Жазықтықтағы полярлық координаталар жүйесі.
Геодезиялық жұмыстарды жүргізген кезде, көптеген нүктелердің орындары бастапқы бағыт немесе бағдар ретінде кабылданған белгілі бір нысанадан анықталатын жазықтықтағы полярлык, координаталар жүйесі қолданылады. Осы координаталар жүйесінін, элементтері 1.5-суретте көрсетілген: 1) бастапқы бағыт, полярлық осі - ОХ; ОХ осінен кез келген жаққа бағыттауға болады, мысалы, А және В-нүктелеріне; 2) О нүктесі - координаталар басы (полюс), түсірістер кезінде, полюс ретінде теодолиттік жүрістер нүктесі қабылданады. Жазықтықтағы полярлык, координаталар жүйесінде нүкте екі координата арқылы анықталады: полярлык, осьтен нүктеге дейінгі бағыт аралығындағы горизонталь бұрыш - β; полюстен бастап анықталатын нүктеге дейінгі аракашықтық - d. Мысалы, А нүктесінің координаталары β 2, dr ал В нүктесінің координаталары β 2, d2 болып келеді.
Полярлық бұрыштар полярлық осьте сағат тілінің бойымен 0° пең 360° аралығында өлшенеді. Жазықтыктағы полярлық координаталар жүйесі теодолиттік түсірістер мен жобадан жергілікті жерге құрылыс объектілерінің нүктелерін көшіргенде колданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |