Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет56/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76
АШМ

Табиғи жағдайлар. Бұнда обьектінің табиғи жағдайларының жалпы сипаттамасы және оның келешекте мелиоративтік шараларға сәйкес өзгеруінің болжауы беріледі.
Мелиоративтік құрылыс. Бұнда жобадағы негізгі шешімдер дәлелденеді, ауыл шаруашылығын және территорияны ұйымдастыру, мелиоративтік шаралардың құрамы, суару жүйесінің орналасуы және конструкциясы, ауыл шаруашылығын сумен жабдық-таудың элементтері, жүйені автоматтандыру және теледидарлау, техникалық пайдалануды ұйымдастыру, энергиямен және байланыспен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық құрылыстарын салу және игеру және т. б. мәселелер баяндалады.
Смета бөлімі. Онда негізгі жұмыстардың аумағы және үлкейтілген көрсеткіштер арқылы анықталған құрылыстың құны анықталады.
Мелиоративтік жүйелерді немесе құрылыстарды салудың жұмыс чертеждары бекітілген техникалық жобаға сәйкес жасалады.
Жұмыс чертеждарында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің техникалық жоба шешімдері дәлденеді және талдап тексеріледі. Жұмыс чертеждары құрамына мыналар кіреді:
— басқы бет және чертеждардың тізімі;
— дәлденілген бас жоспар;
— гидротехникалық және басқа да құрылыстардың және үйлердің чертеждары;
— конструкциялардың заводта жасалатын бұйымдары және бөлшектердің спецификациясы көрсетілген монтаждық чертеждер;
— жалпы көріністер және темір-бетонды және үлгісіз металды бөлшектерді талдап тексеру чертеждері, жабдықтар қоятын табандардың чертеждері;
— жоспарлар қималар және жүйе схемалары, энергиямен және электрмен қамтамасыз етудің үлгіленбеген схемасы, автоматтандыру, сигнал беру, радио жүргізу, телефон қондыру және басқа да жабдықтарды қондыру схемалары;
— әр шаруашылық үшін барлық шаруашылық ішіндегі мелиоративтік жүйенің жоспары;
— қолданылған гидротехникалық және басқа да құрылыстар мен үйлердің үлгі жобаларының тізімі;
— мелиоративтік және жолдар жүйесінің каналдарының бойлау, көлденең көріністері;
— шаруашылық ішіндегі каналдардың үлгі көлденең қималары;
— геологиялық кесінділер және конструкциялар мен тік дренаждардың жабдықтарының чертеждары;
— мелиорацияланатын жерді кұрылыстық тегістеудің жұмыс аумағы таблицалары бар жоспары;
— культуртехникалық жұмыстар дәлелденген карта;
— стандартталмаған жабдықтардың жалпы түрлерінің чертеждары;
— конструкцияларды, жабдықтарды жәпе коммуникацияларды коррозиядан сақтау чертеждері;
— қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғауға банланысты жабдықтардың чертеждері;
— қолданған стандартты үлгі конструкциялардын, торабтардың және бөлшектердің тізімі;
— жабдықтардың, құралдардың, арматураның, трубалардың, кабелдік және баска да бұйымдардың заказды спецификациясы;
— конструкциялардың, жартылай фабрикаттардың, бөлшектердің, бұйымдардың және кұрылыс материалдарының дәлденген ведомісі;
— құрылыс және монтаж жұмыстарының объектілері және жұмыс түрлері бойынша аумақ ведомісі;
— жобаланған жүйенің жеке объектілерінің паспорттары. Жұмыс-техникалық жоба. Оны техникалық жағынан күрделіемес обьектер, сондай-ақ үлгі және қайтадан қолданылатын тиімді жеке жобалармен салынатын обьектер үшін жасайды. Бұнда құрылыс салудың ұзақтығы екі жылдан көп болмауы керек.
Жұмыс-техникалық жобада тек үлгі және қайтадан пайдаланылатын жобаларда жоқ чертеждермен деректер ғана келтіріледі, екі сатылы жобаларда шешілетін сұрақтардыц бәрі шешіледі. Жұмыс-техникалық жобаның құрамына түсінік хат, құрама смета және графикалық материалдар кіреді.
Жалпы түсінік хаттың құрамына мыналар кіреді:
— мелиорацияланатын жердің табиғи жағдайын бағалау және жобаланатын каналдарды, құрылыстарды сипаттамалау, жобаланған техникалық шараларды және олардың экономикалық тиімділігін дәлелдеу, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер;
— бар болған жер қорының сипаттамасы және оның жобаланған өзгерістері;
— мелиорацияланатын жерлерді игеру үшін ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру шараларын дәлелдеу;
— мелиорация жүйесін және кұрылыстарды пайдалану жөніндегі жыл сайын пайдалануға жұмсалатын қаржыны ескеретін негізгі ұсыныстар;
— гидрогеологиялык, гидравликалық және басқа да есептеулердің қорытындылары;
— мелиорациялау жүйесіндегі құрылыстардың ведомісі;
—құрылыс, монтаждық, культуртехникалық және мелиоративтік жұмыстарды жасаудыңәдістері көрсетілген аумақтары;
— құрылыс салу мерзімі, оның кезектілігі және игеру жөніндегі шаралар;
— қажет болатын негізгі құрылыс материалдары, механизмдер және жұмысшылар санының ведомісі.
Графикалық материалдарда мыналар болады:
— топырақты-мелиоративтік және инженер-геологиялық карталар немесе тиісті қорытындылар (кішірек учаскелер үшін), жер пайдалану шекаралары сызылған мелиоративтік жүйе салудың, ауыспалы егіс учаскелерінің жобаланған каналдардың, жолдардың және құрылыстардың жоспарлары:
— каналдар мен трубопроводтардың баурай және көлденен көріністері;
— құрылыстар мен үйлердің жұмыс чертеждары;
— жабдықтарды мәлімдеу ведомісі және заказдық спецификация.
Құрама сметада обьектілер сметалары негізінде, сондай-ақ сметалар және жекеленген жұмыстар мен жұмсалатын қаржылар-дыц сметалық есептері негізінде, құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құны анықталады. Ол мердігерлік және заказ беретін мекемелер арасында жасалған жұмысқа ақша төлеу үшін негізгі құжат болып саналады және жұмыс чертеждарын жасау сатысында дәлдендірілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет