Сондықтан Резерфорд моделі мен классикалық физика арасындағы айтылған қайшылықтарды шешу үшін 1913 ж. Н.Бор өз қағидаларын ұсынды. Осының негізінде Бор сутегі атомының құрылысын, спектр заңдылықтарын түсіндіріп бергенімен атом дүниесіне қатысы бар көптеген күрделі құбылыстарды сол кездегі А. ф-ның шеңберіне сыйғыза алмады. Бор теориясында тиянақты атом теориясы бола алмады. Атом құрылысының және ондағы болатын түрлі құбылыстардың жүйелі теориясы микродүниенің кванттық заңдылықтары ашылғаннан кейін ғана пайда болды (1925 — 27 ж). Қазіргі заманғы А. ф-ның мазмұны осы кванттық теорияға негізделген. А. ф. атом теориясы, атомдық (оптикалық) спектроскопия, рентгендік спектроскопия, радиоспектроскопия, атомдар мен иондар соқтығысу физикасы тәрізді бөлімдерден тұрады. - Сондықтан Резерфорд моделі мен классикалық физика арасындағы айтылған қайшылықтарды шешу үшін 1913 ж. Н.Бор өз қағидаларын ұсынды. Осының негізінде Бор сутегі атомының құрылысын, спектр заңдылықтарын түсіндіріп бергенімен атом дүниесіне қатысы бар көптеген күрделі құбылыстарды сол кездегі А. ф-ның шеңберіне сыйғыза алмады. Бор теориясында тиянақты атом теориясы бола алмады. Атом құрылысының және ондағы болатын түрлі құбылыстардың жүйелі теориясы микродүниенің кванттық заңдылықтары ашылғаннан кейін ғана пайда болды (1925 — 27 ж). Қазіргі заманғы А. ф-ның мазмұны осы кванттық теорияға негізделген. А. ф. атом теориясы, атомдық (оптикалық) спектроскопия, рентгендік спектроскопия, радиоспектроскопия, атомдар мен иондар соқтығысу физикасы тәрізді бөлімдерден тұрады.
ХІХ ғасырдың аяғына дейін атом бөлінбейді деген ұғым қалыптасты. Алайда, ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында физика саласында ашылған радиоактивтілік құбылыс, рентген сәулелері тәрізді жаңалықтар атомның өте күрделі бөлшек екенін дәлелдеді. - ХІХ ғасырдың аяғына дейін атом бөлінбейді деген ұғым қалыптасты. Алайда, ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында физика саласында ашылған радиоактивтілік құбылыс, рентген сәулелері тәрізді жаңалықтар атомның өте күрделі бөлшек екенін дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |