4-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарында бірнеше қаттарды бірлесіп пайдалану үшін объектілерді бөлу
142. Көпқатты газ және газоконденсат кен орындарын қазу жүзеге асады:
1) әр қатты ұңғының дербес торымен бөліп пайдалану;
2) бір ұңғыдағы бірнеше қаттарды бір мезгілде және бірлесіп пайдалану;
3) бір ұңғыдағы бірнеше қаттарды қаттар арысындағы оқшауларды бір мезгілде және жеке пайдалану.
143. Көпқатты кен орындарын пайдалануды ұйымдастырғанда геологиялық-техникалық кешеннің түгелдей көрсеткіштерін, сондай-ақ, жеке қаттардан газды, конденсатты және ілеспе компоненттерді таңдап алуда техникалық және экономикалық жағдайларды есептеу қажет.
144. Көпқатта кен орындарын қазуды жобалаған кезде қаттарды, әрқайсысын өзінше, бірлесіп пайдалану үшін пайдаланылатын объектілер таңдап алынады. Мұндайда пайдаланылатын объектілердің саны аз болғаны жақсы болар еді, алайда жалпы кен орындарын немесе жеке қаттарды пайдалану жағдайын төмендетпегені жөн.
145. Бірлесіп пайдалану үшін қаттарды біріктіргенде жеке қаттарды қазудағы бақылау жұмысын шешкен жөн: қаттағы және забойдағы қысымдардың өзгеруін, газдың бір қаттан екіншісіне ауытқуын, құмның шығуын, судың жылжуын бақылау және тағы басқалары.
146. Осы мақсатпен жеке қаттарда (немесе бұрғылану есебінен) қысым өлшеуін және басқа зерттеулерді жүргізу үшін байқау ұңғыларын бұрғылауды қарастыру қажет.
5-параграф. Газоконденсат кен орындарын қазу әдісін таңдау
147. Газоконденсат кен орындарын (шоғырлар) қазған кезде ауыр көміртегілердің (С5Н12+жоғарғы), болуына, газ және конденсат запасының мөлшеріне, шоғырдың геологиялық құрылымы мен пайдалану жағдайына байланысты екі негізгі әдісті жүзеге асырады:
1) қазу әдісі - қордың таусылуына, яғни қат қысымын қолдамай - ақ;
2) қазу әдісі – қат қысымын қолдаумен.
148. Газоконденсат кен орнын қазу әдісін таңдау гидродинамикалық, термодинамикалық және техникалық-зкономикалық есептердің негізінде әр жағдайға байланысты анықталады.
149. Газоконденсат кен орындарында қазу әдістерін таңдауға байланысты техникалық-экономикалық есептердің жүргізілуінде мынадай негізгі бастапқы технологиялық параметрлерді анықтау қажет:
1) газдың, тұрақты конденсаттың (С5Н12+ жоғарғы) және сұйықталған газдың бастапқы запасының көлемі;
2) кен орындарын пайдалану әдістеріне байланысты тұрақты конденсаттың кезеңдер және жылдар бойындағы құрамының өзгеруі;
3) кен орындарын қазудың аяқталуына таман кен орындарын пайдаланудың түрлі әдістеріндегі тұрақты конденсаттың жиынтық шығыны;
4) кен орындарын пайдалану әдістеріне байланысты газ және конденсатты кезең және жылдар бойындағы өндіру мүмкіндігі;
5) ұңғылардың (газ және конденсат) кезеңдер және жылдар бойындағы дебиті, сондай-ақ, қажетті кен орындарын пайдаланудың түрлі әдістеріндегі пайдаланылатын, айдаушы (газдық) және пьезометрикалық ұңғылардың саны;
6) үрдісті жүргізу үшін қажетті айдаушы ұңғылардың қабылдағыштығы және нығыздалған газдың саны;
7) кен орындарын қазудағы кезең және жылдар бойындағы қаттан шығарылатын конденсаттың физикалы-химиялық құрамының және тауарлық сипатының өзгеруі.
150. Газоконденсат кен орындарын кез келген әдіспен қазғанда алым жүйесін, сүзгіні және газды өңдеуде ең оңтайлы экономикалық көрсеткіштер кезінде өндірілетін газдан конденсатты және басқа компоненттердің толық тұтылуын қамтамасыз ету керек.
6-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарын қазудың негізгі кезеңдері
151. Газ кен орнын қазу ретімен үш рет ауысып отыратын пайдалану кезеңдерімен сипатталады: пайдаланудың тәжірибелі-өндірістік кезеңімен, пайдаланудың өндірістік кезеңімен және кен орнын қосымша қазумен.
152. Газоконденсат кен орындарынан конденсатты өндіру кезінде, кен алу жобада көрсетілгендей қат қысымын қолданбай-ақ, қазудың кез келген кезеңі үшін газды және конденсатты жыл бойы өндіруге байланысы орнатылады, сол кездегі техника мен технологияның жетістік дәрежесіне сай газ және конденсат шығару коэффициентінің экономикалық негіздемесі жасалынады.
153. Қат қысымын қолданумен газоконденсат кен орындарын қазу ең алдымен газоконденсат шығару мақсатында жүргізіледі. Бұл кезеңнің ұзақтығы шоғырлардан конденсат запасын шығарудағы толық таңдаумен анықталады. Кен орнын одан әрі қазу, газды өндіргендей жүзеге асады.
7-параграф. Бастапқы және күнделікті дебиттер, газды таңдау талабын қамтамасыз ету үшін ұңғылардың қажет саны мен орналасуы
154. Жобаланып пайдаланылатын ұңғылардың бастапқы жұмыс дебиті ұңғыларды таңдау жүйесін орналастыруға сәйкес өндірістік зерттеу мәліметтерінің және қолда бар барлау және пайдаланатын ұңғыларды тәжірибелі-өндірістік пайдалану негізінде орналастырады.
155. Ұңғылардың барынша рұқсат етілген жұмыс дебиті газ тасқынын (забой төңірегіндегі зонаны тазартуды бірге қоса) интенсификациялау жөніндегі барлық жұмысты жүргізгеннен кейін, келесі негізгі факторларға байланысты орнатылады:
1) коллектордың орнықты жағдайында, болдырмайтын немесе құмның шығуына себепші болатын, қалыпты жұмыс істейтін ұңғыларда газ ағынындағы саны, забой төңірегіндегі запас қатты бұзуға мүмкіндік бермеуі, бітеліп қалуына жерасты және жерүстіндегі жабдықтардың іріп-шіруіне әкелмеуі тиіс;
2) ұңғылардың забойындағы конустар мен суландыру көздерін тартуға;
3) ұңғылар және газ жинау жүйесінің құрылымы мен техникалық жағдайының мүмкіншілігі, ұңғы сағасында жұмыс қысымын ұстап тұру қажеттігі, өндірістік құрылыстардың және газ бен конденсатты тасымалдаудың ең үнемді жұмыс жағдайын қамтамасыз ететіндігі.
156. Қазуды жобалауда көрсетілгендей қолдағы және жобаланған пайдалану ұңғыларының жұмыс дебитінің уақытпенен жылдық таңдау мөлшеріндегі өзгеруі қат қысымының уақытпен өзгеруін есептегендегі, қабылданған технологиялық режимге сәйкес, сондай-ақ, кен орындарын пайдалану жағдайының өзгеруі анықталады.
157. Жылдар бойынша пайдаланатын ұңғылардың жалпы саны қазу жобасымен бекіген кен орындары (объектілер, шоғырлар) бойынша газдың жылдық таңдап алынуына байланысты, тұтастай тәуліктік таңдауды барынша ескере отырып, жабуды қамтамасыз етуін, жыл бойы газды маусым бойынша біркелкі бермеуін анықтайды.
158. Газ және газоконденсат кен орындарының пайдалану ұңғыларының саны қазуды жобалаған қолданыстағы пайдалану ұңғыларының жалпы санына, сондай-ақ, кен орындарының (шоғырлардың) ерекшеліктеріне және оны пайдалану жағдайына байланысты анықталады.
159. Байқайтын және пьезометрикалық ұңғылардың саны пайдалану ұңғылардың жалпы санына, олардың орналасу жүйесі, көлемі мен конфигурациясына, сондай-ақ, кен орнының геологиялық ерекшелігі мен пайдалану жағдайына байланысты анықталады.
160. Байқау және пьезометрикалық ұңғылардың саны мен орналасуы жобамен анықталады.
161. Егер газтұтыну немесе газжинағыш жүйесінің техникалық жағдайына байланысты кәсіпшілік бойынша газды жобаға сәйкес алуға шыдамайтын болса немесе жеке ұңғылар бойынша қызметтік дебит, газөндірушы ұйымның геологиялық және технологиялық қызметтері күнделікті шамалы немесе көптеп алу немесе үңғының дебитіне байланысты басқа, мерзімді белгілеуі мүмкін.
162. Осыған сәйкес жеке ұңғылар, пайдалану объектілері бойынша газ өндірудің күнделікті жоспар-графигін, ал кейбір жағдайларда тұтастай кәсіпшілік бойынша газ өндірудің жоспары мен көрсеткіштерін өзгерту қажет. Бұл өзгерістерді жоғарыдағы тұрған ұйымдар бекітеді.
163. Ұңғылар орналасуының кез келген жүйесінде жеке ұңғылардың қолданылатын кеңейтіп бұрғылау торынан шамалы ауытқу (100-200 м дейін) болады, егер осы ауытқулар бұрғылау жағдайына немесе ұңғыларға қызмет көрсетуге байланысты қажет болса. Көрсетілген көлемнен артық ауытқу болса, оны жобалаушы ұйыммен келісу және жоғарғы тұрған ұйымға бекіттіру қажет.
164. Пайдаланатын газ ұңғылары санының өзгеруін жобаға сәйкес келмесе, ол қазу жобасын жасаған және бекіткен ұйыммен, сондай-ақ, қазу үрдісін бақылауды жүргізетін ұйыммен келісілу керек.
8-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарын күнделікті қазуды бақылау
165. Газ және газоконденсат кен орындарын қазудың жүйесі мен тәртібін жүзеге асыру оларды қазу жобасында анықталады. Бақылау қолдағы қазу жүйесінің тиімділігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
166. Кен алуды бақылау жерқойнауын пайдаланушыға жүктеледі, бұл жұмысқа қазу жобасын жасауды жүргізетін, қазу барысын үнемі талдап отыратын, кен алу көрсеткішінің нақтылығына сай келуін бақылайтын ұйымның қатысуымен жүзеге асады: оған мұнайдың жобалық көлемі, ұңғылардың, қат забойының өнімділігі және сағалық қысымдарды, сулану пайызы мен басқалары жатады, ол үшін пайдаланылатын, байқайтын және пьезометрикалық ұңғыларға кешенді зерттеулер жүргізіледі.
167. Бақылау жүйесіне жатады: қаттық, забойлық және сағалық статикалық қысымдарды, пьезометрикалық ұңғылардағы сұйықтың деңгейін, газ-су қосылу (мұнай жиегі болғанда газ-мұнай және мұнай-су) жағдайын, газ, конденсат, судың (мұнай) дебиттері мен химиялық құрамының өзгеруін жүйелі және бақылауды өлшеу және анықтау.
168. Зерттеу нәтижелерінің негізінде анықталады және аракідік дәлденеді:
1) шоғырлардың жұмыс режимі және оның температурасының режимі;
2) газдың, конденсаттың, мұнайдың бастапқы және күнделікті запастары;
3) шоғырлар бойынша қысымның бөлінуі;
4) шоғырлардың жеке учаскелерінің өзара қимылы;
5) шоғырлардың әртүрлі учаскелеріне судың (мұнайдың) жылжу қарқыны мен сипаты;
6) газ беру аралығы оның дифференциялық дебитінің бағасы;
7) запастарды қазуды қамту;
8) колонна (бағана) артындағы ағынның болу мүмкіндігін анықтау.
169. Статикалық қысымды өлшеу бүкіл ұңғылар қоры бойынша жүйелі түрде жүргізіледі. Қазудың алғашқы кезеңінде оны тоқсан сайын бір реттен кем емес, оны одан әрі өлшеуді қазу аяқталуға жақын қалғанда бір жылда бір рет өткізу керек.
170. Ұңғылар қоры көп кен орындарында және қысымды қалпына келтіру мерзімінің ұзақтығына орай (бес тәуліктен аса) өлшеу кезеңдері өзгеруі мүмкін.
171. Біртекті емес коллекторларды өңдегенде шоғырлардың әртүрлі бөліктеріндегі қат қысымының төмендеуі біркелкі болмайды, соған орай ең көп деңгейі бар зоналарда статикалық қысымдарды өлшеуді ұңғылардың тобы бойынша оларды бірдей тоқтатып жүргізген ләзім. Ұңғылардың сағаларындағы статикалық қысымды өлшеуді қысымды қалпына келтіруде қисықты жоюмен бірге жүйелі түрде жүргізген жөн. Оның жиілігі горизонттың өнімділік ерекшілігі - қат қысымын қалпына келтірумен байланысты.
172. Ұңғылар бойынша қат қысымын өлшеудің жүйелігін газды таңдау қарқынына және соған себепші болатын қат қысымының төмендеуіне байланысты өндірістік қазу жобасымен бекітіледі, мұндағы есеп қат қысымының төмендеуіндегі екі реттік өлшеу арасындағы кезеңде орташа кен орны бойынша оны өлшегендегі қателік есебінен үш есе артық болуы тиіс.
173. Қазуды бақылау, пайдаланылатын, сондай-ақ, осы мақсат үшін қолданылатын бақылағыш және пьезометрикалық ұңғыларда жүзеге асады, олардың саны мен орналасқан жері өндірістік қазу жобасымен анықталады.
174. Бақылайтынға өнімді горизонтты газды қою бөлігі шеңберінде қазатын ұңғылар жатады. Бұл үңғылар біраз уақыт пайдаланылмайды және қысымды дәл өлшеу үшін, газ-су (газ-мұнай және мұнай-су) түйісуін бақылау үшін қызмет жасайды. Алда тұрған міндеттерді шешу барысында бақылайтын ұңғылар қарапайым ұңғылар қатарына көшірілуі мүмкін.
175. Пьезометрикалыққа өнімді горизонтты оны су басқан бөлігі шеңберінде қазатын ұңғылар жатады. Онда тұйықталған су немесе аяқ асты судың деңгейінің төмендеуіне бақылау жүргізіледі.
176. Байқайтын және пьезометрикалық ұңғылардың саны мен тұрған жерін анықтауда кен орындарында бұрғыланған барлау ұңғыларын барынша пайдалану керек. Таяз кен орындарында осы мақсат үшін тек осындай ұңғыларды пайдалану қажет.
177. Байқайтын және пьезометрикалық ұңғалар бойынша өлшеуді жүргізу 1,5 – 2 айда бір реттен кем болмау керек.
178. Ірі кен орындары үшін олардан алыс бірнеше шақырым жерде тұйықталған, кен орны аумағынан алыстатылған қатта қысымның күрт төмендеуін қадағалайтын бірқатар пьезометрикалық ұңғылар болғаны дұрыс болар еді.
179. Газдық қабаты мол шоғырлар үшін, сонымен қатар күрделі құрылымы бар ұңғылар үшін қысымның алаң бойынша ғана емес, сондай-ақ, оның көлемі бойынша таралатын деректері, яғни өнімді горизонттың әртүрлі тік бөлігіндегі деректері болу керек.
180. Су басқан әр газ ұңғылары бойынша су басу себебін анықтайтын зерттеулер жүргізу керек.
181. Қазу үрдісі кезінде қат суларының шоғырларға енуін бақылауды гидрохимиялық, өндірістік-геофизикалық және гидродинамикалық әдістермен жүзеге асырады.
182. Жедел байқаудың гидрохимиялық әдісі пайдаланатын ұңғылардың бүкіл қоры бойынша шығатын сулардағы ион сипатының құрамындағы өзгерістерді жүйелі бақылауды қажет етеді. Әртүрлі шөгінділер мен аудандар бойынша иондар сипатын бақылауды тәжірибелі жолмен жүргізеді. Суды тексереді (экспресс-талдау) тоқсан сайын, ал бастапқы нышанында суы бар ұңғыларда ай сайын жүргізу қажет.
183. Кәсіпшілік-геофизикалық әдістің бақылауы пайдаланылатын және байқау ұңғыларындағы газ бен судың араласу деңгейінің көтерілуін тіркейтін арнаулы радиоактивті каротажа әдісімен жүзеге асады. Зерттеудің жүйелігі нақты жағдайларға байланысты анықталады, бірақ жылына 1-2 ден кем өткізілмеуі тиіс.
184. Газды өндірудің есебін пайдаға асатын газды ғана емес, ұңғыларды зерттеу кезіндегі шығындар (газ жоғалту), әртүрлі үрлеп тазартатын, сондай-ақ, апатты фонтан атқылағанда көрсету керек. Осы және басқа да шығындарды, жер қойнауын пайдаланушылар атқаратын жұмыстармен бірге запас баланстарында көрсету қажет.
185. Егер пайдалануға дейін газдың біраз бөлігі шығынға ұшыраса, оған баға беру үшін, онда қолдағы барлық ұңғылардағы қат қысымын өлшеу керек. Бағаның нәтижесін «жоғалудың» себептерін түсіндіре отырып, оны запас баланстарына кіргізу қажет.
186. Жылына екі рет жұмыс кезіндегі әр ұңғыдағы конденсаттың құрамын анықтау үшін зерттеу жүргізіледі, соның ішінде төмен температуралы сепарациядағы ылғалды және тұрақты конденсаттың құрамын анықтау үшін. Осы зерттеулердің негізінде графикалық тәсілмен тәуелсіздік көрсетіледі: қат қысымы – газдағы конденсаттың құрамы.
187. Сондай кезеңмен графикалық тәуелділікті алу үшін тұрақты конденсаттың негізгі физикалық-химиялық қасиеті анықталуы тиіс: конденсаттың меншікті және молекулярлық салмағы – қат қысымы.
188. Өндірістік кен алуды бақылауды жүзеге асыратын ұйым, кен қазудың жағдайына тұрақты талдау жасауды, алынатын нақтылы нәтижелерді жобадағымен салыстыруды және өндірістік қазудағы жоба бақылауына тиісті түзетулер енгізуді жүзеге асыруы қажет.
189. Газ және газоконденсат кен орындарын игерудегі инвестицияның тиімділігіне баға беру үшін, газ және газоконденсат кен орындарын игеруді белгілейтін инвестициялық жобасы жасалынады, бұл одан әрі пайда мен кіріс алу мақсатымен капиталды жұмсау жоспары немесе бағдарламасы деп танылады. Бұл жобаның түрі мен мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: жаңа ресурстарды игеруден кен орындарын қайта қазу жобасына дейін.
190. Ресурстарды игеру сипаттамасы кезеңдік болатынын ескере отырып, тәжірибелік-өндірістік пайдалану (5 жыл, сондай-ақ, қазудың негізгі жобасын жасауда (20 жыл) секілді уақытқа қаржылық-экономикалық баға беруді жүзеге асырады. Пайдаланудың аяқталу кезеңінде кен қазудың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіші анықталады.
191. Газ және газоконденсат кен орындарын игеруді жобалағанда, жобаның ұзақ мерзімділігін ескеру қажет, ол үш кезеңнен тұрады: инвестиция салу алдындағы, инвестициялық және пайдаланатын.
192. Инвестиция салу алдындағы кезең, ол уақыт кезеңін білдіреді, сол кезде жоба жасалынады, оған техникалық-экономикалық негіздеме дайындалады, маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, инвестиция салу мүмкіндігі бар адамдармен және жобаға қатысушылармен келіссөз жүргізіледі. Техникалық-экономикалық негіздеме жобасын инвестициямен қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылдау үшін қажетті барлық ақпарды береді.
193. Инвестициялық кезең немесе жобаны енгізу кезеңіне жататындар: жобаны жүзеге асыру үшін құқықтық, қаржылық және ұйымдастырушылықты қамтиды; жабдықты алу (сатып алу) және оны орналастыру; персоналды іріктеу және оқыту; пайдалануға беру және эксплуатацияға беру және эксплуатациялық объектілерді іске қосу.
194. Эксплуатациялық кезең мына проблемаларды қамтиды: жабдық жұмысымен байланысты, өндіріс шығындар жиынтығын құрастырады.
9-параграф. Газоконденсат кен орындарын қазудағы бақылаудың ерекшеліктері
195. Газоконденсат кен орындарын қазуда газ кен орындарын қазудағыдай барлық шараларды өткізуді көздеу керек. Солармен қатар газоконденсат кен орындарында қосымша шараларды жүзеге асыру қажет.
196. Газоконденсат шоғырларын қазу кезіндегі бақылау мен зерттеулер газбен бірге конденсат өндірудегі оның құрамы мен санының өзгеруін, сонымен бірге қаттағы оның түсу жағдайын анықтау мақсатында жүргізіледі.
197. Қаттың статикалық және забойдың қысымын тереңдік манометрлердің көмегімен тексеру қажет.
198. Бір жылда екі рет әр ұңғыға тексеру жүргізу керек, конденсат құрамында белгіленген жұмыс жағдайындағы см3/м3, соның ішінде төмен температуралық сепараторда конденсаттың құрамы см3/м3 көрсетілген анықтау қажет. Мұндайда конденсаттың дымқылдылығы, сондай-ақ, тұрақты екені анықталады.
199. Бір жылда екі рет пайдаланушы ұңғылардан шығатын газдың құрамын анықтау керек. Ұңғыларды зерттегенде өндірістік өңдеуге түсетін газоконденсаттың факторы және газдың құрамы ұңғылар ісінде тіркеледі.
200. Барлық ұңғыларды зерттегенде алынған деректердің негізінде графикамен жасалынған тәуелділік көрсетіледі: қат қысымы-конденсат құрамы газдағы (пентандар + жоғары), кәсіптік қондырғыларға түседі. Газды кәсіпшілікпен НТС қондырғысында өңдеудің көрсеткіштері тәуелділікті құру үшін пайдаланылады: қат қысымы – конденсаттың шығуы (см3/м3 сепаратордың жұмыс жағдайындағы тұрақты және дымқылды конденсат үшін).
201. Жылына екі реттен кем болмайтын уақытта тұрақты конденсаттың (меншікті салмағы, молекулярлық салмағы, фракциялық сұйық қоспалар) негізгі физикалық-химиялық қасиетін анықтау керек, соның негізінде графикалық тәуелділігі құралады: қат қысымы-конденсаттың меншікті салмағы, конденсаттың молекулярлық салмағы.
202. Газоконденсат кен оындарын қазған кезде қат қысымын ұстай отырып, қатқа құрғақ газды толтырумен зерттеулер жүргізіледі және келесі параметрлер бақыланады:
1) өндірістік қондырғыға өңдеу үшін түсетін газ құрамы;
2) пайдаланылатын ұңғалардан забойға «құрғақ газдың» жырып өтетін уақыты;
3) газдан бөлінетін конденсаттың физикалық-химиялық қасиеті (меншікті салмағы, молекулярлық салмағы, фракциялық сұйық қоспалар ағыны);
4) пайдаланылатын әр ұңғыдан алынатын газ және газоконденсат саны (бір сөткеде) және түгелдей кен орны бойынша (бәр сөткеде, бір айда, жылдық);
5) қатқа нығыздайтын газдың жиынтық саны (бір сөткеде, бір айда және жылдық);
6) нығыздалатын әр ұңғыларға жіберілетін «құрғақ газдың» саны;
7) шоғырлардағы күнделікті қат қысымы (тоқсан сайын);
8) нығыздалатын ұңғылардың сағасына түсетін газ қысымы (сөтке сайын).
203. Нығыздайтын ұңғылар бойынша кезең сайын олардың жеке қабылдағыштағын анықтауды жүргізу, яғни жұмыс агентінің жұтатын саны 1 м тиімді қуатқа және 1 кг/см2 қат қысымы үстінен артық.
Меншікті қабылдағыштың төмендеген кезінде оны қалпына келтіру жөнінде тиісті шаралар қолдану қажет.
10-параграф. Кен орындарын қазу процестеріндегі газды
горизонттарды қосу
204. Кен орындарын (шоғырлар) қазу үрдістеріндегі газды горизонттарды тіркеу қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі:
1) горизонттарды пайдаланатын бір объектіге біріктірумен;
2) бір ұңғамен бірнеше горизонттарды бірмезгілде, бірақ жеке пайдалану.
205. Газы мол горизонттарды пайдаланатын объектілерге тіркеу олардың ұқсас геология өндіргіш сипаттамасына байланысты болғанда.
206. Ұңғылардың пайдаланылатын объектілеріндегі жаңа өнімді горизонттарды қосу мүмкін болады:
1) ұңғылардағы колонна артындағы цемент тіркелетін қаттан жоғары болғанда және оны берік жауып тұрғанда;
2) пайдаланылатын ұңғалар оңтайлы режимде газдың салыстырмалы түрде болмашы дебитін береді және жаңа қатты қосу сол ұңғының дебитін елеулі ұлғайтуы мүмкін;
3) пайдаланылатын ұңғылар сусыз болса және сол ұңғылардың орналасқан жеріне тіркелген өнімді горизонт суланбаған және алдағы уақытта суланбайды.
207. Ұңғылардағы өнімге жаңа горизонттарды тіркегенге дейін бірқатар арнаулы зерттеулер жүргізу керек:
1) таңдауды белгіленген әдіспен, индикаторлы диаграммаларды құрып, сүзгіш коэффициенттерді және пайдаланылатын объектінің әрқайсысында гидроөткізгіш параметрін анықтау;
2) қат қысымын қалпына келтіру әдісімен;
3) қат қысымын және тіркелетін қаттың температурасын өлшеу;
4) қаттың және қалыпты жағдайындағы оның сипатын анықтау мақсатында газдың пробасын (сынама) таңдау және зерттеу.
208. Ұңғаны оның алдында пайдаланудағы және жүргізілген зерттеулердің нәтижесі негізінде тиісті записка жазылады, онда жаңа қатты тіркеудің дәйектілігі дәлелденеді.
209. Егер тіркеу бекітілген қазу жобасында көзделмесе, онда газы мол қатты пайдаланушыға тіркеу жобаны жасаған ұйыммен келісілгеннен кейін жүргізіледі, сондай-ақ, өкілетті органмен және тіркеуді бекіту – жоғары тұрған газөндіруші ұйыммен келісіледі.
5-тарау. Газ және газоконденсат кен орындарындағы газ өндіруді интенсификациялау
210. Газы мол қатты ашуда пайдаланылатын объектінің ерекшелігіне байланысты, интенсивтендірудің тиісті әдістерін қолданумен бірге жүргізіледі.
211. Қазіргі кезде газды интенсивті өндіруде мынадай әдістер қолданылады:
1) ұңғыны теспелеу және торпедалау арнаулы әдісі және өнімді горизонттарды тіркеумен бірге газ аумағын атқылау жолы;
2) қышқылмен өңдеу;
3) қатты гидравликалық айыру;
4) қаттың забой төңірегіндегі аумағына гидроқұмағынымен өңдеу;
5) үстін активті заттармен өңдеу.
212. Интенсивтендіру әдісін жүзеге асыруды есепке алғанда, өнімді пропласткалардың әрқайсысын немесе көбін ашуды жетілдіру қажет, сөйтіп, ең аз депрессияда пропласталардан барынша дебит алу мақсатымен оны жүзеге асыру керек.
213. Газ және газоконденсат кен орындарын қазуды жобалағанда, сол жағдайда интенсификациялау әдісін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және қиындық туғызбайтын ұңғылар забойының құрылымын көздеген жөн.
1-параграф. Газды қаттарды ашу
214. Газ жиналған қатты ашқанда қолданылуы мүмкін:
1) атқылау жұмыстарына жатады:
оқпен тесу;
камулятивті тесу;
торпедалық (снарядтық) тесу;
ұңғылар сағасын нығыздаған кездегі тесу (газ ортасында қысыммен тесу);
2) төмен түсірілген бағанадағы фонтан құбырын тесу;
3) гидроқұмайдаумен тесу;
4) жарылыс жұмыстары:
фугастық торпедалау;
бағытталған торпедалау.
215. Атқылау және жарылыс жұмыстарын өз алдына пайдалануға мүмкіндігі бар, оны өзара байланыстырып, сондай-ақ, қат гидроайырылымымен, ұңғы сүзгісін өңдеумен және забой төңірегіндегі қат запасын қышқылмен (тұзды немесе тұздық аралас және ерітіндімен) қисындастырып пайдалануға болады.
216. Атқылау және жару аппаратының әдісі мен түрлерін таңдау ұңғының міндеті мен геологиялық-техникалық сипатына байланысты жүргізіледі, сонымен бірге атқылау жұмыстарының алдына қойған міндеттеріне тиісті.
217. Ұңғылардағы барлық атқылау және жару жұмыстарды арнаулы геофизикалық ұйымдар жүргізеді.
218. Атқылау және жару әдістері мен жару жұмыстары, сондай-ақ, аппаратураларды таңдау жауапкершілігін заказ берген ұйым да және орындаушы ұйым да қатар өтейді.
219. Тесу мен торпедалау интервалдарын сол ұңғыны қазудың нақтылығына сүйене отырып, өндіруші ұйымның геологиялық қызметі анықтайды.
220. Барлау үрдісінде және өндірістік дайындауда әр горизонт үшін экспериментті жолмен тесудің тығыздығын оңтайлы болуын қалаған жөн, ұңғының толық гидродинамикалық жетілуін қамтамасыз етуде, сонымен бірге, жобаланған режимдегі жұмыс процесінде қиындық тудырмай, таңдау қажет.
221. Қатты ашу және газды өндіруді интенсивтендіру мақсатында жағалата оранған ұңғыларды қолдануға болады, кейбір жағдайда тесу әдісі күткен нәтиже бермесе оранған бағананы және жарылу запасындағы цемент сақинасын шамалы бұзуға рұқсат етіледі.
222. Газ ұңғыларын торпедалау және торпедалық тесуді тек таужыныстарында жақсы жарықшақтар пайда болғанда, мықты таужыныстарында пайдалануға болады.
223. Бұрғылауда перфораторлы-торпедалық партиялар жұмысы кезінде кәсіпшіліктің геологиялық қызметтің жауапты өкілінің болуын ұсынады, ол жұмыс аяқталысымен ұңғыдағы тесу немесе жару жұмысының орындалуына және кабельді өлшеу актісіне қол қояды.
224. Ұңғылардағы тесу және жару аппаратураларының жұмысы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылы 19 қыркүйекте № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылу жұмыстарын өткізу кезіндегі өндірістік қауіпсіздік талаптарына және РФ Мемлекеттік тау кен қорғауының 1997 жылы 24 желтоқсанда № 53 бұйрығымен бекітілген «Ұңғыларды тесу және жару жұмыстары жөніндегі нұсқауға» сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |