Бақылау сұрақтары
Геодезия пәнінің маңызы ?
Геодезия пәнінің міндеттері?
Геодезиянық басқа ғылымдармен байланысы?
Геодезияның халықшаруашылығында атқаратын ролі?
Дәріс №2
Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
Жоспар
1.
Ғылым мен техниканың көптеген салалары (жердің жасанды серіктері мен ғарыш ракеталарын ұшыру, авиация, теңізде жүзу, радиобайланыс, т.б.), әсіресе жер бетін картада дұрыс кескіндеу, жердің пішіні мен көлемін дәл білуді қажет етеді.
Жер - Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың бірі және оның қыртысы әр түрлі қыраттар мен ойпаттардан тұрады. Жердің шамалы ғана бөлігі (29,2 %) құрлық ал 70,8 %-ын дүниежүзілік мұхит алып жатыр. Дүние-жүзілік мұхиттың орташа тереңдігі 3800 м-ге жуық. Құрлықтың теңіз деңгейінен орташа биіктігі 875 м-ге тең, ал ең биік нүктесі - Эверест (Джомолунгма), 8848 м-ге жетеді. Сонымен, құрлықтың көлемі дүниежүзілік мұхитқа қарағанда едәуір аз және де құрлықтың мұхит деңгейімен, қыраттармен салыстырғанда онша биік болмағандығынан, мұхит деңгейін жердің пішіні ретінде қабылдау қажеттігі туды. Сол себептен, жер беті үшін шамамен дүниежүзілік мұхит пен теңіз суларының тыньш жағдайына сейкес келетін деңгей беті алынады. Құрлық астынан ойша жүргізілген мұндай бет тұйық фигура жасайды және кез келген нүктесінде жердің ауырлық центріне бағытталған тіктеуіш сызықты тік бұрыш жасап қиып өтеді. Яғни, мұндай тұйық беттің кез келген нүктесі ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр. Осы деңгей бетпен шектелген денені геоид деп атайды. Геоид термині гректің gе - «жер» және eidos — «түр» деген сөздерінен алынған. Геоидтің пішіні күрделі, оның пішіні мен көлемін дәлірек шыңтау үшін жер бетіне түгелдей өлшеулер жүргізіледі.
Осы жоғары дәлдікпен жүргізілген геодезиялық, астрономиялық және гравиметриялық өлшеулер нәтижесінде жердің шарға емес, 1.1-суреттегі PEP1E1 эллипсінің PP1 кіші осінің, төңірегінде айналуынан пайда болатын математикалық бетке - айналу эллипсоидына жаңын келетіндігі анықталды.
Жердің өз осінде айналуынан оның бетінде күн мен түн алмасып, күн тәулігі анықталады. 1.1-суретте бейнеленген осы осьті – РР1 жердің айналу осі деп атайды. Бұл осьтің Жер бетімен қиылысқан екі нүктесі солтүстік және оңтүстік полюстер деп аталады. Жердің айналу осін тік бұрыш жасап және оның дәл ортасын кесіп өтетін жазықтықты экватор жазықтығы дейді. Экватор жазықтығы мен жер бетінің қиылысу сызығы -экватор деп аталады.. Жердің айналу осі арқылы өтетін жазықтың меридиан жазықтығы, ал сол жазықтықтардың жер бетімен қиылысқан сызықтары (РКР1К1) меридиандар деп аталады. Халықаралыкқ келісім бойынша, Лондондағы Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан бастапқы (нөлдік) меридиан деп аталады'.
Жер эллипсоидының көлемін әр елдің ғалымдары бірнеше рет анықтады. 1946 жылға дейін бұрынғы Одақта неміс ғалымы Ф.В. Бессель 1841 жылы есептеп шығарған жер эллипсоидының көлемі қолданылады (а = 6377397 м, b = 6356079 м, a = 1 299,2).
1940 жылы жер эллипсоидының көлемін Ф.Н. Красовский мен А.А. Изотовтардың басқаруымен орыс ғалымдары үлкен дәлдікпен анықтады (а = 6378245 м, b = 6356863 м, a = l 298,3).
1.1-сурет. Жер эллипсоиды
Алынған бұл өлшемдер, 1946 жылы Кеңес Үкіметінің қаулысы бойынша, еліміздің барлық геодезиялық жөне картографиялыкқ жұмыстары үшін қабылданып алынып, Красовский эллипсоиды деп аталатын болды. Осы орайда айта кететін бір жай, кейбір елдерде геодезиялық өлшеулер нәтижесінде шығарылған өз эллипсоидтары қолданылады. Олар сол немесе бірнеше елдің территориясын толық не ішінара қамтиды. Мұндай эллипсоид референц-эллипсоид деп аталады. Сонымен, референц-эллипсоид дегеніміз - нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид.
Жер пішінінің көлемі өте жоғары дәлдікті қажет ететін геодезиялық тірек торларын құруда толық ескеріледі. Ал жер бетінің шағын учаскелерінде геодезиялық жұмыстармен қатар, көптеген инженерлік есептерді шығаруда эллипсоид болғандығынан, жердің пішіні үшін шарды (r= 6371,11км) қолдануға да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |