Теодолиттің құрылысы және оның түрлері
Горизонталь және вертикаль бұрыштарды, өлшеудің жоғарыда айтылғая ұстанымына орай, 5.2-суретте теодолит осьтерінің схемасы көрсетілген, теодолит мынадай осьтерден тұрады –
- ZZ' - теодолиттің вертикаль айналу осі;
- ТТ' - көру дүрбісінің айналу осі;
- UU' - цилиндрлік деңгейдің осі;
- W - көру дүрбісінің нысаналау (визирлік) осі.
5.2-сурет. Теодолиттің 5.3-сурет.
негізгі осьтері 2Т30-теодолиті
Үш көтергіш бұраманың (винт) (1) және тұғырдың (2) көмегімен цилиндрлік деңгейдің (6) нөл пунктіне қою арқылы теодолиттің айналу осі ZZ' тік бағытқа келтіріледі. Теодолиттің негізгі жұмыстың бөлігі - 0°-тан З60°-қа дейін бөлінген шыныдан жасалған дөңгелек шеңбер лимб (3) және дүрбімен бірге айналатын алидада деп аталатын тетіктер.
Көру дүрбісі (8) айналу осіне ТТ' екі тұғыр (5) арқылы бекітіледі. Лимб (10) пен алидаданың (11). дүрбінің бекіткіш (11) және жетекші бұрамалары болады.
Бұрышты өлшеген уақытта теодолит штативке орнатылады. 5.3-суретте геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда кеңінен қолданылып жүрген 2ТЗО теодолитінің сыртқы бейнесі көрсетілген. Мұнда есеп алатын құрылғы микроскоп (7), вертикаль (9) және горизонталь дөңгелектер, дүрбі, т.б. орналасуы көрсетілген. Дүрбі (8) бақылайтын нүктені жуықтап нысаналау үшін оптикалық визирмен (13) жабдықталған. Дүрбіні фокустау кремальераны (12) айналдыру арқылы жүзеге асады. Есеп алатын микроскопқа жарық түсіру үшін шалқаймалы айна қолданылады.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің құрылысына және атқаратын міндеттеріне қарай әр түрлі болып бөлінеді.
Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:
1. Техникалық ТІ5К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ақ жер бетіндегі және жер асты казбаларындағы маркшей-
дерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.
2Т2 дәл теодолиттері 3 және 4-кластық триангуляция мен полигонометрияда бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2Т5К - триангуляциялық тораптар мен 1, 2-раз-рядты полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарында бұрыштарды өлшеуге арналған.
Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және Та2М тахеометрлері полигонометрияда бұрыштарды өлшеуге арналған,
Теодолиттің шартты белгілеріндегі Т әрпі «теодолит» деген аспап атын білдірсе, сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты өлшеудің секундтық орташа квадраттық қателігін білдіреді, мысалы Т5 теодолиті үшін m =5"-, ТЗОМ үшін m =5", ал мұндағы М деген әріп маркшейдерлік жұмыстарға арналғандығын көрсетеді. Кейінгі кезде теодолиттер жаңартылып, 2Т2, 2Т5, 2Т30 тектес болып шығарылуда.
Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер тағы үш топқа бөлінеді:
а) бағалау микроскобы;
ә) шкалалы микроскоп;
б) оптикалық микрометрлер.
Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері құрылысына байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер болып бөлінеді. Қайталанатын теодолиттерде лимб пен алидада жеке айналады, әрқайсысының бекіткіш және жетекші бұрандалары болады. Оларга ТЗО, 2Т30 теодолиттері жатады. Ал кайталанбайтындарға 2Т30М, 2Т5, 2Т2 т.б. жатады, оларда лимб арнайы құрылғы арқылы керекті жағына бұрылады..
Бақылау сұрақтары
Бұрыштық өлшеулерге нені жатқызады?
2. Қандай аспапты бұрыштарды өлшеу үшін қолданылады?
3. Теодолиттың құрылысы?
4. Теодолиттың классификациясы?
Достарыңызбен бөлісу: |