Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет16/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
АШМ

Тұрақсыз су мөлшерімен суару - алдымен қарыққа үлкен су өтімін береді. Ол су қарық соңына жеткенде, су өтімін екі есе азайтады. Осындай әдісте қарық соңынан ағатын су өте аз болып, қарық бойы біркелкі ылғалданады. Көкөністің жас қондырғысын суғарған кезде қарықтың бойына биіктеу төмпешік жасаған жөн (сурет). Ол төмпешік жас көкөністің желмен ұшып кетпеуін камтамасыз етеді.

Сурет. Көкөніс көшетіне арналған карық.


Дискретті суару. Қарыққа үлкен су өтімі беріліп, су қарықтың 30% ұзындығына жеткен кезде су беруді 10-20 минутқа тоқтатады. Содан сон, суды қайта жібереді де, су қарықтың 50% ұзындығына жеткенде, су беруді тағы тоқтатады. 20 минуттан соң суды қарыққа 80% ұзындығына жеткенше береді де, қайта тоқтатады. Міне, осы әдісте қарық соңынан ағатын су мүлде азаяды.
Палдап суару. Мұндай суару көп жылдық шөптерді, бидайды суғарғанда пайдаланады. Су арнайы жасалган пал арқылы жылжып топыраққа сіңіп отырады. Пал жалының биіктігі 0,15-0,25 м. ені 3,6-25 м арасында болады. Ұзындығы қарықтың ұзындығындай (40-400м) болады, ені агротехникалық құралдардың (агрегаттардың) жұмыс еніне сәйкес болуы тиіс. Палға жіберетін су өтімі 1-12 л/с шамасында (әр метр еніне).
Топырақ неғүрлым ауыр салмақты және еңістігі үлкен болған сайын, палды ұзын етіп жасайды. Палдың жалпы көрінісі суретте көрсетілген.



Сурет. Палдың жалпы көрінісі (өлшемі сантиметр есебімен).


1 - жал; 2 - пал; 3 - жер беті; 4 - оқ арық; 5 - суды палдың басынан жіберу; 6 - суды палдың бүйірінен жіберу; еңістік багыты.

Жер бетінің көлденең еңістігі үлкен болған жағдайда суды пал бүйірінен береді. Палдағы су деңгейі 3-10 см шамасында болғаны жөн. Палды егінді егер алдында жасайды. Мұндай суарудың мынадай кемшіліктері бар:



  • топырақ түйіршіктері езіліп, бұзылып, ауа кіруі төмендейді; топырақ бактерияларының жұмыс қабілеті төмендейді;

  • өсімдік су әсерінен жатып қалуы мүмкін;

  • пал іші өте тегіс болуы қажет.

Артықшылығы:

  • егер де пал ұзындығын, енін дұрыс қабылдаса, топырақ біркелкі ылғалданады;

  • ауыл шаурашылық механизмдерінің жұмыс істеуіне кедергі жасалмайды;

  • жұмыс өнімділігі көбейеді.

Пал ұзындығы мен су өтімін кесте бойынша қабылдауға болады:

Кесте. Пал ұзындығы және су өтімі.



Топырақтың су сіңіргіштігі, мм/мин

Еңістік

Пал ұзындығы, м.

Су өтімі, л/с.



< 1.5

0.002-0.004

250-300

8-6




0.004-0.007

300-350

6-5




0.007-0.01

350-400

5-4

1,5-3

0.002-0.004

200-250
250-300
300-350

10-8
8-6
6-5


0.004-0.007
0.007-0.01




0.002-0.004

150-200

12-10

>3

0.004-0.007

200-250

10-8




0.007-0.01

250-300

8-6



Бастырып суару күрішті суғарганда және жердің тұзын шаю барысында пайдаланылады. Ол үшін жер беті еңістігінің өте аз, не тіпті болмағаны да дұрыс. Жер бетін кішігірім палдарға (чектерге) бөліп тастайды (0,5-5 га). Судың палдағы деңгейі топырақты шаю кезінде 15-20 см, ал күріш дақылы үшін су деңгейі оның осу фазасына байланысты болады.
Қарықтың көрсеткіштерін есептеу арқылы табады.
1. Қарық қабырғасының көлбеуі m0 (көлбеу коэффициенті):
m0=B-b
2h (4)
бұл жерде:
B – қарықтың жоғарғы бетінің ені, м;
b – қарықтың төменгі деңгейінің ені, м;
h – қарықтағы су деңгейі, м.

2. Қарықтың көлденең қимасының ауданы (ω):


ω = b(b+m0h), м2 (5)

3. Қарықтың көлденең қимасының ылғалданған периметрі:


χ = b+2h√1+m0, м (6)
4. Гидравликалық радиус (R):
R = ω
χ (7)
5. Судың ағу коэффициенті (С):


С = 1 х R1.5√n
n (8)
мұнда: n- топырақ бедері.

6.Судың ағу жылдамдығы:


V =c√R*i



Сурет. а) көлденең суару сұлбасы; б) бойлау суару сұлбасы
а)-сұлбасында уақытша арық суды танап арығынан алып, қарыққа берілгендігі көрсетілген. Олардың ара қашықтығы қарықтың ұзындығына тең. Бұл сұлбада жер бетінің еңістігі />0,004/ пайдаланылады. Су уақытша арықтан барып қарыққа құйылады. Уақытша арықтың су өтімі 50 л/с-ке дейін болады.
б)-сұлбада уақытша арықтың ара қашықтығы 70 - 400 метр болады. Бұл арықтан суды оқ арық алады да, одан соң қарыққа құйылады. Оқ арықтың арасы қарықтың ұзындығына тең болуы керек. Бұл сұлбадан жер бетінің еңістігінің аздығын байқаймыз /<0,004/. Ал уақытша арықтың су өтімі 50-120 л/с болады.
Ол сұлбаларды қабылдау үшін суарылатын жер бетінің еңістігін білу қажет. Еңістігі үлкен жерлерге көлденең, ал еңістігі аз жерлерде бойлай суару сұлбалары қабылданады:
Оқ арықтан суды қарыққа жіберу үшін сифон немесе құбырлар қолданылады (сурет). Олардың диаметрі әр түрлі болып келеді. Соған сәйкес беретін су өтімі де әртүрлі болады. Құбырлар темірден, ағаштан, қамыстан төртбұрышты, үшбұрышты етіп жасалса, ал сифон пластмассадан жасалады.

Сурет. Қарыққа су беру құбырлары


Шаров-Шейнкиннің тәсілі: Бұл тәсіл қарықпен суаруды 80-90 пайыз автоматтандырады (сурет). Ол еңістігі өте үлкен жерлерде қолданылады. Әсіресе, таулы аудандарда көп пайдаланылады. Шаров - Шейнкин әдісімен суару жүйесінің негізгі элементі магистральді құбыр мен ойығы бар мелиоративтік шланг. Егер алқаптың еңістігі жоғары болса, магистральді құбырға су беру үшін сорап стансасын орнату міндетті емес.
1.Шлангалар жер бетінде жатады. Олардың бойында әр 60 см қашықтық сайын диаметрі 8-12см тығынды ойық болады. Сол ойықтар арқылы су қарыққа құйылады.
2.Құбырлар топырақтың 70-90 см. қабатында орналасады. Құбырлардың әр 60 см аралығында ойықтары болады. Ол ойықтардың үстіне тас қиыршығынан жасалған сүзгіш орнатылады. Сол сүзгіш арқылы су жер бетіне шығып қарыққа құйылады.

Сурет. Шаров - Шейнкин тәсілімен суару сұлбасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет