Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер


Бидай дақылдарын шығыстан батысқа жылжытқанда дәндегі ақуыз өзгереді ме?



бет9/47
Дата30.10.2023
өлшемі1.53 Mb.
#481937
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
abf bio mukaz mad j paid sultan

2. Бидай дақылдарын шығыстан батысқа жылжытқанда дәндегі ақуыз өзгереді ме?
А) біршама төмендейді
В) біршама жоғарлайды
С) шамасы өзгермейді
D) сортқа байланысты біршама жоғарлайды
Е) сортқа байланысты біршама төмендейді


3. Орта есеппен жүгері, қара бидай, күріш дәндеріндегі крахмал (құрғақ масса %):
А) 30
В) 50
С) 40
D) 70
Е) 60
4. Орта есеппен үрме бұршақ пен ас бұршақ тұқымдарында ақуыз (құрғақ масса %):
А) 8-10
В) 10-20
С) 10-20
D) 32-34
Е) 35-43


5. Өсімдіктің тұқымдық көбеюінің мүшесі:
А) жеміс жапырақшасы
В) жеміс
С) аналық
D) аталық
Е) гүл


Дәнді бұршақ дақылдары
Жалпы түсінік. Құрамындағы белок мөлшері жағынан бұршақ тұқымдас өсімдіктерге пара-пар келетін дақыл жоқ, олардың тұқымдарына дәнді дақылдарға қарағанда белок 1,5-3 есе артық – асбұршақта 20,4-35,7%, ноқатта – 22-31, сиырбұршақта -22,3-37,8, майбұршақта -27-50%. Бұршақ өсімдіктерінің белогі толық бағалы және жоғары сапалы, өйткені олардың құрамында амин қышқылдарының жеңіл еритін фракциялары – тирозин, триптофан, лизин ж.б. кіреді.
Асбұршақтың тұқымында 20-36% белок, 52% дейін азотсыз экстактивті заттар (АЭЗ), 1,5% май, 3,5% клетчатка және 2% күл бар.
Асбұршақ бір жылдық жаздық дақыл, алайда қысы жылы болғанда оңтүстік аудандарда оның қыстайтын формаларын күзде себу жолымен өсіруге болады. Екі түрі өсіріледі: егістік асбұршақ (Pisum sativum), гүлі ақ және тұқымы бір түсті (ақ, қызғылт, көкшіл) және далалық ас бұршақ (пелюшка) - Pisum arvense гүлі қызғылт-көкшіл, тұқымы қоңыр, кейде секпіл түсті.
Асбұршақ суыққа төзімді және ылғал сүйгіш дақыл. Тұқым +1-20 жылылықта өне бастайды. Тәуліктің орташа жылылығы +4-50 болғанда асбұршақ 20-25 күнде көктеп шығады, температура +10-120 болғанда бұл кезең 10-12 күнге дейін, ал +150 –та -7-8 күнге дейін қысқарады. Оның өсіп-өнуіне қажетті ең қолайлы температурада +15-200 деп есептеледі, ал максимумы -350.
Генеративтік органдардың қалыптасуы мен гүлденуі +6-70 орташа тәуліктің температурада және күндізгі максимальды температурада +18-200 болғанда жүзеге асады.
Асбұршақтың өркендері -4-60 , ал тіпті -80 бозқырауды көтереді. Бозқырауға ең төзімдісі далалық асбұршақ, ол -120-қа дейінгі бозқырауға шыдайды. Бұршақ – ұзақ күннің өсімдігі. Өсімдік әсіресе шашақтану –гүлдену кезеңдерінде ылғалды көп тілейді. Асбұршақтың гүлдену кезеңі созылыңқы және себу мерзіміне байланысты маусымның аяғы –шілденің бірінші жартысында басталады. Транспирациялық коэффициенті орта есеппен 400-450, ауытқуы 300-600-ға дейін.
Асбұршақ – ылғал сүйгіш дақыл, алайда ол қуаңшылықты аудандарда да өсіп –жетіле алады, бұл оның жақсы дамыған тамыр жүйесіне байланысты.
Ас бұршақ өсімдігі тез өседі. Көктеп шығып гүлденуіне дейін асбұршақтың көптеген сорттарына 30-40 күн қажет. Өсімдік төменгі қабаттан бастап гүлдейді.
Ең жақсысы бұршақққа жеткілікті мөлшерде фосфор, калий және ізбесі бар саздақ және құмдақ топырақтар. Құмды, сортаң, батпақтанған, қышқыл топырақ ас бұршақ өсіруге жарамсыз. Ең қолайлы топырақ РН -6,0-7,0, бұларда түйнекті бактериалар белсенділігі жоғары. Асбұршақ қара-қоңыр топырақта жақсы өсіп дамиды.
Ноғатық – қуаңшылыққа өте төзімді дәнді бұршақ дақылы. Оны қуаңшылық аудандарда астыққа, көк балаусаға және пішенге өсіреді, мұндай жағдайда асбұршақты толықтырады.
Ноғатық тұқымы +2 – 30 жылылықта өне бастайды. Оның өсіп-өну кезеңі 70-120 күн.
Ноқат – азық-түліктік және жемазықтық дақыл – тұқымында көп мөлшерде белок (22 – 31 %), май (4,1 – 7,2%), және азотсыз экстративтік заттар (47 – 60%) бар. Ноқаттың басты бағалы қасиеті оның қуаңшылыққа төзімділігі.
Мәдени түрдегі өсімдігінің (Cicer arietinum) биіктігі 20 – 70 см, сабағы берік, жапырылмайды. Кіндік тамыры топыраққа терең бойлайды, гүлдері жекелеген, ұсақ, әдетте ақ түсті. Жемісі - 1–2 тұқымды қысқа, қампиған бұршақ. Тұқымдары домалақ, сәл сүйір бұрыштанған, тұмсықты, қойдың немесе жапалақтың басына ұқсас. Бұршағы жапырылмайды, топырақ бетінен 16-30 см биіктіктегі сабақ бойында орналасқан, бұл тұқымға жинауға жақсы мүмкіндік жасайды. 1000 тұқымның массасы 250 – 300 г.
Бұршақ тұқымдас дақылдардың арасында майбұршақ айтарлықтай белок мөлшерімен (36 – 48%), амин қышқылдарымен жоғары дәрежеде тереңдестірілгендігімен, сонымен қатар жан-жақта пайдаланатын дақыл ретінде ерекшеленеді.
Майбұршақ (Glycine hispida) – тік тұратын, жапырылмайтын бұтақты, сабағының биіктігі 0,5–0,8, кейде 1,5–2 м болатын біржылдық өсімдік. Жапырақтары күрделі, негізінен түкті, үштік, кейде 4–5 жапырақшасымен, гүлдері ұсақ бес күлте жапырақты, көпгүлді шоқгүлі жапырақтардың қуысына орналасқан. Бұршақтары түзу, орақ сияқты имек, жалпақ немесе дөңес, түкті, жиі түрде 2–3 тұқымды болып келеді. Бір өсімдікте 10-нан 4000-ға дейін бұршақ қалыптасуы мүмкін. Әртүрлі сорттарының 1000 тұқымының массасы 40-тан 500 г дейін өзгереді.
Майбұршақ жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымының өнуіне қажетті минималды температура +6–80, себу-көктеу, өсіп-өну кезеңдеріндегі қолайлы температура +18–220. Ылғал сүйгіш өсімдік, тұқымының бөртуі мен қалыпты өсуінің өзіне тұқым массасының 130–160% су қажет. Майбұршақ қысқа күннің өсімдігі, бірақ солтүстікке қарай жылжыған сайын көпшілік сорттардың өсіп-өну кезеңі ұзарады, алайда ерте пісетін сорттарға күннің ұзақтығы әсер етпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет