II класты нивелирлеу сызығы I класты нивелирлеу қосындарының арасында периметрі 500—
600 шқ. Полигондар түрінде салынады. II класты нивелирлеу жүрісінде салыстырмалы
биіктікті анықтаудың орташа квадраттық қателігі 1шқ жүрісте тһ = 0,8 мм.. аспауы керек.
III класты нивелирлеу жүйесі I және II класты нивелирлеу полигонының ішінде жүйе немесе II
кластық полигонды периметрі 150—200 шқ., 6—9 полигонға бөлетін жеке жүрістер түрінде
жасалынады (1 шқ. жүрісте тһ =1,6 мм-ден аспауы керек). III класты нивелирлеу жүйесін одан ары
жүйелендіру IV класты нивелирлік жүрістер жүйелерін құру арқылы орындалады. Олар
топографиялық түсірулердің тікелей биіктік негізі болып табылады; оларды салудың жиілігі түсірудің
масштабымен және жергілікті жердің жер бедерінің сипатымен сабақтас болады.
Барлық кластағы нивелирлеу жүрістері жергілікті жерде орташа есеппен алғанда 5 шқ. сайын тұрақты және таңбалармен бекітіледі.
Геодезиялық жиілендіру жүйелері мемлекеттік геодезиялық жүйелер негізінде дамиды, әрі
қалалар мен ауылдарда, ірі өндіріс нысандарының құрылыс алаңдарында, тау-кен өндірісі
территориясында атқарылатын ірі масштабтағы түсірулерді, сондай-ақ инженерлік және геодезиялық
жұмыстарды негіздеу үшін қызмет етеді.
Топографиялық түсіруді белгілі бір масштабта жасау үшін геодезиялық жүйелерді керекті тығыздыққа жиілендіру, түсіру жүйелерін немесе осылай аталатын геодезиялық түсіру негіздеулерін дамыту есебінен жасалады, бұл негіздеу пландық және биіктік болып бөлінеді.
Түсіру жүйелерінің негіздеулерін геодезиялық жүйелерден және жиілендіру жүйелерінен теодолиттік (немесе микротриангуляция) тура, кері және кұрастырылған қиыстырулар, сондай-ақ техникалық нивелирлеу жүрістерін жүргізу аркылы кұрады.
Тірек жүйелерінің қосындарының ұзақ мерзім бойында беріктігін, орнының тұрақтылығын және бұзылмаушылығын қамтамасыз ету үшін әрбір тірек нүктесі жергілікті жерде оны, яғни центрді жерге орнату арқылы бекітеді.
Бұрыштық және ұзындық өлшеулер кезінде геодезиялық көршілес пункттердің арасында өзара көрінушілігін қамтамасыз ету үшін центрлердің үстіне жер бетіндегі геодезиялық белгілер орнатылады. Белгілердің сыртқы түрі көршілес қосындардың арасындағы әдеттегідей көрінушілікті қамтамасыз ету үшін аспапты қандай биіктікке көтеру қажет екеніне байланысты болады. Геодезиялық сыртқы белгілерге негізінен мынадай талаптар койылады: олардың беріктілігі және ұзақ мерзімге төзімділігі, бір тұтастығы және орнықтылығы, белгілерде жұмыс істеудің ыңғайлылығы, әрі оларға көтеріліп түсудің кауіпсіздігі. Әдетте, геодезиялық белгілердің аспапты орнататын кұрылғысы (аспаптық бағана), бақылаушы үшін платформасы және нысаналау құрылғысы (цилиндрі) болады.
Пирамидалар, егер жердегі көршілес пункттер бір-біріне көріну мүмкіндігі болған жағдайда, ашық жердегі барлық класстағы геодезиялық жүйелерде салынады. Олар үш және төрт қырлы, қарапайым ұштағанды (штативті) және қада түрінде болады. Пирамиданың биіктігі әдетте 5-10м дейін жетеді.
3-сурет. Центрлерді бекіту
4-сурет. Пункт белгілері
Достарыңызбен бөлісу: |