Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»


Тақталап жайып суаруды қолдану жағдайлары



бет27/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
АШМ

Тақталап жайып суаруды қолдану жағдайлары. Суарудың бұл әдісін қолданғанда тақта бетіне су жайылып жіберілуінің сулдарынан топырақ нығыздалып қалады; суарғаннан кейін, әсіресе оның бастапқы күндерінде бетіне қабыршық пайда болып, одан судың булану мөлшері көбейеді; ауа алмасу және нитрификация прцестері төмендейді.
Кесте. Орта Азия жағдайы үшін бороздалардың ұзындығы мен оларға жіберілетін судың мөлшері (ТИИ және МСХ мәліметтері бойынша)



Топырақтың суды сіңіруі

Еңіс мөлшері

Су қоры аз борпылдақ топырақты жерлерді суарғанда

Су қоры белгілі шамадағы нығыздалған топырақты жерлерді суарғанда

Борозданың ұзындығы, м

Жіберілетін судың мөлшері, л/с

Борозданың ұзындығы, м

Жіберілетін судың мөлшері, л/с

Күшті

0,001
0,001-0,007
0,008-0,01

60-100
100-150
100-60

0,7
0,8-0,9
0,5-0,1

120-200
200-300
200-120

0,25-0,40
0,40-0,80
0,50-0,10

Орташа

0,001
0,001-0,007
0,008-0,01

75-125
150-175
120-75

0,5
0,5-0,6
0,3-0,1

150-250
300-350
240-150

0,20-0,35
0,50-0,90
0,60-1,12

Нашар

0,001
0,001-0,007
0,008-0,01

80-150
160-200
140-80

0,4
0,5
0,1

170-300
320-400
280-160

0,25-0,40
0,40-0,80
0,7-0,12

Өте аз еңістіктер үшін (0,0005-тен аз)

Күшті

-

60

0,25

120

0,4

Орташа

-

120

0,40

240

0,5

Нашар

-

150

0,10-0,15

300

0,2

Сондықтан тақталап жайып суару әдісі қатар аралықтары жақын (дәнді дақылдар мен шөптер) дақылдарды ғана суару үшін қолданылады. Сондай-ақ бұл әдіс еңістің мөлшері 0,002....0,2 шамасындағы учаскелерді сіңіре суару үшін де кеңінен қолданылады.Еңістің ең қолайлы мөлшері болып 0,002-0,007 саналады.


Суару тақталарының классификациясы. Суды тақтаға жіберу жағынан олар суды бас жағынан және ірге жағынан жіберетін болып екі түрге бөлінеді. Енінің шамасына қарай тар енді (1,8 -3,6м) және кең енді болады (30-40м); ұзындығына қарай қыска (50м) және ұзын (500м) болады.
Су бас жағынан жіберілетін тақталар көлденең еңістігі 0,002 шамасындағы учаскелерде жасалады. Су тақталары горизонтальдарға тікпе-тік болып тұқымды себу жұмыстарымен бірге жасалады. Еңісі өте үлкен және күрделі жерлерде топырақ топырақ палдарын сепкіштердің артына тіркелетін тар қамтитын риджермен (палжасағыштармен) жасайды.Ал енді жер еңісі қолайлы болған жағдайда палдарды ені 3,6 метрлік риджерлермен тіледі.
Себу агрегаты алға қарай жүргенде риджер сепкіш шүмегінің алдындағы топырақты тегістеп, жоғарғы топырақты жинап биіктігі 16-25см және табаны 40-60см тоқтатқыш палдар жасайды.Сөйтіп, сепкіш шүменктері тұқымды пал жасағыштардың артынан тегістеліп, аздап тығыздалған топыраққа себеді.
Ал енді суару учаскелерінің еңісі өте қолайлы болғанда тақталардың ені 30-40 метрдей болып, канал қызғыштар және пал жасағыштармен жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет