Газ разрядының түрлері.
Газ разряды өздік емес разраяд және өздік разряд болып екіге бөлінеді:
- өздік емес (тәуелді) газ разряды – сыртқы иондауыштардың үздіксіз әсерінен электр тогының газ арқылы өтуі.
- өздік (тәуелсіз) газ разряды – электродтар арасына берілген кернеу есебінен, яғни электр өрісінің ықпалымен иондардың пайда болып, электр тогының газ арқылы өтуі. (токтың өту процесіне сыртқы иондауыштың қосымша әсері қажет емес, заряд тасушылар соққы иондану есебінен үздіксіз толығып отырады.)
Газдың қысымына және электродтарға берілген кернеу шамасына байланысты өзіндік(тәуелсіз) газ разрядының түрлері: солғын разряд, ұшқынды разряд, доғалық разряд, тәж разряды.
-солғын разряд- сиретілген газдың жарық шығаруымен жүретін разряд, төменгі қысымда байқалады
-ұшқынды разряд-қалыпты қысымда, электордтар арасындағы электр өрісінің кернеулігі жоғары болғанда.
-доғалық разряд- қызған катодта немесе электродтардың арасында арасында жоғарғы кернеуде пайда болатын, ток тығыздығы өте үлкен болғанда байқалады.
-тәж разряды -біртекті емес күшті өрістерде орналасқан қалыпты қысымдағы газда байқалады.
-газ разрядының сипатын анықтаушы параметрлер – газдың химиялық құрамы, температурасы мен қысымы, электродтардың материалы, конфигурациясы мен өлшемдері, электродтар арасына берілген кернеу, газдың тығыздығы.
Газдағы электр тогы – электр өрісінің әсерінен оң және теріс зарядталған иондар мен электрондардың реттелген қозғалысы.
Жартылай өткізгіштер – бұл меншікті кедергілері температура жоғарылаған сайын артпайтын, қоспаларға ие болатын, жарықталуы өзгеретін зат.
Жартылай өткізгіштерді, электронды босату үшін 1,5 – 2 эВ-тан аспайтын энергия қажет ететін кристаллдармен салыстырады.
Жартылай өткізгіштерді қыздырған кезде олардың атомдары иондалады. Сыртқы электр өрісінің әсерімен босаған электрондар кристаллдармен араласа отырып, электр тогын түзетін болады. Кристаллдық тордағы атомдардың біреуінің сыртқы қабаттарындағы электрондарды алуы, оң иондардың пайда болуына әкеледі. Атом жетіспейтін электрондарға орын босатады. Бұл орын кемтік деп аталады.
Сонымен жартылай өткізгіштерде еркін зарядтарды тасушылар электрондар және кемтіктер (оң иондар).
Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігіне қоспалар үлкен ықпалын тигізеді. Қоспалар донорлы және акцепторлы болып бөлінеді.
GgyhhGe4
GGe4
артық
электрон
GgyhhGe4
GGe4
Жетіспейтін
электрон
Осыдан жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі электрондық болып табылады, ал жартылай өткізгіш n – типті жартылай өткізгіш деп аталады. n – negative – теріс.
Акцепторлы (алған) қоспа – бұл аз валентті қоспа. Мұнда кемтіктер артық мөлшерде түзіледі. Өткізгіштік кемтікті болады, ал жартылай өткізгіш p – типті жартылай өткізгіш деп аталады. p – positive – оң.
мысалы: кремний үшін алған қоспа валенттілігі n=3 In индий атомы болып табылады. Индидің әр атомы артық кемтіктердің түзілуіне әкеледі.
Жартылай өткізгіштерде электрлік кедергілер температураға аса тәуелді. Бұл қасиет жартылай өткізгіштің тізбегіндегі ток күші бойынша температураны өлшеу үшін қолданылады. Осындай приборлар термисторлар немесе терморезисторлар деп аталады. Олар әр түрлі түрде болады: шыбықша, түтікше, дискілі, шайбалы және моншақ түрінде, мөлшері бірнеше микрометрден бірнеше сантиметрге дейінгі шамада шығарылады.
Жартылай өткізгішті приборлар электротехникаларда, байланыс жүйелерінде, автоматтарда кеңінен қолданылады.
Микроэлектроника интегралдық микросхемалардың жасалуымен және оларды қолдану принциптерімен айналысады. Интегралдық микросхема өзара байланысты компоненттердің жинағынан тұрады. Олар транзисторлар, диодтар, резисторлар,бір тұтас технологиялық процессте дайындалған жалғаушы сымдар. Компоненттердің саны жүздеген мыңға жетеді. Мысалы ЭЕМ-нің микропроцессоры, өлшемі 6-6мм кремний кристалында орналасқан жүздеегн мың транзисторлардан тұрады.
Техникада жартылай өткізгішті приборлар авариялық ажыратқыштарда, телевизордың дистанциялық бағытарында және видео магнитафондарда және т.б. қолданылады.
Тапсырма:
Сұрақтарға жауап береміз:
Температураны арттырғанда металл өткізгіштің кедергісі қалай өзгереді?
Ток жүрген кезде зат тасымалы болатын өткізгіштерді ата
Германийге аздаған мөлшерде мышьяк қосылғанда пайда болатын қандай жартылай өткізгіш?
2. Есеп шығару
Электр плитасын жөндегенде оның орамасы алғашқы ұзындығының 0,1 бөлігіндей қысқарған. Сондағы плитаның қуаты қандай?
Ұзындығы 6 м өткізгіштің кедергісі 3 Ом. Ұзындығы 10 м осындай өткізгіштің кедергісі қандай?
http://dereksiz.org
Достарыңызбен бөлісу: |