Г. Т. Кусепова Қызылорда облысы Шиелі ауданы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы Тақырыбы



Дата30.06.2016
өлшемі69.22 Kb.
#168056


Г.Т.Кусепова

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы
Тақырыбы: «Әке асқар тау, ана – ағып жатқан бұлақ, бала жағадағы құрақ»

Сыныбы: 7 «Ә»

Мақсаты: ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәлім-тәрбиесін көрсету;

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларға М.Әуезовтің «Абай жолы» романының 1 томын оқып шығу тапсырылады, алдын-ала қолөнер бұйымдарын өз қолдарымен жасап, дайындап келуді тапсыру, ата-ана жайлы өлең шумақтарын жаттау мен ата-дәстүрлерімізді оқып, білу.



ІІ. Барысы:

  • Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге,

Жаңарғанын сананың,

Ұмытады мұны кім?

Ата-салтын бабамның

Алып келді осы күн


  • Қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, «Әке асқар тау, ана – ағып жатқан бұлақ, бала жағадағы құрақ» тақырыбы бойынша сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

«Ата тұрып ұл сөйлесе ер жеткені болар» (Көрініс)

Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, хан Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.

– Балалар, аман ба? – депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:


  • Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! – дейді.

Малайсары жалт қарап:

  • Ата тұрып ұл сөйлегеннен без,

Ана тұрып қыз сөйлегеннен без.

Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? – дейді.

– Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,

Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар, – дейді Сырым.

Сен толған екенсің, мен тозған екенмін, – деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.
І тур:

Шарты: Балаларға алдын-ала «Абай жолы» романын зер салып оқып, романдағы әке мен бала туралы жазылған жерлерін есте сақтап қалу керек екендігі жөнінде тапсырмалар беріледі.

Ойынның барысы: Үш түсті жол беріледі (сары, жасыл, көк), осы жолдардың түстеріне сай үш конверт беріледі. Келіп отырған оқушыларға конверттегі сұрақтар қойылады, жауап берген оқушы, конверттің түсіне сай жолға тұрады. Сұрақтарға жауап беріп үш бала жарысуға шығады. Жарысуға шыққан балалардың жауап бергені ғана алдыға бір қадам аттайды. Ал жауап бере алмай қалған балалардың тұрған жолының түстеріне сай асықтар лақтырылады, асығы бүк болған бала ойыннан шығады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Ал енді «Алтын сақа» ойынымызды бастайық. Қояйын деп отырған сұрақтарым романдағы әке мен баланың бір-бірімен қарым-қатынасы туралы. Мен үзінді оқимын, сендер сол үзіндіні жалғастырыңдар.

Енді біз біріншіден кім сайысқа түсетінін белгіліп алайық. Бірінші турымыздың аты «Кім жүйрік?» деп аталады: Бұл ойындағы сұрақтарымыз бастамамыз болғандықтан Абайдың оқудан ауылына қайтып келгендегі, сәлемдесуден алынады.



Сары конверттегі сұрақ: Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:

Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! – деді. (Анасы не себептен баласын біріншіден әкесіне жіберді? Бұл жағдайда Абай не істейді?)

Абай жалт қарады да, әкесін көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында екі-үш үлкен кісі бар - әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне тез бұрылды.

Жасыл конверттегі сұрақ: Құнанбай тез бұрылып сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орнынан қозғалған жоқ. Баласын қасына да шақырмады. Азғантай уақыт Абайға қарап алып:

Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? – деді. Кекету ме, күдік пе? Немесе шынымен жай білгісі келгені ме? (Абай не деп жауап қайтарды?)

Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. Ол сабырлы, момын пішінмен:

Шүкірлік, әке, - біраз тұрады да, - ат барған соң, дәріс тәмам болмаса да, қазіреттің рұқсатын алып қайттым, - деді.



Көк конверттегі сұрақ: Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. (Ұлжан не істеді? Сөйлемді әрі қарай жалғастыр).

Қатты бір қысып, бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді. Абайдың әкесіндегі тартымды салқындық шешесіне де көптен бері мінез болған. Бала осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ бауырына басқанның өзінде де Абайдың жүрегінде аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы!



ІІ тур:

- Анадан ісмерлік көрмеген қыз жаман,

Атадан тағылым алмағын ұл жаман.

Ал, енді келесі турымыз «Шебер қол» деп аталады. Бұл сайыста бала отбасының ісмерлік шеберліктері: қолөнерлерін қазыларға апарып беріп, оның не мақсатпен жасалғандығы айтылады.



Көрініс:

Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушалрға көңілі толмайды. Ол;



  • Ақта ақ деп бағалар!

О, игі жақсы ағалар

Өзегі талса, ел біткен,

Өзен бойын жағалар, -

деп сөз бастай бергенде:



  • «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без» деуші еді. Мына бала кім өзі? Дейдә тқрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып:

  • О, би аға он үште отау иесі емес пе,

Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске?

Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,

Ала көз болу ағайын адамға лайық па?

деп, бір тоқталды да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:



  • О, игі асқар тауымыз

Әділ ме осы дауымыз?

Жар астында тұрғанда

Жасырынып жауымыз?

Сонда әлгі би:



  • Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақса сақа ғой

Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса аға ғой, -

деген ғой, балам, билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай.



  • Сары табақтан сарқып қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласып, бұған қалай қарайсыздар?

Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:

  • Үй баласы ма деп едім,

Ел баласы екенсің

Ай маңдайлы арысым,

Талабың алдан өтелсін.

Ауылыңның таңы бол,

Маңдайындағы бағы бол!

деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіс сөзге араласып, билік айта бастапты.



ІІІ тур:

Ал, қазылар алқасы балалардың жасаған қолөнерлерін көріп болса, келесі турға көшейік. Бұл тур «Алғыр бала» - деп аталады.



Сары конверттегі сұрақ: Бес қаруды атаңыз

- Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта



Жасыл конверртегі сұрақ: Жеті жетімге не жатады?

- 1. Тыңдаусыз қалған сөз жетім

2. Киюсіз қалған бөз жетім.

3. Иесіз қалған жер жетім

4. Басшысы жоқ ел жетім

5. Аққу-қазсыз көл – жетім

6. Елінен айырылған ер – жетім

7. Замандасы қалмаса бәрінен де сол – жетім



Көк конверттегі сұрақ: Үш арсыз, үш жамандықты атап беріңіз:

Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз

Нақақ қан төгу жаман, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған жұртты бұзу.

ІҮ тур:

«Әке жолы – ұлына мақтаныш,

Ананың аялы алақаны – қызына сағыныш»

Ал, енді бала ана мен әке өнегесі жайлы бір ақынның шығармасынан бір шумақ өлең оқып береді.



Ү тур:

«Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, азап-соры» дей отырып, ата-аналарының бірін ортаға шақырып, келесі бір ситуациялық сұрақтарды қоймақшымыз. (Ата-аналарды ортаға шақырып, жағдаяттар қойылады)



Сары конверттегі сұрақ:

Алақай мен бес алдым! Мұғалім бізге не айтқанын білесіз бе? – деп сынып оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай анасына айтып жатыр. Үй іші бұған онша мән бермеді. «Алақай, бес алдым» деп баланың қуанышты сөздері сирек естілетін болады. Сіздің ойыңыз қандай?



Жасыл конверттегі сұрағы:

Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтайыншы» десе, анасы: «Сенсіз де басым қатып отыр, мазамды алма» деді.



Қызыл конверттегі сұрақ:

Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол «Ән тыңдап отырмын, қолым бос емес» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?


ІІІ. Қорытынды:

Жеңімпазға «Үлгілі оқушы», ал қатысушыларға «Өнегелі оқушы», «Тәрбиелі оқушы» деген атақтар беріледі.




  • Туған соң анам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Сауатсыз деп жазғырған

Ата-баба ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Жамандыққа бармапты

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты

Бауырласқан жанымыз

Бұзылмаған салтымыз

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз

Өзге ұлттай біздің де



Сақталды міне дәстүр-салтымыз!
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар /Бала - әр ата-ананың болашағы, өмірінің жалғасы (54-56 беттер)

  2. М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы (Алматы, «Жазушы», 2007 жыл), 9-11 беттер

  3. Би-шешендер, 48-49 беттер


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет