Тесттер
1.Көкөніс дақылдары неше тұқымдастан тұрады?
А)78
В) 59
С) 33
D) 19
Е) 45
2.Көп жылдық дақылдар қалай аталады?
А) монокарптық
В) дикарптық
С) трикарптық
D) тетракарптық
Е) поликарптық
3. Екі жылдық дақылдарға қайсысы жатады?
А) қарақат
В)шалқам
С) асқабақ
D) рауағаш
Е) қозышөп
4. Қызанақтың отаны?
А) Закавказ, Туркия, Иран
В) Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан
С) Жерорта теңізінің еуропалық және африкалық жағалаулары
D) Эфиопия, Санали
Е) Мексика, Гватемала, Эквадор
5. Қырыққабат неше жылдық өсімдік?
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4
Е) 5
Бақша дақылдары
Жалпы түсінік. Бақша дақылдарына қарбыз, асқабақ, қауын жатады. Олар дәмдік сапасы жоғары шырынды жеміс алу үшін өсіріледі. Бақша дақылдары қарбыз, қауын, асқабақ, кәді – биологиясы мен агротехникасында көп ұқсастық бар, бір жылдық шөп тектес өсімдіктер. Мал азығына асқабақ пен қарбыздың мал азықтық сорттарының жас жемістері пайдаланылады.
Қарбыздың отаны – Африкадағы Калахари және Набиб шөлдері. Азықтық құндылығы құрамындағы 10-15% қантқа, сондай-ақ А, В, С дәрумендерінде, пектин заттарына, минералды тұздарына байланысты. Қарбызды жас күйінде жейді және тұздауға болады. Шырынан бал (нардек) қайнатады. Қарбыздың сабағы жерге төселіп, бірінші және екінші реттегі бұтақтардан тұрады. Жапырақтары ұзын сағақты, өте тілімделген, қауырсын тәрізді, қызып кетуден қорғайтын қою түк басқан. Тамыр жүйесі топыраққа 2-3 м бойлайды. Қарбыз – бір үйлі, дара жынысты өсімдік. Жылылыққа өте жоғары талап қояды. Тұқымы 15-160 өне бастайды. Өскіндері 8-9 тәулікте пайда болады. Көктегеннен шамамен 30-35 тәулік өткен соң аталық, одан кейін аналық гүлі ашылады. Тозаңдануы жәндіктердің көмегімен жүреді. Алғашқы жемістері, сортына және өсу-даму жағдайына байланысты, тозаңданғаннан 35-45 тәулік өткен соң пісе бастайды. Түйнектері күзгі суық түскенше байлана береді, тек олар пісіп үлгермейді. Қарбыздың өсіп-дамуына ең оңтайлы температура - 26 – 28 0С.
Қарбыздың үш түрі бар – азықтық, мал азықты, жабайы кеуекті. Ең көп тарағаны және құндысы асханалық болып табылады, мал азықтығы да кеңінен белгілі, ал жабайысының ыстыққа, құрғақшылыққа және ауруға төзімділігі жағынан селекциялық маңызы бар.
Қарбыздың агротехникасы. Қарбыз қыртыстық дақылдарға жатады. Тыңайған және көп жылдық шөптерден кейін ең жоғары өнім береді. Сондықтан қарбыз үшін көп жылдық шөптен кейінгі қыртысты шым аударғышы бар соқамен жыртып, дайындайды. Эрозияға ұшырамау үшін топырақты 25-27 см, тереңдікке сыдыра жыртып, терең қопсытады. Қыста топыраққа қар тоқтатады, көктемде тырмалайды. Екінші қопсытуды себер алдында, 8-10 см жүргізеді.
Егуге 2-3 жылдық тұқымды пайдаланған жөн. Олар жас тұқымға қарағанда өнімді ертерек береді және жоғары болады.
Себуді топырақтың 10 см тереңдігі 12-130С жылығанда жүргізеді, әдетте бұл мамырдың 15 мен 25 аралығына келеді.
Топырақ үстіндегі қабықты бұзу және алғашқы арамшөптерді жою үшін, өскін пайда болғанша танапты торлы көзді тырмамен тырмалайды. Одан әрі, ең кемінде 3 рет, қатараралығын 13-15 см тереңдікке қопсытады.
Қанттылығы бойынша қауын қарбыздан асып түседі. Орта Азияның ең жақсы сорттарында 20-21%-ке дейін қант болады, ол дәмдігі бойынша ең таңдаулы жемістерден қалыспайды. С дәруменіне, минералды тұздарға бай. Жас және қақталған күйінде желінеді, қайнатпа, пюре дайындалады. Жас түйнектерін қияр сияқты маринадтауға, тұздауға болады.
Қауынның сабағы 2 м дейін төселіп өседі, жапырақтарын қою түк басқан. Тамыр жүйесі кұшті дамыған, жан-жағына 2,5-3 м тарамдалады, топыраққа 40-50см, ал кейбір тамырлары 2,5-3 м дейін бойлайды.
Қауын – бір үйлі, аталық және аналық гүлдері бөлек орналасқан өсімдік. Жылуға, топырақ және ауа ылғалдығына, күн сәулесіне, қоректік элементтерге талабы бойынша қарбызға жақын. Солтүстік Қазақстанда тек ерте пісетін сорттарын ғана өсіруге болады.
Қауынның агротехникасы. Қауынды қарбыз егілетін ауыспалы егісте орналастырады. Қауын танабының гектарына 20-30 т көң және қажетінше минералды тыңайтқыш енгізілуі керек. Фосфор тыңайтқышы аналық гүлдердің қалыптасуын және жемісінің пісуін жеделдетеді.
Топырақты өңдеу қарбіздікіне ұқсас. Қайт соққан үскірекке төзбейтіндіктен қауынды қарбыздан 5-6 тәулік кешірек себеді.
100 кг мал азықтық асқабақта 10 а.ө.болады, мал азықтық бақша дақылдары Қазақстан Республикасында 9,0 мың га жуық алқапта өсіріледі, ал Солтүстік Қазақстан аймағындағы егістік көлемі айтарлықтай емес (0,5 – 1,0 мың га).
Мал азықтық бақша дақылдарының өнімі жоғары, мәселен қарбыз суарылмайтын жерлерде 200-300 ц/га, ал суармалы жерлерде 400-500 ц/га өнім береді, асқабақтың өнімі – 350-700 ц/га дейін жетеді.
Асқабақтың үш түрі өсіріледі: кәдімгі асқабақ, мал азықтық ірі жемісті және жүзімдік немесе мускат (жұпарлы) түрі. Асқабақтардың тамыр жүйесі жақсы дамыған, сабақтары өрмелегіш, жапырақтары бесқалақты. Жемістердің массасы 20-40 кг, 1000 тұқымның массасы 200-300г. Мал азықтық қарбыздың тамыр жүйесі күшті дамыған, жапырақтары қатты тілімделген қысқа ірі бөліктерден тұрады. Гүлдері ірі, күлтешесінің түсі сарғыш. Жемісінің массасы 10-нан 30 кг дейін 1000 тұқымның массасы 120-240 г.
Асқабақтың ірі жемісті түрі кең таралған: өнімі мол және басқа бақша өсімдіктеріне қарағанда жылуға талабы азырақ.
Асқабақтың отаны – Оңтүстік және Орталық Америка. Асқабақтың тіркемелес сабағының ұзындығы 5-10 м жетеді. Жапырақты ірі, түксіз. Жекелеген өсімдіктердің жапырақ тақтасының беті 20 м2 болады. Тамыр жүйесі өте қуатты. Асқабақ – бір үйлі, гүлдері дара жынысты өсімдік. Жәндіктермен тозаңданады. Гүлдердің пайда болуы және жапырақтарының көбеюі күзгі суыққа дейін жалғасады.
Асқабақтың жемісі ірі келеді: ірі жемісті сорттарының диаметрі 1м-ге дейін болады және массасы 20 кг асады.
Асқабақ жемісінің құрамында қант, крахмал (16%-дейін), дәрумендер бар, әсіресе каротинге бай. Тұқымында 58%-ке дейін май, оның құрамында 140-155 мг % Е дәрумені болады.
Асқабақ – жылу сүйгіш өсімдік. Өскіндері жылылық 140С төмен болмағанда пайда бола бастайды. Өсуі үшін оңтайлы температура 25-280С. Сонымен бірге шамалы уақыт дымқылды және салқын ауа райына шыдайды, ал тамыр жүйесі, қарбыз бен қауынға қарағанда, біршама төмен температурада дами алады.
Асқабақ қарбызға қарағанда жарыққа талабы кемірек, сәл көлеңкеде өсе алады.
Асқабақтың агротехникасы. Асқабаққа күннің көзі түсетін, желден қорғалған, топырағы құнарлы, әрі терең құрылымды үлескені бөледі. Ол көкөністі ауыспалы егісте көң енгізілген қырыққабаттан кейін жемісті жақсы байлайды.
Топырақты дайындау басқа бақша дақылдардікіне ұқсас. Сүдігер көтергенде бір гектарға 20-25 т шірінді, 3-4 ц суперфосфат және 1 ц хлорлы калий енгізу ұсынылады. Көктемде топырақ қопсыту 2-3 ц аммиак селитрасы енгізіледі.
Себуге ірі, жақсы толған тұқым алынады. Тұқымды себуге дайындау қарбыздікіне, қиярдікіне ұқсас.
Асқабақты биік сабақты – жүгері, күнбағыс, сорго дақылдарының ықтырмасында себу жақсы нәтиже береді. Асқабақты күтіп – баптау, қарбыздікіне ұқсас. Өнімділігін көтеру үшін гүлдерін жасанды тозаңдандырады, әсіресе салқын ауа райында. Тозаңдандыруды таңертең, алғашқы аналық гүлдері ашылысымен, арасында 1-2 тәулік салып жүргізеді.
Асқабақ жемісінің пісуін жеделдету үшін күзгі бозқырауға шамамен бір ай қалғанда, жемістен жоғары 6-7 жапырағын қалдырып, сабақ өркендерін шырпиды. Вегетация кезеңінде гектарына 500-600 м3 су беріп 6-7 рет суарады. Жемістерін бозқырау түсер алдында жаппай, шіруден сақтау үшін, жеміс сағағымен жинайды.
Мал азықтық қарбыздың сорттары. Дисхим - Азов-Қаратеңіз АШИ-да шығарылған. Сорт ұзыншырмауықты, негізі бүршігінің ұзындығы 4-5 м.
Достарыңызбен бөлісу: |