Г. К. Искакова 4 18. 09. 2013 ж №1 басылым орнына енгізілген



Дата10.06.2016
өлшемі164.26 Kb.
#126609




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейілі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.10.1.85/02-2015



ПОӘК

Студентке арналған «Фармацевтикалық технология негіздері» пәнінің бағдарламасы



11.06 2015 ж.

№ 2 басылым




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ»
5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін


СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2015

Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы « 20 » 05 2015 ж. Л. К. Оразжанова, х.ғ.к, доцент м.а кафедра «Химия»
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Кафедра мәжілісінде «Химия»

Хаттама № 11 « 21 » 05 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі Б.Х. Мұсабаева
2.2 Факультетің инженерлік-технологиялық оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды

Хаттама № 5 « 05 » 06 2015


Төрайымы С.С. Төлеубекова
3 БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама № 6 « 11 » 06 2015 ж.


Төрайымы Г.К. Искакова
4 18.09.2013 ж №1 басылым орнына ЕНГІЗІЛГЕН

Мазмұны




  1. Жалпы ережелер


4
  1. Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


5
  1. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар


6
  1. Пәннің форматы


6
  1. Пәннің саясаты


7
  1. Баға қоюдың саясаты


7
  1. Әдебиет


9


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:

Оразжанова Ләззат Каметай қызы, х.ғ.к, доцент м.а.

Кафедра Химия

Байланыс ақпараты – тел:35-05-90, оқу ғимараты №9, кабинет №418

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 402

Берілген пән бойынша кредиттер саны - 2

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Фармацевтикалық технология негіздері» пәні технологиялық мамандықтар жоғары оқу орындарында инженер-технологтарды теориялық дайындаудың негізі болып табылады. Фармацевтикалық технология негіздері бұл – дәрілік заттарды профилактикалық, емдеу, реабилитациялау, диагностика жасау және басқа препараттарды әртүрлі дәрілік формалар түрінде жасау және өңдеу технологиялық процестері жайында теориялық негіздерді оқытумен айналысатын ғылым бөлімі.

1.3 Пәнді оқыту мақсаты: дәрілік заттарды әртүрлі дәрілік формаларда жасау және сапасын бақылау жайында студенттерде жүйелік білім және қабілеттер қалыптастыру.

1.4 Пәнді оқудың негізгі міндеттері: дәрілік заттардың және қосалқы заттардың дәрілік заттарға айналудың әртүрлі процесстерінің теориялық заңдарын оқу; студенттерді заманауи биофармацевтикалық концепция негізінде дәрілік формалар құамын және рациональді технологияны таңдауды үйрету; студенттерде дәріхана жағдайында дәрілік заттарды дайындау және сапасына баға берудің практикалық қабілеттерін қалыптастыру.

1.5 Білім алу нәтижесі:

Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті:

- фармацевтикалық ғылым және практика жетістіктерін білу; ағымдағы уақыттағы этаптағы фармация және медицина даму концепциясын;

- дәрілік заттар технологиясының биофармациялық концепциясын, дәрілік заттардың биологиялық қолжетімділігіне фармацевтикалық факторлар әсерін (дәрілік форма түрін, дәрілік заттар бөлшектерінің өлшемін, дәрілік және қосалқы заттар физико-химиялық қасиеттерін және концентрациясын, технологиялық процесс және технологиялық процесс механизациясында қолданылатын құралдар және т.б.);

- анықтамалық, ғылыми, нормативті ақпарат көздерін;

- дәрілік заттарды дайындау, сапасын бақылау, сақтау және қолданудың негізгі нормативті құжаттарын, отандық және халықаралық стандарттарды, фармакопеяларды білу қажет.

- санитарлы-гигиеналық режим нормаларын, дәрілік заттар жасаудың асептикалық жағдайын қамтамасыз ету ережелерін, қолданылудағы НҚ сәйкес фармацевтикалық ретті пайдалана;

- технологиялық жабдықтарды (фильтрлеу қондырғысын, стерилдеугге арналған аппараттар, тазартылған су алу және т.б.) таңдау принциптерін және жұмыс істеу принциптерін қолдана;

- дәрілік заттарды дайындаудың экологиялық қауіпсіздік негіздерін, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау ережелерін пайдалана алуы қажет.

1.6. Пән пререквизиттері:

1.6.1 Бейорганикалық химия

1.6.2 Жалпы химиялық технология

1.6.3 Органикалық химия

1.6.4 Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері

1.7. Пән постреквизиттері:

1.7.1 Дәрілік формалар технологиясы

1.7.2 Дәрілік полимер технологиясы

1.7.3 Фармацевтикалық технология негіздері
2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ

Кесте 1


№, п/п

Тақырып аты, мазмұны

Сағаттар

Әдебиет

ЛК

СПС

БОӨЖ

БӨЖ

1

2

3

4

5

6

7



Фармацевтикалық технология ғылым ретінде

1

1

1

3

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары

1

1

3

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Дәрілік препараттардың сапасы мен өндірісті регламентейтін нормативті құжаттама. Материалдық баланс.

2

1

2

4

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Фармацевтикалық технологияның машиналары мен аппараттары

1

1

1

3

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Өндіріс ішінде материалдарды тасымалдау

2

1

3

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Қатты материалдарды ұсақтау, елеу, араластыру

2

1

1

3

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Фармацевтикалық технологиядағы жылулық процестер

2

1

1

4

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Ерітінділерді тазарту әдістері. Сүзгіден өткізу (Фильтрлеу)

1

1

1

4

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Фармацевтикалық технологиядағы экстракция процестері

2

1

1

4

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Қосымша заттар

3

1

1

4

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Жинақтар технологиясы

1

1

1

4

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Ұнтақтар технологиясы

2

1

1

4

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Таблеткалар

1

1

1

4

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Таблеткалар технологиясы

2

1

4

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Капсулалар технологиясы

1

1

2

4

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Асептика және стерильдік

1

1

2

4

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Инъекцияларға арналған дәрілік формалар

2

1

2

4

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4





Жақпа майлар технологиясы

3

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.4






БАРЛЫҒЫ

30

15

22,5

67,5





3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
Фармацевтикалық технология негіздері курсын оқыту өзара байланысқан төрт форманы қажет етеді: дәріс, практикалық сабақ, БОӨЖ - білімалушылардың оқытушымен өздік жұмысы, БӨЖ – білімалушылардың өздік жұмысы.

Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте констпект жазуға әрбір білімалушы міндетті. Конспектті оқулықтардан және оқу құралдарынан алынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспектті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Практикум фармацевтикалық формалар түрлерімен, олардың технологиясымен және олардың ерекше қасиеттерімен таныстырады. БОӨЖ және БӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста білімалушылар әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, лабораториялық сабақтарға дайындалады.


4 КУРС ФОРМАТЫ
Курс бойынша 50 минуттық дәріс аптасына 1 рет, 50 минуттық практикалық сабақ және 50 минуттық БОӨЖ аптасына 1 рет болады.
5 ПӘН САЯСАТЫ
Сабаққа қатысу: Дәрістерге, практикалық сабақтар және БОӨЖ қатысу қатаң түрде міндетті болып табылады. Егерде әлдебір себептермен сабаққа қатыса алмасаңыз, сізге барлық босатқан сабақтардағы қабылданбаған материалдар үшін жауапкершілік жүктеледі. Оқу жоспары бойынша босатқан (қатыспаған) сабақтарды қайта қабылдау қарастырылмаған, сондықтан мұғалім тапсырмасы бойынша білімалушы босатқан тақырыбы бойынша 5 есеп шығаруы керек.

Тәртіп: Сабақ барысында ұдайы тәртіпбұзушылық аудиториядан қуылумен жазаланады және сәйкесінше сабақ босатқаны үшін рейтінгілік бағасы төмендетіледі.

Практикалық сабақтар: Практикалық сабаққа дәріс материалының конспектісі, практикалық жұмыстың теориялық білімі бар білімалушылар ғана жіберіледі. Білімалушылар есептеу формулаларын, негізгі түсініктерді және есептеу кезінде шығатын заңдылықтарды түсіндіре білулері керек.

Межелік аттестация: Межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде СӨЖ орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптарымен, тестілеу нәтижелерімен және межелік бақылауды ескере қойылады.

Емтихан: Ауызша емтихан немесе компьютерлік тестілеу жүйесі негізінде рұқсат алған барлық білімалушыларға қорытынды емтихан жүргізіледі. Емтиханның әрбір тест сұрағы 5 жауаптан тұрады, соның ішінде бір дұрыс жауабымен. Тест сұрақтары барлық өткен курс бөлімдері бойынша құрастырылған.
6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ
Апталар және бақылау түрлері бойынша балдардың бөлінуі 2 кестеде келтірілген

«Фармацевтикалық технология негіздері» пәні бойынша балдардың бөлінуі

Кесте 2


Апта

Бақылау түрі

Барлық балл

Ескертпе

1

2

3

4




1 – 7 апта арасында дәрісханалық сабақтарға қатысу

30




1

Фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары

0

ПС

2

Фармацевтикалық өндірісті нормалау

20

ПС

3

Фармацевтикалық технологияның машиналары мен аппараттары

20

ПС

3

Дәрілік заттарды масса бойынша дозалау

40

СӨЖ

4

Қатты материалдарды ұсақтау, елеу, араластыру

20

ПС

5

Фармацеатикалық технологиядағы жылулық процестер.

20

ПС

5

Сұйық дәрілік заттарды көлем және тамшылар бойынша дозалау

40

СӨЖ

6

Ерітінділерді тазарту әдістері. Сүзгіден өткізу (Фильтрлеу). Фармацевтикалық технологиядағы экстракция процестері

20

ПС

7

Қорытынды сабақ. Межелік бақылау

90

ПС

1-7 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл

300







8 – 15 апта арасында дәрісханалық сабақтарға қатысу

30




8

Фармацевтикадағы қосымша заттар

15

ПС

9

Жинақтар технологиясы

15

ПС

10

Ұнтақтар технологиясы

14

ПС

10

Құрамында антибиотиктері бар дәрілік формалар

40

СӨЖ

11

Таблеткалар технологиясы

14

ПС

12

Капсулалар технологиясы

14

ПС

13

Асептика және стерильдік

14

ПС

13

Асептикалық дәрілік формалар

40

СӨЖ

14

Инъекциялық формалар өңдірісінің технологиясы. Жақпа майлар технологиясы

14

ПС

15

Қорытынды сабақ. Межелік бақылау

90

ПС

8 - 15 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл

300




Емтихан бойынша жалпы балл

400




Академиялық кезен бойынша жалпы балл

1000





7 ӘДЕБИЕТ
7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1. Краснюк И.И. Фармацевтическая технология. Технология лекарственных форм : учеб. / И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова. – М. : Академия, 2006. – 592 с.

7.1.2. Краснюк И.И. Практикум по технологии лекарственных форм: учеб. / И.И. Краснюк, Г.В. Михайлова, О.Н. Григорьева. – М. : Академия, 2007. – 432 с.
7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1. Технология лекарственных форм / под ред. Т.С. Кондратьевой. – М. : Медицина, 1991. – Т.1. – 496 с.

7.2.2. Муравьев И.А. Технология лекарств / И.А. Муравьев. – М. : Медицина, 1980. – Т. 1. – 391 с.

7.2.3. Муравьев И. А. Технология лекарств / И.А. Муравьев. – М. : Медицина, 1980. – Т. 2. –420с.



7.2.4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм / под ред. Т.С. Кондратьевой. – М. : Медицина, 1986. – Т.1. – 271 с.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет