Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет63/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
АШМ

Тәжірибелік жұмыс № 11,12
Тақырыбы:
«Көлтабан дестелерінің құрылысы мен сипаттамасы»
Тапсырма:
1. Көлтабан дестелері туралы түсінік?
2. Трапециялы және ұшбұрышты пішінді дестелер суретін салу
3. Есепті шығару
Тақырыпқа түсініктеме:
Көлтабан белдігі көлденең кесіндісінде трапециялы немесе үшбұрыш пішінді. Белдіктің биіктігі алдындағы су қабатының қалыңдығына байланысты болады (һmax) (таяз сулы көлтабандар үшін) 0,5-0,8 м аралығында өзгереді. Дестенің су деңгейінен қосымша биіктігін һ3=15-20 см деп алады. Дестенің жоғарғы енін, оның биіктігімен бірдей қылып алады. Көлтабан белдігінің биіктігін һв=60 см деп алсақ, оның су үстіндегі қосымша
биіктігі һ3= һв- һmax
Суаратын учаскінің мөлшерлері көлтабандарды екі қатарға және әр қатарда 6 ярустан орналастыруға мүмкіндік береді. Ең төменгі көлтабан асты келесі формулалар бойынша есептеледі:
1-ші көлтабан:

  1. Нп – 46м.

  2. Төменгі көлтабандағы су деңгейі Нув = Нп+2hср.б.min тең болады.

  3. Десте жалының белгісі Нгр= Нув3.

2-ші көлтабан:

  1. асты белгісі һmin шамасына төмен: Нп= Нувmin

  2. Екінші көлтабандағы су деңгейі Нув = Нп+(2hср.б.min)

  3. Десте жалының белгісі Нгр= Нув3.

Есептеулерді кестеге енгіземіз:



Көлтабан


Десте астының белгісі, Нп, м

Көлтабандағы су деңгейі, Нув, м

Десте жалы,
Нгр, м

6-7










5-8










4-9










3-10










2-11










1-12










Дестелерді жоспарға ең төменгі көлденеңнен, яғни 46,00 м-ден бастап салады. Содан соң жоспарда көлтабан енін белгілейді-700 м, су деңгейінің көрсеткішін тауып және жергілікті жердің көлденеңіне параллель суды азайту сызықтарын салады. Осыдан кейін десте жалының көрсеткішін табады. Су тежеуші дестелердің соңынан су айналымдарын қарастырады.


Бөлуші десте екі көлтабанның ортаңғы шекарасы арқылы өтеді. Көлтабан учаскесінің екі жағына қоршаушы және су ағынын бағыттаушы дестелер салады. Көлтабанның толтырылу ұзақтығын Т3 (сут) мына байланыстылық бойынша анықтайды:
Т3= Мср.бф;
мұндағы М'ср.б-көлтабанның толтырылуының брутто мөлшері, м.;
М'ср.б=2900 м³/га=0,29 м;
Кф-топырақтың есепті қабатын сүзу коэффициенті, м/сут;
Кф= 0,036 м/сут.
Көлтабанның толтырылу мөлшерін және топырақтың есепті қабатын сүзу коэффициентін біле отырып, толтырылудың ұзақтығын анықтаңдар:
Көлтабаннан суды түсіру үшін төменгі көлтабанда суқашыртқылар салады, көбінесе олар асбестцемент құбырлары түрінде болады. Түсіруге деген судың шығыны Qсб (л/с) мына байланыстылық бойынша анықталады:


Qсб=Wсб/ 86,4Тсб,
мұндағы Wсб- артық судың көлемі, м³; Тсб- суды түсіру уақыты, сут.
Есеп:
Көлтабандағы суқашыртқы асбестцементті трубаның диаметрін анықтау.
Берілгендері:

Көрсеткіштер

Нұсқа №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

ωп, га

11,9

12,3

12,0

11,5

13,4

13,1

12,6

13,8

11,5

һср.б., см.

16,8

15,9

15,6

12,6

14,8

16,1

16,5

15,8

15,7

Тср.б. тәулік

3

4

6

5

6

3

5

4

7

υ, м/с

0,75

0,78

0,84

0,96

0,81

0,74

0,71

0,86

0,84

Орташа есептеу бойынша су қашыртуға жалпы су көлемінің 20 % кетеді:


W= 0,2Wл=0,2ωл
Су қашыртқы труба диаметрін келесі формула бойынша есептейміз:

МСТ бойынша d – 195 мм – 0,195 м.
Көлтабандарды толтыру және босату реті
Еріген сулар су жиналатын орыннан ең алдымен жоғарғы, 1 және 12-көлтабандарға келіп түседі, оларды толтырғаннан кейін су айналым арқылы келесі- 2 және 11-көлтабандарға келіп түседі. Осындай ретпен ең төменгі- 6 және 7-көлтабандарға дейін жетеді. Көлтабандағы су топырақтың су сіңімділігіне байланысты 4-тен 14 тәулікке дейін тұрады. Осыдан кейін су босату құбырларындағы ысырмаларды ашып, артық суды ағызып жібереді. Жүргізілген есептер негізінде көлдете суару учаскесін сумен толтыру 9 тәулік бойы жүргізілетінін анықтаймыз. Бұның ішінде 6 тәулігі сумен толтыруға кетсе, 3 тәулігі суды босатуға жұмсалады.


Тәжірибелік жұмыс № 13,14
Тақырыбы:
«Ауыл шаруашылық дақылдарын алысқа шашатын жаңбырлатқыш машиналармен суару»
Тапсырма:
1. Суландыру жүйесін жобалауға арналған бастапқы мәліметтер
2. Жобаланып жатқан суландыру жүйеінің сызбасы
3. Жаңбырлатып суаруды есептеу
4. Есеп.
Мәскеу облысы, Подольск ауданында орналасқан «Вороново» шаруашылығында суландыру жүйесін жобалап, және ДДН-70 машинасымен жасалатын суаруды есептеу қажет. Суландыру үшін көлемі 240 га жер учаскесі бөлінген. Бұл учаскеде жем-шөптік ауыспалы егістікті игеру көзделуде. Суландыру көзі Ретунья өзені болып табылады. Суару мөлшері m=300 м³/га, судың атмосфералық шығыны 10%-ті құрайды. Бір танапты суару ұзақтығы 2 тәулік, суару тәулігіне 16 сағат жүргізіледі. Ауыспалы егістік дақылдарын суару кезеңі 12 тәулік. ДДН-70 машинасының су шығыны Q=65 л/с, гидранттағы су арыны һг=5м, ауыспалы егістік танабының ені 500 м, ұзындығы 600-1000 м деп алынады, жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті ήВ=0,8, суландыру жүйесінің пайдалы әсер коэффициенті ή=0,95; Суаруға арналған су насосты станциямен беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет