Бақылау сұрақтары
1.Шартты белгілер мен оның түрлері?
2.Горизонтальдар, бергштрих дегеніміз не ?
3. Жер бедері және оның түрлері?
4.Салынды және қима биіктігі дегеніміз не?
Дәріс №7
Тура және кері геодезиялық есептер
Жоспар
Тура геодезиялық есеп.
Kepi геодезиялық есеп.
Геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда пункттердің координаталары, олардың арақашықтык,тары мен дирекциялық бұрыштары тікелей немесе кері геодезиялық есептерді шешу арқылы анықталады.
Тура геодезиялық есеп.
Егер координаталары белгілі А пунктінен екінші В пунктіне дейінгі арақашықтың d және дирекциялық бұрыш аАВ белгілі болса, онда В пунктінің координаталарын табуға болады. Координаталардың бір пунктте осылайша берілуің тура геодезиялық есеп деп атайды. АВ полигонның бір қабырғасы, оның жазықтағы проекциясы d, ал дирекциялық бұрышы ВА делік (3.6-сурет).
3.6-сурет. Тура геодезиялық есеп
Бастапқы А нүктесінің (ХА, УА) координаталары белгілі де, шарт бойынша В нүктесінен (ХА, Уд) координаталарын (Хв, Уе) анықтау керек. 3.6-сурет бойынша:
Хв-ХА =Δх
Үв-ҮА =Δу
мұндағы, Δх пен Δу - координата өсімшесі деп аталады. Тік бұрышты ұшбұрыш ABC-дан Δх пен Δу былайша анықталады:
Δх = d cos α
Δу= d sin α ________
Тексеру d=√Δх2 + Δу2
Координата өсімшелері Δx пен Δу-тің таңбалары cos a мен sin a-ға байланысты оң және теріс болып келеді. Дирекциялық бұрыш α-ның әр түрлі мағынасына сәйкес Δх пен Δy таңбаларының өзгеруі 3.2-кестеде көрсетілген.
Координата өсімшелерінің ширектегі таңбалары 3.2-кесте
Координата өсімшелері
|
Ширектер
|
І-СШ
|
п-ош
|
Ш-ОБ
|
IV-СБ,
|
Δх
|
+
|
-
|
-
|
+
|
Δу
|
+
|
+
|
-
|
-
|
Аныкталған өсімшелер Δх пен Δy арқылы екінші В пунктінің координаталары (21) формулалармен есептелінеді:
Хв = ХА +Δх
Үв = ҮА +Δу
Координаталардың бастапқы пункттен екінші пунктке осылайша берілуін тура геодезиялық есеп деп атайды.
Kepi геодезиялық есеп.
Координаталары белгілі екі пункт А жөне В арқылы АВ түзуінің дирекциялық бұрышы аАВ және ұзындығы d2-1 анықтау керек болған жағдайда, кері геодезиялық есеп деп аталатын тәсіл қолданылады. X1 Ү1 Х2, Ү2 - А және В пункттерінің координаталары.
3.7-сурет пен (3.10) формулаларына сәйкес координаталар өсімшелері былайша анықталады:
Δх = Хв - ХА
Δу = Үв - ҮА
Ал таблицалық бұрыш (румб) ABA ұшбұрышынан анықталады:
3.7-cypem. Kepi геодезиялық есеп
Дирекциялық бұрыш пен координаталар өсімшелері бойынша түзудің жазыктықтағы проекциясы есептелінеді.
_________
d = Δх /cos α = Δу /sin α = √Δх2 + Δу2
Бақылау сұрақтары
Тура геодезиялық есеп деген не?
Kepi геодезиялық есеп деген не?
Тура және кері есептің арасындағы айырмашылық неде?
Дәріс №8
Геодезиялық тірек торлары. ТМД елдерінде геодезиялъқ жүргізудің негізгі принциптері. Геодезиялъқ белгілердің мақсаты, түрлері және оларды орнату.
Жоспар
Геодезиялық торлардың принциптері.
Геодезиялық тірек торларын құрудың әдістері
Геодезиялық жұмыстарды ғылыми ұйымдастыру міндетті түрде мынадай негізгі принциптерді сақтауды қажет етеді:
1) «Жалпыдан жекеге қарай» даму принципі, осы принцип геодезиялық тірек жүйелерінің дамуының ең маңызды принципі болып саналады, осының негізінде түсірулер орындалады және де жергілікті жердегі инженерлік есептер шешіледі.
2) Өлшеу және есептеу процестерінің барлық кезеңін міндетті түрде бақылау- бұрынғы жасалған өлшеулер мен есептеулерді тексермей далалық жұмыстардың немесе ғылыми өңдеу жұмыстарының келесі кезеңдеріне кірісуге болмайды.
Кез келген геодезиялық түсірулер жергілікті жердегі бекітілген пландық және биіктік орны белгілі (яғни X, У, Н координаталары) нүктелерге негізделуі керек. Осындай нүктелер тірек пункттері (қосындары) деп аталады. Осы қосындар жиынтығы тірек жүйесін құрайды.
.1-сурет. Мемлекеттік триангуляциялық тор
Геодезиялық жүйелер мемлекеттік геодезиялық жиілендіру жүйесіне және геодезиялық түсіру жүйелеріне бөлінеді. Мемлекеттік геодезиялық жүйе келесі жиілендіру жүйелерін, топографиялық түсірулерді одан әрі дамытудың, сондай-ақ іздестірулермен, құрылыспен, жер қойнауын пайдаланумен, жерге қосындарды орналастырумен, басқа да толып жатқан халық шаруашылық және ғылыми міндеттермен байланысты инженерлік-геодезиялық есептерді шешудің негізі болып табылады.
Геодезиялық жүйенің жиілігі және қосынның пландағы орнын анықтаудың қажетті дәлдігі осы негізде шешілетін ғылыми және инженерлік-техникалық міндеттердің сипатымен анықталады. Сондықтан геодезиялық жүйелерді құрудың кажетті дәлдігін қамтамасыз ету үшін оның бұрыштық және ұзындық өлшемдері элементтері тиісті аспаптар және тәсілдер қолдану арқылы жүргізілуі тиіс. Мемлекеттік геодезиялық жүйе мыналарды қамтиды:
а) I, II, III және IV класты пландық жүйелер, олар өзара бұрыштық және ұзындық өлшеулер
дәлдігімен, жүйелер кабырғасының ұзындығымен және олардың дәйекті даму тәртібімен
ерекшеленеді. Пландық жүйелер триангуляция, трилатерация, полигонометрия әдістерімен және
оларды ұштастыру арқылы құрылады.
б) I, II, III және IV класты биіктік нивелир жүйелері, олар геометриялық нивелирлеу әдісімен
кұрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |