Г. Т. Сөз құрамы, сөздердің негізі туралы ұғым. Қосымшалардың орын тәртібі



бет3/4
Дата01.11.2023
өлшемі42.26 Kb.
#482168
түріСабақ
1   2   3   4
4 сабақ

2-тапсырма. Ережені оқып, жаттау.
Сөз құрамы орыс. состав слова – сөздің сыртқы түр-тұрпаты. Тілдегі сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Әрбір сөздің өзіне тән құрамы болады да, олар морфемаларға бөлшектенеді. Морфемалар түбір морфема және қосымша морфема деп екіге бөлінеді.
Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Сондықтан түбір морфема сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді, яғни жеке тұрып белгілі бір ұғымды білдіре алады.
Қосымша морфема түбірге жалғанып, оған қосымша мағына үстейді. Қосымша морфемалар жеке тұрғанда белгілі бір мағынаны білдіре алмайды. Олар тек түбірге жалғанып қана жұмсалады, яғни жеке қолданылмайды.



жұрнақтар


Қосымша морфемалар екіге бөлінеді:

жалғаулар


Жұрнақтардың екі түрі бар:

  1. Сөз тудыратын жұрнақтар. Өзі жалғанған сөзден жаңа сөз. Жаңа мағына тудырады. М-ы: жылқы-шы, біл-ім, оқу-шы.

  2. Сөз түрлендіретін жұрнақтар. Өзі жалғанған сөзге үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын ғана өзгертеді. М-ы: көк-шіл, сар(ы)-ғыш, үй-шік.

Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік) жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздің морфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердің морфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады.


3-тапсырма. Сөздердің құрамын анықтаңыз. (определите состав следующих слов)
Қалалар, адамгершілік, шекара, дала, аула, үйшік, қалашық, достық, достар, білгіш, білімпаз, балалар, балалық, балаға, әділ, әділетті, жігіт, жігіттік, оқушы, оқулық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет