Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері


Төмен қысымды газ генераторы станцияларын сынау және



бет8/10
Дата12.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#131109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

29. Төмен қысымды газ генераторы станцияларын сынау және

пайдалануға қабылдау

414. Механикаландырылған атмосфералық газ генераторларын тығыздыққа сынау қысымы, тостағандағы гидравликалық бекітпенің көлемімен анықталатын ауамен үрлеуге қойылып жүргізіледі. Ауаның сейілуінің болмауы барлық газөткізгіштердің қосуларына сабын ерітіндісін жағу арқылы тексеріледі.

415. Бу су жейдесін, бужинағыш және айналым құбырлары енетін газөткізгіштің салқындату контуры сумен гидравликалық сыналады. Жұмыс қысымы 0,5 МПа аспаған кезде сынау қысымының төменгі шекті көлемі 1,5 жұмыс қысымын құрайды, бірақ 0,2 МПа (2 кг/см2) төмен болмайды.

Сынау қысымының төменгі шекті көлемі белгіленген тәртіпте келісілген нормативтік құжаттама бойынша беріктікке есептеумен белгіленеді.

Сынау қысымының шамасын төменгі және жоғары шек арасындағы мәндердің шегінде дайындаушы-ұйым таңдайды.

Гидравликалық сынау үшін температурасы 5С төмен емес және 40С жоғары емес су қолданылады.

Сынау кезінде судың температурасы біреуінің дәлдік класы 1,5 төмен болмайтын екі манометрмен бақыланады.

Егер дәнекерленетін және ажыратқыш қосулар мен негізгі металда көрінетін қалған деформация, жарық немесе үзілу белгілері, ағу айқындалмаса, жейде мен бужинағыш сынақтан өтті деп саналады. Ажыратқыш қосуларда уақыт ұстамы кезінде мөлшерлері ұлғаймаса, жеке тамшылардың пайда болуына жол беріледі.

416. Бу су жейдесінің дәнекерлейтін қосуларында гидравликалық сынау кезінде айқындалған ақаулықтар оларды кейін дәнекерлеп, шауып түсіру немесе еріту арқылы түзетіледі. Ақаулықтар түзелген соң жейде алдындағы тармақта көрсетілген қысыммен қайта гидравликалық түрде сыналады.

Бақылау сынауының барлық түрлері тиісті құжаттамамен рәсімделеді.

417. Ауа өткізгіштер дәнекерленетін жіктердің және шентемір қосуларының тығыздығын сабын ерітіндісімен тексеріп, үрлеу желдеткішімен құрастырылатын жоғары шекті қысыммен тығыздыққа сыналады. Ауа өткізгіштен ауа шықпаған жағдайда сынақтан өтті деп саналады.

418. Газды тазарту мен салқындату бойынша аппараттарды тығыздыққа сынау ауамен жүргізіледі.

Газ және газөткізгіштерді тазарту мен салқындату бойынша аппараттарды сынау газбен үрлеуге дейін 0,03 МПа (0,3 кгс/см2) қысыммен жүргізіледі.

Газөткізгіштер газбен үрлеген соң ысырманың жабық кезінде газбен үрленетін 0,03 МПа (0,3 кгс/см2) қосымша жоғары шекті қысым тең қысымға сыналады.

419. Газдың ағу көлемі α пайызда:

α =100(1-Раяғы*Тбасы/Рбасы*Таяғы),

мұндағы: Тбасы және Таяғы -сынаудың басы мен аяғындағы сынау аппаратындағы немесе газөткізгіштегі ауаның абсолюттік температурасы;

Рбасы, Раяғы-сынаудың басы мен аяғындағы сынау аппаратындағы немесе газөткізгіштегі ауаның абсолюттік қысымы формула бойынша анықталады.

Ауаның абсолюттік қысымы барометриялық және манометриялық қысымның соммасы сияқты анықталады.

Егер ағу көлемі α 2 сағат ішінде аппарат немесе газөткізгіште орналасқан ауа көлемінен 2 % астам құрамаса, аппарат немесе газөткізгіш сынаудан өтті деп саналады.

Бөлмедегі аппарат пен газөткізгішті сынау кезінде аппаратты немесе газөткізгішті сынау нәтижесінде алынған көміртектің тотығының ағуы бөлмедегі шекті санитарлық нормадан ауаның 0,03 мг/л аспауын, есептеумен тексереді.

Бөлмедегі ауаның алмасу еселігі оның бірге тең болған жағдайында қабылданады.

420. Газ генераторларын, газды тазартуға арналған аппараттарды және газөткізгіштерді сынау қорытындысы актілермен рәсімделеді.

421. Құрылыс (қайта салу) немесе күрделі жөндеу аяқталған соң, газ генераторлары станциясын пайдалануға қабылдау аяқталған құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау талаптарына сәйкес жұмыс комиссиясымен жүргізіледі.

422. Төмен және орта қысымды (0,3 МПа дейін қоса алғанда) газ генераторларын пайдалануға қабылдау кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі облыстық инспекцияның өкілінсіз комиссия ұйымдастырылады.

423. Станцияны пайдалануға қабылдайтын комиссия мынадай құжаттардың:

бекітілген жобаның;

сипаттамалары мен олар жасалған материалдардың сынау мәліметтері бар жабдықтар мен аппараттардың паспорттарының;

тапсырыс берушімен және жобалық ұйымның станция құрылысы барысындағы жобаға енгізілген өзгерістерді келісу туралы құжаттардың;

дәнекерлеу сұлбалары және газөткізгіштер мен газ аппаратуралардың дәнекерленетін жұмыстардың журналдарының, дәнекерленетін түйістердің механикалық сынауының немесе жарықтың өтуі немесе магнитографикалық әдіспен тексеру хаттамаларының;

құбырларға берілетін сертификаттардың немесе олардың сертификаты бар партияға қатысы туралы анықтамалар, ал олар болмаған жағдайда-оның химиялық құрамын тексеру бойынша құбыр металын механикалық сынау бойынша жасалған құжаттардың;

электродтарға, дәнекерлеу сымдары мен оқшаулау материалдарына берілетін сертификаттардың;

оқшаулау жұмыстары журналдарының;

газөткізгішті тірекке салғаннан кейінгі еңісті тексеру актісінің;

желдеткіш құрылғыларын сынау актілерінің;

газ генераторлардың, газ аппаратуралары мен газөткізгіштердің тығыздығын сынау актілерінің;

өшіру құрылғылары көрсетілген газөткізгіштердің, буөткізгіштердің, суөткізгіштердің технологиялық сұлбаларының;

аппаратураларды, машиналар және құбырларды пайдалану мен жөндеу бойынша нұсқаулардың бар болулары мен осы Нормативтерге сәйкестігін тексереді.

Комиссия байқау арқылы станцияның бекітілген жобаға, жинақтау сапасына сәйкестігін тексереді және механизмдерді сынауды жүргізеді.

Айқындалған ақауларды жойғаннан кейін және санитарлық-тұрмыстық бөлмелер толық дайын болған жағдайда комиссия станцияны пайдалануға енгізуге рұқсат береді.

Станцияда осы Нормативтерден шегініс болған жағдайда станцияны пайдалануға енгізуге тыйым салынады.

424. Аяқталған құрылыс немесе түбегейлі жөнделген нысанды (газ генераторы станциясы немесе газ генераторын) пайдалануға қабылдау туралы жұмыс комиссиясының актісі нысанды пайдалануға енгізуге рұқсат болып табылады.

425. Егер газ генераторы станциясы немесе жұмыс комиссиясымен қабылданған, оның нысаны 6 ай ішінде пайдалануға енгізілмесе, онда оны пайдалануға енгізу алдында газөткізгіштерді және газ құрылғыларын тығыздыққа қайта сынау жүргізіледі, желдеткіш жүйелердің, қорғау-сақтандырғыш құрылғылардың және автоматика жүйесінің жай-күйі, жабдықтың жинақтығы мен жарамдығы тексеріледі. Барлық айқындалған ақаулар нысан пайдалануға енгізілгенге дейін жойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет