Генетика пәні; тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеудің негізгі аспектілері


Адамның, жануарлардың және өсімдік организмдерінің бейімделу мүмкіндіктерін танудағы генетиканың рөлі. Генетика және заманауи эволюциялық теория



бет6/39
Дата04.05.2023
өлшемі461.52 Kb.
#473206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Генетика п ні; т ым уалаушылы пен згергіштікті зерттеуді не

9. Адамның, жануарлардың және өсімдік организмдерінің бейімделу мүмкіндіктерін танудағы генетиканың рөлі. Генетика және заманауи эволюциялық теория.
Эволюциялық теорияны генетикамен байланыстыра отырып зерттеген, орыс генетигі С. С. Четвериков (1882-1959) болды. Ол эволюциялық дамудың негізгі элементтері популяциядан басталатынын дәлелдеді. Фенотиптері біркелкі өсімдіктер мен жануарлардың табиғи популяцияларына жасалынған генетикалық зерттеулер, популяция рецессивті мутацияларға толы болатынын дәлелдеді. Сонымен, эволюцияның қоры популяцияда рецессивті ген түрінде болады.
Мутациялардың қанықпасы әбден жоғарылаған кезде, аллельді рецессивті гендері бар даралардың будандасуы мүмкін. Бұл кезде мутациялар фенотипке білініп, табиғи сұрыпталудың бақылауында болады. Мутациясы бар популяция даралары мен мутациясы жоқ даралар будандасқан жағдайда гетерозиготалы даралар пайда болып отырады. Сөйтіп, популяциядағы әрбір түр күрделі гетерозиготалы жүйе болып табылады. Табиғи жағдайларда әр популяцияның өзіне тән генофондысы болады.
Генофоңд - түрдің немесе басқа жүйелік топ популяциясы гендерінің жиынтығы. Популяцияның генетикалық құрылымы дегеніміз - ондағы әр түрлі генотиптер мен аллельдік гендердің өзара қатынасы. Енді арақатынастардың ұрпақтарда берілу заңдылығын қарастырайық. Мысалы, дрозофиланың популяциясында сүр денелі «АА» даралардың саны қара денелерге «аа» қарағанда 4 есе көп болады. Сондықтан бұл популяцияның 0,8-нің аталық және аналық гаметаларында “А” гені, ал 0,2-де “а” гені болады. Мұндай жағдайда Ғі-дегі генотиптердің қатынасы мынандай:

♀ ♂

0,8 А

0,2 а

0,8 А
0,2 а

0,64 АА
0,16 Аа

0,16 Аа
0,04 аа

Немесе 0,64АА : 0,32Аа : 0,04аа. F1-де “А” гені бар гаметалар 0,80 жиілікте (АА-дан 0,64 + Аа-дан 0,16), ал “а” гені бар гаметалар 0,20 жиілікте (аа-дан 0,04 + Аа 0,16), яғни бастапқы формаларының жиілігіндей болады. Сонымен Ғ2-дегі генотиптердің қатынасы да (сондай-ақ келесі үрпақтарда да) осындай болады: 0,64АА : 0,32Аа : 0,04 аа.
Осы бейнеленген гендердің салыстырмалы жиіліктері еркін будандасу кезінде ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріліп отыратынын 1908 жылы ағылшын математигі Харди мен неміс дәрігері Вайнберг дәлелдегендіктен, бұл заңдылық Харди-Вайнберг заңы деп аталды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет