№1. Пирамиданың табаны - қабырғалары 40 см, 25 см, 25 см болатын тең бүйірлі үшбұрыш. Оның биіктігі 8 см және үшбұрыштың 40 см қабырғасына қарсы жатқан бұрыштың төбесі арқылы өтеді. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңыз.
№2. Тік призманың табанының катеттері 15см және 20см болатын тікбұрышты үшбұрыш. Призманың үлкен бүйір жағы мен табаны бірдей. Призманың бүйір және толық бетінің ауданын тап.
№3.Тікбұрышты параллелепипедтің диагоналдық қимасының ауданы 25см2. ал параллелепипедтің диагоналы см. параллелепипедтің биіктігін табыңдар.
№4. Дұрыс алтыбұрышты призманың биіктігі 5см, ал табанына сырттай сызылған шеңбердің радиусы 6см. Призманың бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табыңдар?
№5.Тікбұрышты үшбұрышты призманың биіктігі 8см, ал табанындағы теңқабырғалы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы 3см. Призма бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табыңдар?
№6. Дұрыс төртбұрышты призманың диагональі 14см, ал табанына сырттай сызылған шеңбердің радиусы см. Призма бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табыңдар?
№7. Пирамиданың табаны –қабырғалары 12 см және 10 см болатын тіктөртбұрыш. Пирамида-ның ұзындығы 8 см-ге тең биіктігінің табаны тіктөртбұрыштың диагональдарының қиылысу нүктесі болып табылады. а) Пирамиданың бүйір бетінің ауданын; ә) Пирамиданың толық бетінің ауданын табыңдар
№8. Шешуі: Пирамиданың екі жағының апофемаларын тауып, жақтарының аудандарын екіге көбейту. Бүйір беті ауданына табан ауданына қосу
№9.Дұрыс үшбұрышты қиық пирамида табанының қабырғалары 4 дм-ге және 2 дм-ге тең, ал бүйір қыры 2 дм –ге тең.Пирамиданың биіктігін және апофемасын табыңдар.
№10. Пирамиданың табаны диагоналі 10 см-ге тең тіктөртбұрыш.
Пирамиданың әрбір бүйір қыры 13 см.Пирамиданың биіктігін табыңдар.
№11. Табаң қабырғалары 10 см және 4 см, ал апофемасы 5 см – ге тең дұрыс үшбұрышты қиық пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табыңдар.
№12.Төртбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігі 7см-ге тең,ал табан қабырғасы 8см.Бүйір қырын табыңдар.
№13.Табаң қабырғалары 7 см және 5 см, ал апофемасы 2 см – ге тең дұрыс қиық пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табыңдар.
№14.Дұрыс үшбұрышты пирамиданың бүйір бетінің ауданы 96 см2 - қа тең, ал толық бетінің ауданы 112 см2. Пирамиданың табанының қабырғалары мен биіктігін табыңдар.
№15.Табаң қабырғалары 10 см және 2 см, апофемасы 3 см – ге тең дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табыңдар.
№16.Пирамида табаны – квадрат, оның биіктігі табының диагоналдарының қиылысуына түседі. Егер табан қабырғасы 20 дм, ал бүйір қыры 21 дм болса, пирамиданың бүйір бетінің ауданың табыңыз.
№17. Пирамиданың табан қабырғалары 12 және 10см болатын тіктөртбұрыш.Ұзындығы 8см-ге тең биіктігінің табаны - тіктөрбұрыштың диогональдарының қиылысу нүктесі.1)Пирамиданың бүйір бетінің ауданы; 2)Пирамиданың толық бетінің ауданын табыңдар.
|