Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Г.Х.Демесінова, Х.Б.Мағзұмов
ТІЛДЕР ТИПОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ
Жоғары оқу орындарының
тіл мамандықтары студенттеріне арналған
«Типологиялық зерттеулер негіздері»
пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал
Павлодар
УДК 81’44 (075.8)
ББК 81.2 я 73
Д 29
С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған
Рецензенттер:
О. Қ. Жармакин - филология ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры.
Қ. Х. Текжанов - филология ғылымдарының кандидаты, ИНЕУ доценті.
Д 29 Демесінова Г.Х., Мағзұмов Х.Б.
Тілдер типологиясының негізгі ұғымдары: жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал. – Павлодар, 2006. – 44 б.
ISBN 9965-439-81-6
Бұл құралға лингвистикалық типологияның негізгі ұғымдары мен бөлімдерінің сипаттамасы енгізілір, студенттерде жалпы және жеке тіл білімі контексінде тілдерді типологиялық сипаттау туралы тұтас ұғым қалыптастыруға бағыттылған
Д 4602020000
00(05)-06
|
УДК 81’44 (075.8)
ББК – 81 я 73
|
ISBN 9965-439-81-6
– 652 –
19 – X
|
© Г. © Демесінова Г.Х., Мағзұмов Х.Б., 2006
© С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті, 2006
|
Кіріспе
«Типологиялық зертеулердің негіздері» пәнінің мақсаты студенттерді ана тілімен салыстыру тұрғысында үйренетін тілдің фонетикасы, грамматикалық құрылысы мен сөздік құрамы бойынша барлық мәліметтерді қажетті жинақтау кезіндегі типологиялық зерттеу әдістемесіне үйрету.
Пәнді зерделеу міндеттері:
1) тілдер типологиясының негізгі ұғымдары мен типологиялық зертеулер тарихына кіріспе;
2) ана тілі мен үйренетін шет тілдің жйелерін тұтасынан және тілдердің барынша ортақ белгілерін, өзара байланысы мен шариттылығын таба отырып, ішінара жекелеген микрожүйелерінд салыстырып қарастыру;
3) үйренетін және ана тілдің тіларалық айырмашылық белгілерін зерделеу, сөйтіп болашақ кәсіби мамандықтарының ұтымды негізін қалау.
Зерделеу нәтижесінде студент:
1) типологиялық зертеулердің әдістемесі мен тарихын;
2) бөлініп алынған категориялар саласында тіларалық сәйкестіктерді;
3) салғастырудың тұтас сипатын қамтамасыз ететін мазмұнды, формальды және функционалды категориялардың кешенін;
4) шет тілді үйрену мен аудармаға ана тілі құрылымының ықпалының сипатын білуге тиіс.
Зерделеу нәтижесінде студент:
1) тілдік материалды қарастыруға жүйелік жолды қолдануға;
2) салғастырылатын категориялардың мазмұндық жағына сүйенуге;
3) салғастырылатын бірліктердің функционалдық ерекшеліктерін ескеруге;
4) құрылымдарының барлық деңгейлерінде шет және ана тілдерінің типологиялық ерекшеліктерін талдауға;
5) ана және шет тілдердің қүрылымдық және функционалдық ұқсас (изоморфалық) және құрылымдық айырықша (алломорфалық) нышандарын анықтауға;
6) болашақ мамандар ретінде алда кездесетін қиыншылықтар мен оларды еңсеру тәсілдерін болжай білуге үйренуге тиіс.
1 Типология ғылыми танымның әдісі ретінде
1.1 Типологиялық салыстырудың әмбебаптылығы
Типология ғылымның ерекше бөлігі ретінде білімнің барлық салаларына тән, себебі белгісіз көпшіліктің жиынтығынан тұратын түрлі объектілерді таксономикалық сипаттау, жіктеу және салыстыру лингвистикалық, сол сияқты лингвистикалық емес ғылымдарда да (химия, биология, психология, тіл білімі, география, социология т.б.) қолданылады.
Ғылыми құрылымдарда салыстырудың екі түрін бөлуге болады:
1) субстанциялы салыстыру (яғни нақты бұйымдар мен заттарды салыстыру және дыбыстар, цифрлар, сандар мен басқаларының типін заттандыру);
2) субстанциялы емес салыстыру (ғылым мен өмірдің түрлі салаларына қатысты жүйелер мен олардың элемнттерін болжамды салыстыру).
1.2 Жалпы типологияның бөлімдері
Ғылыми танымның әдісі болғандықтан жалпы типология лингвистикалық емес және лингвистикалық типологияны біріктіреді, себебі екеуіне субстанциялардың, құбылыстардың, нышандардың, фактілердің, қатынастардың, уақиғалардың және басқаларының изоморфалық, сондай-ақ алломорфалық қасиеттерін табу міндеттері ортақ және ұстанымдары ұқсас. Оларды диалектикалық бірлік ұстанымы бойынша біріккен белгілі иерархиялық жүйенің конституенттері ретінде қарастырыап, ұқсау-ұқсамауын, жалпыламашылығы-даралығы, жиынтылығы-ерекшелігі, тұрақтылығы-тұрақсыздығы және басқаларын ескеріп, жіктейді.
1.3 Лингвистикалық емес типология
Лингвистикалық емес типология көптеген ғылымдарда салыстыру әдісі болып қызмет етеді, оның қолданылаясы өте кең. Лингвистикалық емес типология геология, тарих, ботаника, қоғамтану, юриспруденция, математика, өнер, экономика, биология, психология және басқа көптеген ғылымдарда салыстыру әдісі бола алады. Бұл ғылымдардың бәріне ортақтық пен жекеліктің, ұқсастық пен айырықшылықтың болуы тән, салыстыру солардың негізінде жүргізіледі. Өз кезегінде салыстыру сыртқы әлемді танудың қисынды тәсілдерінің бірі болып табылады.
Кейбір ғылымдарда типология дербес сала болып бөлінеді: салыстырмалы психология (түрлі филогенетикалық қатарлардың адам психикасының онтогенезі мен хайуанаттар психикасы онтогенезі арасындағы генетикалық байланыстарды зерделейді), салыстырмалы педагогика (экономикалық, әлеуметтік-саяси және философиялық негіздерін, сол сияқты ұлттық ерекшеліктерін аша отырып, қазіргі әлемде педагогикалық теориялар мен практикалық оқыту мен тәрбиенің даму тенденциясы мен ортақ және айырықша сипаттарын зерделейді), мәдени-тарихи типология (әр халықтың өз тарихының тұрғысынан тарихи құбылыстарды түгендеумен және олардың сан алуандыққа қауымдасуы тұрғысынан сол тарихи құбылыстарды жинақтаумен айналысады), салыстырмалы құқықтану, салыстырмалы әдебиеттану (ұлттық әдебиеттерді бүкіл әлемдік әдебиеттің жалпы жүйесінде салыстырады) және тағы басқалары.
Сондықтан бір ұстанымдар бүкіл бөлімдерге, басқалары жалпы типологияның аралас бөлімдеріне тән.
Осындай параметрлермен жалпы типологияның басқа бөлімдерінің ортақ ұқсастырушы нышандарын анықтауға болады.
Білімнің түрлі салаларында салыстыру жолының шамамен ұқсас операциялары мен сәйкес тәсілдерінің болуы жалпы типологияның нақты бөлімдері, адам қызметінің түрлі салалары фактілерін, уақиғаларын талдау мен жіктеудің ұқсас әдістері мен ұстанымдары бар бірыңғай ғылым болып табылатынын көрсетеді. Салыстырудың барлық түрлерін типологияға жатқызып, жалпы типологияны салыстырудын дара ғылымы деп есептеуге болады.
1.4 Лингвистикалық типология
Лингвистикалық типология – бір қатар тілдерде байқалатын негізгі, елеулі сипаттарды, нышандарды топтастырумен және заңдылықтар шығарумен айналысатын тіл білімінің бөлімі; тілдердің типтері туралы және тілдік құрылымның типтері туралы ілім. Оның тіл білімінің басқа бөлімдерінің арасында дербестігін анықтайтын өз пәні, әдісі, бөлімі мен тарихы бар.
2 Лингвистикалық типологияның негізгі бөлімдері
2.1 «Тілдер типологиясы» терминінің мазмұны
Типология пәнін анықтау жөнінде түрлі пікірлер бар: тіл мамандарының біреулері типология ғылымының шеңбері мен көлемін шамадан тыс кеңейтсе, басқалары, керісінше, типологияны зерттеудің мейлінше тар саласы деп түсіндіреді.
Барынша кең тараған және мезгілі жағынан бұрын туған мәні ғылымның тұтас бөлімінің атауына – лингвистикалық типологиға немесе тілдер типологиясына қатысты. Тіл мамандарының көпшілігі тіл білімінде типологины жекелеген тұтас тілдер мен тілдер топтарының жүйелері сияқты, жекелеген деңгейлерін, шағын деңгейлері мен микрожүйелерін салыстыру немесе салғастыру жолымен зерделенетін тілдердің типтері туралы ілім ретінде түсіндіруге келіседі.
Дж. Эллис салыстырмалы тіл білімі аясына аударма теориясын, диалектологияны, алмасуды және лингвистикалық типологиямен тығыз байланыста болып, зерттеу объектісі мен басқа арнайы ғылыми салаға енетіндерді қосып, типологияның қолдану аясын тым кеңейтіп жіберген.
Типологиялық зерттеулер барлық тілдерде көрінетін ортақтықты бөлуді ұсынады. Барлық тілдер үшін сойлем құрамында сөздердің арасындағы қатынас ғана емес, тілде берілетін зат пен іс- қимыл, субъект, предикат, объект, модальдық нышандарымен анықтауыштық сияқты ұғымдар да ортақ. Барлық тілдер үшін осы ортақтық типолигиялық салғастырудың негізінде жатыр, себебі нақты тілдік материалда оны анықтаудың грамматикалық тұлғасы бірыңғай жобаны бермейді (И.И. Мещанинов).
Қарастырылып отырған мәнінде тілдердің ортақ мәндерін бөлу «типология» ұғымының компоненті ретінде еніп, құрылымдық нышандарының негізінде түрлі тілдердің құбылыстарын жүйелеу мен түгендеуді ұсынады (Б.А. Успенский).
Типология бұл мәнінде жекелеген тілдер кластарының бірқатар қасиеттерінің жиынтығының негізінде құрылуын, бұл кластардың ірілеу кластарға топтастырылуын, ең соңында, тіл типтерінің барынша ірілеу жіктелу бірліктерін белгілеуді қамтиды (Т.П. Ломтев).
Терминнің неғұрлым жиі мәні жекелеген тілдің немесе оның жекелеген микрожүйелерінің құрылысының сипаттамасымен шектеледі (С.Д. Кацнельсон, М.И. Лекоцева, М.В. Раевский).
Терминнің жеке мәні- әлдебір жалғыз тілдің типологиялық сипаттарының жиынтығын жасау және сонымен оның типологиялық жіктелімдегі ұстанымы ретінде (Б.А. Серебренников, Н.В. Охотина).
Типологиялық зерттеулерде типологияның белгілі бір бөлімдеріне шартты түрде бекітілген түрлі терминдер кездеседі: «типология», «құрылымдық типология», «салыстырмалы типология», «ареалды типология», «характерология», «контрастивті лингвистика», «конфронтациялық лингвистика», «тілдік әмбебаптар», «трансляциялық грамматика», «салыстармалы – типологиялық тіл білімі» және басқалары. Comparative historical method, Comparative philology, Comparative linguistics, Contrastive Linguistics, Descriptive comparative Linguistics, Commparative grammar, Confrontational linguistics және т.б. Ағылшын ғылыми әдебиетінде «Comparative philology» тіркесі «жалпы тіл білімі» ұғымының орнында жиі қолданылады. «Салыстыру», «салғастыру» және «салыстыру әдісі», «салғастыру әдісі» терминдері әдетте синонимді. Терминдердің мұндай шашыранқылығы лингвистикалық типологияның әлі де ғылым ретінде берік қалыптаспағанын көрсетеді. Тіл білімі ғылымында лингвистикалық типологияның әрбір бөлімі мен түрінің пәнін, салғастырмалы және типологиялық әдістердің қарама-қарсы қойылуын, туыстас және туыстас емес тілдердің типологиялық сипаттауды, характерологиялық және характерологиялық емес зерттеулерді және басқаларын анықтау үшін жеткілікті материал жоқ.
Тілдерді салыстырмалы зерделеу туралы ғылымның дамуымен «салыстырмалы әдіс» және «салғастырмалы әдіс» терминдерін көпшілік мойындады. Салыстырмалы әдіс-туыстас тілдерді салыстырмалы тарихи зерттеу, ал салғастырмалы-синхронды тілікте туыстас, сондай-ақ туыстас емес тілдерді салыстыру (салғастыру). Алайда бұл терминдер туыстас және туыстас емес тілдерді салғастырудың арасына айқын шек қоймайды.
Типология пәнінің манызыңа орай екі толғам айтылады:
-
лингвистикалық типология - өзінің зерттеу пәніне тілдік жүйелерді салыстырудың барлық түрлерін (яғни сөздің толық мағынасында салыстырмалы лингвистика) қамтитын дербес ғылыми пән;
-
лингвистикалық типология - дәстүрлі компаративистикаға, характерология мен ареалды лингвистикаға қарсы қойылатын салыстырмалы лингвистиканың дербес бөлігі (яғни құрылымдық типология тәрізді).
Салыстырылатын тілдердің саны ерекше мәнге ие:
1) шектелмеген (әмбебаптығын анықтау үшін);
2) туыстас тілдердің шектеулі саны;
3) екеу. Келіспеушілік себебі – лингвистикалық типологияның бөлімдеріне немесе түрлеріне жолдың дифференциалды болмауы.
Б.А. Успенский, Ю.В. Рождественский, В.Г. Гак типология мен характерология пәнің дифференциаландырып, типология пәнін негізгін:
1) тілдерді типологиялық жіктеу;
2) лингвистикалық әмбебаптылық;
3) тіл-эталон;
4) арнайы типологиялық теория және басқа бөлімдерді біріктіретін құрылымдық типология ретінде анықтайды, түрлі туыстас және туыстас емес тілдердің жүйелерін салыстырумен айналыстын типологияның басқа да бөлімдерінің бар екенін жоққа шығармайды.
Қазіргі анықтамалардың сан алуандылығына қарамастан типология тілдер жүйелерін салыстырудың әр түрлері ретінде түсініледі. Генетикалық, типологиялық және ареалдық салыстырулар салыстырудың бірыңғай үрдісінің үш жағын құрайды. Бұл әдістер өзара бәсекелес емес, қайта бірін- бірі толықтырады.
Лингвистикалық салыстыру түрлері:
1) салыстырмалы – генеалогиялық (тарихи) салыстыру (туыстас тілдердің ортақ ата тұлғаларын қайта құру);
2) тілдердің жүйелері мен шағын жүйелерін типологиялық салыстыру:
а) туыстас (жақын туыстас және алыс туыстас);
б) туыстас емес – бір жүйелі немесе түрлі жүйелі тілдер;
3) ареалды лигвистика, бұған белгілі бір географиялық жақындықтағы тілдер жүйелерін салыстыру тән;
4) Г.П. Мельниковтың доминанттық жіктемесі, бұл доминнанттық нышандар негізінде тілдік типтерді анықтайды.
А.Е. Карлинский салыстырмалы әдісті, салғастырмалы әдіс пен құрылымдық типология әдісін ажыратуды ұсынады. Біріншісі жабық (фонология, грамматика), сондай-ақ ашық (лексика, фразеология) шағын жүйелерін талдау кезінде әлемнің табиғи (туыстас және туыстас емес) тілдерінің арасында ұқсастықтарды (айырмашылықтарды емес) табады. Салғастырмалы (контрастивті) әдіс деп әлемнің түрлі тілдерінде бір-біріне қатыстық тілдік құбылыстардың ерекше белгілерін зерделеу, синхронды зерттеулерде жекелеген (туыстас, сондай-ақ туыстас емес) тілдердің жүйелік идиоматикасын (диаморфизмін) анықтау түсіндіріледі; әдісті екі тілге қолдану конфронтативтік талдау деп аталады да, халық (шетел) тіліне, сол сияқты әдеттегі және машинамен аударма теориясына оқыту әдістемелігінің лингвистикалық негіздерін жасаудың өзекті қолданбалы міндеттерін шешеді. Типологиялық әдіс дегеніміз барлық деңгейлер мен жоспарларда әлем тілдерінің хабарлау құбылыстарын зерделеу мен олардың типологиялық сипаттамаларын құру; әлем тілдерінің типологиялық жіктемесін жасау; басқа (шетел) тілді оқытудың лингвистикалық негіздерін жасау.
Сипаттама жұмыстарының алынған нәтижелерін синтездеумен айналысатын лингвистикалық типологияның лингвистикалық емес типологиядан айырмашылығы лингвистикалық салыстырудың бүкіл саласын өзіне алуға тиіс.
2.2 Тілдер типологиясының бөлімдері
Ғылыми әдебиетте лингвистикалық типологияның негізгі әдістері мен бөлімдерін дәл жіктеу жоқ.
Профессор В.Д. Аракиннің пікірінше, лингвистикалық типологияға төмендегі бөлімдер кіреді.
Жалпы типология генетикалық және географиялық жағынан байланыспайтын, әлемнің жекелеген тілдерінің жүйесін сипаттайтын ұқсас және айырықша белгілерінің сомасын табумен байланысты жалпы проблемаларды зерделейді.
Типологиялық зерттеулер түрлі құрылымдық тілдердің кең ауқымын тарта отырып, туыстас тілдердің шеңберінен тыс лингвистикалық қадағалаулар шығарады, сөйтіп ауқымды жалпы тілдік проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Жеке типология бір тілдің немесе туыстас, сондай-ақ туыстас емес тілдердің шектеулі тобының типологиялық қасиеттерін зерделейді. Бастапқы сәті материалдық тұлғаның ортақтығы емес, туыстас емес тілдердегі белгілі бір бірліктердің семантикасының немесе функциясының ортақтығы (жіктеу есімдігің жүйесі, белгілі бір мысалы, қызмет функциялы жұрнақты морфемалар жүйесі).
Жеке типологияның шағын түрі - тарихи (диахронды) типология жекелеген тілдер ахуалы типологиясының, жекелеген тілдер мен тілдер топтары құрылымы типологиясының тарихи өзгерістерін зерделейді (синтетикалық типтен аналитикалық типке көшу немесе грамматикалық категориялар құрылымының тіл тарихының көне кезеңінен орта және жаңа кезеңіне өзгеруі).
Деңгейлік (аспектілі) типология, немесе шағын жүйелер типологиясы тілдердің жекелеген шағын жүйелерінің, деңгейлерінің фактілерін (фонологиялық жүйелерді, морфологиялық, лексикалық жүйелерді, сөз типологиясын т.б.) зерделейді.
Ареалды типология белгілі бір аймақтағы (Балқан түбегі, Шығыс Сібір аймағы) тілдердің жалпы типологиялық сипаттары мен заңдылықтарын зерделейді, мысалы болгар, албан және румын тілдерінде постпозитивтік артикльдің қалыптасуы.
Ана және шет тілдердің салыстырмалы типологиясы үйреніп жүрген тілдің ана тіліне қатысты типологиялық сипатын, көмегімен оқушының ана тілінде жоқ шет тіл құрылымының компоненттерін ескеруге болатындай әдістер мен тәсілдер жасау үшін шет және ана тілдерінің барынша елеулі типологиялық сипаттарын(нышандарын) табуды, оларды үйренушілердің ана тілінде жеткізуде қолданылатын құралдарды зерделейді.
Профессор Д.Буранов бұрынғы типологиялық зерттеулердің негізінде лингвистикалық типология бөлімдерін жіктеудің негізіне мына критерийлерді алуды ұсынады:
-
жүйелік жақындық;
-
генетикалық жақындық;
-
салыстырылатын тілдер жүйелерінің сандық шектеулігі мен шектелусіздігі;
-
салыстырылатын тілдер жүйелерінің ареалды шектеулігі мен шектелусіздігі;
-
тереңдік-беткі тепе-теңдігі мен тепе-теңсіздігі;
-
этикалық-эмикалық тепе-теңдік;
-
салыстыруға атомарлық жол,
-
салыстыруға деңгей аралық жол;
-
салыстыруға контенсивті жол;
10) салыстыруға формалды жол;
11) тіл-эталонның шектеулігі мен шектеусіздігі;
12) типологиялық операциялардың аяқталуы мен аяқталмауы.
Салыстырылатын тілдердің жүйелік жақындығы салыстырылатын тілдерді анықтайтын тілдік типтердің ортақтастығын білдіреді. Салыстырылатын тілдерге жекелеген шағын жүйелердің жақындығы барынша тән.
Генетикалық жақындық – тіларалық корреспондацияланатын құралдардың материалдық ортақтығына негізделген тіл аралық ұқсастық.
Салыстырылатын тілдер жүйелерінің сандық шектеулілігі мен шектелусіздігі – салыстыруға енгізілегн тілдер тізімінің ашық немесе жабық болуы.
Салыстырылатын тілдер жүйелерінің ареалды шектеулігі – белгілі бір тілдік құбылыстар немесе нышандардың таралуының негізінде тілдер жүйелерінің аймақтық шартты шектелуі.
Терең–беткі тепе–теңдік пен тепе–теңсіздік – ортақ терең мағынасымен біріккен беткі материалдық құралдардың сәйкестігі немесе сәйкессіздігі. Мұнда салыстырылатын тілдердің негізінде жатқан жинақталған тілдік мағына тереңдік құрылым ретінде түсіндіріледі.
Этикалық-эмикалық тепе-теңдік барынша нақты семиологиялық релевантсыз материалдық бірліктердің семиологиялық релевантты дерексіздендірілген бірліктермен сәйкестігін шамалайды. Мысалы, грамматикалық деңгейдің бірліктерін салыстырғанда белгілі грамматикалық категория белгілі бір қосымшаның немесе қосымшалардың көмегімен айтылады. Материалдық бірліктер болғандықтан бұл қосымшалар тілдің этикалық шағын деңгейіне, ал олардың дерексіздендірілген корреспонденттері морфемалар ретінде тілдің эмикалық шағын деңгейіне жатады. Егер салыстырылатын тілдерде етістілік етіс морфемасымен айтылса, онда эмикалық сәйкестігін көрсетеді. Алайда этикалық шағын деңгейде бұл морфемалардың түрліше өткерілуі мүмкін.
Салыстыруға атомарлық жол белгілі бір категорияны деңгейлік оқшаулау ретінде сипатталады. Типология тілдік жүйелермен бір оқшауланған деңгейде немесе бір мезгілде бірнеше деңгейде іс жүргізеді.
Салыстыруға деңгей аралық жол деңгейлік оқшаулауға қарсы қойылады. Ол белгілі бір категориялық ұғым тіл иерархиясының бірнеше деңгейлерінде зерделенген жағдайда қолданылады (деңгей аралық синонимдер, тіл аралық корреспонденттер түрлі тілдердің жүйелерінде). Деңгей аралық жол салыстырылатын тілдер жүйелерін толық түгендеу үшін қолданылады.
Салыстыруға контенсивтік жол типологиялық категориялардың семантикалық негізде бөлінуі. Таңдалған семантикалық инвариант салыстыру үшін метатіл болып қызмет етеді.
Салыстыруға формалды жол тілдік жүйелерді салыстырып сипаттау тәсілімен байланысты. Тілдік жүйелерді салыстыруды не сипаттап, не салыстыру үшін жасалған арнайы символдардың көмегімен формалды жүзеге асыруға болады.
Практикалық мақсаттарда тіл-эталонның шектелулігі мен шектелусіздігі. Практикалық мақсат үшін тіл-эталонда немесе метатілде айыруға болатын: а) максималды тіл-эталон (метатіл); ә) минималды тіл-эталон (метатіл).
Бұл екі вариант өз қызмет саласымен айырықшаланады. Максималды тіл-эталон әмбебап қасиетке ие болып, тілдік әмбебаптарды анықтағанда қолданылады, ал минималды метатіл (тіл-эталон) өз қолданысында тілдердің генетикалық және ареалды тобының шегінде және екі нақты тілдің қосақты жүйесімен шектеледі.
Типологиялық операциялардың аяқталуы мен аяқталмауы да зерттеу көлемімен және тіл-эталонның қызмет саласымен байланысты. Тілдік жүйелерді салыстыру үрдісі екі кезеңнен тұрады:
а) талдау кезеңі;
ә) тілдесу кезеңі.
Бірінші кезеңді ішкі тілдік үрдіс ретінде сипаттауға болса, тілдесу кезеңі тіларалық болып табылады. Типологиялық операция аяқталған (шектелмеген) және аяқталмаған (шектеулі) болады. Шектеулінің екі типі айырықшаланады:
1) сандық –тілдік;
2) деңгейлік.
Бірінші типтің негізінде салыстыруға алуға болатыны:
а) бірыңғай тілдік типтің екі типі;
ә) түрлі типтердің екі тілі;
б) бір типтің бірнеше тілі;
в) түрлі типтердің бірнеше тілі.
Деңгейлік шектеу белгілі бір категориялық ұғым құралдарын деңгейлік оқшаулаумен байланысты.
Сөйтіп лингвистикалық типологияның бөлімдерін зерттеу мақсаттар және типологиялық сипаттауға жолдар:
1) зерттеу объектісі;
2) тілдің екі қырына қатынасы;
3) тіл иерархиясы деңгейлеріне қатынасына қарай жіктеу жон.
2.2.1 Зерттеу объектісі бойынша лингвистикалық типологияның бөлімдері
Зерттеу объектісі бойынша лингвистикалық типологияға төменгі бөлімдер енеді:
1) генетикалық типология;
2) құрылымдық типология;
3) ареалды типология;
4) салыстыру типологиясы.
2.2.1.1 Генетикалық типология
Генетикалық типология салыстыратын тілдердің гентикалық ортақтылығын ескере отырып, диахрониялы, сондай-ақ синхрониялы генетикалық туыстас тілдер жүйелерін салыстырумен айналасады. Бұл жағынан генетикалық типология жеке лингвистикалық сипатқа ие.
Генетикалық типологияның негізгі мақсаты-туыстас тілдерде материалды тепе-тең бірліктерді анықтап табу. Типологиялық изоморфтық этикалық деңгей бірліктердің материалды ұқсастығына негізделеді. Этикалық деңгей бірліктерінің ұқсастығы этикалық деңгейдің материалдық бірліктерінің тепе-теңдігіне тәуелді болып табылады. Басқаша айтқанда, генетикалық типологияға тереңдік-беткі тепе-теңділікке тән. Ол тарихи ортақтастығын ескере отырып, тиісті материалдық элементтердің негізінде біріккен түрлі тілдердің жүйелерінде сәйкес лингвистикалық бірліктердің таралу дәрежесін зерделеумен айналысады.
Генетикалық типология іштей былай бөлінеді: а) динамикалық-генетикалық типология; ә) статикалық-генетикалық типология.
Динамикалық-генетикалық (диахронды-тарихи) типология тілдер жүйесін диахронды тұрғыда салыстырып, белгілі бір топ тілдерінің жүйелерін теориялық қайта құрастырумен айналысады.
Статикалық-генетикалық (синхронды-генетикалық) типология генетикалық туысқан тілдердің жүйелерін синхрония тұрғысынан салғастырумен айналысады, тілдер жүйесін белгілі синхронды бөлікте қарастырады, сол кезеңге тән ортақ изоморфты немесе алломорфты қасиеттерді тауып анықтайды.
Тарихи типологияны барынша ірі бөлуді М.М.Гухман ұсынып, тарихи немесе диахронды типологияда
а) тілдік құрылымдардың тарихи типологиясын (құрылымдық диахронды типология);
ә) тарихи функционалды типологияны ажыратады.
Ол лингвистикалық типологияның бірқатар бөлімдерінің диахронды аспектісін тарихи-функционалды типологияға біріктіреді.
Генетикалық типологияны лингвистикалық типологияның арнаулы бөлімі ретінде бөлетін модификациялаушы факторлар:
а) белгілі тілдік тип ішінде салыстырылатын тілдер жүйелерінің генетикалық шектеулілігі;
ә) тілдер санының сандық шектеулігі немесе жабық болуы;
б) тереңдік-беткі ұқсастық;
в) этикалық және эмикалық деңгейлер бірліктерінің сәйкестігі;
г) іс-қимыл саласының атомарлығы, яғни салыстырылушы тілдер жүйелерінің жақындығы мен қашықтығына қарай тіл иерархиясының жекелеген деңгейі бірліктерін оқшаулап салыстыру мүмкіндігі;
ғ) зерттелуші тілдердің жүйелік жақындығы;
д) генетикалық туысқан тілдер жүйелері шегінде тіл-эталонның шектеулігі.
Көрсетілген қасиеттер жиынтығының негізінде тілдердің генетикалық типтері анықталады. Генетикалық типтер салыстырылатын тілдердің шағын жүйелік қасиеттеріне негізделеді.
Сойтіп, генетикалық типология – лингвистикалық типологияның терең-беткі және этикалық–эмикалық тепе-теңдігінің негізінде тілдік типті анықтайтын бөлімі. Генетикалық типология терең категориялы ұғымдардың ұқсас беткі бірліктерді белгілеумен айналысып, генетикалық микротиптердің жалпы типологиялық макротиптердің арасында орнын анықтайды. Соңғысы терең-беткі тепе-теңдікке бейтарап болып, бірнеше генетикалық микротиптерді біріктіреді. Генетикалық типология генетикалық туысқан тілдер жүйесін динамикада да, статикада да салыстырады.
Тарихи типологияландыру тіл тарихын кезеңдендіруді негіздеудің бірі ретінде қызмет етеді.
Тарихи даму үрдісінде тіл құрылымдарында тіл типологиясын ауыстыратын өзгерістер өтеді. Мысалы, үш морфемалық сөздің бір морфемалық сөзге айналуы (д.г. * dagaR> д.а. dǽз > н.а. day), бағыныңқы компоненттің родта, санда және септікте негізбен қиысуы жоғалып, оның мысалы, XV ғасырда ағылшын тіліндегідей, атрибутты сөз тіркестерінде жанасумен алмасуы; осалдың [ə] (графикада е) түсіп қалуының салдарынан сын есім жанасу тұлғасына енген синтаксистік байланыс айтылымының тұлғасы ретінде қиысуды жоғалтқан, тілдің бүкіл құрылымына соқтығысып, тіл типологиясын өзгертуге соқтырып, терең сипатқа ие болған. Мұндай өзгерту тиісті тілдің тарихын кезеңдендіруге тікелей қатысты.
Үш морфемалық сөздің бір морфемалыққа өзгеру ағылшын тілінен басқасында да орын алған. Көне үнді-европалық тілдердің –санскрит, көне грек, латын, славян, көне герман тілдерінің – бәрінде ертеде үш морфемалық құрылым болған; салыстырыңыз: орысша –неб-ес-а, врем-ен-а; латынша hom-in-is – адамды, virt-ut-em – қайырымды (вин.пад.ж.т.). Осылайша үш морфемалық құрылымның көне кезде осы тілдердің морфологиялық құрылымының типологиялық сипаттарының бірі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Көне тілдердің негізгі типологиялық нышандарының бірқатар тілдерге ортақ, сипаты бірдей ұқсас заңдылықтар бойынша жүріп, тілдің типологиялық сипаттарының өзгеруіне соқтырған өзгеріс диахроникалық константа аталады. Диахроникалық константалар – типологиясына елеулі ұқсас өзгерістер енгізген, сондықтан кезеңдендірілуімен тығыз байланысты бірқатар тілдер құрылымының өзгеруінің ұқсас үрдістері (М.М.Гухман).
2.2.1.2 Құрылымдық типология
Құрылымдық типология – типологиянынң негізгі құрамдас бөлігі – барлық, генетикалық немесе ареалдық шектеулерден тыс нақты тілдер фактілерін жүйелеумен және түгендеумен, ортақ тілдік әмбебаптарды табумен айналысады.
Өз операцияларын типтік нышандарды анықтаумен аяқтайды. Ол лингвистикалық типологияның генетикалық және басқа бөлімдерінің мәліметтерін пайдалана алады. Құрылымдық типологияның түпкі мақсаты – тілдердің әмбебап қасиеттерін табу.
Құрылымдық типологияның пәнін анықтайтын факторлар:
а) жүйелік жақындыққа индиффенренттілік;
ә) генетикалық жақындыққа индиффенренттілік;
б) зерттелетін тілдердің салаларының немесе санының шектеусіздігі, яғни салыстырылатын тілдер санының ашықтығы;
в) ареалды шектеусіздік;
ғ) терең-беткі тепе-теңдіктің болу немесе болмау мүмкінділігі;
д) этика-эмикалық тепе-теңдікке бейтараптылық;
е) салыстыруға атомарлық және деңгей аралық жолдың мүмкіндігі;
ж) тіл-эталонның қатысты шексіздігі;
з) типологиялық операциялардың аяқталуы.
Құрылымдық типологияның пәні мен міндеттері төрт бөлімге бөлінеді (Ю.В.Рождественский):
1) лингвистикалық әмбебаптар;
2) тіл-эталон;
3) типологиялық жіктеу;
4) арнайы типологиялық теория.
Лингвистикалық әмбебаптар ұғымы тілдік фактілер унификациясы үрдісімен, әлем тілдерінің барлық немесе белгілі бір топтарының жүйелеріне тән ортақ белгілерді анықтаумен, ең соңында тілдік құбылыстарды жинақтаудың арнайы әдісін жасаумен байланысты.
Тіл-эталон лингвистикалық құрал немесе жүйе болып табылады, соның көмегімен түрлі тілдердің құрылымын салыстыру үрдісі жүзеге асырылады.
Тілдердің типологиялық жіктелуі генеалогиялық жіктелуге қарсы қойылады. Ол тілдердің таксономикалық нышандар бойынша бөлінуімен, тілдік типтер мен типтік нышандарды анықтаумен байланысты.
«Типологиялық теория» термині типологияда қолданылатын жалпы лингвистикалық ұғымдарды табуды білдіреді. Осы типологиялық теориялардың көмегімен түрлі тілдер жүйелерінің арасында изоморфизм мен алломорфизмді анықтауға, тілдердің топологиялық туыстық дәрежесін белгілеуге болады. Типологиялық теорияның міндетіне тілдердің шектеулі және шектеусіз саны жүйелерін салыстырумен қатысты минималды және максималды параметрлерді анықтау және басқа сол сияқты мәселелер енеді.
2.2.1.3 Ареалды типология
Ареалды типология белгілі бір аумақта немесе ареалды тілдік қасиеттердің таралу және жақындық тұрғысынан тілдік жүйелерді салыстырумен айналысады. Ареалды әдіс тілдердің өзінің және олардың сыртында тұрған мәдениеттердің өзара жерінің немесе оларға үшінші тілдердің ықпалының әсерінен құрылған ортақ элементтерді анықтау мақсатында туыстық дәрежесіне қарамастан тілдердің туыстуасуын қарастырады. Тілдердегі алмасқан элементтер, тілдік жалғаулықтар, қос тілділік осындай зерттеудің объектісі болып табылады. Лингвистикалық әдебиетте тіл білімінің осы бөліміне арналған түрлі терминдер бар: «ареалды лингвистика», «лингвистикалық география» т.б. Ареалды типологияның зерттеу шеңберіне төмендегі мәселелер енеді: а) диалекттер мен диалектілік шектеулерді зерделеу; ә) диалектологиялық карталар жасау; б) туыстас және туыстас емес тілдер жүйелерінде жекелеген белгілердің таралуын зерделеу; б) жекелеген тілдік өзгерістерді тіркеу және олардың таралуын зерделеу; в) жекелеген тілдік өзгерістерді тіркеу және олардың таралуын анықтау; г) неологизмдерді, архаизмдерді анықтау; ғ) тілдер-субстраттарды зерделеу; д) ауысқан түрлі жіктерді зерделеу; е) түрлі тілдердің өзара ықпалын зерделеу және басқалары.
Белгілі бір ареалда немесе мемлекетте тілдік қатынас, дүбара тілдер және басқалары ерекше қызығушылық тудырады. Ағылшын тілі варианттарының (Шотландияда, Ирландияда, Америкада, Азияда, Африкада) табиғатын, сол сияқты Pidgin English (Қытайда, Австрияда, Океанияда, Гавай аралдарында), Kroo English, Fanagalo English, Taki-Taki English типті дүбара тілдерінің мәртебесін анықтауға және басқаларына байланысты проблемалар даулы жағдайларға жатады.
Ареалды типологияның негізгі модификациялаушы факторлары:
а) іс-әрекет саласының ареалды шектеулігі;
ә) генетикалық жақындыққа индифференттілік;
б) жүйелік жақындыққа индифференттілік;
г) тіл-эталонның шектеулігі;
ғ) терең-беткі барабарлықтың болу мүмкіндігі;
д) салыстыруға стомарлық жол т.б.
2.2.1.4 Салыстырмалы типология
Салыстырмалы типология мазмұн жоспарының таңдап алынған ортақ бірліктің тіларалық нварианттарын тілдердің шектеулі санын (екеуден) қарастырады және әртүрлі генетикалық топтар тілдерінің типологиялық ұқсастығын анықтайды. Оның тілдердің шектеулі саны жүйесіндегі кейбір ортақтықты немесе изоморфтықты бөлуге болады. Салғастырырылатын тілдер санының шектеулігінен салыстырмалы типология лингвистикалық әмбебаптарды таба алмайды. Алайда тілдердің шектеулі саны жүйелерін зерделеу негізінде алынған нәтижелерді құрылымдық типология лингвистикалық әмбебаптарды одан әрі табу үшін пайдаланылуы мүмкін. Өз кезегінде тілдік құрылымды «атомдау» жолымен алынған құрылымдық типология мәліметтерінің салыстырмалы типологияда корреспонденттендіруші құралдарды табу кезінде пайдаланылуы ықтимал. Салыстырмалы типология тілдік құбылыстардың әр түрлігіне қарамастан жеке әр тілдің жүйесін жасайды. Салыстыру типологиясының корреспонденттеуші құралдарын табу көп ярусты болуы мүмкін, ал құрылымдық типология изоморфтық құбылыстардың бір ярустылығынан басталады.
Екі немесе одан көп тілдердің жүйелерін салыстыру жеке әрбір салғастырылатын тіл жүйесінің бұрыннан белгілі материалында құрылады. Мұнда әр деңгей бірліктерінің өзіне тән ерекшеліктері жеке де, басқа деңгей бірліктерімен өзара қатынаста да ескеріледі. Бір уақытта бірнеше тілдерде түрлі шағын жүйелерді салыстыруға болады. Мұндайда екі тіл жүйелерін салғастыру бастапқы үрдіс болып табылады. Әдетте екі топтан немесе семьядан өкілдер ретінде екі тіл таңдалып, одан әрі тілдердің саны ұлғаяды.
Салыстырмалы типология қосарлы мақсатты-теориялық және қолданбалы (немесе оқу) мақсатты көздейді.
Салыстырмалы типологияның модификациялаушы факторлары:
а) генетикалық туыстыққа индифференттілік;
ә) жүйелік жақындыққа индифференттілік;
б) салыстыруға ұғымдық немесе контенсивтік жол;
в) салыстырылатын тілдер санының шектеулігі;
г) салыстыруға деңгейаралық жол;
ғ) инварианттардың аралық тілділігі;
д) типологиялық операциялардың қатысты аяқталуы;
е) тіл-эталонның минимальдылығы;
ё) салыстырылатын тілдер жүйелерінде тиісті бірліктердің терең-беткі тепе-теңдігіне индифференттілік.
Салыстыруға байланысты характерология және контрастты лингвистика сияқты пәндер бөлінеді. Олардың және типологияның айтылып өткен бөлімдерінің арасында айқын қарама-қайшылық жоқ. Профессор Д.Буранов сондай әрекет жасап көрген.
Характерология – генетикалық туыстас және туыстас емес тілдердің шектеулі саны жүйелерінде жекелеген тілдік құбылыстарды салыстырмалы зерттеумен айналысатын лингвистикалық типологияның бөлімі. Характерология пәнін нақтылау В.Матезиустың есімімен байланысты.
Характерологияның дамуы лингвистикалық типологияның дамуымен тығыз байланысты. Оның бөлінуі бөлінген тілдік типтердің барынша тереңдетіле зерделенуімен пайымдалады.
Тілдік жүйелерді салыстыру әдісі ретінде хронология лингвистикалық типологияның құрамына енеді: салыстырмалы типологияның сәйкестігінің заңдылығын бекіту, хронология басқалармен салыстыру бойынша бір тілдің немесе тілдер тобының барынша ортақ қасиеттерін табумен айналысады.
Контрастивті лингвистика салғастырмалы лингвистиканың синонимі болып саналуы мүмкін. Олар ұқсас жолмен дамыған, ал «контрастивті» термині «салғастырмалы» терминінің өзге тілдік эквиваленті болып табылады. Контрастивті лингвистика лингвистикадан гөрі оқыту әдістемелігіне жақынырақ. Топтастыру-трансформациялық әдіс салыстыру үшін барынша қолайлы әдіс болып есептеледі.
Контрастивті лингвистика мен салыстырмалы типология өзара төмендегі факторлардың негізінде айырықшаланады:
а) контрастивті лингвистика лингвистикалық типологияға қарсы қойылады да, салыстырмалы типология лингвистикалық типологияның бөлімі болып саналады;
ә) контрастты лингвистика бойынша көптеген зерттеулерде әдістемелік, лингвистикалық, психологиялық және аудармашылық аспектілер шектелмейді, ал салыстырмалы типологияда олар қатаң дифференцияланады;
б) контрастивті лингвистика екі тіл жүйелерінде бір деңгейлік сәйкес құралдарды зерделейтін ғылым ретінде қарастырылса, ал салыстырмалы типологияға тілдер жүйелерін көп деңгейлі салғастыру көбірек тән.
Сөйтіп, қазіргі лингвистика ғылымында лингвистикалық типология түрлі тілдер жүйелерін салыстырумен айналысатын жалпы тіл білімінің жалғыз бөлімі болып табылады да, әрқайсысының өз таралу тұлғасы, міндеті мен қызметі бар құрылымдық, генетикалық, ареалды және салыстырмалы типология оның негізгі бөлімдері болып санала алады. Бірі екіншісін алмастыра алмайды.
Лингвистикалық типология бөлімдерінің арасындағы көптеген ортақ белгілер олардың бірін-бірі толықтыруына, өзара байытуға негіз болып қызмет етеді. Сонымен қатар әр бөлімнің өз ерекшелігі бар, сонымен айырықшаналады.
1 кесте – Лингвистикалық типологияның бөлімдері
|
Жалпы типология
|
|
|
|
|
|
Лингвистикалық емес типология
|
|
Лингвистикалық типология
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
генетикалық типология
|
құрылымдық типология
|
салыстырмалы типология
|
ареалды типология
|
Лингвистикалық типологияның жалпы мақсаты – тілдік типтерді анықтау, тілдік жүйелерді салыстырудың негізгі әдістерін бөлу.
Құрылымдық типология тілдердің шектеусіз саны шегінде ортақ мәселелерді қарастырады, генетикалық типология генетикалық шектеулі (яғни туысқан) тілдердің жүйелерін салыстырумен шектеледі, ареалды типология белгілі бір ареал тілдерін таңдайды, ең соңында, салыстырмалы типология тілдердің шектеулі санының жүйелерін зерделейді.
Функциясы бойынша салыстырмалы типология құрылымдық типологияның белгілі айырықшылықтары бар, солардың бастылары мыналар:
1) құрылымдық типология глобалды типті нышандарды, ал салыстырмалы типология салыстырылатын тілдер жүйелеріне тән минималды типті нышандарды табады;
2) өзінің зерделеу объектісіне құрылымдық типология ешқашан болмаған тілдердің жүйелерін қосуы мүмкін, ал салыстыру типологиясы нақты бар немесе болған тілдердің жүйелерімен шектеледі;
3) құрылымдық типология типті нышандарды нақты тілдік материалсыз индуктивті, ал салыстырмалы типология салыстырылатын тілдер жүйелерін талдау және тыңғылықты түгендеу жолымен табады;
4) құрылымдық типология үшін жекелеген ярустардың формалды нышандары маңызды, ал салыстырмалы типология үшін тіл иерархиясының түрлі деңгейлерінде формалды-мазмұнды бірліктердің сәйкестігін зерделеу басты болып табылады.
2.2.2 Тіл иерархиясы деңгейлеріне қатысы бойынша лингвистикалық типология бөлімдері
Лингвистикалық типология тіл иерархиясының барлық деңгейлеріне сүйенеді. Басқаша айтқанда, ол фонологиялық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік деңгейлердің бірліктерін салыстыра алады. Деңгейлік талдауға жолдар әртүрлі, алайда типологтардың көпшілігі тіл деңгейлерін шектеуді жөн санайды. Белгілі бір деңгейдің әлдебір бірліктерінің бөлінуі түрлі себептерге қатысты. Біріншіден, салыстыру сипатына, яғни құрылымдық, генетикалық және ареалды типологияға атомарлық яғни деңгейлік жол көбірек тән, ал салыстырмалы типология түрлі деңгейлік бірліктерді табумен айналысады. Екіншіден, жекелеген деңгейлер барынша оқшау қарастыруды қажет етеді. Мәселен, фонологиялық деңгейге барынша оқшаулану керек. Салыстырғанда тілдік шектеудің белгілі мағынасы бар, өйткені ондай шектеусіз әмбебапты табу мүмкін емес.
Тіл иерархиясының деңгейлеріне қатыстылық бойынша лингвистикалық типологияның мындай бөлімдердің болуы мүмкін:
а) фонологиялық типология;
ә) фонетикалық типология;
б) морфологиялық типология;
в) синтаксистік типология;
г) лексикалық типология және басқалары.
2.2.2.1 Фонологиялық типология
Басқа деңгейлермен салыстырғанда бұл деңгей барынша оқшауланған, сонымен қатар типологиялық көзкарас тұрғысынан барынша өңделген бөлім болып табылады. Фонологиялық деңгей ішінде өзіндік фонологиялық шағын деңгейлерге бөлінеді.
Фонологиялық типология тілдің фонологиялық-эмикалық деңгей бірліктерін салыстыруды білдіреді. Ол фонологиялық дифференциалды нышандарды бөлу мәселелерімен, олардың әмбебаптылығын анықтаумен, тілдердің фонологиялық құрылымын зерделеумен, фонологиялық ерекшеліктеріңің негізінде тілдерді жіктеумен (тональды және тональсыз тілдер типі), әлем тілдерінің фонемалық құралын анықтаумен және басқаларымен айналысады.
Фонологиялық типологияны дамытудағы жетістіктерге фонологиялық әмбебаптардың бөлінген жағдайларын, Н.С.Трубецкийдің дифференциальды нышандарын, И.Крамской мен П.Ковалевтің квантитативтік критерийлерін, А.Мартиненің тон мен екпін бойынша супрасегментті типологиялық жіктеуін, Г.П. Мельниковтың түрлі дауыстылардың артикуляциялық-акустикалық жақындық дәрежесін анықтауын және басқаларын жатқызуға болады.
Түрлі нақты тілдердің фонологикалық жүйелерін салыстыру жөніндегі көптеген зерттеулер де осыған жатады.
2.2.2.2 Фонетикалық типология
Фонетикалық типология тілдің фонетикалық деңгейінің бірліктерін салыстырумен айналысады. Негізінен нақты физикалық бірліктерді зерттейді. Фонетикалық типология туыстас, сол сияқты туыстас емес тілдердің бірліктерін салыстыра алады. Оның міндетіне барлық тілдердегі немесе тілдердің белгілі тобының дауысты дыбыстарының санын, таралу аймағын немесе екі нақты тілдегі бинарноны анықтау, нақты тілдердің дауыстылары мен дауыссыздарының үйреншікті айтылу қасиеттерін бөлу, тілдердің жекелеген топтарында белгілі бір айырықша дыбыстардың бар – жоғын зерттеу, тілдерді дыбыстық ерекшеліктері бойынша жіктеу, сынақтық мәліметтерді салыстыру және басқа көптеген мәселелер енеді.
Фонетикалық және фонологиялық бірліктерді салыстыру құрылымдық, генетикалық, таралу аймағы және салыстырмалы типологияда өзінше қолданылады.
Фонетикалық немесе фонологиялық типология метрикалық типология (metric typology) және басқа типті фонологиялық стилистиканың типологиялық мәселелерін зерттегенде пайдаланылуы мүмкін.
Фонетикалық және фонологиялық жүйелерді өлшем бірліктерімен салыстырғанда фонемалар мен дифференциалды нышандар қызмет етуге тиіс.
2.2.2.3 Морфологиялық типология
Морфологиялық типология зерттеулерінің шеңбері өте кең. Ол морфологиялық деңгей бірліктерін салыстырады. Зерттеу сипаты бойынша морфологиялық типологияны екі типке бөлуге болады:
1) тілдерді морфологиялық жіктеумен айналысатын морфологиялық типология;
2) грамматиканың жекелеген нақты мәселелерімен айналысатын морфологиялық типология;
Біріншісі тілдік типтерді аңықтаумен айналысатын классикалық типологиялық жіктеудің жалғасы болып табылады. Ол тілдерді белгілі бір типтер бойынша жіктеудің жалпы мәселелерімен айналысады.
Морфологиялық типологияның екінші типі салыстырудың жекелеген мәселелерімен айналысады, онда салыстырудың, пәні ретінде мыналарды алуға болады: түрлі тілдерде грамматикалық категорияларды салыстыруды, грамматикалық категорияларды айту тәсілдерін анықтауды, түрлі жүйелердің тілдеріндегі грамматикалық мәндерді айтуды, морфологиялық маркерлердің сипатын анықтауды, аффикстік морфема мен көмекші сөздердің (предлогтар мен септеуліктің) синонимдік қатынастарын анықтап, бекітуді, сөз таптарын (зат есім, сын есім, есімдік, етістік, үстеу, сан есім және басқаларын) салыстыруды, сөздердің лексикалық-грамматикалық разрядтарының грамматикалық категорияларын (септік, сан, белгілі-белгісіз, жанды-жансыз, ауыспалық-ауыспаушылық, мезгіл, аспект, етіс, рай, модальдік және т.б.) салыстыруды, түрлі тілдердегі парадигманың сипатын анықтауды, грамматикалық категорияларды айтудың морфологиялық және морфосинтаксистік тәсілдерін, сөз түрлену нышандарын, синтетизм мен аналитизмді анықтау және басқаларын іріктеуге болады. Морфологиялық типологияда негізгі өлшем бірліктері болып морфемалар қызмет ете алады.
Категорияльды морфологиялық типология көрсетілген құбылыстарды туыстас, сондай-ақ туыстас емес тілдер жүйесінде, әмбебап тұрғысында, сондай-ақ екі тілде бинарно салыстырады.
Дегенмен деңгейлік жол барлық тілдерде бірдей өзін ақтай бермейді. Деңгейлік морфологиялық типология морфологиясы дамыған тілдер жүйелерін салыстырғанда пайдаланылуы мүмкін. «Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков» (А.М. Щербак) және басқалары осы сипатты еңбектерге жатады. Ағылшын тілі жүйесін түркі тілдері жүйелерімен салыстырғанда салыстырудың ішінара ғана пайдаланылуы мүмкін, себебі ағылшын және түркі тілдері морфологиясының даму сипаты түрліше.
2.2.2. 4 Синтаксистік типология
Синтаксистік типология синтаксистік деңгей бірліктерін салыстырумен айналысады. Салыстыру үшін сөз, сөз тіркесі мен сөйлем негізгі бірліктер болып қызмет етеді. Зерттеу сипатына қарай синтаксистік типология бірнеше бөлімнен - сөз тіркесі деңгейі бірліктерін салыстырудан, сөйлем деңгейінен, сол сияқты синтаксистік функцияларын ескере отырып, түрлі деңгейлер бірліктерін салыстырудан құралуы мүмкін. Синтаксистік типология әдетте тілдерді трансформациялық синтаксис негізінде салыстырады.
Синтаксистік типология мәселелерін алғашқы болып, И. И. Мещанинов, Т. Милевский, Ч. Е. Базелл, А. Мартине, В. Брендаль, Ю. В. Рождественский, Г. П. Мельников, Н. Хомский және басқалары қолға алған. Типология жөніндегі қазіргі еңбектерде синтаксистік типологияның әр қырлары қарастырылады. Мысалы, И. И. Мещаниновте сөйлем мүшелері әмбебап категориялар ретінде көрінсе, Ч. Е. Базелл тілдердің жүйелерін салыстырғанда морфологиялық және синтаксистік деңгейлерді біріктіреді, Т. Милевский концентриялы сөйлемді тілдер мен эксцентриялы сөйлемді тілдерді ажыратады, әмбебап синтаксис құру және басқалары ұсынылады. Е. Куриловичтің, И. И. Мещаниновтың және басқаларының еңбектерінде эргативті құрылым мәселелері қарастырылады. Н. З. Гаджиева түркі тілдерінің жалғамасы мен синтаксистік құрылысының өзара қатынасы проблемаларын қарастырады. А.А. Юлдашев пен басқалары аналитикалық тұлғаларды бөлу критерийлерін анықтау мәселелерімен айналысады.
В.С. Храковский мен басқалары нақты лингвистикалық категорияларды синтаксистік сипаттаудың нақты ұстанымдарын, сол сияқты «негізінде сөйлемдер мен құрылымдарының жүйесі ұйымдасатын қатынастар типін сипаттау» тәсілдерін жасауда.
Тіл жүйесін синтаксистік сипаттаудың, соның ішінде типологиялық сипаттаудың жалпы мәселелері В. Г. Адмони, Н. Д. Артюнова, И. Ф. Вардуль, А. М. Мухин, В. Д. Аракин және басқаларының зерттеулерінде қарастырылған.
Ю. В. Рождественскийдің зерттеулерінде синтаксистің негізгі типологиялық сипаттары, әмбебаптардың мазмұнындағы синтаксис категориялары туралы мәліметтер мен синтаксистік әмбебаптарды бөлудің көптеген нақты мәселелері жан жақты сипатталады.
Проблемалардың басым көпшілігі синтаксистік типологияның нақты мәселелеріне қатысты. Алайда синтаксистік типологияның барлық мәселелерін толық қамтитын тізбе әзірше жоқ. Бұл мәселелердің қатарына төмендегі тақырыптардың кіруі мүмкін: синтаксистік типологияның пәні мен көлемін анықтау, синтаксистік типологияның негізгі критерийлері мен метатілін құру, синтаксистік типологияны лингвистикалық типологияның басқа бөлімдерінен шектеу және олардың өзара байланысын белгілеу, синтаксистік универсалийлер жасау, әлем тілдерінің (жекелеген генетикалық, генетикалық-типологиялық және типологиялық-туыстас тілдердің) синтаксисінің жүйесін анықтау, синтаксистік байланыстардың (атрибутивті, комплетивті, предикативті, т.б.) типтерін анықтау, негізгі синтаксистік категорияларды бөлу, синтаксистік құрылымының негізінде тілдердің типтерін жіктеу және басқалары.
2.2.2.5 Лексикалық типология
Тілдің лексикалық деңгейінің бірліктерін салыстыру лексикалық типологияның басты міндеті болып табылады. Лексикалық типология сөздердің тіларалық парадигмаларын, сөздік бірліктермен айтылатын мәннің тіларалық инварианттарды қарастырады. Кейбір тіл мамандары лексикалық және семантикалық типологияны біріктіреді. Алайда фонетика – фонологиялық, морфологиялық және синтаксистік типология сияқты оның салыстырмалы типологияның арнайы бөлімі ретінде қарастырылу мүмкіндігі бар. Лексикалық типологияның негізгі мәселелері түрлі типті жұмыстарда – сөз типологиясына, тілдерді лексикалық салғастыруға, тілдердің лексикалық-семантикалық проблемаларына, тілдердің лексикалық-синтаксистік деңгейіне, сөзжасамға, лексикографияға, лингвистикаға және басқаларына арналған арнайы еңбектерде қарастырылды.
Лексикалық типологияға бірқатар бөлімдер кіреді: 1) сөздердің лексикалық типологиясы, немесе сөз типологиясы; 2) сөзжасамның лексикалық типологиясы немесе сөзжасамдық типология; 3) салыстырмалы лексикография; 4) лексикалық-статистік типология; 5) кірменің лексикалық типологиясы; 6) фразеологияның лексикалық типологиясы; 7) мақалдар мен мәтелдердің лексикалық типологиясы; 8) ономастиканың лексикалық типологиясы; 9) топонимиканың лексикалық типологиясы; 10) терминологияның лексикалық типологиясы; 11) диахрониялық лексикалық типология; 12) синхронды лексикалық типология және басқалары.
2.2.2.6 Деңгейлік типологияның шағын бөлімдері
Көрсетілген бөлімдердің ішінде лингвистикалық типологияның кейбір басқа шағын бөлімдерін бөлуге болады.
Супрасегментті типология бір мезгілде тілдердің фонологилық, морфологиялық және синтаксистік деңгейлерімен байланысты тілдердің просодиялық бірліктерін (интонация, тон, акцент) зерделейді.
Символикалық типология сөздің дыбыстық айтылымында белгілі семантиканың болуын зерделейді. Мысалы, сөздерде мұрын арқылы айтылатын дыбыстардың ана, латынша mater, ағылшынша mother, немісше Mutter, орысша мать, тәжікше модар мәнді сөздерде болуы. Мұндай құбылыстың көптеген тілдерде болуы оның типологиялық изоморфалығын дәлелдейді. Қазір дыбыстық символизм аз зерттелген немесе белгілі бір тілдік топтармен немесе тілдік одақтармен шекшеледі.
Функционалдық типология сөздегі белгілердің жиілігін, сол сияқты олардың белгілі бір объектілерді білдіру үшін қолданылуын зерттейді. Функционалды типологияның сондай-ақ тіларалық немесе тіл ішілік болуы мүмкін. Тіларалық функционалдық типология ішінара сөздің типологиялық ұқсас тұлғаларын салыстырумен айналысады, себебі бір тілдің формальдық құралдары басқа тілдің белгілі бір формалдық құралдарына сәйкеседі. Түрлі тілдерде осы формальды құралдардың түбі бір болуы ықтимал. Тіларалық бір типті конструкциялардың жиілгін анықтағанда формалды бірліктердің сандық тербелісінің себебін табу қажет.
2.2.3 Лингвистикалық типологияны тілдің екі межесіне қатыстылығы бойынша бөлу
Айтылу меже мен мазмұн межеге қарай лингвистикалық типология формалды және семантикалық типологияға бөлінуі мүмкін. Өзара тәуелді және өзара шартты болғандықтан бұл екі бөлімінің әрқайсысының өз міндеттері, өз ерекшеліктері бар.
Формалды типология да, семантикалық типология да қарастыратын лингвистикалық бірліктерінің қандай деңгеймен сайма-сай келуіне қарай бірқатар басқа шағын бөлімдерді біріктіруі мүмкін. Осы негізде олардың фонетикалық-фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық типологияға бөлінуі мүмкін.
2.2.3.1 Формалды типология
Формалды типология айтылу меже бірліктерін зерделейді. Мазмұн меже бірліктерінің түрлі деңгейлерде болуы мүмкін. Сондықтан тілдер жүйелерін салыстырғанда формалды немесе сыртқы -құрылымдық көзқарас тұрғысынан типологтың тілдің барлық деңгейлерімен айналысуына тура келеді. Формалды типологияның негізгі міндеттеріне бірқатар проблемаларды, соның ішінде мыналарды жатқызуға болады: а) тілдің сыртқы немесе формалды қасиеттері; ә) түрлі типті тілдерде жазудың ортақ ұстанымын, яғни графикалық жүйені (типологияны) белгілеу; б) ортақ транскрипциялық жүйелерді құрастыру мен жасау ұстанымы; в) тілдердің әліпбиін жасау; г) тыныс белгілері ережелерін жасау; ғ) формалды құрылымдарды, буындарды, сөздерді, түрлі сөз тұлғаларын, күрделі сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді анықтау; инкорпорациялы және полисинтетикалық типті тілдерде сөздер мен сөйлемдердің сыртқы құрылымын зерделеумен байланысты мәселелер, қысқарту ұстанымдарын, түрлі жүйедегі тілдерде әр разрядты бір түбірлі сөздердің үйлесімділік құрылымын анықтау проблемасын зерделейді.
Формалды типологияның бірқатар бөлімдерін, мысалы, формализация типологиясын, формалды әмбебаптарды, графикалық типологияны, тыныс белгілері типологиясын, қысқарту типологиясын және басқаларын бөлуге болады. Бұған тыныс белгілерінің, орфоэпияның және басқаларының семантикалық-синтаксистік белгілерін жасауды жатқызуға болады. Әліпбилерді жетілдіру мен бірыңғайлаудың жалпы жүйелері жасалуда.
Формалды типологияда таза тілдік межеде, яғни «ауызша және жазбаша тіл тұрпат межелері» қатысы саласында, жазба тілінің (салыстырыңыз: графема, графология, графемика және т.б.) бірліктерін терминологиялық таңбалауда шешілмеген мәселелер көп. Орфологиялық сөздіктер жасаумен, формалды типология пәніне ішінара қатысты формалды тілдерді жасау теориясымен байланысты көптеген тіларалық мәселелер бар.
Формалды типологияның жоғарыда санамаланған міндеттеріне халықаралық қатынастың жасанды тілдер графикалық жүйесін жасау және басқа көптеген мәселелер жатады.
2.2.3.2 Семантикалық типология
Семантикалық типология – салыстыру межесінде тіл бірліктерінің семантикалық құрылымын зерделейтін лингвистикалық типологияның бөлімі. Ол мазмұн меже бірліктерін табумен, оларды модельдендірумен, тіларалық изоморфалық және алломорфалық қасиеттерді табумен және салыстырумен айналысады. Семантикалық типология тілдердің семантикалық қасиеттерінің негізінде типтік нышандарды анықтайды. Семантикалық әмбебаптарды белгілеу түпкі мақсат болып табылады.
Семантикалық типология мәселелері аз зерделеніп, қалыптасу үрдісінде. Семантикалық типологияның негізгі проблемаларына мыналарды жатқызуға болады: семантикалық типологияның мақсаттары мен міндеттерін анықтау, семантикалық әмбебаптарды бөлу, салыстыру үшін жекелеген семантикалық өрістерді анықтау, семантикалық нышандар негізінде сөздерді топтастыру түрлі тілдерде сөздердің семантикалық құрылымын анықтау, семантикалық категорияларды анықтаудың критерийлерін жасау, семантикалық-салғастырмалы сөздіктер мен тезаурустарды құрастыру ұстынымдарын жасау және т.б.
Туыстас және туыстас емес тілдер жүйелерінде семантикалық салаларды (өрістерді немесе категорияларды) анықтау үлкен практикалық мәнге ие. Бұған агентивтілік, мерзім, туыстық, локалдық, түр-түсті бейнелеу, компаративтілік және басқа категорияларды жатқызуға болады.
Семантикалық типологиядағы терең-беткі тепе-теңдік генетикалық туыстас және туыстас емес тілдер жүйесінде өзінше көрінеді. Генетикалық туысқан тілдер үшін этикалық бірліктер деңгейінде терең-беткі тепе-теңдік тән. Алайда семантикалық типология үшін изоморфизмнің бұл жағдайы шешуші роль атқармайды. Ол үшін эмикалық деңгейде бір деңгейлі бірліктердің сайма-сайлығы қажет, яғни жекелеген семантикалық категориялардың құрылымы мен генетикалық шығу тегі әртүрлі тілдерде бірдей айтылуы мүмкін. Латын тілі мен қазіргі өзбек тілі сияқты бір-бірінен алшақ тілдер жүйелерінде белгілі бір семантикалық жақындықтың болуы мысал бола алады. Мысалы, бұл тілдердің жүйелерінде туыстық категориясы ұқсас түрде, яғни лексикалық бірліктері гетерогенді болып табылса да, арнайы терминдердің көмегімен берілуі мүмкін. Мысалы:
2 кесте − Туыстық категориялардың латын, өзбек, қазақ және орыс тілдерінде айтылуы
латын тілі
|
өзбек тілі
|
аудармасы (орысшаға, қазақшаға)
|
matertera
|
хола
|
тетка со стороны матери
|
Нағашы апа
|
amita
|
амма
|
тетка со стороны отца
|
Апай
|
patruus
|
амаки
|
дядя со стороны отца
|
Ағай
|
avanculus
|
тоға
|
дядя со стороны матери
|
Нағашы
|
Тілдердің үнді-европалық семьясында көрсетілген латын сөздерінің толық немесе ұқсас терминологиялық сәйкестігі жоқ. Мұндай көрініс түрік тілдері жүйелерінде де байқалады.
3 Лингвистикалық типологияның негізгі ұғымдары
3.1 Тілдік тип және тіл типі туралы ұғым
«Тіл типі» ұғымы тіл мамандарына әртүрлі ассоциациялар тудырады, өйткені лингвистикада осы уақытқа шейін белгілі бір тіл типін анықтауға сенімді негіз бола алатындай негізгі критерийлер әлі анықталған жоқ.
Қазір тіл білімінде типтің екі түрі бар. 1) тіл типі; 2) тілдегі тип.
Тіл типінің ұғымы тілдегі типтен кеңірек, ол жалпы ұғым болып табылады. Тіл типтеріне XIX ғасырдың тіл мамандары бөліп көрсеткен және қазіргі тіл мамандарының еңбектерінде өзінің қосымша сипаттарын алған жалғамалы, қопармалы, оқшаулаушы, полисинтетикалық типтер жатады.
Тілдегі тип тіл типінен тар болып, яғни ішінара тілдік тип болып табылады. Тілдегі тип - әдетте бірнеше тілдерде аталып өтілетін тілдік құрылымның сапасы, мысалы, грамматикалық тұлғалар аналитизмінің болуы немесе дәрежесі; морфемалар қосылысында фонетикалық өзгерістердің болуы/болмауы, т.б. және осыған байланысты морфемалардың қосылу тәсілі – фузия немесе жалғама (М.И.Журинская).
Тіл типі - өзара белгілі бір байланыстағы тілдердің жетекші нышандарның берік жиынтығы, онда әлдебір нышанның болу-болмауы басқа нышаннның немесе нышандардың болу-болмауымен шартты болып келеді (В.Д.Аракин).
Осылайша тіл типі туралы айтқанда, тілдер жүйелері сипатталатын жетекші нышандардың жиынтығы, ал типтегі тіл туралы айтқанда белгілі бір нақты тілдің немесе тілдердің жүйесіндегі ішкі тілдік нышандар ойға алынады, мысалы, екпін бір тілдерде еркін, ал басқаларында орнықты, дауыстылардың созымдылығы бір тілдерде фонетикалық жағынан шартты, басқаларында шарттсыз болып келеді. Бір тілдерде (орыс, ағылшын, т.б.) сандық көрсеткішті, сынды білдіретін тұлға анықталушы сөздік тұлғасымен үйлесімді өзгеріп отырса (мысалы, одна книга, две книги, мои друзья – моим друзьям), басқа тілдерде (түркі) тілдерінде ондай үйлесімділік жоқ (мысалы, бір кітап, екі кітап, менің достарым - менің достарыма), әйткенмен бұл тілдердегі басқа категорияларының айтылымдарында мұндай жағдайлардың екеуі де кездеседі. Мысалы, өздік есімдіктер мен рефлекстік жұрнақ тілдердің екі типінде де сондай жағдайда.
3.2 Изоморфизм мен алломорфизм ұғымы
Көлемі мен масштабы әртүрлі жүйелердің ұқсастығын немесе үйлесімдігін табу типология үшін аса маңызды. Тіл құрылымының жекелеген буындарының, оны құрайтын жекелеген микро- немесе макро-құрылымдардың мұндай ұқсастығы немесе параллелизмі изоморфизм атауын алды.
«Изоморфизм» терминін поляк тіл маманы Е. Курилович сандардың екі жүйесінің ішкі құрылымының ұқсастығын, бара – барлығын білдіретін математикадан лингвистикалық айналымға кіргізген.
Е. Куриловичтен айырмашылығы Э.А. Макаев изоморфизмді түрлі деңгейдегі конститутивті тілдік бірліктер құрылымының бір типтілігі ретінде анықтайды, соның салдарынан түрлі деңгейлерде осы бірліктер арасындағы қатынастардың бір типтілігі болып табылады немесе болуы мүмкін.
Э. А. Макаевтың пікірінше, изоморфизмді бұлай түсіну тіл құрылымының ерекшеліктерін көрсетеді және оның түрлі деңгейлерімен байланысты. Ол варианттардың шектеусіз санында инварианттардың шектеулі саны, барлық деңгей бірліктері құрайтын парадигмнің болуы сияқты түрлі деңгей бірліктері құрылымдарының бір типті сипатын табуға ықпал етеді; типологиялық грамматиканы құруға қатысты тілдің түрлі деңгейлерін құрастыру мүмкіндігін береді. Сондай – ақ Э.А. Макаевтың пайымдауынша, тіл деңгейлерін сипаттағанда және құрылымдарының бір типтілігін анықтағанда дистрибутивтік және трансформациялық талдау барынша тиімді болып шығады.
В.Д. Аракиннің пікірінше, түрлі тілдердің изоморфизмін табу, яғни бірқатар тілдердің микрожүйелерінің ғана емес, сол сияқты шағын жүйелері мен тұтас жүйелерінің үйлесімділігін немесе ұқсастығын анықтау тілді типологиялық сипаттау мақсаттарының бірі болып есептелуі керек.
Сол деңгейді құрайтын тілдік бірліктер құрылымының түрлі типін көрсететін алломорфизм изоморфизмге қарама қайшы.
3.3 Анықтау үшін әмбебаптар туралы және типологияның мәні туралы ұғымдары
Тілдік нышандарды әмбебаптандыру проблемасы қазіргі лингвистикалық типологияның таяу арада жүзеге асырылуы кәдік негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Тіл білімі үшін жаңа мәселе болмағанымен лингвистикалық әмбебаптар бертінде ғана кеңінен тарады.
Тілдік әмбебаптар – тілдердің баршасына немесе көпшілігіне өртақ құрылым заңдылықтары.
Әмбебаптар туралы тұңғыш рет XX ғасырдың 50 - жылдарында айтыла бастады. Оған В. мен Э. Агинскийлердің «The Importance of Language Universals» (1941 ж.) мақаласы бастау болды. Бұл бағыт 1961 жылы сәуірде Нью-Йоркте өткен конференциядан соң шынайы дамыды. Осы конференцияда «Тілдік әмбебаптар туралы меморандум» жарияланды, оның авторлары Дж. Гринберг, Дж. Дженкинс пен Ч. Осгуд. Осы конференцияның бастамашылары бұл бағыттың дамуының одан арғы барысын анықтап, тілдер жүйесін сипаттау әдістемесін жасады.
Жаңа әдіс бойынша тіл фактілерін жүйелеумен Б.А. Успенский, Ю.В. Рождественский, П.Ф. Вардуль, В. В. Иванов, В.П. Недялков, Дж. Грингберг, С. Сапорта, Р. Якобсон, Ч. А. Фергусон, Н.С. Трубецкой, В. Трнка, Ч. Ф. Хокетт, II Кречмер, И. Крамской, В. Скаличка және басқа зерттеушілер айналысады.
Универсалий мысалдарының кейбір мысалдарын салыстырыңыз. «Тілдік универсалия – барлық тілдерге немесе тұтастай тілге тән кейбір нышан немесе қасиет», - деп жазады Ч.Ф.Хоккет. Б.А.Успенскийдің айтылымы да осыған ұсқас: «Тілдік универсалийлер – тілдердің баршасына немесе басым көптілігіне ортақ заңдылық түсінігі қалыптасқан».
Тілдердегі ортақтықты табу ареалды да, генетикалық та типологияға тән екенін, алайда біріншісінің белгілі географиялық аймақпен шектелетінің, ал генетиканлық типологияның генетикалы туыстас тілдер тобымен айналысатынын атай көрсеткен жөн. Тілдік универсалийлерге келер болсақ, онда көрсетілген шектеулер жоқ. Сондай-ақ лингвистикалық универсалийлер тілдің салыстырылатын бірліктерін өзгеше жүйелеп, жалпылайды. Тіл фактілер жинақтау тұрғысынан тіл білімінің бұл бөлімі зерттеудің басқа лингвистикалық әдістерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие.
Ғылыми әдебиетте тілдік универсалийлердің сипаттау жолымен, не кванторлар орналасқан арнайы жиынның көмегімен берілуі мүмкін. Бұл жиындарды Б.А.Успенский алғашқы болып қолданады. Дж.Гринберг сөзбен және Б.А.Успенскийдің формальды кестелердің көмегімен берген тілдік универсалийлердің үлгілірін салыстырыңыз.
3 кесте – Әмбебаптылыктың формалды көрінуі
Универсалий
кванторы
|
Универсалийлердің іс-қимыл
жағдайлары
|
Лингвистикалық құбылыстар
|
Ескерту
|
А
|
Е – прерывистая морфема
|
Е – префикс
или
Е - суффикс
|
Гр. 73 (26)
|
А
|
Е – суффикс
и
LE - префикс
|
Е – послелог
и
LE - предлог
|
Гр. 73 (27)
|
А
|
Е – префикс
и
LE - суффикс
|
Е – предлог
и
LE - послеслог
|
|
Дж. Гринберг былай деп жазған: «1) Если язык обладает прерывными аффиксами, то и нем всегда имеет место либо префиксация, либо суффиксация, либо то и другое вместе; 2) Если язык исключительно суффиксальный, то это язык с послеслогами, если язык исключительно префиксальный, то это язык с предлогами».
Б.А.Успенскийде осы универсалийлер формальды кестелердің көмегімен берілген.
Сипаты бойынша универсалийлер әдетте дедуктивті және индуктивті, абсолютті және статистикалық, толық және толымсыз, қарапайым және күрделі, синхронды және диахронды, тілдің универсалийлер мен сөздің универсалийлері, абстракцияның түрлі деңгейлерінің экстралингвистикалық және өзіндік лингвистикалық универсалийлері, тағы сол сияқтылар болып бөлінеді. Универсальдік бірліктердің орнының универсалийдың лингвистикалық иерархиясының қай деңгейінге болуына қарай фонологиялық, морфологиялық, синтакситік және басқалары болуы мүмкін.
Тілдік универсалийлер әлі өзінің толық шешімін тапқан жоқ, универсалийді анықтаудың көптеген мәселері жекелеген тіл мамандарының қарсылығына ұшырауда.
Кейбір лингвистер лингвистік универсаоийлер тұтастай лингвистиканың бүкіл объектісімен теңесуге, яғни лингвистиканың жалпы теориясы шын мәнінде универсалий теориясы болуға тиіс деп дәлелдей, лингвистикалық универсалийлердің ролінасыра бағалайды.
Лингвистикалық универсалийлер дескриптивтік генетикалық және типологиялық әдістердің көмегі арқылы белгіленген фактілерді немесе нышандарды жүйілеумен айналысатын бөлімдердің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |