Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар


Арақашықтықтарды тікелей өлшеу әдісі



бет33/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Геодезия пәнінен дәрістер

Арақашықтықтарды тікелей өлшеу әдісі

Бекітілген нүктелер арасын тікелей 20 метрлік болаттан жасаған өлшеуіш таспалар, рулеткалар және инвар сымдардың көмегімен өлшейді. Өлшеуіш таспалардың ені 10 мм-ден 25 мм-ге дейія, ал калыңдығы 0,2-0,45 мм болып келеді (8.2, а-сурет). Таспаның барлық ұзындық бойында әр 10 см сайын кішкентай саңылаулар бар.

Әрбір бесінші саңылау диаметрі 5 мм-дей пластинкалармен тойтарылған және әрбір метрден кейін таспаның екі жағында пластинкалар шегеленген, оларға таспаның екі шетінен есептелетін метрдің реттік нөмірлері таңбаланған. Таспа пайдаланбай тұрған кезде дөңгеленіп (6.2, ә-сурет) жиналады. Өлшеу таспасының құрамына 6 немесе 11 түйреуіш (шпилькалар) және оларды тізіп алып жүретін шығыршық кіреді (6.2, б-сурет). Таспалар өлшеуіш және дәлдігі жоғары шкалалы болып (6.2, в-сурет) бөлінеді.

Рулеткалар геодезиялық және кұрылыс жұмыстарында қысқа қашықтықтарды өлшеу үшін қолданылады. Рулеткалар ұзындығы 10, 20, 30, 50 м-лік болат пен ұзындықтары 5,10 және 20 м тоқыма таспадан жасалынады (6.2, г-сурет).

Инженерлік-геодезиялық жұмыстарда сырты жабық болат рулеткалар РЗ, ал маркшейдерлік жұмыстарда тау- кен рулеткалары (горные) РГ-20, РГ-30, РГ-50 қолданылады.



6.2-сурет. ұзындық өлшеу аспаптары

Рулеткалармен үзындықтарды 1:50000-ға дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады.



Инвар сымдар триангуляцияда, полигонометрияда өлшейтін аспаптар құрамына кіреді. инвар - 64% болат және 36% никельден жасалған қорытпа.

Болат сымдармен қашықтың өлшеу дөлдігі -1:10000-' 1:25000, ал инвар сымдар арқылы өлшеу дәлдігі 1:30000-1:1000000 дейінгі аралықта.

Қашықтықты өлшеу - екі адамның жұмысы: оның бірі - артқы, екіншісі алдыңғы өлшеуші болып есептеледі. Өлшер алдында бір шпилька артқы өлшеушіде, қалған бесеуі (шпилька саны 6 болғанда) алдыңғы адамда болады. Артқы өлшеуші шпильканы бастапқы нүктедегі ағаш қазықшаның ортасынан ұстап, оған таспаның штрихын түйістіріп, алдыңғы серігін бағыттайды. Алдыңғы өлшеуші таспаның екінші ұшын тартып, ілгері жүру арқылы 5 шпильканың біреуін жерге бекітеді де, бекіткеннен кейін «болды» деп команда береді. Сол ко манда бойынша артқы өлшеуші өз шпилькасын жерден алады, ал алдыңғы сол жерге қадап кетеді. Бұдан әрі артқы өлшеуші қашан алдыңғының жерге кіргізіп кеткен шпилькасына жеткенше, екеуі таспаны алып, қадалар бойымен ілгері карай жүреді.

Артқы өлшеуші бірінші шилькаға таспаны іліп, алдыңғы серігін бағыттайды. Алдыңғы өлшеуші енді тас­паны екінші шпилькамен орнатып, артқысы оларды жинап, келесі нүктеге дейін өлшей береді.

Шпилькалар таспаны тек жер бетінде орнату үшін ғана емес, өлшенген сызыктың ұзындығын анықтау үшін де керек. Мысалы, жиынтықтағы шпилькалар саны б делік, бір мезгілде артқы өлшеушінің колында 3 шпилька, ал өзінің тұрған нүктесінде 1 шпилька орнатулы болса, онда сол нүктеге дейін 3 х 20 = 60 м қашықтың өлшенген. Демек, артқы өлшеушінің қолында шпилька қанша болса, сонша рет 20 м-лік таспа жерге салынған.

Егер қашықтың 100 м-ден артық болса, алдыңғы өлшеушінің қолындағы шпилькалар таусылып, артқы 6 шпиль­ка жиналады. Ондай жағдайда, артқы өлшеуші алдыңғы серігіне 5 шпильканы санап береді. Демек, 5 шпилька бір рет «ауысса», 5 х 20 = 100 м-лік кашықтық өлшенген.

Соңғы нүктеге келген кезде таспа ұзындығына толмайтын кесінді калады. Ол қалдықтың ұзындығын сол таспа арқылы сантиметрлік дәлдікпен өлшейді. Өлшенген қашықтықтың жалпы ұзындығы мына формула арқылы есептеледі:

D = nl + g (6.1)

Мүндағы, п - тұтас салынған таспа саны (шпилькалар саны);



I – таспаның ұзындығы;

g - қалдықтың ұзындығы.

Мысалы, қашықтықты өлшеу кезінде 20 м таспа 4 рет, жерге салынып, калдығы 9,25 м-ге болды делік, сонда өлшенген арақашықтың мынаған тең болады:

D = 4*20 + 9,25 = 89,25m

Қателіктер теориясында айтылғандай, қашықтың өлшеу кезінде өрескел, кездейсоқ және жүйелі қателер болуы мүмкін. Жиі пайдаланылған не үзілген таспалар өзінің бастапқы ұзындығына сәйкес келмейді. Сондықтан өлшер алдында таспа мұқият тексеріледі. Өлшеуіш таспаның нақтылы ұзындығын тексеріп, анықтауды компарирлеу дейді. Егер таспа ұзындығы 20 м-ден кем не артық болса, онда таспаның ұзындығына түзету енгізіледі.

Өлшеудің дәлдігін арттыру үшін әр қашықтық екі рет (тура және кері бағытта) өлшенеді. Екі өлшеудің айырмашылығы Δ = D2-D1 сол ұзындықты өлшеудің абсолюттік қатесі болып есептеледі. Өлшеу қателері теориясы тарауында айтып кеткендей, ұзындық өлшеу дәлдігі салыстырмалы қате (6.2) арқылы анықталады.
fc= mp /D=1/D-mp

Өлшеудің дәлдігі жердің рельефіне тікелей байланысты. Жер беті рельефіне қарай үш категорияға бөлінеді:



  1. өлшеуге қолайлы: жеңіл, жері тегіс, топырағы қатты, т.б;

  2. орташа: топырағы бос, шабындық, т.б.;

3) өлшеуге қолайсыз: сазды, құмды, шеңгелді, т.б.
Осы категорияларға сәйкес салыстырмалы қателер мөлшерлері белгіленген. Мысалы, 1-категориялы жер-де fcccӨлшеу нәтижесіндегі қателер осы шектерден аспаса, онда өлшенген ұзындықтың мәні ретінде екі өлшеудің арифметикалық ортасын алады. Егер салыстырмалы қате шектен асып кетсе, қашықтың қайтадан өлшенеді. План мен картаға жер бетінде өлшенген кашықтықтардың (сызықтардың) проекциялары салынады. Сондықтан таспамен өлшенген ұзындыңтардан олардың проекцияларына көпіс білу қажет. Өлшенген АВ түзуі нің горизонталь проекциясын АВ (6.3-сурет) сол түзудің салындысы дейміз. Егер ұзындықтың көлбеу бұрышы v теодолит арқылы өлшенеді десек, онда проекциясын (салындысын) мына формуламен есептеуге болады: ,.





6.3-сурет. Горизонталь 6.4-сурет.

проекцияны анықтау Эклиметр

d = Dmcosv (6.3)

Жазықтықтағы проекцияларды көлбеудің түзулері арқылы анықтауға болады, яғни:



d = D-Ad, (6.4)

Мұндағы,


Ad =- 2Dsin2v/2 (6.5)

Көлбеу бүрыштары теодолиттің тік дөңгелегі не эк­лиметр (6.4-сурет) арқылы өлшенеді.



Бақылау сұрақтары

1.Сызықтың арақашықтығын өлшеу үшін қандай әдістер қолданылады?

2. Компарирлеу дегеніміз не?

3. Сызықтың арақашықтығын өлшеу дегеніміз не?

4. Тікелей және жанама тәсілдерінің айырмашылығы?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет