Газбен жабдықтау объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар



жүктеу 125.95 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі125.95 Kb.


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитетінің

2010 жылғы «2» шілдедегі

№ 17 бұйрығымен

келісілген

Газбен жабдықтау объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік

сараптамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ережелер
1. Газбен жабдықтау объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі-Әдістемелік ұсынымдар) жобалық құжаттама, техникалық құрылғы, табиғи және көмірқышқыл газдардың газ бөлу және газ тұтыну объектілеріндегі ғимараттар мен құрылыстарда өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу көлеміне, тәртібіне және шараларына қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Сараптама жүргізу тәртібі мен шаралары
2. Сараптама жүргізу тәртібі, шаралары және сараптама қорытындысын ресімдеу Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 49 бұйрығымен келісілген Өнеркәсіп қауіпсіздігі сараптамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға сәйкес жасалады.

3. Сараптама жүргізу үшін:

техникалық құрылғылардың, материалдардың (қажеттілігі болғанда) үлгілері;

жобалық құжаттама, техникалық шарт, жобалау объектісінің орналасу схемасы (жобалық шешімдерді сараптау кезінде);

ғимараттар мен құрылыстар ұсынылуы қажет.

Ұсынылған материалдар олардың бірдейлендірілуі жүргізілетін сараптама объектісіне сәйкес болады.

4. Сараптама жүргізу ұсынылған ақпараттың толықтығын, дұрыстығын, нақтылығын анықтаудан, оның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін, объектінің оларды сынау және зерттеу кезінде аталған талаптарға сәйкестігін растаудан тұрады.

5. Техникалық құрылғылар мен материалдардың сараптамасы стендте, оны дайындау орнында, монтаждауда, пайдалануда жүргізілуі мүмкін. Ғимараттар мен құрылыстардың сараптамасы олар тұрған орында жүргізіледі. Жобалардың сараптамасы жобалық құжаттама бойынша жүргізіледі, қажеттілігі болғанда жобаланатын газбен жабдықтау объектісінің орнына барып жүргізілуі мүмкін.

6. Газбен жабдықтау объектілерін декларациялауға жататын өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын сараптау Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 49 бұйрығымен келісілген Өнеркәсіп қауіпсіздігі сараптамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға сәйкес жүргізіледі.

3. Газбен жабдықтаудың қауіпті объектілерін салуға,

кеңейтуге, қайта құруға, техникалық қайта жабдықтауға,

тоқтатуға және таратуға жобалық құжаттаманың

өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу
7. Газбен жабдықтаудың қауіпті объектілерін салуға, кеңейтуге, қайта құруға, техникалық қайта жабдықтауға, тоқтатуға және таратуға жобалық құжаттама сараптамаға ол бекітілгеннен кейін өкілетті органда келісілгенге дейін жатады.

8. Қалалар мен елді мекендерді газбен жабдықтау схемасын сараптау кезінде талдау қажет:

газ тұтыну мен газ ағыны баланстарының дұрыс есебін;

газдың тұтынушыларға үзіліссіз берілуін қамтамасыз ету, жай, ыңғайлы және қауіпсіз тасымалдау шарттары;

жөндеу және авария жұмыстарын жүргізу үшін жекелеген элементтердің немесе газ құбырларының бөліктерінің жедел сөндірілу мүмкіндігі;

газбен жабдықтау жүйесінде пайдаланылатын құрылыстар, жабдықтар мен желілердің біртиптілігі мен жаңалылығы;

жоғары, орташа және төмен қысымды газ құбыры желісін таңдау мен тасымалдаудың қауіпсіздігі мен ұтымдылығы және қолданыстағы ережелер мен нормаларға сәйкес қала мен елді мекендердің бас жоспарындағы күзетілетін аумағында газбен жабдықтау жүйесінің құрылысын орналастыру;

газбен жабдықтау жүйесінің құрылысы мен газ желісін төсеу кезінде жаңа технология мен материалдарды пайдалану және желіні қорғау электржемірілуден қорғау;

газды бөлуді технологиялық процеспен басқарудың автоматтандырылған жүйесін (әрі қарай - ГБ ТП БАЖ) және жедел басқару, болжау, табу, қорғау және авариялық жағдайды тарату жүйесінде диспетчерлендіру.

9. Газды бөлу желісінің құрылысын, алаңдағы емес өнеркәсіптік газ бөлу желілерін, газ құбырларын және газбен толтыру станциялары мен бекеттерінің (әрі қарай - ГТС, ГТБ) газ жабдықтарын, сұйытылған көмірқышқыл газының автокөлік газ толтыру станцияларын (әрі қарай - СКГ АГТС) сараптау кезінде тексеру қажет:

Газ құбыры жолдарын талап етілетін басқа құрылыстар мен инженерлік коммуникациядан қажет етілетін қашықтықта қауіпсіз орналастыру шартына байланысты таңдау, олардың қиысуы, сонымен қатар табиғи бөгеттермен, газ құбырларының рациональды орналасуы, олардың қауіпсіз құрылысын қамтамасыз ететін, болуы мүмкін апаттар қатерін талдау есебімен сенімді және тиімді пайдаланылуын;

газ құбырлары трассалары бойында күзет аумақтарының дұрыс орналасуы;

геологиялық, климатикалық және топографиялық шарттарға байланысты құбырлардың диаметрі мен материалдарын таңдау кезінде гидравликалық және беріктілік есебі;

сөндіру құралдарын, реттеуіш және бекіткіш арматура, бақылау-өлшеу аспаптарын және газ құбырларында қауіпсіздік және реттегіш автоматикасын дұрыс таңдау мен орналастыру;

ғимараттардың жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарты мен олардың желдетілуі, жұмыстың берілген өлшемдерін автоматты ұстау мен басқару, диспетчерлендіру, қоршау, апатты учаскелердің дабыл беруі мен бұғаттауы, газ шығынын есептеу;

газбен жабдықтаудың үзіліссіздігін қамтамасыз ету бойынша резервтеу жүйесінің шарты;

герметикалықты бақылауды қамтамасыз ету бойынша шаралар және газ құбырын жемірілуден қорғау бойынша талаптарды орындау, сенімділік шартын орындау;

ГТС, СКГ АГТС орналастыру, газ реттегіш орындары (әрі қарай - ГРО), баллондарды жинау орындары (әрі қарай - БЖО) үшін алаң таңдау бойынша өнеркәсіп қауіпсіздігі ережесі мен нормалары талаптарын орындау, күзетілетін аумақ өлшемдерінің жеткіліктілігі, негізгі және көмекші ғимараттар мен үй-жайларды орналастыру;

ГТС, ГТБ, ГРО, БЖО, СКГ АГТС ғимараттары мен үй-жайларына технологиялық тағайындалуына, қиыстыру-сору желдеткіш жүйесіне, газдануды бақылауға байланысты қойылатын жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарын орындау;

негізгі және көмекші компрессорлық және сорғылық жабдықтарды таңдау, олардың құрастырылуы мен байлау схемасы, бекіткіш, реттегіш арматурамен, сақтандырғыш құралдарымен, автоматты басқару жүйесімен, реттегішпен, бұғаттаумен, қорғаныспен, дабыл берумен, бақылау және есепке алумен, қолданылатын техникалық құралдар мен құрылғылардың электр жабдығының жарылыс сақтандырылғыштығымен жарақталуы.

10. Газ құбырларын электр химиялық мүжілуден қорғау жүйесі үшін:

жобаның нормативтік құжат талаптарына сәйкестігі;

жобаның жобалаудың техникалық талаптарына сәйкестігі;

жүргізілген жемірілуді іздеуге сәйкес жобаны өңдеудің негізділігі;

газбен жабдықтау схемасының және басқа шарттардың өзгеруімен байланысты қайта салу және жөндеу жүргізудің негізділігі;

электр химиялық қорғанысты жобалау үшін бастапқы деректер;

электр химиялық қорғаныс құралдарын жемірілуден және олардың әрекет ету аумағынан таңдау үшін есептің дұрыстығы;

қорғалатын құрылыстарда катодты станциялардың санын, күштілігін және бөлінуін таңдаудың дұрыстығы;

анодты жерге қосқыштарды таңдау дұрыстығы және олардың қорғалатын құрылысқа қатысты орналасуы;

кәріз құрылғыларын қосу орындары мен орналасуы;

қорғалатын құрылыстардың катодты поляризациясының көршілес коммуникацияға зиянды әсері және мұндай әсерді түзету тәсілдері;

бақылау-өлшеу пункттерін, электр қосқыштарды, түйісу құрылғыларын және оқшаулау жалғастырғыштарын орнату орындары мен орналастыру, олардың саны мен пайдалану негізділігі;

барынша толық сараптама жүргізу үшін жобалық шешімдердің басқа аспектілері.

11. Полиэтилен құбырлы газ желілері және басқа полимер материалдар үшін:

полимерлі құбырларды олардың пайдалануға ұсыну саласына байланысты пайдалану мүмкіндігі, құрылыстың геологиялық және климатикалық шарттары, төсем тәсілдері мен экономикалық мақсатқа сәйкестілігі;

геологиялық, климатикалық және топографиялық шарттарға байланысты құбыр диаметрін таңдау кезінде гидравликалық және беріктілік есебі;

төсем, жол тарту орындары және инженерлік коммуникациямен қиысу кезінде өту түрлеріне байланысты полиэтилен және полимер материалдардан құбыр бөліктерін қосу тәсілі;

ұсынылатын дәнекерлеу аппараттары және полимер құбырларын дәнекерлеу тәсілдері.

12. Сұйытылған көмірқышқыл газды резервуарлы және топты газ баллон қондырғылары үшін:

басқа құрылыстар мен инженерлік коммуникациядан талап етілетін қашықтықты қамтамасыз етумен резервуарлы және газ баллонды қондырғылар орнату орындарын таңдау, бұл ретте табиғи бөгеттермен, олардың қауіпсіз құрылысын қамтамасыз ететін газ желілерінің құрылыстарын рациональды орналастыру, техникалық қызмет көрсету және пайдалану;

жобаның жобалаудың техникалық талабына, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі;

монтаждау бойынша ұсынымдардың болуы;

қолданыстағы автоматты реттегіш, бақылау, басқару, диспетчерлік, бұғаттау және қорғаныс жүйелеріне газды пайдалану жабдықтарын қосу схемасы немесе жеке дара жүйені өңдеу;

газды пайдалану жабдықтарын құрастырудың дұрыстығы,, жөндеу және қызмет көрсетудің мүмкіндігі;

сұйытылған көмірсутекті газдың болуы мүмкін апаттар қатері талдауын есепке алумен қауіпсіз құрылғы және резервуарлар мөлшері бойынша талаптарды орындау.

13. Газификация жобаларын және жылу электр станцияларын (әрі қарай - ЖЭС) қайта құру, аудандық, кварталдық жылу қазандықтарын және өнеркәсіптік кәсіпорындарды сараптау кезінде:

рұқсат берілетін құжаттардың ресімделуі мен жобалауға техникалық шарттардың дұрыстығы, газ тұтынудың баланстық есебі болғанда, газ берудің өлшемдерін дұрыс таңдағанда;

сырқы газ желілерінің құрылғысы мен газбен жабдықтаудың ішкі құрылысы бойынша жобалық шешімдердің қабылдануының дұрыстығы;

гидравликалық есеп және құбыр материалын дұрыс таңдау, ғимарат ішінде газ желілерін тасымалдау, реттегіш және бекіткіш арматура, газ аппаратурасын, желдету және жанатын құрылғыға газ жеткізу жүйесін, жанатын құрылғының іске қосылуы мен жұмысын және олардың апатты сөндірілуін бақылау жүйесін таңдау есебі;

ғимараттың жарылыстан қорғаныс бойынша жобамен қарастырылған шараларының дұрыстығы, үй-жайдың газдануын бақылау және тиімді желдетілуін қамтамасыз етуі;

газ пайдаланылатын технологиялық жабдық пен қазандықтың үйлесуінің жобаға сәйкестігі;

қазандық құрылысына газбен жанатын құрылғыны таңдау сәйкестігі;

түтін құбырлары мен түтін өткізгіштердің есебі, жануға ауа беру құрылғысының өнімділігі және жану өнімдерін жою және қауіпсіздік автоматикасы құрылғысының өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне таңдау;

автоматты реттегіш, бақылау, қорғаныс және бұғаттау жүйесінің схемасы, газды және технологиялы жабдықтың дабыл бергіші, СКГ АГТС жүйесінің өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;

пайдаланушы персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары, апат салдарын тарату мен жою бойынша ұсынылатын шаралардың дұрыстығы;

сөндіргіш құрылғыларды орнатудың дұрыстығы;

автоматтандыру дәрежесі және бұғаттаудың, қорғаныстың және қазандыққа орнатылған көрсеткіштерді апатты сөндірудің үйлесімділігі талданады.

14. Газ отынмен жұмыс істейтін технологиялық және жылу технологиялық жобаны сараптау кезінде тексеріледі:

техникалық шарттар мен жобаны өңдеуге рұқсат беретін құжаттардың болуы;

сәйкестік сертификатының, Қазақстан Республикасында газды және газ пайдаланатын жабдықтардың пайдаланылуына рұқсаттың болуы;

монтаждау және пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдардың қазақ және орыс тілдерінде болуы;

талдау;


тексеру, аэродинамикалық және жылу есептері, құрылымдық және үйлесімдік сызбалар, технологиялық процесте бар газды және газды пайдалану жабдықтарын қауіпсіз қолдану мүмкіндігін растайтын және ғимаратта бар желілер мен жүйелерге қосу сынау хаттамалары, қолданыстағы нормалар мен өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларда жетілдіру деңгейі немесе қайта құру;

газ пайдалану жабдығын қолданыстағы автоматты реттегіш, бақылау, басқару, диспетчерлендіру, бұғаттау және қорғаныс жабдығына іске қосу схемасы немесе жеке дара жүйелерді өңдеу;

газ пайдалану жабдығын үйлестірудің дұрыстығы, жөндеу мен қызмет көрсетуді орындаудың мүмкіндігі;

қазандықтың өнімділігі бойынша жанудың тексеру есебі, түтінді жоятын және ауа жіберетін жүйенің жетімділігі, зиянды төгінділердің эмиссиясы, газ пайдалану жабдығының жану камерасымен үйлесімділігі;

автоматтандыру дәрежесі мен бұғаттаудың үйлесімділігі, қорғаныс және көрсеткіштік белгіні қауіпсіз әрекет өлшемі бойынша апаттық сөндіру.

4. Техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу
15. Жаңа жабдықтың тәжірибе үлгілерін сараптау (материалдар, технологиялық процестер) талдауының құрамына:

дайындау және сынаудың технологиялық процесін ұйымдастыру мен тәртібі бойынша құжаттар;

процестің технологиялық схемасы, сынаудың бағдарламалары мен әдістері;

құрылымның техникалық тапсырысқа сәйкестігін комиссиялық тексеру актісі (материалдың, технологиялық процестің) талдауы жатады.

16. Газбен жабдықтау объектілері үшін жабдықты (материалды) сараптау.

Сараптамаға газды және газ пайдаланушы жабдықтар жатады. Газды және газ пайдаланушы жабдықтардың өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы технологиялық желі мен агрегат құрамында, сондай-ақ техникалық құрылғылардың газбен жабдықтау объектілерінде пайдаланылатындар үшін жекелей жүргізіледі. Сараптама кезінде:

сертификациялы сынаулар хаттамасының дұрыс безендірілуі мен мазмұнының толықтығын талдау;

сәйкес жабдықты дайындауға паспорт (формуляр) құрудың дұрыстығы мен толықтығының бағасы;

дайындалатын жабдықтың құрамына кіретін жиынтық өнімдер мен материалдары пайдалануға рұқсаттың болуын тексеру;

жабдықты пайдалану бойынша Әдістемелік ұсынымда өнеркәсіптік қауіпсіздік сұрақтарының қамтылу толықтығының талдауы (қауіпсіз пайдалану талабы мен шарттары, жабдыққа (материалға) бақылау сынағын жүргізу әдісі және оның негізгі түйіндері, ресурстары мен қызмет көрсету уақыты, техникалық қызмет көрсету тәртібі, жөндеу және диагностикалау);

газбен жанатын құрылғылардың сипаттамасын тексеру (номинальды қуаттылық, тұрақты жұмыс диапазоны, факель өлшемі, жану камерасында жанатын құрылғының сәйкестік есебі, нақты қысым мен газдың шығыны, қауіпсіздік және реттегіш автоматикасының өлшемі және т.б.);

автоматты реттегіш, бақылау, басқару, диспетчерлендіру, бұғаттау схемасының жұмыс қабілеті және газ пайдалану жабдығын қорғау, объектінің газбен жабдықталу жүйесі;

газ қолданатын агрегатта газбен жанатын құрылғылар үйлесімділігінің дұрыстығы, оқшауланатын беттердің температуралық өлшемдерінің сақталуы және газбен пайдаланылатын жабдықтың газ тығыздығы шарты жүргізіледі.

Пайдаланудағы газ жабдығын сараптау дайындаушы белгілеген қызмет ету мерзімі біткен соң, мұндай деректер болмаған кезде диагностикалау 20 жылдан кейін жүргізіледі.

17. Пайдаланудағы сыртқы газ желісі мен ішкі газбен жабдықтау жүйесін сараптау олардың қызмет ету мерзімі біткен соң және сараптау нәтижесі бойынша пайдалану мерзімі ұзартылуына сәйкес кезеңді жүргізіледі және:

пайдалану құжаттамасынан;

автоматты реттегіш, бақылау, басқару, диспетчерлендіру, бұғаттау схемасының жұмысқа қабілеттілігі және газ пайдалану жабдығын қорғау, болат газ желісін мүжірілуден қорғау;

газды және газ пайдалану жабдығының үйлесуінің дұрыстығы, жөндеудің уақытылығы немесе қызмет ету мерзімі өткен жабдықты ауыстыру;

дәнекерлеу қосылыстарын және газ желісі элементтерінің сапасын бұзылмайтын әдіспен бақылау хаттамалары;

құбыр өткізгіштерді беріктік пен герметикалыққа сынау хаттамасы;

материалдарды мемлекеттік, салалық стандартқа сәйкестікке бағалау;

материалдарға физикалық зерттеу жүргізу;

газбен жабдықтаудың тексерілетін жүйесі үшін материалдардың пайдаланылуы;

жарылыстан қорғалған электр жабдықтың, газбен жабдықтау жүйесінің аспаптары мен автоматтандыру құралының сәйкестігі, бұл ретте жарылыс қауіпті ортада жұмыс істейтін электр жабдықтың жарылыстан қорғалу сынағы бойынша құжаттарының (хаттамаларының) болуын тексеру;

физикалық шамасын тексеруге арналған аспаптарды өлшеу құралдары сертификатының болуын тексеру талдауынан тұрады.

5. Газбен жабдықтау объектілерінде

ғимараттар мен құрылыстардың сараптамасы
18. Газ пайдаланатын жабдық орналасқан ғимараттың газ желісінде ғимараттар мен құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы пайдалану процесінде жобалық құжаттама құрамында жүргізіледі (апаттан кейін, ғимараттың (құрылыстың) пайдалану мерзімі өткеннен кейін және газ жабдығы қайтадан орналасатын ғимараттың, үй-жайдың сәйкестігін тексеру мақсаты үшін).

19. Ғимаратқа сараптама жүргізген кезде:

жұмыс процесінің технологиялық регламентке сәйкестігі;

құрылыс конструкцияларының жобаға сәйкестігі;

мүмкін авариялық жағдай талдауынан шығатын конструкция сәйкестігі;

жарылыс қауіпті объектіні анықтау;

объектінің жарылысқа төзімділігін қамтамасыз ететін жеңіл лақтырылатын конструкциялардың салмақтық сипаттамасы мен көлемінің сәйкестігі;

құрылыс конструкциясын мемлекеттік стандарт пен құрылыс нормасына көтергіш материалдардың сәйкестігі;

желдету мен түтінді жоюдың жеткіліктілігі;

апатты желдетудің жеткіліктілігі, өрт сөндірудің автоматты құралдары, газданудан қорғаныс.

20. Объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін жоғарылату бойынша ұсыным беру.

21. Сараптамалық қорытынды белгіленген тәртіпте ресімделеді және объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындысы, оның бұдан әрі пайдалану шарты бойынша ұсынымдары болуы тиіс.



Қабылданған қысқартулар
ГБ ТП БАЖ - газды бөлуді технологиялық процеспен басқарудың автоматтандырылған жүйесі;

ГТС - газ толтыру станциялары;

ГТБ - газ толтыру бекеттері;

СКГ АГТС - сұйытылған көмірқышқыл газының автокөлік газ толтыру станциялары;

ГРО - газ реттегіш орындар;

БЖО - баллондарды жинау орындары;

ЖЭС - жылу электр станциялары.

________________________





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет