Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет30/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
АШМ

Қаптата суару әдісі - Қаптата суару әдісін қолданғанда су жан-жағы палдармен қоршалған суару атыздарына тереңдігі 5-25 см және одан да көп шамада жіберіліп, топыраққа сіңеді.Суару атызының көлемі негізінен учаске бетінің бедеріне, топырақтың су сіңіру мүмкіншілігіне, суару нормасының шамасына байланысты болады және оның шамасы 0,1 гектардан 50 гектарға дейін және одан да мол болады.
Суару атыздарын сумен ұзақ қаптатқанда топырақтың құрамы бұзылып, оның борпылдақтылығы, аэрациясы төмендеп, қышқылдану процестері тоқталады.Суды ұзақ қаптатудың салдарынан топырақтағы қоректік заттар сумен бірге оның төменгі қабаттарына шайылып кетіп, қоректің сіңірілмейтін түріне айналып кетеді.Сондай-ақ ыза судың деңгейінен көтеріліп кетуі топырақтың екінші рет сорланып кетуіне жағдай туғызды. Атыздағы су қабатының шамасы және оны қаптатудың ұзақтығы көбейген сайын бұл әдіспен суарудың теріс жақтары күшейе түседі.Күріштен басқа дақылдардың барлығы алғашқы кезе нашар өсіп, кейіннен ауа мен қоректің аздығынан мүлде өспей қалады.
Суады уақытша қаптатуды (2-3күн) жүгері, жоңышқа, күздік және жаздық бидай, арпа, сұлы, сорго және басқа да дақылдар жақсы көтерді.
Қаптата суару әдісінің тимді жақтарына суару жұмыстарының өнімінің жоғарылығы, тәлік бойы суару мүмкіншілігі, барлық ауыл шаруашылық жұмыстарын механикаландыру мен суару жұмыстарын автоматтандыруға мүмкіншіліктің барлығы жатады.
Қаптата суару әдісін қоланудың жағдайлары. Әдетте бұл әдіс күрішті суару, сорлаған жерлрді шаю және көлтабанды суару үшін қолданылады. Жүгеріні, жоңышқаны және дәнді дақылдарды суару үшін сирек қолданылады.
Күрішті суару үшін еңіс мөлшері шамалы, топырағы суды орташа сіңіретін және ыза суадың деңгейі жоғару жатқан жерлер таңдап алынады. Осы талапты орындаған жағдайда оны үздіксіз қаптата суарғанда суармалау нормасының мөлшері шамалылау болады.
Шөп, жүгері және дәнді дақылдарды қаптата суару әдісі еліміздің халық сирек қоныстанған еңіссіз, немесе еңісінің мөлшері шамалы, топырағы суды өте аз және орташа сіңіретін учаскелерде колданылады.Бұл учаскелердің ыза суының деңгейі өте төмен және лоар тұшы болуы қажет. Осындай жағдайда жер беті тегістеліп, суару атызының әр гектарына 50-100 л/с шамасында су жіберіледе және артық суды атыздан ағызып жібергенде суару нормасының мөлшері гектарына 1200-1600 м3, ал беті тегістелмеген және артық суы ағызылмайтын үлкен атыздар арқылы суарғанда суару нормасының мөлшері гектарына 3 мың м3 , кейде онда да көп болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет