Егер қан шығынының мөлшері айналымдағы қан көлемінен 10%-ден артық болса, оны Декомпенсациялық қан шығыны дейді. Бұл жағдайда организм өзінің компенсаторлық бейімдеуші қабілетін сақтай алмайды. Әйел организмінде әртүрлі патологиялық құбылыстар және геморрагиялық шоктың белгілері пайда болады.
Клиникасы
Геморрагиялық шоктың сатылары:
Әйелдің күй жағдайы өзгермейді. Қан қысымы мм с.б. Астам. Дене, бет терілері шамалы бозарады. Тамыр соғуы 80-90 минутына. НВ-90г/л және одан жоғары.ҚАК-15%-ға дейін (750мл)
Әйелдің күй жағдайы орташа, оның басы айналып, көзі қарауытады. Дене, бет терілері шамалы бозарады. Қан қысымы 80-90 мм с.б. Тамыр соғуы 110-120 рет бір минутта. НВ-80г/л жіне одан төмен. ҚАК-25%-ға дейін (1200мл)
Әйелдің күй жағдайы өте ауыр, есінен танып, терілері қатты бозарады, дене ыстығы төмендейді. Қан қысымы 60-70мм с.б. Тамыр соғуы әлсірейді 130-140 минутына. Әйелдің зәрі азаяды. ҚАК-30-40%-ға дейін (1200-2000мл)