Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет53/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76
АШМ

Ішінара дренаж — оларға жер бедерініц төмендеген элементтеріне сирегірек орналастырылған дрендердің жүйесі жатады.
Алдағы дренаж — оларға суарылатын массивке сырттан ағатын жер үсті және жер асты суларын ұстап қалу үшін территорияның жоғарғы шекарасының бойымен жасалатын дрендер жатады. Қейбір жағдайларда ыза судың деңгейін төмендету тек алдағы дренаж арқылы да шешіледі.
Жағадағы дренаж — жағадағы көлденең дрендер, немесе жағаны жағалай жасалатын құдықтар арқылы өзен немесе су қоймасы жағынан келетін жер асты суын ұстап қалу үшін жасалады.
Коллекторлы-дренаждар жүйесін жасау, оның құрамы және жерге орналасуы. Көлденең дренаждар дрендерден, әр дәрежедегі шаруашылық ішіндегі және шаруашылық аралық коллекторлардан, жағадағы ұстап қалғыш дрендерден, дренажды — коллекторлы жүйедегі құрылыстардан құралады.
Коллекторлы-дренажды жүйесі жерге орналастырғанда жер бетінің бедерін, топырақтық-мелиоративтік жағдайларды, суару жүйесінің элементтерінің орналасуын, агротехниканың прогрессивтік тәсілдерін және ауыл шаруашылық машиналарын жоғары өнімді пайдалануды ескеру керек.
Суды жылдам ағызып жіберу үшін дрендер гидроизогипс бағытымен орналастырылып, ал коллекторлар — оларға көлденең орналастырылады.
Ашық дрендердің тереңдігі 1,5—2,5 м, ал ашық коллекторлардың тереңдігі—2,5—3,5 м болады. Дрендердің қатар аралығын кестеге сәйкес қабылдайды.
Суару жүйесіндегі дрендердің қатар аралығы

Грунттар

Фильтрация коэффициенті, тәулігіне метр есебімен

Дрендер қатар аралығы, м

Өте ауыр

1—2

200

Ауыр

1

200—250

Орташа

3-5

300—400

Жеңіл

6—10

450—550

Өте жеңіл

10

550

Ашық жүйенің мынадай кемшіліктері болады: ауыл шаруашылық машиналары жұмысты қысылып істейді, каналдарға арамшөптер қаптап, олар сүзек масаларының ордасына айналады, каналдардың баурайлары құлап кетіп, олардың тереңдігі кемиді және оларды пайдалану үшін жұмсалатын қаржы, оның құрылыс құнының 2—8% тең болады. Осыларды болдырмау үшін жабық дренаждар салынады.
Жабық дрендер ұзындығы 33 см және диаметрі 50—200 мм қышты трубкалардан немесе үлкен тесікті бетоннан, тесікті асфальт-бетоннан және полиэтиленнен жасалады. Трубкалар бірінен бірінің арасында 0,5—1 мм саңылау қалдырылып орналастырылады. Трубкалардың қосылатын жерлері шыны, тоқыма немесе шыны матамен оралады.
Дрендердің тереңдігі. Ыза суының деңгейі төмендегенде әрпі дер арасында парабола күмбезі тәрізді депрессиялық бет пап і.і болады. Осы күмбездің жоғарғы жағы өте қиын тереңдіктен төменірек (Н) болуы керек. Дрендердің тереңдігі Ні = Н + һ0-ке тең болады. һо-ның ең көп мөлшері жеңіл топырақтарда 20—30 см, орташа топырақтарда —30—40 см және ауыр топырақтарда —40— 50 см болады.
Дрендер 3 метрлік тереңдікке көмілгенде және су өткізбейтін топырақ қабатының тереңжатқанында олардың қатар аралықтарын кесте арқылы анықтауға болады.
Трубалардың диаметрі жоне онда су ағу жылдамдығы егістің белгілі және жіберілетін судың мөлшерлеріне қарай гидравликалық есептер арқылы анықталады.
Тік дренаждарды үлкен қиыршықты, қалың су ұстайтын қабаты бар жерлерде, сондай-ақ қысымды ыза суы бар жерлерде қолдануға болады.
Құдықтардан насоспен айдап шығарылатын тұщы сулар дақылдарды суару үшін, шамалы сорланған суларды өзен суымен араластыру арқылы дақылдарды суаруға, ал өте ащы сулар суарылатын массивтің сыртына ағызылып жіберіледі.
Суарылатын жердегі ыза судың деңгейін төмендету керек болса, онда скважиналар барлық көлемге, аралықтары еңіс бойымен 1,5—3,0 км болып орналастырылады және горизонталь бойымен 0,7—1,5 км қашықтықта әрбір скважина 100—400 га жерді қам-титындай етіп орналастырылады. Егер суарылатын учаскенің сыртынан келетін жер асты суы ағынын ұстап қалу керек болса, онда скважиналар бір сызықтың бойына орналастырылады.
3. Ыза судың режимін бақылау негізінде шаруашылық ішіндегі гидрогеологиялық жүйе жасалады. Бақыланатын құдықтарда немесе скважиналарда су деңгейіне дейінгі тереңдікте химиялық анализдер жасау үшін суды сыиауға алу, әрбір мелиоративтік ауданда бір скважинадағы ыза судың температурасы анықталады.
Бұл байқаулар әр танаптың немесе мелноративтік ауданның су және тұз балансын жасау үшін, ыза судың деңгейінің көтерілуін болжау, ауыл шаруашылық дақылдарын суару режимін жобалау, сорланған топырақтарды шаю және басқа да жұмыстар жүргізу үшін керек болады. Топырақтағы, ыза судың тереңдігін және оның минералдығын, олардың мезгіл бойы өзгеруін білу негізінде әр танаптан тұрақты және мол өнім алу үшін агромелиоративтік шаралар жүйесі жасалады және олар іс жүзінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет