газбен үрленеді.

73. Электрлі сүзгідегі шаңды ылғалды тәсілмен тазалаған кезде, шайынды суды қабылдағыш ыдыстағы гидро-бекіткіштің биіктігі, жұмыс істеп тұрған араластырғыштан пайда болған конусты есепке алғанда, ең кемі 200 мм шамасында қамтамасыз етіледі.

74. Пеш газдары жүйесіндегі (одан фосфорды суытып алған соң) аппаратуралар «гидрозатвор», яғни су бекіткіші көмегімен өшіріледі. Су бекіткіштің биіктігі жүйедегі қысымға байланысты қойылады. Барлық су бекіткіштері тұрақты түрде ыстық сумен жуылып тұрады.

75. Жүйедегі газ құбырының бойында газ үрлегіштер болса, онда пеш газына арналған газ үрлегіштер ауа кірмейтіндей болып орындалып және бумен немесе ыстық сумен жылытылады. Газүрлегіштерге, оларды жуып тұру үшін ыстық су құбыры жалғануы керек. Жуылған судың шайындысы су бекіткіші арқылы әкетіледі.

76. Фосфор конденсатқа айналмауы үшін электрлі сүзгілер жылытылады.

77. Электрлі сүзгілердің жоғарғы жағында ауа шығатын келте құбыр қарастырылып, оның ысырмалы бекіткішін әрдайым ашық күйде ұсталады. Электрлі сүзгілерді жанған газдармен қыздырған кезде, жылытатын газдың құрамындағы оттегінің шамасы қадағаланады.

Электрлі сүзгілерді азотпен қыздырғанда азоттың құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газдың шамасы автоматты қадағаланады.

78. Электрлі пештердің және электрлі сүзгілердің, арту және беру жүйелерінің жұмыс кезінде пеш газының ауамен немесе майман түйісуі мүмкін түйіндеріне, ұйымның технологиялық регламентінің талаптарына сәйкес, тұрақты түрде инертті газ беріліп тұрады. «Электрлі сүзгі-конденсатор» жүйелеріндегі әрбір тазалау және басқа да жұмыстардан кейін электрлі сүзгіні инертті газдың көмегімен тұмшалануға тексеріп, оның нәтижесі акт арқылы бекітіледі.

3-параграф. Сары фосфордың тауарлық-шикізат қоймасы
79. Өнімдік-шикізаттық қоймаларда сары фосфор резервуар-ыдыстарда және бөшке-ыдыстарда, сақтау тәсіліне қарай, мына төмендегі кестеде көрсетілген шамадан аспайтын мөлшерде сақталады:



Сақтау орны

Сары фосфордың мөлшері, тонна

Резервуар-ыдыс:

жерасты


жартылай жерүсті немесе жерүсті

10 000


5 000

Бөшкелер, жерүсті

500

80. Жерасты резервуар-ыдыстардағы және сақтау қоймаларындағы фосфордың ең жоғарғы деңгейін, айналадағы аумақтың жоспардағы белгі-деңгейінен ең кемі 0,2 м төмен болатынындай қамтамасыз етіледі.

Жартылай жер үсті резервуар-ыдыстары мен сақтау қоймалары сақталатын фосфордың 50 % мөлшерін қабылдауын және оны ең кемі 0,2 м су қабатымен жабу мүмкіндігі болатындай тереңдікке орнатылады.

Жер үсті резервуар-ыдыстарын, сыйымдылығы ең үлкен резервуар-ыдыстың сыйымдығын және биіктігі ең кемі 0,2 м болатын су қабатының сыйымдығын қамтамасыз ете алатындай, түпыдысқа орналастырады. Егер бір түпыдысқа орналастырылған резервуар-ыдыстардың жалпы сыйымдылығы 1000 тонна фосфордан астам болса, онда түпыдыс бөлек-бөлек бөліктерге бөлінеді. Әр бөліктің сыйымдылығы, түпыдыстағы ең үлкен резервуар-ыдыстың сыйымдылығынан кем болмайды.

81. Резервуар-ыдыстар түпыдыста темірбетонды іргетастың үстіне орналастырылады, іргетастың биіктігі мен құрылымы, резервуар-ыдыстың түбін қарап және оны жөндеуді қамтамасыз етеді. Қойманың түпыдыстары күшейтілген «гидробекітуде» қондырылады.

Фосфор сақталатын резервуар-ыдыстардың ең көбі екі қатар орналастырылады. Резервуар-ыдыстардың бір-бірінен ара қашықтығы, ең үлкен резервуар-ыдыстың диаметрінің 0,5 шамасындай болуы керек. Шеткі резервуар-ыдыстардың қойманың қабырғасына немесе түпыдыстың (немесе оның бөліктерінің) қабырғаларына дейінгі ара қашықтығы ең кемі 1,5 м болады.

82. Қойманың түпыдыстарының (бөліктерінің) түбін фосфор мен судың мүмкін болатын төгілуін жинайтын шұңқырға қарай еңкіш етіп орындайды. Құрамында фосфор бар ағын сулар залалсыздандыруға қысымдағы құбырлар арқылы жіберіледі.

83. Фосфор салынған бөшке-ыдыстар сақталатын қойманың ғимараты отқа төзімді қабырғалар арқылы бөліктерге бөлінеді. Сары фосфор өндіретін кәсіпорындардың қоймаларындағы әр бөліктің сыйымдылығы 100 тоннадан, сары фосфорды тұтынатын кәсіпорындардың қоймаларындағы әр бөліктің сыйымдылығы 50 тоннадан аспайтындай болады.

84. Фосфоры бар бөшке-ыдыстарды тығынын жоғары қаратып, бір деңгей етіп қояды. Әр деңгейдің ұзындығында ең көбі-15, ал енінде ең көбі-2 бөшке-ыдыс болады.

85. Сары фосфор салынған бөшке-ыдыстар сақталатын қоймадағы негізгі жолдарды (бөшке-ыдыстарды тасымалдау үшін) ені ең кемі 1,8 м етіп, ал қосалқы жолдарды (бөшке-ыдыстардың арасынан өтетін) ені ең кемі 1 м етіп қалдыру керек.

86. Сары фосфорды арнайы теміржол цистерналарында қатқан күйі, немесе бөшке-ыдыстарда су қабатының немесе тоңбайтын ерітінді астында тасымалдайды.

87. Сары фосфорды арнайы теміржол цистерналарына және бөшке-ыдыстарға құю-төгу жұмыстары ұйымның техникалық басшысы бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

88. Фосфор құюға тек қана ақауы жоқ және дайындалған теміржол цистерналарын ғана қояды.

Цистерналарға фосфор құю алдында, оларға фосфорды өзінен-өзі тұтанудан сақтайтын, бетіндегі су немесе қатпайтын ерітіндінің қабатының биіктігі ең кемі 300 мм және цистернаға фосфор толтырғаннан кейінгі оның бос кеңістігі, цистернаның көлемінің 10 % кем болмайтындай есеппен, су немесе температурасы 50ºС-дан кем болмайтын тоңбайтын ерітінді құяды.

89. Резервуар-ыдыстардан теміржол цистерналарына фосфор ыстық сумен, инертті газбен сығылып құйылады немесе сифон арқылы сорғымен сорылып құйылады.

90. Фосфор құйылып жатқан немесе толтырылған цистернаның ақауы білінсе, онда фосфорды қоймаға қайтарады немесе авариялық ыдысқа құяды, ал цистернаны жуып және тазалап, одан кейін жөндеуге жібереді. Бұндай цистерналардан фосфорды құйып алу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

91. Сары фосфорды су немесе температурасы 50ºС-дан кем болмайтын тоңбайтын ерітінді толтырылған бөшке-ыдыстарға құяды. Бөшке-ыдыстардағы фосфордың бетіндегі су мен тоңбайтын ерітіндінің қабаты ең кемі 50 мм, ал бос кеңістік бөшке-ыдыстың толық көлемінің 5 % кем болмауын қамтамасыз етеді.

92. Бөшке-ыдыстарға фосфор толтырып болғаннан кейінгі барлық қаттау жұмыстары, тек қана, фосфор қатайғаннан кейін жүргізіледі.



Каталог: laws -> law -> nnic
nnic -> Бағдарламасын пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсыныстар Кіріспе
nnic -> Қауіпті өндіріс объектілерде техникалық ҚҰрылғылардың, жабдықтардың ЖӘне салулардың Қауіпсіз қанау мезгілі ұзартылуы реті туралы әдістемелік кепілдемелер
nnic -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
nnic -> Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актіні бекіту туралы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»
nnic -> Приложение 7
nnic -> Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
nnic -> Руда және жалпы таралған пайдалы қазбаларды өңдейтін кәсіпорындардың байыту және ұсақтау-сұрыптау фабрикаларының өнеркәсіптік қауіпсіздік күйін тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
nnic -> Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар
nnic -> Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
nnic -> Кертпештер қиябеттеріндегі тау жыныстарының шөгу процесін бақылау нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет