4.2. Суару жүргісін есептеу
Біздің елде және шетелдерде суару жүргісін есептеудің бірнеше жолдары бар. Олардың бәрінің негізін құрайтын 1919 жылы академик А.Н. Костяков ұсынған әдістеме болып табылады. Оның есептеу жолы төмендегідей:
1.Өсімдіктің өсіп өнуі мерзіміндегі жалпы керек ететін су мөлшері (су пайдалану жиынтығы) (Е):
Е=У*Ки, м3/га (1)
бұл жерде:
Е- су пайдалану жинтығы, м3/га;
У- өсімдіктің өнімі, ц/га;
Ки-су пайдалану коэффициент, м3 /ц. Оны анықтама кітапшалардан алады. Оның мәні 5...500 м3/ц аралығында болады.
Суару мерзімдері. Бұл да өте маңызды көрсеткіш. Суару мерзімі есімдіктің өсіп-өнуіне еш кедергі болмауы керек. Оны белгілеудің бірнеше түрі бар:
өсімдіктің фаза көрсеткіші арқылы;
өсімдіктің жапырағына қарап анықтау;
алдын-ала жасалған график бойынша;
ауа райының температурасы арқылы;
жапырақ шырыны аркылы;
топырақ ылғалы арқылы.
Әрине бұлардың әрқайсысының өзіндік кемшілігі де, артықшылығы да бар. Бірақ осылардың ең дұрысы су мерзімін топырақтың ылғалдылығы арқылы табу болып саналады. Ондай анықтаудың әдісі төмендегідей.
Өсімдікті еккен күннен бастап әр 5-10 күнде арнайы бұрғышпен /бұр/ топырақтың 0-10, 10-20, 20-30... 100 см-ге дейінгі деңгейінен топырақ үлгісін бюкске алады. Лабораторияда оны өлшеп, 8-10 сағат бойы 106°С температурада кептіріп, қайта өлшеп топырақтың ылғалдылыгын анықтайды.
Егер 1 метр тереңціктегі осы ылғалдылық 70-75% НВ-ға жақындаса, келесі күні сол жерді суару керек. Неғұрлым топырақтың үлгісін дұрыс алса соғұрлым нәтиже оңды болады. Суару мерзімін өте көп созбай, тез арада бітіру керек. Шамамен айтқанда, ол 4 күннен 12-15 күнге дейін болуы мүмкін. Суару мерзімін ұзартқанда сушылар шаршамайды, канал суға толмай, жайбарақат жұмыс істейді, бірақ агротехникалық жұмыстар әлсіреуі мүмкін.
Ал суару мерзімін азайтқан жағдайда, сушылар жұмысты тез арада орындап, каналдармен өте көп су жіберулері тиіс. Ол қауіпті. Жуып-шайып кетуі мүмкін. Сондықтан суару мерзімін агротехникалық жұмыстарға ыңғайлы ете, сушылардың санын және берілген судың мөлшерін ескере отырып белгілеген жөн. Суарудың саны суару тәсіліне байланысты. Жаңбырлатып суғарылғанда суару саны 2 есе көбейеді.
Күз мезгілінде немесе ерте көктемде беретін су мөлшерін мына теңдеумен анықтайды:
М=1,5В-5h, м3/га
бұл жерде:
В - 1 метр топырақтың деңгейіңдегі ылғалдың мәні, м3/га;
һ - жауын-шашын мөлшері, (ІХ-IV) айларындағы, м3/га.
Кей кезде жаз айларында күн көп ысып кеткен кезде, өсімдік келесі суғарымға дейін солып қалмауы үшін аз мөлшермен суарылып тұрылуы қажет. Суару нормасы 50. 100м3/га шамасыңда болады. Кейбір жағдайларда суару нормасы азайтылып беріледі. Мысалы: 25 шілдеде мақтаны 800м3/га мөлшерімен суару керек еді. Мысалы, 23-24 шілдеде 20 мм жауын-шашын болып топыраққа сіңді делік. Міне, осындай жағдайда суару мөлшері 600 м3/га болады. Мұндай жағдайда суару мерзімін жылжытудың қажеті жоқ.
Суару мөлшері мен мерзімін анықтауды графоаналитикалық тәсілмен жүргізген өте ынғайлы. Ол үшін кестеде көрсетілген үлгіні толтырады. Осы кестенің 1-ші бағанаға өсімдіктің өсу кезеңін әр 10 күнге бөліп жазады; 10-20, 21-30, 1-10 т.б. Ал, екінші бағанага осы кезеңдердегі топырақтың ынталы қабатын көрсетеді - 0.4, 0.6, 0.7, 1.0 м т.б. Топырақтың жоғарғы және төменгі ылғалдылығы оның ынталық қабатына қарай анықталады да 3-ші және 4-ші бағанага жазылады. Ал 5-ші жол 3-ші бағанага топырақ ылғалдылыгын 0,9 коэффициентіне көбейте отырып анықтайды, 6-шы бағанаға белгіленген мерзімдегі топырақтан жоғалған ылғалдылықты жазады. Осы бағаналардың барлық қосындысы өсімдіктің өсу кезеңіндегі жалпы қажетті су мөлшеріне тең болуы керек.
Жауған жауын-шашын мөлшерін 7-ші бағанага жазып, ал 8-ші бағанаға топырақ ынталығының түрленуіне байланысты ылғалдылықтың өзгеруін жазады. Бұл өзгерісті 5-ші жол бойынша есептейді. Ол үшін 5-бағанадағы санды осы мерзімдегі топырақтың ынталы қабатының өзгеруіне көбейтеді.
Топырақтың ынталы қабатының мерзім соңындағы ылғалдылығы (10-шы бағана) төмендегі бағаналардың мәндері аркылы есептелінеді. Яғни:
10/=/5/-/6/+/7/+/8/.
Егер де есептеп шығарылған 10-шы бағананың мәнін 4-ші бағанадағы топырақ ылғалдылығының кіші мәнінен кем болған жағдайда, суару жұмысы жүргізіледі. Суару нормасын 9-шы жолға жазады. Оны 3-ші және 10-шы бағана сандарының айырмасы аркылы табады. Суарудың мерзімдік ортасы 3,4,5,9-бағана бойынша сызылатын сызба арқылы анықталады.
Кесте. Суару мөлшері мен мерзімін есептеу үлгісі.
-
Есептеу мерзімдері
|
Топырақтың ылғалданған қабаты, Н,м
|
Топырақтағы ылғалдылық қоры, м3/га
|
Топырақтағы
ылғалдылық
қоры м /га /әр мерзімінің
|
Ылғал шығыны, м3/га
|
Пайдаланылған ылғалдылык м3/га
|
Топырақтағы ылғал қоры /әр мерзімінің соңында /, м3/га
|
Суарудың ортасы
|
Жауын-шашын
|
Топырақ ылғалдығынан
|
Суару мөлшері
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
Бұл сызба әр онкүндіктегі (көлденең осі) топырақтың үлкен және кіші ылғалдылық мәндері /3-ші және 4-ші бағана/тік оське орналастырылып, сынық сызық жүргізілген /4.3-сурет/
Бақылау сұрақтары:
1.Суармалау режимі дегеніміз не?
2.Суармалау нормасын қалай анықтайды?
3.Су тұтыну коэффициенті нені білдіреді?
4.Өсімдіктің өсіп-өну кезенің түсіндір?
5.Гидромодуль графигін не үшін тұрғызады?
Достарыңызбен бөлісу: |