Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет8/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
АШМ

Орманды техникалық – ағашты немесе шөптесін өсімдіктерді өтырғызумен байланысты;

  • Химиялық - әк, гипс, ас тұзын, күкірт қышқылын, дефекациялық сазды енгізумен байланысты;

    Гидротехникалық – платиналар, су қоймасын, суару және кептіру каналдарын, трубопроводтар, лимандар, террасалар, дренаж торын құрумен байланысты. Гидротехникалық мелирацияға жердің бойындағы су режимін реттеу жатады, былайша айтқанда ылғалдылығы жетіспейтін топырақты колдан суару, немесе ылғалдылығы шамадан тыс топырақты құрағату жатады.
    1.2. Жер бетінде пайдаланылатын судың негізгі көзі болып жауын-шашын келеді.

    Жауын-шашын

    Атмосферада су буларының Теңіз, мұхит, өзендерге


    ( бұлттардың) пайда болуы топырақ, таулардан ағу

    А.А. Черкасов айтуы бойынша атмосферада су булары түрінде 12,3 мың км2 су бар. Барлық жерде түсетін жауын-шашын саны біркелкі емес, оның себептері:



    • Атмосферадағы су буларының циркуляция ерекшелігі. Мысалы, европалық аймақтарда су буларының вертикалды, циклондық қозғалысы арта түседі, сондықтан осы аймақтарда жауын-шашын көбірек түседі, ал азиялық аймақтарда су буларының антициклондық, горизонтальді қозғалысы басым болып келеді де, жауын-шашын азырақ түседі;

    • Рельеф ерекшелігіне байланысты, яғни теңіз деңгейіндегі аймақтағы вертикалды белгілердің айырмашылығына байланысты. Мысалы, Қазақстанның таулы аудандарында жауын-шашын саны теңіз деңгейіндегі жауын-шашынға қатынасты биіктіктің әр 100 м жоғарылауына байланысты 100 пайызға өседі. Жердің биіктікте орналасуына байланысты жылдық жауын-шашын жиынтығының айырмашылығын П.И. Колосков формула бойынша анықтайды:


    Н0 – теңіз деңгейіндегі жауын-шашын жиынтығы, мм.;
    Hh – биіктіктегі жауын-шашын жиынтығы, мм.;
    k - ылғалдың жоғарылауын анықтайтын коэффициент, %.

    • Жер бетінде ірі орман массивтері мен алқап қорғаушы орман жолдарының болуымен ерекшеленеді. Орман ағаштары мен алқап қорғаушы орман жолдары үйлескен жағдайда, әсіресе су буларының циклондық аймақта жылжуы кезінде жауын-шашын түсуін 10-15 пайызға жоғарылатады.

    Су айналымын жақсы түсіну үшін құрлықтағы су балансының негізгі элементтерін анықтау қажет:
    O=E+σ
    О – жауын-шашын, мм.;
    Е – булану, мм.;
    σ - беткейлік ағын, мм.

    Су балансын есептеуде жауын-шашын 30-40 % құрайды. Ең көп жауын-шашын жазғы және көктемгі мерзімде түседі. Егер жауын-шашынның қарқындылығы 0,5мм/мин құраса, оны нөсерлі жауын деп атайды. Ең қолайлы жауын-шашынның қарқындылығы 0,1-0,15 мм/мин құрайды.


    Жауынның қарқындылығы мен ұзақтығы арасындағы байланыс формула бойынша есептеледі (П.Ф. Горбачев):

    і – жаңбыр қарқындылығы, мм/мин.;
    а – жаңбыр күшінің сандық көрсеткіші;
    t0,5жаңбыр ұзақтығы, мин.



    Һ – жауын-шашын, мм.
    Ұсақ жаңбарлардың сандық көрсеткіші (а) – 1,0;
    Ірі жаңбырлардың – 5,1-7,0;
    Тропикалық, дауылды жаңбырлардың – 16,1-35,0.
    Судың булануы солтүстік аудандарда төмен болады. Булану (Е) дегеніміз егістік және орман дақылдарымен егілген аймақтың нақты топырақ-климаттық жағдайында өтетін судың нақты жалпы немесе жиынтықты шығыны. Булануды анықтау үшін В.И. Попов конструкциясының буланушыларын қолданады: ГГИ-500, ГГИ-3000. Су булануын есептеу үшін келесі формулаларды қолданады:
    Е0=adn
    d– ауа ылғалдылығының тәулік дефициті, мм.;
    a – бақылау мерзімі, күн;
    n – төмендету коэффициенті, 0,78-8,00.

    Айлық булануды В.К. Давыдов формуласы бойынша анықтайды:


    E0= 24,5D0.8
    Б.Д. Зайков бойынша:
    E0= 0,2n (e0-e200)*(1+0.85W100)
    n- 1 айдағы тәулік саны, күн;
    e0 су температурасы бойынша есептелген қаныққан су буының серпінділігі;
    e200 – 200 см биіктіктегі қаныққан су буының серпінділігі;
    W100 – 100 см биіктіктегі желдің орташа айлық жылдамдығы.


    С.Н. Крицкий және М.Ф. Менкель бойынша:
    E0= 9 (e0-e200)*√1+0,15W900
    Н.Н. Иванов бойынша:
    E0 айл = 0,0018 (25+t)2 * (100-a)
    E0 тәул = 0,00006 (25+t)2 * (100-a)
    t – ауаның орташа айлық температурасы, 0С;
    a – ауаның орташа айлық қатынасты ылғалдылығы, %7
    Нақты булану Е мен потенциалды булану Е0 айырмашылығы булану дефицитімен сипатталады:
    ΔЕ=E-E0 Е0 = Е-ΔЕ
    Е = КЕ0
    К – булану коэффициенті (0,8)
    Ылғалдану дефициті мен дефицит коэффициенттерін келесі формула бойынша анықтайды:
    Ед = Е0 – О Кд = Ед/ Е0 Ед = КдЕ0
    Кд – орталық азиядағы коэффициент – 0,8-0,9
    Судың беткейлік ағысы жыл уақытына байланысты болады. Ол көктемгі, жаздық, күздік және орташа жылдық болады. Біздің елде ең жоғарғы және төзімді ағын жазда байқалады. Ағын көлемі дегеніміз су жинау көлемінен ағатын су мөлшері (м2):

    h = W/F W = hF


    һ – су қабаты, мм.;
    W – ағынның жалпы көлемі, м3;
    F – су жинау көлемі, м3
    a = W/O W = aO
    а – ағын коэффициенті
    β = Wn/O Wn = βO

    β – инфильтрация коэффициенті


    Беткейлік ағын модулі су шығынын анықтайды:



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет