Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»


Гидрометеорологиялық жағдайдың мелиорация әсерінен өзгеруі



бет11/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76
АШМ

2.3. Гидрометеорологиялық жағдайдың мелиорация әсерінен өзгеруі
Жерді суару құрғақшылықпен күресудің ең негізгі жолы. Ол тек топырақ пен өсімдіктің су жүрісіне әсер етпей, микроклиматқа да әсерін тигізеді. Топырақтың ылғалдылыгын жоғарылату арқылы оның жылу сыйымдылығын және жылу өткізгіштігін көтереді: жаз кездерінде суару әсерінен топырақ салқындаса, қыс кезінде жылиды.
Жер бетіне жақын орналасқан ауа қабатының температурасы суарылмайтын жерге қарағанда суармалы жерлерде 3°-6°-қа төмен болады, ал түнде температура көтеріледі. Суару жұмысы әсерінен суармалы жерлердің жылу тепе-тендігі өзгереді.
Жер бетінің микроклиматына суару әдісі көп әсер етеді. Әсіресе жаңбырлатып суарғанда микроклимат өсімдікке өте ыңғайлы жағдайда болады.
Метеорологиялық көрсеткіштерге жасанды су қоймалары да көп әсер етеді. Қоймаларда жиналган су әсерінен айналадағы ауа райы көкек, мамыр айларында 1,5°-4,5°-қа салқындаса, тамыз-қараша айларында 0,6°-2,5°-қа дейін салқындайды. Су қоймалары жағалауында жылу температурасының қосындысы оларға жақын орналасқан жерлерге қараганда 100°-160°-қа көп болады.
Топырақтың тұздануы және батпақтануы тек қана ауыл шаруашылық өнімін төмендетіп қана қоймайды, егістік жерлерді тіпті жарамсыз етіп жіберуі де мүмкін. Академик В.А.Ковданың (1974) деректері бойынша әлемде 22-25 млн. га жер тұзданып, құнарсыз жерлерге айналып отыр. ТМД елдерінде жыл сайын 200-300-мың гектар жер тұзданып, істен шығып отыратын көрінеді.
Суармалы жерлердің топырағын қорғау үшін әртүрлі шаралар қолданылады. Олардың маңыздысы жер асты кәрізін салу, екпе ағаштарын көбейту, агротехникалық жұмыстар жүргізу, ауыспалы егістікті дұрыс жүргізу.
Тұзды сумен суарган кезде топыраққа гипс және сода жасап шығаратын өндіріс қалдықтарын енгізіп отыру керек. Оларды көң немесе минералды тыңайтқыштарға қосқан жөн.
Көп жылдық суару топырақтың жылулық жүргісіне де тікелей әсерін тигізеді. Ыстық күндері ылғалданған топырақ температурасы кепкен топырақ температурасынан төмен, ал суық күндері /қыс мезгілінде/ керісінше ылғалданған топырақ кепкен топыраққа қарағанда жылы болады. Суармалы жерлерде топырақ температурасы реттелініп жайлы болары.
Суару топырақтағы микробиологиялық процестерді тездетеді. Осы процестер дұрыс жүрсе, топырақ құнарлығы артады.
Топырақта ылғалдылық қажетті деңгейде болып тұрса, пайдалы микроорганизмдер көбейе түседі. Ондай ылғалдылық деңгейі 60-70% ЕСС. шамасында болғаны жөн. Бұдан төмен не жоғары болғанда, бактериялардың қорыту қабілеті төмендейді.
Өсімдіктің өсіп-өнуіне ауаның ылғалдылығы да көп әсерін тигізеді. Күндізгі сағат 13.00-де ауа ылғалдылығы 51%-дан төмендеу болғаны ыңғайлы. Суару жұмысы жер бетіндегі ауаның микроклиматын жақсартып, топырақтан ылғалдың бұланып кетуін азайтады.
Суару жұмысымен бірге барлық агротехникалық жұмыстар қатар жүріп отырса, өнім көбейе түседі. Ал, өнім сапасы суарган судың химиялық құрамына байланысты. Су таза болса, өнім сапасы да жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет