Есеп.
m – 1000 м3/га;
n – 2;
ω – 36 га;
Тп – 6 тәулік.
Қорытындысын кестеге жазамыз (жинақталмаған графикті құрамыз).
Жинақталған графикті құру кезінде су көлемі өзгертілмеуі тиіс:
QнТн=QуТу=const
Qн, Qу – жинақталмаған және жинақталған график бойынша су шығыны, л/с;
Тн, Ту – жинақталмаған және жинақталған графиктердегі суару уақыты, тәулік.
Жинақталған графиктің орташа ординатасын келесі формула бойынша анықтайды:
Q1, Q2, Q3, ……Qn – су шығындары, л/с;
n – шығындар саны.
Жинақталған график кезінде суару арасында 1-2 күндік үзіліс жасау керек. Жинақталған график үшін суару ұзақтығын Ту келесі формула бойынша анықтаймыз:
Ту – 0,5 тәулікке дейін шамалау керек.
Жинақталған график үшін су шығынын келесі формула бойынша анықтайды:
Qy және Ty берілгендерін кестеге көшіреді. Әр суару мерзімін жинақталған график бойынша анықтайды.
Кесте №1. Ауыл шаруашылық дақылдарды суару ведомості
Дақыл
|
Әр дақыл көлемі, ω
|
Суару №
|
Суару мөлшері, нетто m, м3/га
|
Жинақталмаған график
|
Жинақталған график
|
Суару басы
|
Суару аяғы
|
Суару ұзақтығы Тн, тәулік
|
Су шығыны, Qн, л/с
|
Суару басы
|
Суару аяғы
|
Суару ұзақтығы Ту, тәулік
|
Су шығыны, Qу, л/с
|
Көпжылдық шөптер
|
|
1-і
2-і
3-і
4-і
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сүрлемге және дәнге жүгері
|
|
1-і
2-і
3-і
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мал азықтық немесе қант қызылшасы
|
|
1-і
2-і
3-і
4-і
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Күздік арпа+көпжылдық шөптер
|
|
1-і
2-і
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тәжірибелік жұмыс № 9,10
Тақырыбы:
«Көлдете суару»
Тапсырма:
1. Көлдете суару дегеніміз не?
2. Суару жүйесі қойылатын негізгі талаптар
3. Ашық-атыз жүйесі суретін салу
4. Есеп.
Тақырыпқа түсініктеме:
Көлдете суару дегеніміз- топырақты көктемгі еріген қар суымен бір реттік терең (2 м дейін) ылғалдандыру. Суарудың бұл түрін негізінен құрғақ алқапты пішендік жердің өнімділігін жоғарылату үшін, сонымен қатар қысқа вегетациялық кезеңге ие ауылшаруашылық дақылдарын суару үшін қолданады.
Көлтабан (лиман) дегеніміз- көктемгі еріген қар суы басатын, ылдилығы 0,003-тен аспайтын, үш жағынан іргелес жатқан су жиналатын аумақтан судың толығып-көбеюін қамтамасыз ететін жер дестелерімен шектелген учаскі.
Жер бедерінің және сумен қоректену көзінің жағдайына байланысты көлтабандар үш түрге бөлінеді:
Жоғарырақ орналасқан су жиналатын орыннан ағып келген, көктемгі еріген қар суымен толтырылатын көлтабандар. Олар 2 түрлі болады:
Қат-қабатты және жалғызды;
Тұйықталған су тоғандардағы көлтабандар (лиманы в котловане).
Суару және суландыру каналдарының суы жиналатын, су қоймаларының артық еріген суларымен толтырылған көлтабандар.
Өзен сағасында түрлі бөгеттер жасау жолымен, су жайылатын аңғарларда ұйымдастырылған көлтабандар. Бұл- көлтабандардың ең кең тараған түрі.
Су басу тереңдігіне қарай көлтабандар тереңдігі 15-30 см болатын таяз сулы және су басу тереңдігі 0,6-1 м жоғары тереңсулы көлтабандарға бөлінеді.
Үлкен құрылыстары жоқ, таяз сулы көлтабандар аса тиімді болып келеді. Көлтабандардың өтелу мерзімі нақты табиғи жағдайларға және шаруашылық қолдануларға байланысты болады, ол 1 жылдан 4 жылға дейін немесе одан да көп уақыт аралығында ауытқиды.
Көлдете суарудың кеңінен тараған негізгі аймақтары:
Солтүстік Қазақстан, Еділ бойы, Батыс Сібір және Солтүстік Кавказ.
Көлдете суарудың құрылғының арзан және қарапайымдылығы, сортаң және сор топырақты жерлерді тұщыту мүмкіндігі, топырақ эрозиясымен күрес, суарудың автоматтандырыуы және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің артуы сияқты бірқатар артықшылықтары бар.
Бірақ көлдете суарудың төмендегідей кемшіліктері де жоқ емес: көктемде топырақтың бір ғана мәрте ылғалдандырылуы, беткей бойы ылғалдану тереңдігінің біркелкі болмауы, суару аумағының жылдар өте келе ағын көлеміне байланысты өзгеруі, суарылатын учаскенің жоғарғы бетінің ылдилығы 0,002-0,003-тен аспай шектеулі болуы.
Жобалауға арналған бастапқы мәліметтер
Куйбышев облысы, Чапаев ауданындағы, «Луч» шаруашылығында орналасқан учаскені көлдете суарудың жобасын жасау қажет. Суару көзі- жиналған, көктемгі еріген қар суы. Учаскенің топырағы сұр топырақ, ол мынадай көрсеткіштермен сипатталады: көлемдік массасы: Δ=1,4 г/см³, ең төменгі ылғал сыйымдылығы γНВ=24%, қар ерудің бастапқы кезеңіндегі құрғақ топырақтың ылғалдылығы γср =14%, ылғалдандырудың есепті қабаты Һ=1,2 м. Суды жинау орнының аумағы ωВ=1000 га. Һст=40,6 мм; суару жүйесінің к.п.у.ή=0,8, Кф – 0,036 м/тәулік
Суарылатын алқапты пішендік жер ретінде қолдану көзделуде.
Учаске таңдау
Көлдете суару үшін учаске таңдау, келесі ұстанымдарды негізге ала отырып жасалады: жергілікті жердің ылдилығы 0,001-0,003 шеңберінде болуы тиіс; еріген қар суы жиналатын орынның аумағы суландыратын аумақ көлемінен 10-15 есе артық болуы тиіс; топырақтың ылғал сыйымдылығы және құнарлылығы жоғары болу керек.
Суару мөлшері мен суарылатын аумақ көлемін анықтау
Көлдете суару кезіндегі суару нормасын топырақтың есепті қабатын , ең төменгі ылғал сыйымдылық күйіне келтіру жағдайына қарап анықтайды. Аталған шарттар үшін суару мөлшерін мына формула бойынша есептейді:
а) нетто
Достарыңызбен бөлісу: |