Су тепе-теңдігін есептеу. Су тепе-тендігі дегеніміз берілген бір уақыт аралығындағы тепе-теңдік участкесіндегі су қорының өзгеруін айтамыз, ягни ол сол учаскеге келіп түсіп, су мен шығын болған судың арасындағы айырма.
Суғару алқабының су тепе-теңдігі С.Ф.Аверьяновтың теңдеуі бойынша анықталады:
∆ W = В + О – (И - Тр)+ (П - О) + (П- О)- С+ Р,
бұл жерде:
В- суғару жүйесіне алынған су мөлшері,
В = Onp + Фк + С,
бұл жерде:
Onp – шаю жүргісін ескерген кездегі нетто суғару нормасы.
Onp = Op+∆Op,
бұл жерде:
∆Op – оптималды тұздану жүргісін ұстап тұруға арналған шаю нормасы;
Фк – жер каналдардан сүзілген (сіңген) су мөлшері;
С – суғару алқабынан тасталған су мөлшері.
С = Ск + Сn
бұл жерде,
Ск және Сn - танаптардан және қашыртқы каналмен кеткен судың мөлшері;
Сс-ақабасыз жауын- шашын мөлшері;
И-суару каналдарының бетімен буланып кеткен су мөлшері;
Тр- өсімдік транспирациясы және топырақ бетінен бұланған су мөлшері;
П- келіп түскен жер беті сулары;
О- ағып кеткен(ақаба) су;
П- келіп түскен ыза сулары;
О- ағып кеткен ыза сулары;
Р-тепе-теңдік қабатындағы тереңдікте жатқан сулардың тік бойлық су алмасуы (ыза суларының қысымды жер асты суларымен коректеңуі немесе ыза суының төменгі қабаттарға агып кетуі).
Су тепе-теңдігінің барлық құрастырушысы төменгі тепе-теңдік сұлбасында көрсетілген (сурет ).
Бақылау сұрақтары:
Қандай топырақты тұздалған топырақ деп атайды?
Тұз санына байланысты топырақ түрлері.
Топыраққа тұз қайдан келеді және оның себептері?
Топырақ тұздалмас үшін алдын-ала қолданатын шаралар қандай?
Топырақ тұзын шаю технологиясы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |